Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ш.Қалдаяқов деген кім?

2. Ол қашан, қай жерде туған?

3. Оның қандай әндері бар?

4. Оның әндерінің аттарын атаңыз?

5. Шәмшінің қандай әні сізге ұнайды?

6. Ол не себепті «қазақ сальсінің королі» атанды?

7. Тағы қандай сазгерлерді «вальс королі» деп атайды?

4. Сөйлем құраңыз.

Тірек сөздер: Шәмші әндері шырқалды, оркестр сүйемелдеуімен, рояльмен сүйемелдеді, әншінің орындауында, «әнсүйер қауымды ән мен күйге бөледі, қуаныш, бақыт сыйлады.

5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Бастауыштың құрамын анықтаңыз.

1. А.В.Затаевич халық ән-күйлерінің жинағын құрастырып шығарды.

2. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, композитор және жазба әдебиетінің негізін салушы.

3. Алматы қаласы – ірі өндіріс пен экономика, ғылым мен мәдениет орталығы.

4. Парламент және бірнеше министрліктер ғимараттары Абай даңғылының бойында орналасқан.

5. Мен жиналыста баяндама жасап тұрмын.

6. Мәтінді оқып, логикалық мағынасы бар сұрақтарды қойыңыз. Бастауыш пен баяндауыштарды көрсетіңіздер.

Өнер мұражайында

Біз кеше Қастеев атындағы өнер мұражайына бардық. Мұражайда қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесі ашылды. Көрмеге ұлттық киімдердің сан алуан үлгілері қойылған. Көрмеден сыртқы киімдер, бас киімдер мен аяқ киімдер туралы және әртүрлі зергерлік бұйымдар туралы жан – жақты, әрі пайдалы мәлімет алуға болады. Маған ер адамдар мен әйел адамдардың белдіктері өте ұнады. Белдіктердің де бірнеше түрі қойылған. Белдіктер былғарыдан немесе қымбат маталардан тігілген.

V сабақ. Қазақтың ұлттық аспаптары тарихынан. Домбыра.

1.Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Қазақтың ұлттық аспаптары туралы не білесіз?

  2. Домбыраның қандай түрлерін білесің?

  3. Домбырада ойынай аласың ба?

  4. Үрлеп ойналатын аспаптарға қандай аспаптар жатады?

  5. Сілкіп ойналатын қандай аспаптар?

  6. Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады?

2.Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар:

Домбыра – қазақ халқының музыка мәдениеті тарихында ел ішіне ең көп тараған аспабы. Халық домбыраны өз қалауынша жасап ала береді. Аспаптың сапасы домбырашы қолының шеберлігіне, қолда бар материалдарына тікелей байланысты болды. Әрине, көшпелі өмір кешкен шебердің қолына қажет сайманның бәрі түсе бермейтін, сондай-ақ, домбыра шабатын ағаштың да қалаулысы табыла қоймайтын. Сондықтан, аспап жасауға жөке, қарағай, сәті түскенде шырша, шынар не үйеңкі ағаштары жарай беретін. Домбыраның шанағы тұтас кеспелтек томардан ойып қашалған. Ойып жасалған шанақтың бетіне қарағай немесе шырша тақтайынан жұқа қақпақ жасалған, ал шанағы талдан иілген домбыраның беті тек қарағаймен қақпақталған. Құранды ағаштардан немесе иген талдан жасалған домбыраның сағасынан былайғы жері немесе мойны қайың болған. Домбыра шанағының сырт пішіні де әр алуан кейбіреуі сопақшалау келіп, саға жағы сүйірленіп бітсе, керісінше екінші бір шанақшының бас жағы үшкірленіп тұрады. Үшінші бір домбыра орыстың балалайкасы тәрізді үш бұрышты, бірақ одан гөрі бір шама енсіз болса, басқа бір домбыра беті жабық, жайпақ ағаш қасық сияқты (әрине көлемі қасықтан талай есе үлкен) болады. Шанағының бас жағы да, саға жағы да қусырылп, оның есесіне орта тұсы үрген бүйнедей қампайып жататын домбыралар да кездеседі. Осының бәрі қазақта домбыраның сыртқы түрін үлгі-жобамен, арнаулы қалыппен жасайтын шеберханалардың болмағанын дәлелдейді. Бірсыпыра реттерде домбыраны әшекейлеу үшін оның сыртын қызыл барқытпен немесе көксауыр былғарымен тыстап, соның үстінен сүйектен ою ойып, гүл-жапырақты, қошқар мүйізді бейнелейтін өрнектер бастырады. Ауқаттырақ адамдар мұндай әсем оюларды арнайы зергерді шақыртып, күміспен де құйғызады. Басына үкі тағылған домбыра әдетте иесінің қыз-домбырашы екенін таынтады. Сондай-ақ , халық өнерін (көбінесе әнді) кәсіп етіп, елдің еркесі болған атақты «сал» мен «серілер» де домбыраларына үкі байлаған.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыз. Есімдік барлық жерде бастауыш қызметін атқарып тұр ма?

1. ... іссапарға барғалы жатырмын.

2. Бос уақытымызда ... саябаққа демалуға барамыз.

3. Кеше ... кіре берісте кіммен сөйлестіңіздер?

4. ... Әділет министрлігінде жұмыс істейсіз.

5. ... қазақша еркін сөйлейді.

6. ... мақаланы орыс тіліне аударып отыр.

5. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).

VI сабақ.

Қазақтың ұлттық аспаптары тарихынан. Қылқобыз.

1.Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар:

Қобыз –ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспап. Киелі қара қобыз түркі тектес халықтар ішінде қазақтың ғана еншісіне бұйырған. Ол кемеңгер абыздар ұстаған қасиетті аспап, кез келгеннің ырығына көне бермейтін киелі дүние. Қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан қобызы – қылқобыз. Қылқобыз деп аталатын себебі, оған екі қыл ішек тағады. Ертеде қобызды ағаштан ойып жасаған, пішіні ожау тәрізді болады. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, ҮІІІ-ІХ ғасырларда Қорқыт қобыз жасап, оған алғаш күй шығарып тартқан деседі. Сөйтіп, қылқобыз көп ғасырлар бойы қазақ халқының негізгі музыкалық аспабының бірі болды. Елімізде Ықылас Дүкенұлы, Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сияқты қылқобызда орындаушы шеберлер болды. 1934 жылдан бастап А.Жұбановтың басқаруымен музыка аспаптарын жасайтын шеберлер Э.Романенко мен Қ.Қасымов қобыз бен домбыраның бірнеше түрлерін жасап шығарды. Соның нәтижесінде Құрманғазы атындағы қазақ оркестрі ұйымдастырылды. Қобызға 4 ішек тағылып, дыбыс тембрлері жақсартылды, орындау техникасы жетілдірілді, диопазоны ұлғайтылды. Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінде қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-бас, қобыз-контрабас қолданылады. Қобыздың қай түрі болмасын, қазақтың ән-күйлерін орындаумен қатар орыс және батыс компазитор-классиктерінің шығармаларын және еліміздің туысқан халықтарының музыкасын орындайды. 1971 жылдан бастап қазақ конссерваториясының халық аспаптар факультетінде халық арасында көп тараған қылқобыз класы бар. Мұнда Ж.Қаламбаев пен Д.Мықтыбаев қылқобыздан ұстаздық етеді.

Ал біздің университетте Раушан Қожабекқызы Мұсақожаева қобызды ерекше қастерлеп, қылқобыз бен прима-қобызды қатар меңгерген маман.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]