Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

1.2.16. Мәтінді оқыңыздар, көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар.

Отбасы - әр адамның алтын ұя...... «Отбасы – мемлекеттің кіші «моделі» деуге болады. Отбасында белгілі дәстүрлер болу керек. Бұл отбасы үшін өте маңызды.

Менің ат.... – Әлім. Отбасы.... үлкен. Ата-әже...., әке-шеше.... бар. Жұбай....ның аты – Ақбала. Бір қыз....., екі ұл... бар.

Біздің үй......дің салт-дәстүр... бойынша әр сенбі сайын кең дастархан басында отбасымыз бен туысқандарымыз жиналып әңгімелесеміз. Алыс-жақындағы туыстар....мен хабарласамыз. Маған осындай басқосулар ұнайды, себебі мен туысқандарымның жағдайын біліп, оларға өзімізде болған қызық оқиғаларды айтып беремін. Отбасы...да туған күн әрдайым тойланады.

Менің ой....ша, отбасының дәстүрлер... отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады.

Біз мықты отбасылық қарым-қатынастардың құндылығын бағалауымыз керек.

1.2.17. Мәтіннен алынған синонимдес сөздердің артығын сызып тастаңыз.

Отбасы, жанұя, әулет, тәрбие.

Жұбайым, жиенім, жолдасым, зайыбым.

Дәстүр, ұрпақ, салт, ғұрып.

Ат, ұя, есім.

Туысқан, туыстар, бауырлар, тарау.

Басқосу, жиын, жиналыс.

Нығайту, күшейту, күйеу бала.

1.2.18. Төмендегі суретке қарап, сұрақтарға ііі жақтан жауап беріңіз.

а. Олардың аттары кім?

ә. Олар қандай туыстар?

б. Олардың үлкені кім, ортаншысы кім және кішісі кім?

б. Олар қайда жұмыс істейді?

г. Олардың отбасында қандай дәстүрлер бар?

д. Олар нені бағалайды?

1.2.19. Мәтінді оқып, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Баланың ең жақын, қандас туыстары болып ең алдымен әкесінің туыстары саналады. Әкесінің ағасы, інісі - балаға әке орнына әке болатындай сыйлы адамдар. Ал, олардың балалары немере аға, немере іні болады. Әкесінің ағасының баласын, жасы кіші болса да, жолы үлкен деп сыйлауға тиісті.

Нағашы – баланың шешесі жағынан туыс болып келетін адамдар. Нағашы – баланың өз әке-шешесінен кейінгі қамқоры. Жиен нағашылап келіп, қалағанын сұраусыз алып кете беретін болған. Жалпы, нағашы мен жиеннің арасындағы қарым-қатынаста әзіл-қалжың, ойын-күлкі мол болған.

Үш жұртқа қатысты қазақта: «Өз жұртың – күншіл, бар болса, көре алмайды, жоқ болса, бере алсайды. Нағашы жұртың – сыншыл, қайын жұртың - міншіл» деген сөз бар.

1.2.20. Жағдаяттық тапсырма.

Сіздің туған күніңіз. Сіздің үйіңізге көптеген қонақтар келді. Сіз өзіңіздің әріптес досыңызды да шақырдыңыз. Дастархан басында оларға өзіңіздің отбасы мүшелеріңізді, туыстарыңызды қалай таныстырасыз? (немере аға, немере іні, нағашы, жиен сөздерін қосыңыз)

1.2.21. Пікірталас өткіземіз.

Тыңдаушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Әр топ өз ойын дәлелдейді, өмірден мысалдар келтіреді, топтар бір-біріне сұрақтар даярлайды.

1-ші топ. –Менің өзімнің жанұям болса............

2-ші топ. – Жанұям бар, өмірдегі ең бақытты адаммын.

1.2.22. Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.

Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз.