Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

4. Пысықтауыштарды қай сөз табынан екенін айтыңыз.

Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты. Бүгінде таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасына шығып, Майбасардың пәтеріне келе жатты. Абай бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген.

5. Төмендегі сөздерді пысықтауыш ретінде қолданып, “Қалада” тақырыбына сұхбат құрыңыз.

Спорт кешені, автобус, төмен қарай, аялдама, биік ғимараттардың жанынан, ұлттық мұражайға дейін, түске дейін, қыдыру үшін, саяхат жасау үшін.

IX сабақ. Ән және қазақ даласының бұлбұлдары. Әміре Қашаубаев.

1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.

Атақ-даңқ - слава, известность

Бетбұрыс – поворот

Бүкіл дүние жүзі – весь мир

Сирек – редкий, редко

Бірнеше – несколько

Шет елдер – зарубеные страны

Көрме - выставка

2.Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар: Әміре Қашаубаев.

Әміре қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында туған. Әміре 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына көшіп келген. Әміре той-жиында ән салып, атақ-даңқа бүкіл Семей өңіріне жайылады. Әсіресе, Әміренің атақты Қоянды жәрмеңкесіне баруы, М.Бәпиұлы, Ғ.Айтбаев және Қ.Байжановты көруі жас әншінің шығармашылық өнерінде бетбұрыс жасады. Ол 1925 жылы Париж қаласында өткен Бүкіл дүние жүзі сән - өнер көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан» тағы басқа әндерді орындап, 2-нші бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазды. Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміре Қашаубаевтың орындауында бірнеше ән жазып алған. Сөйтіп, Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі болды. Әміре 1927 жылы Герминияның Майнадағы Фрнакфурт қаласында өткен халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, тағы да қазақтың әндерін әлемге танытты.

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. Әміре Қашаубаев кім?

    2. Ол қайда тұрды?

    3. Ол Қоянды жәрмеңкесінде кімдермен кездесті?

    4. Ол қай қалаға барды?

    5. Қай жылы, қай жерде концерт берді?

    6. Онда қандай өлеңдер айтты?

Анықтауыш.

Тұлғасы

Сұрақтары

Мысалдар

Анықтауыш болатын сөз таптары

атау септіктегі сөз

ілік септік тегі сөз

қандай?

қай?

неше?

қайдағы?

қай?

ненің?

кімнің?

Қара торы ат жақты, сұңғақ бойлы адам балуан екен.

сын есімдер

Көргенде күміс кесе, алтын аяқ, Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.

зат есімдер

Парламентке шешуші дауыспен 269 депутат қатысты.

сан есімдер

Оспан мынау қимылға тіпті сүйсініп кетті.

есімдік

Оқыған кітаптарым мені іске бастады.

есімше

Қайталау – оқытудың анасы

Асанның анасы – инженер.

тұйық етістік зат есім

Кесте бойынша толықтауыштың жасалу жолымен танысыңыз.

Күрделі толықтауыш

Күрделі толықтауыштың жасалуы

Кеңес Одағының батырымен әңгімелестік

Үй ортасын тең етіп бөлген

Бағдат қарт жиырма бесті еске жиі түсіреді

Құлақ естігенді көз көреді

Баймағанбет келе жатқандарға маңқая қарады

зат есімдер

зат есім мен көмекші есім

күрделі сан есімдер

зат есім мен есімше

көсемше мен есімше

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]