Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

4.Өлеңді түсініп оқып жаттап алыңыздар.

Армысыңдар адамдар!

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіне кірістің бе қайта, Адам?

Арма, өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!

Әрбір әріп қанға шомған тарихыңа қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?

Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!

Әлем-дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,

Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.

Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз –Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,

Алайда біз қан төктік, қалжырадық, ұрыстық...

Армысың, сен, армызда жалғыз перзент – Тыныштық!

5.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз, құрмалас сөйлемдерді тауып, көшіріп жазыңыз: Зылиха мен Бәтима деген екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Зылиха аһілеп-үһіліп, шаршадым деп, Батима күліп, эзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха айтты;

- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?

- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - деді Бәтима.

- Эй, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырлықты жеңілдейтін, - деді Зылиха.

- Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын, аты-Сабыр деген, - деді.

6. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар;

1. Мне необходимо встретиться с ним в субботу. 2. Он повстречал Вас вечером.3. Вчера у него был день рождения. 4. Мы Вас долга ждали вчера вечером.5. У наших детей хорошие друзья. 6. Мой младший брат учится в десятом классе. 7. У тебя есть брат. 8. Пусть он расскажет свою исторю.9. Он получил новое удостоверение.

10. Мы не проводили вечера вместе уже давно.

7. Мәтінді оқыңыздар, аударыңздар.

1995 жылдың наурыз айның отыз бірінші. Алматы қаласында Абай атындағы опера және балет театрында ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған концерт болды. Бұл концерттің негізгі жанашыры Роллан Сейсенбаев болды. Ол кісі Лондон қаласында Абай академиясын ашты. Концертке Қазақстанның бетке ұстар қайраткерлері, белгілі әншілерінің өнерімен жалғасты. Оның ішінде Пушкиннің сөзіне жазылған «Татьянаның хаты», «Көзімнің қарасы». Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалқып» - әндері бар. Соңында өнер қайраткерлері мен көркрмендер «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін хормен бірге орындалды. Опера театрында көп адамдар болды. Бәрі ризшылықпен қол соқты. Ә.Дінішевке, Б.Төлегеноваға, Ш.Абиловқа көп гүлдер ұсынылды. Концерт маған өте ұнады.

8.Екі жай сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Марат дайындалмады. Емтихан тапсыра алмады.

Жаңбыр жауды. Балалар футбол ойнай алмады.

Кісі көп болды. Пойызға билет ала алмадым.

Гүлді суармады. Ол солып қалды.

Қар жауды. Картоп жиналмай қалды.

9. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Если день будет ясный, то мы пойдем ловить рыбу.

Если вы будете говорить по-англиский, то мы поймем.

Если окружающие люди уважают тебя, то и ты должен их уважать.

Если вы соберетесь в полном составе, то мы быстро завершим работу.

Если мы поднимемся в горы, то увидим прекрасную природу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]