Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

6. Үлгі бойыша екі жай сөйлемді пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем құраңыздар.

Үлгі: Білім-адам үшін ең бағалы іс және сол білімді тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет.

1. Білім – адам үшін ең бағалы іс. 2. Сол білімді тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет. 3. Әрбір мәдениетті адам алдымен әдебиетті жақсы білуі қажет. 4. Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақсы мен жаманды түсінеміз. 5. Кітапты түсініп оқу керек. 6. Мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алу керек.

7. Төмендегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

Көктем келді. Күн жерді қыздыра түсті. Ағаштардың бұтағы бүр ашты. Тебіндеп көк шықты. Жыл құстары келе бастады. Алмас қараторғайға үйшік жасады.

XII сабақ. Қазақтың тұңғыш операсы тарихынан.

1. Жаңа сөздермен танысыңыз, есте сақтаңыз.

Басты кейіпкер-главный герой

Халықтың жады – народная память

Қатарында-в ряду

Көш-кочеввье

Оралу-вернуться

Рұқсат сұрау

Қатал – строгий

Шошып ояну – проснуться от

Испуга

Жекпе – жек - поединок

Табысқа жету – достичь успеха

Жалғыз-один

Шығарып салу-проводить

Елсіз жағалау – безлюдное побережье

Айла-хитрось

Достасу рәсімі – побратимость

Айырбастау – обмен

Кенеттен – вдруг

Сұғып алу – вонзить

Жарақат – рана, ранение

2. Мәтінді оқыңыз және орыс тіліне аударыңыз.

«Қыз Жібек» - қазақтың тұңғыш операсы. Оның премьерасы 1934 жылдың 7 қарашасында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссерлер Жұмат Шанин мен Құрманбек Жандарбеков, либреттосын жазған Ғабит Мүсірепов, музыкасы Евгений Брусиловскийдікі. «Қыз Жібек» операсы Сырлыбай бидің көші бейнеленген көрніспен ашылды. Мұнда сұлу Жібек, Бекежан батыр, ер Төлеген кездескен. Жібек өзін іздеп келген Төлегенге ғашық болады, «Гәкку» әнін айтады. Бекежан Төлегеннен кек алуға ант етеді. Операның екінші көрінісінде Төлеген ауылына оралып, әкесінен үйленуге рұқсат сұрайды. Бірақ әкесі ырыққа көнбейді. Енді бата беруін ақын Шеге келіп сұрайды. Қатал әке баласын жалғыз жібереді, шешесі Қамқа мен қарындасы Қарлығаш алыс жолға шығарып салады. Келесі көріністе Қосаба көлінің елсіз жағалауында қамыс арасында Бекежан Төлегенді күтіп отыр. Бекежан Төлегенді айламен жеңгісі келеді. Сол мақсатпен достасу рәсімін жасап, қанжарларын айырбастайды. Осы кезде Бекежан кенеттен қанжарын Төлегенге сұғып алады. Жарақаттанған Төлегенді елсіз далаға тастап кетеді. Төлеген аспандағы алты қазға қоштасу өлеңін айтады. Бұл ән «Ақсақ Құлан» күйінің әуеніне құрылған. 4-і көріністе Жібек түсінен шошып оянады. Осы кезде Бекежан келіп, Төлегенді жекпе-жекте өлтіргенін хабарлайды. Жібек жоқтау айтып жылайды. «Дүние-ай» әнінің әуені кейіпкердің жаралы жанын бейнелейді.

«ҚызЖібек» операсы лирикалық драма және психологиялық шығарма болып саналады. Компазитор Е.Брусиловский бас кейіпкерлердің мінез-құлқын, жан-дүниесін жұртшылыққа жеткізу мақсатымен әр кейіпкерге лайықты ән мен күй әуендерін таба білген. «Қыз Жібек» операсы қазақтың тұңғыш операсы болғандықтан және көркемдік құндылығынан да сахнадан түспей келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]