Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

5.1.11.Есте сақтаңыз:

63 жыл өмір сүрген адам:

күніне 8 сағат жұмыс істесе, оның өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен.

Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса, тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді.

6 жылы тамақ ішуге,

5 жылы сапарларға,

1 жылы телефонмен сөйлесуге кететін көрінеді.

Бір тал темекі шегуге 6 минут уақыт бөліп, бір күнде 10 тал темекі шексеңіз 60 минут яғни, 1 сағат уақытыңыз кетеді.

Біз өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір шаруаны бірер аптада, немесе біраз күннің ішінде деп жобалай са­ламыз.

5.1.12.Үлгіге сәйкес сұхбат құрыңыз.

Дулат: Жұпар, сен дәрігерге сағат екіде барасың ба?

Жұпар: Менің дәрігерім бүгін таңертең қабылдайды.

  1. Профессор – ертең – түскі 3-те;

  2. Бастық – кешке – 5-те.

5.1.13.Досыңызбен сөйлесіңіз. Сіз досыңызбен келісесіз бе?

  • Бақытжан, сәлем, сен үйдесің бе?

  • Сәлем! Үйдемін. Қайдан телефон шалып отырсың?

  • Университеттен. Біздің сабағымыз жаңа бітті. Не істеп жатырсың?

  • Жай, уақыт өлтіріп отырмын.

  • Қалай? Ол не деген сөз?

  • Ой, соны да білмейсің бе? Теледидар көріп отырмын.

  • Оны қайтесің, бірдеңе оқымайсың ба?

  • Не оқимын, оқитын ештеңе жоқ...

  • Сендерде жақсы кітапхана бар ғой. Мен үнемі сол жерден жақсы кітаптар алып тұрамын.

  • Мен кітапты интернеттен оқимын.

  • Мен олай ете алмаймын.

5.1.14. Ғұламалардың сөзіне назар аударыңыз.

Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман,

Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан.

Ескертемін, ей адамзат, өмірің

Минуттар мен секундтардан құралған…

Ахмад Шаухи

Уақыт – қылыш. Егер сен оны шаппай­тын болсаң, ол сені шабады.

Хазірет Әли

Кім ұйқысын бөліп, уақытын дұрыс пайда­ланып, ғылымға талпынса, сол үйренеді. Ал білім алған адам, күнаһар болудан сақтанады.

Абдуллаһ бин Мубарак

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тең шала жансар өлімменен.

Қанша менің өлді екен уақытым,

Ақ төсек, ала жастық кебіндеген.

Мұқағали Мақатаев

5.1.15. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

  1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Адам уақытты ... істерге жұмсауы керек.

А. әртүрлі

В. пайдалы

С. белгілі

Д. сапалы

2. Сөйлемді аяқтаңыз. Бос өткен уақыт адамға өкініш ... .

А. береді

В. әкеледі

С. болады

Д. жасайды

3. Сан есімге сұрақ қойыңыз. Атам 75 жасында қайтыс болды.

А. қанша?

В. қашан?

С. қалай?

Д. қаншасыншы?

4. Сөзге қосымша жалғаңыз. Иманды адам өтккен күндер... ғибрат алады.

А. –мен;

В. –ге;

С. -ден;

Д. –ді;

БОӨЖ тапсырмасы.

«Уақыт – алтыннан қымбат» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер, 1996. -272 б.

  2. Наполеон Хилл. Закон успеха: думай и богатей. Екатеринбург: Изд-во “Литур”, 2001. -704 с.