- •Байланыс телефоны: 56-24
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері.
- •5.4. Оқу пәнінің мазмұны:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Білімді бағалау
- •Глоссарий – сөздік
- •І Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •1. Отан – отбасынан басталады.
- •Сәлем – сөздің анасы
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •1.1.2. Қазақ тілінде амандасудың бірнеше нұсқасы бар.
- •1.1.3. Еске түсіріңіз.
- •1.1.4. Келесі сөздерді оқуға жаттығыңыз. Дыбыстардың үндесуіне назар аударыңыз.
- •1.1.5. Оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.
- •1.1.6. Төмендегі сәлемдесу үлгілері кімдерге арналатынын анықтаңыз.
- •1.1.7. Төмендегі сәлемдесу ұнамды әдетке жата ма?
- •1.1.8. Мақалдарды еске сақтаңыз
- •1.1.10. Бос орындарға а, ә, о, ө, і, и, ұ, ү дауысты дыбыстарын қойыңыз, аудармасын есте сақтаңыз.
- •1.1.11. Танысу.
- •1.1.12. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •1.1.13. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңыз.
- •1.1.14. Cұрақтарға, жақшадағы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жауап беріңіз.
- •1.1.15. Жіктік жалғауларды есте сақтаңыз.
- •1.1.16. Жіктеу есімдіктері және жіктелу үлгілеріне мысалға назар аударыңыз.
- •1.1.17. Төмендегі көмекші етістіктерді жіктеп жаттығыңыз.
- •1.2. Отбасы – шағын мемлекет.
- •1.2.1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1.2.2. Мәтінді оқып, мазмұндап айтыңыз.
- •1.2.3. Сұраққа жауап жазыңыз.
- •1.2.4. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •1.2.5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1.2.6. Көп нүктенің орнына тиісті ы, і әріптерін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •1.2.7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1.2.8. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1.2.9. Сұрақтарға иә, жоқ, емес сөздерін қосып, жазбаша жауап беріңіз.
- •1.2.10. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •1.2.16. Мәтінді оқыңыздар, көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар.
- •1.2.17. Мәтіннен алынған синонимдес сөздердің артығын сызып тастаңыз.
- •1.2.18. Төмендегі суретке қарап, сұрақтарға ііі жақтан жауап беріңіз.
- •1.2.19. Мәтінді оқып, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.
- •1.2.20. Жағдаяттық тапсырма.
- •1.2.21. Пікірталас өткіземіз.
- •1.2.22. Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
- •1.2.23. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •2. Жас отбасы және дәстүр.
- •2.1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер. Қр отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі.
- •2.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •2.1.2. Мақал-мәтелдерді есіңізде сақтаңыз және олардың мағынасын ұғып алыңыз..
- •2.1.3. Оқып, мағынасын анықтаңыз. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •2.1.4. Сұхбатты толықтырыңыз.
- •2.1.18. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •2.1.19. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •2.1.20. Жазушы ғ.Мұстафиннің аталы сөздеріне назар аударыңыз.
- •2.1.21. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •2.2. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті.
- •2.2.1. Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
- •2.2.8. Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.
- •Неке қию.
- •2.2.9. Мақалдарға мән беріңіз. Олар адамды неге шақырады?
- •2.2.10. Сұрақтарға нақты мысалдармен жауап беріңіз.
- •2.2.11. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •2.2.12. «Анасына қарап, қызын ал» деген мақалды қалай түсінесіз? деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
- •2.2.13. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •2.2.14. Отбасылық бюджет туралы.
- •3.1. Тұрғын үй түрлері, дизайны. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы
- •3.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесі
- •3.1.2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
- •3.1.3. Сұхбаттасыңыз.
- •Біздің ауыл
- •3.1.8. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біліп алыңыз.
- •3.1.9. Төмендегі өлеңнен сілтеу есімдіктерін табыңыз.
- •3.1.10. Суретке қарап, мәтіннен құрыңыз. Мәтінде ілік, барыс, табыс және жатыс септігіндегі сөз тіркестері болсын.
- •3.1.11. Сөйлемнің дұрыс нұсқасын табыңыз.
- •3.1.12. Мәтінді оқып, баяндап беріңіз.
- •3.1.13. Төмендегі сұрақтарға өз сөзіңіхзбен толықтырып жауап беріңіз.
- •Қала үйінің ішкі сипатын айтып шығыңыз. Бұлар қандай бөлмелер?
- •Өзара сөйлесіңіз, барыс және жатыс септіктеріндегі сөздерді атап көрсетіңіз.
- •4.1.1.Мәтінді оқып, мағынасын сөздіктің көмегімен ұғып алыңыз. Мінез – адам сыны
- •4.1.1.Жаңа сөздерді біліп алыңыз.
- •Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •Етістіктерді тиісті шақ формасына қойыңыз.
- •Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.
- •Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құраңыз.
- •Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
- •Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.
- •Сұраққа жауап беріңіз.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Әдеп жайлы біліп алыңыз.
- •4.1.14.Берілген сөздерді құрамына қарай талдап, жалғанған қосымшаларды атаңыз.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатты оқып, өзара сөйлесіңіз.
- •Төмендегі фразеологиялық тіркестермен танысып, олармен сөйлем құраңыз.
- •Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •4.2.1. Төмендегі сын есімдерді төрт шырайда түрлендіріп жазыңыз, олармен сөйлем құраңыз (ауызша)
- •4.2.2. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз. Сұлулық жайлы
- •4.2.3. Жаңа сөздердің баламасын сөздіктен қарап, жазыңыз, біліп алыңыз.
- •4.2.4. Сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді пайдалана отырып жауап беріңіз.
- •4.2.5. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.
- •4.2.6. Оқыңыз, қызық! Табиғат пен тағам арасындағы байланысты оқып, сын есімдерге мән беріңіз.
- •4.2.7. Есте сақтаңыз.
- •4.2.8. Сөйлемдерді сын есімдермен толықтырыңыз.
- •4.2.9. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз. Замандастарымыз арамызда жүр.
- •4.2.14. Мәтінді оқып, мағынасын есте сақтаңыз. Адамды тани аласың ба?
- •4.2.15. Жаңа тіркестерге сұрақ қойыңыз, сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
- •4.2.16. Өзара сөйлесіңіз.
- •4.2.17. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз.
- •4.2.18. Фразеологиялық тіркестерді біліп алыңыз.
- •4.2.19. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •4.2.20. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы және бір-бірімен мағыналас тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз.
- •5. Уақыт және адам.
- •5.1.Уақыт алтыннан да қымбат.
- •5.1.1. Сан есім жайлы есіңізге түсіріңіз.
- •5.1.2.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •5.1.3. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен мазмұндаңыз. Уақыт алтыннан да қымбат.
- •5.1.4. Мәтінді жоспар бойынша мазмұндаңыз.
- •5.1.5. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді біліп алыңыз.
- •5.1.6. Сан есімдерге тиісті қосымшалар жалғап, сұхбаттасыңыз. Дара, күрделі сын есімдерді табыңыз.
- •5.1.7. Өлеңді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
- •5.1.8. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын жазыңыз.
- •5.1.9. Сұхбаты толықтырып жазыңыз.
- •5.1.10. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5.1.11.Есте сақтаңыз:
- •5.1.12.Үлгіге сәйкес сұхбат құрыңыз.
- •5.1.13.Досыңызбен сөйлесіңіз. Сіз досыңызбен келісесіз бе?
- •5.1.15. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •6. Бос уақыт және қызығушылық.
- •6.1.Студенттің бос уақыты. 50 минуттық дәріс және студент.
- •Сан есімнің мағыналық түрлері жайлы біліп алыңыз.
- •6.1.2.Төмендегі сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, олармен ауызша сөйлем құраңыз.
- •6.1.3. Жинақтық сан есімдерді табыңыз.
- •6.1.4. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз, мағынасын өз сөзіңізбен айтыңыз. Студенттің бос уақыты
- •6.1.5. Жаңа сөздермен танысыңыз.
- •6.1.6. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
- •6.1.7. Сөйлесіңіз.
- •6.1.8. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз, баяндаңыз.
- •7.Денсаулық – зор байлық
- •7.1. Дені саудың – жаны сау
- •7.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •7.1.2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.1.3. Оқып жаттығыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз.
- •7.1.4. Сөйлесіңіз, қажетті жалғауды қойыңыз.
- •7.1.5. Мақалдарды, ғұламалардың сөздерін еске сақтаңыз
- •7.1.6. «Иә» және «жоқ» сөздерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.1.7. Қазақ тілінде апта күндерін еске түсіріңіз, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.1.8. Сұхбатты оқыңыз және еске сақтаңыз.
- •7.1.9. Мәтінді оқып, ауызша талдаңыз.
- •7.1.10. Тірек сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.1.11. Сөйлемдердегі сөздерді, тиісті септік жалғауларын қойып, толықтырыңыз.
- •7.1.12. Берілген сөздермен барыс септігінде сөйлем құраңыз.
- •7.1.13. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •7.1.14. Сұхбатты, сөйлемдерді толықтырып оқыңыз. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.
- •7.1.15. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
- •7.1.16. Сұхбаатты толықтырыңыз.
- •7.2. Ауру – астан. Тазалық – денсаулық кепілі
- •Мәтінді оқыңыз, баяндаңыз. Қимылдың шағын анықтаңыз.
- •7.2.9. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.2.10. Мақалдар мен мәтелдерді еске сақтаңыз.
- •7.2.11. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •7.2.12. Сұхбатты толықтырыңыз.
- •7.2.19. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
- •7.2.20. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.2.21. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •Сегізінші сабақ (1-сағат)
- •Грамматикалық нұсқа
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Сегізінші сабақ (2-сағат)
- •Тоғызыншы сабақ (1-сағат)
- •Тәуелсіздік жолында
- •Тәуелсіздік тұғыры
- •О ныншы сабақ (1-сағат) Халықаралық қатынастар
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Жаңа сөздермен танысыңыз. Мына сөздердің мағына-сын білесіз бе?
- •3. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге мағы-насы жақын сөздерді белгілеңіз.
- •7. Мына сөз тіркестерін қалай түсінесіз?
- •8. Мына жоспар бойынша мәтіннен абзацтарды белгілеңіз. Әр абзацтың негізгі идеясын анықтаңыз.
- •9. А) Үлгі бойынша бірнеше сөз тіркестерін жасаңыз.
- •Қазақстанның дипломатиясы (2 сағат)
- •8. Мәтіннен мына сөз тіркестері кездесетін сөйлемдерді тауып оқыңыз.
- •9. Қазақстанның төмендегі елдермен ынтымақтастығы елімізге қандай мүмкіндіктер береді деген сұраққа жауап беріңіз.
- •10. Сөйлемдерді оқыңыз. Жақшаның ішіндегі етістіктерді осы, өткен, келер шақтарда көрсетіңіз.
- •ОНыншы сабақ (3 сағат) Қазақстан жӘне халықаралық ұйымдар
- •2. А) Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып жазыңыз.
- •Он бірінші сабақ (1-2 сағат)
- •Мен қазақ елінің патриотымын
- •Он бірінші сабақ (3-сағат)
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он екінші сабақ (2-сағат)
- •Елордасы – Астана
- •Он екінші сабақ (3-сағат) Астананың үш ерекшелігі
- •Он үшінші сабақ (1сағат)
- •Жалғаулықтар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Мемлекетіміздің тілі
- •Ұлттық тіл
- •Боөж тапсырмасы
- •Он төртінші сабақ (1-2сағат)
- •Он төртінші сабақ (3-сағат)
- •Ұлттық дәстүр
- •14 Сабақ
- •Қос сөз және біріккен сөздер
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он бесінші сабақ (2-сағат)
- •Ұлттық мәдениет
- •Он бесінші сабақ (3-сағат) Мәдени мұра
- •Екінші семестр бірінші сабақ (1- сағат)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бірінші сабақ (2-сағат)
- •Екінш сабақ (1-сағат)
- •Септеулік шылаулар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Екінші сабақ (2-сағат)
- •Екінші сабақ (3-сағат)
- •Боөж тапсырмасы
- •Үшінші сабақ (1-сағат)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Үшінші сабақ (2-сағат)
- •Классикалық әдебиет
- •Үшінші сабақ (3-сағат) Мейірімді бала
- •Ы. Алтынсарин ортақ Абай
- •Төртінші сабақ (1-сағат) Адам мен табиғат егіз Мен және қоршаған орта
- •Шылау сөздер
- •Демеулік шылаулар
- •Семей сынақ алаңының зардаптары
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Мәтіннен шылауларды тауып, тіркескен сөздерге қандай мағына үстеп тұрғанын байқаңыз.
- •3. Септеулік шылау арқылы байланысып тұрған сөздерді септеулігімен бірге теріп жазыңыз. Арал теңізі
- •Сұрақты топ болып талқылаңыз.
- •Бесінші сабақ (1-сағат)
- •Грамматикалық нұсқа
- •Көсемше Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Тоғызыншы сабақ (2-сағат) Адам және табиғат
- •Бесінші сабақ (3-сағат)
- •Алтыншы сабақ (1-сағат)
- •Грамматикалық нұсқа
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Алтыншы сабақ (2-сағат) Саяхат және туризм
- •Алтыншы сабақ (3-сағат)
- •Жетінші сабақ (1-сағат) Қазақстанның көрікті жерлері
- •1 . Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •2.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.
- •3.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •Туризмнің даму тарихы
- •Төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
- •6. Сөздерді тиісті орнына қойыңыз.
- •7. «Әлемдегі туристік орталыққа» саяхат жасаңыз.
- •9. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңыз.
- •Қазақстандағы туризм
- •Сұрақтарға толық жауап беріңіз.
- •4. Мәтін құрамындағы сан есімдерге толық талдау жаса-ңыз. Яғни құрамына, мағынасына, сұрағына, атқаратын қызме-тіне қарай табыңыз.
- •Сөйлемдерден сан есімдерді тіркескен сөзімен бірге теріп алып, сөзбен жазыңыз.
- •6. Қазақстанға шетелден досыңыз (туысыңыз, танысыңыз) келді, қайда апарар едіңіз?
- •7. Алматыға ауылдан досыңыз келді, саяхатты неден бастайсыз? Сұхбат құрастырыңыз.
- •8. Мына сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.
- •Сегізінші сабақ
- •Боөж тапсырмалары
- •Боөж тапсырмалары
- •Қазақстан – Азия барысы
- •Жаса, Қазақстан
- •Он үшінші сабақ Қазақстандағы білім беру жүйесі Себеп бағыныңқы сабақтас
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Білім де бәсекеге түседі
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Сөздердің мағынасына мән беріңіздер:
- •3. «Елдің мақсаты – елулікке жету» туралы пікіріңіз қандай?
- •6. А) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар.
- •8. Сөйлемнің құрылысын өзгертіңіздер.
- •9. Мақал-мәтелдердің мәнін түсініңіздер.
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.
- •3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
- •6. А) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.
- •Ғылым мен техника Мақсат бағыныңқы сабақтас
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •1 Семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •2 Семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •20. Нұсқау: сөз тіркестерінің аудармасын көрсетіңіз.
Боөж тапсырмалары
«Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.
ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ
Басшы келбеті
Ыңғайлас салалас
Ыңғайлас салалас – құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым –қатынаста болуы. Ыңғайлас салалас құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрамындағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбіне бір шақта тұрады. Мысалы: Күн батты, таңды қара көлеңке басты.(П.П) Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен. (Ғ.С)
1-тапсырма. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді тауып, сөйлем мен сөйлем арасындағы үзілісін сақтап оқыңыз. Таныс емес сөздерді жазып алып, олардың аудармасын сөздік көмегімен анықтаңыздар.
Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан – жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай – ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.
2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.
- Басшыны кім деп білесіз? Басшы сөзіне өзіңізше анықтама беріңіз.
-Басшы адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?
-Басшы неліктен кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс деп ойлайсыз?
-Кез-келген адам лидер бола ала ма?
-Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар жақсы басшы болу үшін не істеуі керек?
3-тапсырма. Берілген ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің екінші қатардан сыңарын табыңыздар.
Басшы- әрі топты бастаушы, сөйлеген сөзі де ұнады.
Адамдармен тез тіл табыса да кетеді, нақты шешімге де келу.
Кәсіпкерлік – іске кірісіп те кету, басшы үйіне қайтты.
Басшының өзін ұстауы да ұнады, әрі жол көрсетуші
Жұмыс күні аяқталды, бәрімен бірдей қарым–қатынас та
жасайды.
4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.
Басшының сөйлеу мәдениеті де жоғары болуы тиіс,--------------------------------. Басшы күнделікті жаңалықтардан да хабардар болуы керек,--------------------- . Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты, -------------------------------. Басшы болу үшін қабілет те керек, ---------------------------------------------------- . Қызметкерлермен жиі пікір алмасыңыз, ---------------------------------------------- . Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаңыз, ----------------- . Көңіл көтеру шараларын да жүзеге асырыңыз, -------------------------------------- . Өзіңізге деген сеніміңіз әрі мықты болсын, ------------------------------------------ .
5-тапсырма. Басшы болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет?
1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.
Кемел көшбасшы, сарабдал саясат, алға сүйреу, әлемдік қауымдастық, әлеуеті зор, еңбегі ұшан – теңіз, береке тұнған құтты мекен, халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдау, жанашыр, өркендеу, өлшеусіз үлес, біртуар тұлға, қарқынды даму, әл – ауқаты, айрықша табыс, тарих төрі, өзіндік қолтаңба, ғасырлар тоғысы, алмағайып заман, қақтығыстар, текетірестер, жаһан.
2 – тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестері арқылы жай сөйлемдер құрастырыңыздар.
Басшысы келіспесе, ел жетім. ( Мақал)
Кемел көшбасшы
Қай халықтың болмасын болашағы басшысына байланысты екені белгілі. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді. Елдің көшін алға сүйреп, әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда Елбасының сіңірген еңбегі ұшан – теңіз. Құрамына түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырды. Өзінің дана саясаткерлігімен Қазақстанды әлем жұртшылығына таныта білді. Мемлекетті халықаралық аренада жоғары дәрежеге көтерді.
Нұрсұлтан Назарбаев – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл – ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы. Ол бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді орнықтыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінді. Президент халықты мыңжылдықтар ауысып, ғасырлар тоғысқан алмағайып заманда бейбітшілік пен тыныштықта, ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап басты нысанасы етті. Соның арқасында осы тұста тәуелсіздік алып, түрлі қақтығыстарға килігіп қалған басқа елдердей емес, Қазақстан бірден бейбіт даму даңғылына түсті. Елбасы ел ішіндегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтаумен қатар, аймақтық текетірестерді болдырмауда үлкен қажыр – қайрат көрсетті. Жаһанға өнеге боларлық үлгілі саясат ұстанды. Халқына адалдық, елін, жерін сүю – адамдық борыш болуға тиісті қағидалар. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бойындағы осындай биік адамгершілік қасиеттерді жастар үлгі тұтуға тиіс. Елбасының әрбір ісінен үлгі алуымыз керек. Сонда ғана елдің келешегіне, мемлекеттің болашағына сеніммен қарайтын, Елбасының ағалық үмітін алға апаратын және сара саясатын жалғастыра алатын білімді де білікті , парасатты ұрпақ қалыптаса алады.(интернеттен)
3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.
Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан - ------------- . Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда ------ . Ол қиын белестерден халқын аман алып өтіп, --------------------------------------- . Президент халықты ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды -------------- . Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін --------------------------- .
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Халықтың болашағы неге басшыға байланысты? Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан не?
Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыру үшін Елбасы не істеді? Елбасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап нені басты нысанасы етті?
Қазақстан неліктен бірден бейбіт даму даңғылына түсті? Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін не істеуіміз керек?
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, таныс емес сөздерді сөздіктің көмегімен аударыңыздар, ондағы ойға өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Ұлы кемеңгер Абай: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де - ақымақтық» - деген екен. Қоғамымызда тіршіліктегі бар ғұмырын халыққа, мемлекеттік қызметке адал қызмет етуге сарп етіп, сол еңбегі бағаланып жатса да мастанбай, «менің әлі де халқыма берерім көп» деп еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Отансүйгіштік – мемлекеттік қызметшінің ең негізгі принциптерінің бірі болуға тиіс. Керек десеңіз, мемлекеттік тілді білу мәселесі де осы ретте туындайды. Елбасы саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің бойында мынадай мінез – құлықтар тәрбиелеу керек деген түйін жасаған: Бірінші – өзіне берілген билікті меңгере білу. Қазақша айтқанда: «Ұлық болсаң, кішік бол». Екінші – қара басыңның қамын емес, өзің қызмет етіп отырған қоғамның игілігі туралы ойлай білу керек. Үшінші – басшы нендей қаржыға өмір сүріп жатырсың деген сауалдан қаймықпай, яғни, менің виллам мен саяжайымның суреттерін жариялайды – ау деп қорғалақтамай өмір сүру керек. Төртінші – халық сенімін жоғалтпайтындай тұрғыда басқару. Бесінші – қызметке істі кәсіби біліктілікпен жүргізе алатындай тарту. Мемлекеттік қызмет бұл – мемлекеттің мүддесі.
Есте сақтаңыздар:
Сарп ету – арнау, мастанбау – бір нәрсеге масаттанбау, даңдайсымау, түйін жасау – қорытынды, байлам жасау, ұлық болсаң, кішік бол – неғұрлым ұлы болсаң, соғұрлым кішіпейіл бол, қара басының қамын ойлау – тек өз басының жағдайын ойлау, қаймықпау – қорықпау, қорғалақтамау – жасқанбау, именбеу, біліктілік – көп білетіндік, білімділік.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Ұлы Абайдың сөзін қалай түсінесіздер?
2. Халық үшін өз ғұмырын сарп еткен қандай тұлғаларды білесіздер?
3. Өз тілін білмеген адамды отансүйгіш деуге бола ма?
4. Басшының бойында өзіне берілген билікті дұрыс меңгеру үшін қандай қасиеттер болу керек?
5. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегенді қалай түсінесіз? Кішік болу үшін қандай қасиеттер қажет?
6. Қоғамның игілігін ойлау үшін қандай қасиеттер болу керек?
7. Басшы қандай сауалдан және неден қорықпауы керек? Бұлардан қорықпау үшін қандай болу керек?
8. Халық сенімін жоғалтпау үшін не істеу керек?
9. Білікті басшы болу үшін не қажет?
3-тапсырма. Мәтіндегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыздар.
Қазақ – төзімді (толерантты) халық. Әсіресе, Ел басшысына деген құрметі бөлек. Сондай –ақ, ежелден билік иесінің әрекеті жақпаса, хан болса да қателігін бетіне айта алатын батыл халық. Бірақ қазақ мұндай шектен шыққан әрекетке бармайды. Ол үшін ханда хандық қасиет қалмауы керек. Қазақ халқының билік иесіне деген құрметі жоғары. Назарбаевтың елді ауыр және жауапкершілігі мол кезеңде басқаруына түсіністікпен қарады. Қазақ оны «Елбасы» деп атап кетті. Назарбаев имиджі 1995 жылға дейін жауапкершілігі мол, мойнына тарихи міндет жүктелген басшы, реформатор ретінде қалыптасты. Ал 1995 жылдан кейін елдегі билікті уысына жұмылдырған саяси амбициясы жоғары басшы ретінде толыға түсті. Елдің тарихы мен Елбасы қайраткерлігін бөлек қарастыру мүмкін емес. Осы тұстағы Елдің дамуы мен Елбасы рөлінің шын бағасын келешек ұрпақ берер.
4-тапсырма. Меңгерген сөздеріңізді пайдаланып, өз өміріңіздегі білікті басшы (мектеп директоры, сынып жетекшісі, сынып старостасы, топ старостасы, топ кураторы, факультет деканы т.б.) туралы әңгімелеңіз.