Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

2. Мәтінге сұрақтар құрыңыз, мазмұнын айтып беріңіз.

3. Мына сөздерімен сөйлем құраңыздар: Құрметті, қадірлі, сыйлы, ардақты, қадыр-қасиет.

Үлгі: Адам туған жердің қадыр-қасиетін жырақта жүргенде ғана түсінер.

4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыз.

1. ... ата-анаңызбен тұрасыз. 2. ... пойызбен келдің ғой. 3. ... көйлекті анам сатып алып берді. 4. ... агротехникалық университетте оқимын. 5. ... қайда оқисыз? 6. ... қайда тұрады? 7. ... азық-түлік дүкенінен ... сатып алмадық. 8. ... келетін болсаң, хабарлас ... күтіп аламын. 9. ... кім? 10. ... қазақ тілі ұнай ма? 11. ... отбасым онша үлкен емес. 12. ... анам мектепте мұғалім болып істейді.13. ... жасы елуде. 14. ... жақсы адам, мейірбан ана, ұлағатты ұстаз. 15. ... ата-анаңыз қандай адамдар?

5. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз

Ол осы әңгімені кімге айтты? Мына оқулық өзіме қажет. Одан кітап ал да, маған әкеп бер. Саған біреу бірдеңе деді ме? Ол бұл әңгімені кімге айтқан? Сіздер қашан жол жүргелі жатырсыздар? Олар қашан келеді? Біз осы жерде кездеспекпіз. Мұны саған өзімнің айтқаным дұрыс болар еді. Олар жеткенше біраз уақыт өтпек. Ешкім ешқайда кетпей, осы жерде болыңдар. Сен қайдансың?

6. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз, құрмалас түріне ажыратыңыз.

Это мой дом, а тот – его дом. Мы сделаем это сами. У меня ничего нет. Все люди гуляют на улице. Кто это? Никто их не видел. Это твое место? Как они проводят свое свободное время? Ты это знаешь сам. Возьми этот костюм, он идет тебе. Мы радовались приходу этой весны.

7. Оқыңыз. Аударыңыз. Бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сөйлем мүшесіне қатысты екенін айтыңыз.

Енді бір сәт Маңғыстау түбіндегі шежіре, аңыздар, айбынды батыр, атақты күйші, ақындар төңірегінен қызықты сырлар шертеді. Мұндағы босаға, есік, кереге, уық сырлы желбақан мүлгіп қалған еді. Ауа тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ. Ұлпан туған ауылына келсе, әке-шешесінің ескі үлкен қоңыр үйі тігулі, бар-жоғы төселулі екен. Оларды бастап келген адам да семіз, биік келген, қара-торы жүзді, қиғаш қас, қара сақалды, қысық көзді Ораз. Көркем шығармада жазушы әдеби кейіпкердің портретін, кәсібін, туып-өскен жерін, адам басындағы күйінішін-сүйінішін суреттейді. Жалаң бас, жалаң аяқ, көйлекшең ғана қалпыммен тысқа шықсам, жаңбыр да нөсерлей төпеп тұр.

8. Төмендегі сөздерді бірыңғай мүше етіп сөйлем құраңдар. Бірыңғай мүшеге ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.

Үлгі: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола – бәрі де Қазақстанның ірі қалалары.- Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы...

1. Қазалы, Жаңақорған және Шардара (Сырдария өзенінің бойындағы су электр станциялары). 2. Көксерке, алабұға, таутан, мөңке, шармай (Қазақстан суларындағы балықтар).

9. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін түсіндіріңіз.

1. Біздің үйдің адамдары мыналар: әкем, шешем, әкемнің әке-шешесі, мен, менің інілерім – Таңатар, Түнқатар. 2. Мінезі де, түрі де–бәрі өзім. 3. Абайдың торқалы тойына талай елдерден қонақтар келді: Қырғызстаннан да, Татарстаннан да, Ресейден де, Франциядан да, Германиядан да... . 4. Шебердің қолымен жасалған сұлулық та, бар тіршіліктің кілті де, ақындық шабыт күйдің құдіреті де – бәрі осы бір жер-анадан, қара жердің бойынан табылғандай. 5. Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы, Қарағанды, Астана. 5. Жүйрік ат, жүйрік тазы, сұлу қыз – бәрі жақсы.Тек сонымен қалып қойсаң, бәрі жаман.

10. Мына сөздерді жалпылауыш сөздер етіп, сөйлем құраңдар да, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.

Бәріне, мыналар, үшеуі, баршасы, студенттер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]