Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

XIII сабақ.

Қазақ киносы.

1.Мәтінді оқып, аударыңыз.

Кино - өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі, ең керектісі. Өйткені, әрбір өнер иесінің бірлескен шығармашылық жұмысының нәтижесінде өмірге кино келді. Оған кинодраматург, режиссер, актер, оператор, компазиторлар үлес қосады. Осылардың басын біріктіріп, ұйымдастыра білу режиссердің жұмысы. Киноның сәтті шығуы, ең алдымен режиссердің қарым-қабілетіне, талғамына, терең біліміне, талантына байланысты. Киноның аудиториясы кең, оны миллиондаған адам көреді. Көрермен кинотуындыны қарап қана қоймайды, одан өзіне рухани азық алады. Кино өнерінің тәрбиелік маңызы да өте зор.

Қазақ киносының шығу тарихына көз жүгіртсек, оның тұсаукесері, тұңғышы «Амангелді» көркем фильмінен бастау алады. 1941 жылы Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдастырылады. 1960 жылы бұл киностудия «Қазақфильм» деген атақ ие болды.

Қазақ киносы туралы сөз еткенде, оның ең биік шыңында талантты режиссерлер: Ш.Айманов, С.Қожықов, А.Қарсақбаев, дарабоз актерлер Нұрмұхан Жантөрин, Кененбай Қожабеков, Ыдырыс Ноғайбаев, Фарида Шарипова, Елубай Өмірзақов, Әмина Өмірзақовалар тұрады. Қазақ киносының үздік туындылары деп «Амангелді», «Тақиялы періште», «Даладағы қуғын», «Біздің сүйікті дәрігер», «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры» және басқа туындыларды айтуға болады.

Қазақ киносы халақаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, А. Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмі 1966 жылы Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда ерекше дипломға ие болса, Қ.Қасымбековтың «Шоқ пен Шер» атты балаларға арналған фильмі 1972 жылы Монте-Карлода өткен халықаралық фестивальда Бас жүлде – «Немфаны» жеңіп алды.

2.Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

3.Төменде берілген сөз тіркестерін тірек етіп, мәттінің мазұмын айтыңыздар.

  1. Өнердің керектісі.

  2. Шығармашылық жұмыс.

  3. Режиссердің қабілеті.

  4. Рухани азық.

  5. Қазақ киносының тұсаукесері.

  6. Киностудия ашылды.

  7. «Қазақфильм» киностудиясы.

  8. Талантты режиссерлер.

  9. Үздік туындылар

  10. Халықаралық кинофестивальдар.

4. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Студенттер емтиханды жақсы тапсырды, өйткені ... . Кешке жақын біз көп қыдырмаймыз, өйткені ... . Жазда мен демалысқа шығамын, өйткені ... . Ешкім үндемеді, өйткені … . Биыл астық аз болды, себебі … . Біз сыйлық сатып алған жоқпыз, сондықтан ... .

5. Төменде көрсетілген сондықтан, сол себептен, бірақ деген шылауларды пайдалана отырып, жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

1. Мәжілісте негізгі баяндаманы әкімнің бірінші орынбасары жасауы керек еді. Ол шұғыл жағдайға байланысты басқа қалаға ұшып кетті.

2. Шетелдермен қарым-қатынас нығайып барады. Шетел тілдерін, әсіресе, ағылшын тілін жетік меңгеру қажет.

3. Ертең күн салқын болады. Жылы киін.

4. Жоғары оқу орындарына бюджеттен берілетін қаржы шектеулі. Университет ақылы түрде студенттерді қабылдауға мәжбүр.

5. Бұл өнімге сұраным төмендеп кетті. Нарық сұранымын анықтап, басқа тауар шығару керек.

6. Біз жексенбіде Медеуге барып демаламыз деп келіскенбіз. Жексенбі күні таңертеңнен бастап жаңбыр жауды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]