Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

1.2.5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіздің отбасыңыз үлкен қалада тұра ма, әлде кішкентай қалада тұра ма?

«Шаңырақ», «отбасы» деген сөздердің қандай байланысы бар?

Сіз қандай үйде тұрасыз, жеке үйде ме, әлде мемлекеттің пәтерінде ме?

Сіздің пәтеріңіз қай қабатта, төменде ме, әлде жоғары қабатта ма?

«Шаңырағың биік болсын!» деп қандай жағдайда айтылады?

Сіздің қарындасыңыз қайда оқиды, университетте ме, әлде колледжде ме?

Сіз университетті бітірген соң жұмыс істейсіз бе, әлде магистратураға оқуға түсесіз бе?

Сіз отбасын құрдыңыз ба, әлде құрған жоқсыз ба?

1.2.6. Көп нүктенің орнына тиісті ы, і әріптерін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Б...зд...ң отбас...м...з тату тұрад... . Анам қ...здар... мен кел...ндер...н, немерелер...н жақс... көред... . Б...з жаз айлар...нда қалан...ң с...рт...на ш...ғ...п демалам...з. Қала с...рт...нда демалат...н ор...ндар көп. Таудан аққан өзенн...ң жағасы тым әсем, көр...кт... . Онда аласа талдар өзенд... көмкер...п тұрад... . Әр...ректе көкпеңбек жаз...қ дала. Онда мал жай...л...п жүред... . Малд... ау...лда б...зд...ң ту...стар...м...з бар. Б...з оларға да бар...п сәлемдесеміз.

1.2.7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Мен 1973-шы жылы Қарағанды қаласында дүниеге келдім, ал сіз ше?

2.1979-1988 жылдары Керімбай болыс атындағы орта мектепте оқыдым, сіз ше?

3.1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түстім, ал сіз ше?

4.Мен институтты «заңгер» мамандығы бойынша бітірдім, сіз ше?

Еске түсіріңіз: қазақ тілінде сұраулық мағынаны білдіретін сұраулық демеуліктері - ма, ме, ба, бе, па, пе.

1.2.8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіздің атыңыз кім? 2.Өзіңіздің жасыңыз нешеде? 3.Сіз оқисыз ба, жұмыс істейсіз бе? 4.Өзіңнің отбасың бар ма? 5.Әкеңіздің аты кім? 6. Әкеңіз жұмыс істей ме? 7.Омардың жасы нешеде? 8. Сіздің пәтеріңіз қай қабатта? 9. Өзіңіздің үйіңіз жылы ма? 10. Сіздің отбасыңыз үлкен бе, кіші ме? 11.Сіздің балаңыз бар ма? Өздерің қайдансыңдар?

1.2.9. Сұрақтарға иә, жоқ, емес сөздерін қосып, жазбаша жауап беріңіз.

Үлгі: Мынау сенің кітабың ба? Жоқ, бұл менің кітабым емес, Омардың кітабы.

1. Ана кісі Айнұрдың атасы ма?

2. Мынау сенің қаламың ба, әлде (или) менің қаламым ба?

3. Алманың көйлегі қызыл ма, қоңыр ма?

4. Жазда Алматыға барасың ба, бармайсың ба?

5. Сенің әжең ауылда ма, осында ма?

1.2.10. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ботагөздің үш ағасы бар еді. Балтабек – ең үлкені. Айбала – соның келіншегі. Екінші – Темірбек – ортаншы ағасы. Кенжетай – кіші ағасы. Кенжетай жалданып, қазынаның жәмшігін айдайды. Ағайынды бұл үшеуінің де жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде. Әкелері Тұяқ ерте өлген. Шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бес шамасындағы кісі. Ол ауылдағы Кенжетай мен Темірбектің қолында тұрады. Шаруалары кедей. Балтабек Бурабай қаласында темір соғады, етікшілік кәсібін істейді. Ботагөз солардың қолында тұрып, орыс школында оқиды.

«Кенжетай келді» деп ойлаған Ботагөз, оны қарсы алмақ боп үйден шықса, есік алдында Айбала жүр екен.

  • Еркем! – деді ол дыбыс беріп.

Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деп үлгірмей, жүгірісін кілт доғарып, жалт қарады.

  • Қайда барасың, еркем?

  • Кенжетай келді білем.

  • Апаңды сағындың ба?..

Көптен көрмегендіктен Ботагөз апасын сағынған. Сондықтан Айбаланың «Апаңды сағындың ба?» - деген сөзі Ботагөздің жүрегіне тық ете түсіп, көзіне жасы келіп қалды. Оны Айбала көрмесін дегендей, Ботагөз жүгіре жөнелді.

С.Мұқанов. «Ботагөз» романынан.

1.2.11.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ботагөздің отбасы жайлы не білесіз?

  2. Ботагөз жетім бе? Анасына сипаттама беріңіз.

  3. Ботагөз қайда тұрады, кіммен бірге?

  4. Ботагөздің жеңгесі кім, ол қандай адам?

  5. Боагөз неге ұялды?

1.2.12. Мәтіннен ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы тіркескен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

Үлгі: Ботагөздің үш ағасы, ...

1.2.13. Мақал-мәтелді жаттаңыз.

1 . Әке – асқар тау,

Ана – сарқылмас бұлақ.

2. Әке көрген – оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

3. Желке ас болмас, жиен ел болмас. Желке ас болады майлы болса, жиен ел болады малды болса.

4. Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату.

1.2.14. Төменде берілген суреттер бойынша «Менің кішкентай бауырларым» деген тақырыпта шағын суреттеме жазыңыз.

1.2.15. Сөздікті пайдаланып, жақша ішінен сөйлемге қажет сөздер мен сөз тіркестерін көп нүктенің орнына қойыңыз.

Отбасы - ...................... алтын ұям. ( менің, оның, сенің)

Отбасылық дәстүрлері бар ........................... тірегі мықты болады. (қызметтің, шанырақтың, көршінің)

Отбасы - ............................ «кішкене модулі» деуге болады. (мемлекеттің, бөлімнің, қаланың)

Әсияның ...................... үлкен. (жанұясы, жұмысы, қызмет)

....................................... арқылы ұрпағыма жақсы тәрбие беремін. (ойын, отбасы дәстүрлері, жазу)