Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

4. Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз:

Шығарма, белгісіз, байыта түсу, шындық, ән құрлысы, қайырма, біте қайнасқан, нақ, естіледі, орын алады.

5. Сөйлемдердің екінші жұбын дұрыс тауып, аяқтаңыздар, оларды аударыңыздар:

Халық әндерін шығарған ... Абай нақ суреттеген.

Қазақ компазиторлары ... бастамасы мен қайырмасы болады.

Ән құрлысының ... қадірлей білген.

Ән халықтың өмірін ... компазиторлар белгісіз.

Әннің қасиетін қазақ халқы .... ән жанрын байыта түсті.

Әннің өмірдегі орынын .... қуаныш, мұңын, махаббатты жырлайды.

Пысықтауыштың түрлері.

(виды обстоятельства)

Түрі

Сұрақ

Мысал

  1. Мезгіл пысықтауыш

(время)

Қашан?(когда?)

Қай кезде? (в какое время)

Ертең жаңбыр жауады.

Асқар кіргенде есік ашылды.

  1. Мекен пысықтауыш

(места)

Қайда?(где? куда?)

Қайдан?( откуда?)

Қалай қарай?

(в какую сторону?)

Мен дүкенге барамын.

Әсет футболдан келе жатыр.

Ол сатымен жоғары көтерілді.

  1. Қимыл-сын пысықтауыш

(образа действия)

Қалай? қайтіп? (как)

Қалайша?

(каким образом?)

Ол асықпай келді. Бала жүгіріп келді.

Мен осылайша түсінемін.

  1. Мақсат пысықтауыш

(цели)

Не мақсатпен? (с какой целью?)

Неге бола? (ради чего?)

Осыны айту үшін келді.

Ойнамақ оймен келген.

Әсемге бола сөйлесті.

  1. Себеп пысықтауыш

(причины)

Не себептен?(по какой причине?)

Неліктен? (почему?)

Қар қалың болғандықтан сабаққа бармадым.

Ол анасын сүйгендіктен келді.

6. Оқыңыз. Пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

1. А.В. Суворов бала кезінен әскери адам болуды армандады (мечтал). 2. Жас кезінде өте әлсіз (слабый) әрі аурушаң (болезненный) бала болған. 3. ”Саған әскери адам болу қайда? ”- деп әкесі қалжыңдайтын (шутил). 4. Оған Суворов қатты қынжылатын. 5. Суворов көп жаяу жүрді, атқа мінуді үйренді. 6. Ақыры дегеніне жетіп, ол көп ұзамай әскери қызметке алынды.

7. Сұхбаттағы орыс тіліндегі сөйлемдерді аударыңыз. Пысықтауышты табыңыз.

- Привет, Еркин! Как дела?

- Жақсы, спасибо! Ал сенің ше?

- Рақмет, неплохо. Мен сені бүгін түсте не кешке могу увидеть?

- Иә, конечно.

- Хорошо, менің бөлмеме бүгін вечером приходи.

- Сен где тоқтадың?

- В гостинице “Қазақстан”. Ол Достық проспектісінде, 423 номер.

- 423 номер? Хорошо. Часов в шесть келсем будет нормально?

- Жақсы, до встречи?

- До свидания!

VIII сабақ. Ән және қазақ даласының бұлбұлдары. Ақан сері.

1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.

Әуес - склонный, увлекающийся

Шілдехан – праздник, вечеринка в честь новорожденного

Алтыбақан – алтыбакан (название национальной игры на качелях)

Келбет – внешность

Қыранқұс – қыран (собирательное еазвание хищных птиц)

Алғыр – хваткий, цепкий

Жүйрік – скакун

Қаршыға – ястреб

Аңшы – охотник

Қыз-бозбала – девушки и джигиты.

2. Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар:

Ақан сері.

Ақан сері он алты-он жеті жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. Шілдехана, алтыбақан, ойын-той болса Ақан сонда жүрген. Ақанның әдемі бойы, келбеті, жақсы дауысы оны өте ерте халыққа танытады. Оның жүйрік аты, қыран құсы, алғыр тазы болды. Ол еліндегі Шөкетай деген кісіден Құлагерді бір ат, бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып алады. Ақанның талабына риза болған, оның адам емес екенін сезген Әлібек деген кісі бүркіті Қараторғайды сыйлайды. Сайрат төреден күшік күнінде Базарала атты тазының күшігін сатып алады. Тағы біреуден Көкжендет деген қаршығаны қалап алады. Енді Ақан тек әнші, ақын емес, даланың нағыз жігітіне айналды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы, сұлу жігіт, халық арасында атағы тез жайылады. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» дегендей, Ақанның айналасына қыз-бозбала топтала береді. Көкшенің көркем табиғатында туған не бір әсем әндерді бабына келтіріп орындауға өнері жеткен Ақан енді қайда барса да қадірі арта түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]