Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

Біздің ауыл

Біздің ауыл қаладан 60 шақырым жерде орналасқан. Ауылдың көшелері түзу, кең, асфальттанған. Ауыл тұрғындары үйлерін жаңа сарынға лайықтап тұрғызып жатыр, ал ескілерін жақсы жөндеп алған.

Біз орталықтағы мына үлкен екі қабатты қызыл кірпіш үйде тұрамыз. Біздің үйіміз үлкен, жаңа. Өткен жылы әкем үлкен ағам екеуі бұл үйді қайта күрделі жөндеуден өткізді. Барлық бөлмелерге жаңа есік, терезелер қойылды. Екінші қабаттағы демалатын холл қайта жөнделіп, ол жерге компьютер қойдық.

Екінші қабаттағы менің бөлмемнің терезелері бақшаға қарайды. Біздің бақшамыз кең және онда алма, алмұрт, өрік сияқты жеміс ағаштары бар. Бізге келген қонақтар мұнда еркін демалады. Көктем, жаз айларында таңертең терезені ашсаң, жемістердің иісі аңқып, көңіліңді қуанышқа бөлейді.

Биыл ауылдың орталығында осы жаңа мектепті, мына кітапхананы, спорт кешенін салды. Келесі айда Мәдениет сарайы іске қосылмақ. Ауылда жастар көп, олар - институт бітіріп, жолдамамен келген мұғалімдер, дәрігерлер және ауыл шаруашылығы қызметкерлері. Бұған бәріміз қуаныштымыз.

3.1.8. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біліп алыңыз.

Ауыл тұрғындары – сельчане

Жаңа сарынға лайықтап – по новому стилю

Күрделі жөндеу – капитальный ремонт

Шаруақор – трудолюбивый

3.1.9. Төмендегі өлеңнен сілтеу есімдіктерін табыңыз.

Қазақ осы дала дейтін күн дейтін,

Қазақ осы өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін...

Қазақ осы ашық-жарқын қабағы

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп жібек шапан жабады.

Қазақ осы құда бол деп қинайтын,

Құдаларын құдайындай сыйлайтын,

Қазақ осы дүние мен малыңды,

Оңды-солды шашу үшін жинайтын.

Қазақ осы жайып жатқан қанатын,

Ақын халық батыр халық дәл аты,

Қазақ осы өзімсінген адамға

Насыбайға бола өкпелеп қалатын.

Қадыр Мыза Әли

3.1.10. Суретке қарап, мәтіннен құрыңыз. Мәтінде ілік, барыс, табыс және жатыс септігіндегі сөз тіркестері болсын.

3.1.11. Сөйлемнің дұрыс нұсқасын табыңыз.

  1. Мен 1985 жылда /жылы туғанмын.

  2. Бүгін біздің/ бізге үйге қонақтар келеді.

  3. Менің ағам Мәдениет сарайына / сарайында болды.

  4. Ауыл орталығында / орталығына балалар бақшасы бар.

  5. Жазда атам екеуіміз малға / малда шөп жинадық.

  6. Апам қызына / қызға жаңа көйлек сатып алды.

  7. Сізге/сіз де таза ауаға шығып демалыңыз.

3.1.12. Мәтінді оқып, баяндап беріңіз.

Астана – Қазақстанның бас қаласы. Бұл жақта қыс – ұзақ, жаз – қысқа. Қыста ауа райы суық. Есіл – әдемі өзен. Астанада жаңа қала салынып жатыр. Жаңа қалада үлкен әдемі ғимараттар көп.

Жаңа қалада денсаулық сақтау мекемелері көп. Қалалық аурухана, кардиологиялық орталық, «Мейірім», ана мен бала орталықтары бар. Астанаға қонақтар көп келеді. Олар Бәйтеректе, Думанда, Атамекенде, Пирамидада болады.

Бәйтерек монументі – Астананың мақтанышы. Оның биіктігі – 105 метр. 97 метр биіктікте көру алаңы орналасқан. Адамдар бұл жерден бүкіл Астананы алақандағыдай анық көреді. Монументте екі лифт жұмыс істейді.