Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

4.2.14. Мәтінді оқып, мағынасын есте сақтаңыз. Адамды тани аласың ба?

Бұл өмірде кімнің кім екенін кескін-келбетіне қарамай-ақ, ісінен де білуге болады. Данагөй қазақтың мына сөзін еске алайық.

Туыстың кім екенін, басыңа іс түсіп, жалалы болғанда білерсің,

Бауырдың кім екенін, жаның күйзеліп, жаралы болғанда білерсің,

Достың кім екенін, өмір өткелдерінен өтіп, саналы болғанда білерсің,

Жолдастың кім екенін, басыңнан бақ тайғанда білерсің,

Баланың кім екенін, күш-қуатың кетіп, қартайғанда білерсің,

Келіннің кім екенін, жағдайың кетіп, жантайғанда білерсің,

Әйелдің кім екенін, шаңырағың шайқалғанда білерсің,

Адам тану – даналықтың қайнар көзі. Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп.

Мақсұтбек Сүлеймен.

4.2.15. Жаңа тіркестерге сұрақ қойыңыз, сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Жалалы (клевета) болғанда –

Жаралы (рана) болғанда -

Саналы (сознание) болғанда –

Бақ тайғанда (несчастье) –

Қартайғанда (стареть) –

Жантайғанда (быть беспомощным) –

Шаңырағың шайқалғанда (раставание, беспокойствие) -

4.2.16. Өзара сөйлесіңіз.

  • Асан, сен білесің бе, туыс қандай жағдайда жаныңда болу керек?

  • Туыс адам басыңа іс түскенде жәрдем беруі керек.

  • Бауырың ше?

  • Бауырың жаның қиындыққа ұшырағанда қасыңда болуы керек.

  • Досыңның қандай екенін қашан анық білесің?

  • Досыңның қандай екенін ақылың толып, санаң оянғанда білесің.

  • Бала қандай жағдайда қажет болады?

  • Бала ата-ана қартайып, күші тайғанда қажет.

  • Келін ше?

  • Келін ата-ене қартайып, аурушаң болғанда, оларға жағдай жасауы керек.

4.2.17. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз.

Туыс –

Бауыр –

Дос –

Қартаю –

Шаңырағы шайқалу –

Жағдайы кету -

4.2.18. Фразеологиялық тіркестерді біліп алыңыз.

Тайға таңба басқандай (сұрағы: қандай?) – анық

.Сөзі мірдің оғындай (сұрағы: қандай?) - өткір

Сөзі түйеден түскендей (сұрағы: қандай?) – дөрекі

Судай жаңа (сұрағы: қандай?) – жап-жаңа

Сүттен ақ, судан таза (сұрағы: қандай?) - безвинный

4.2.19. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

  1. Адамның сырт келбетін сипаттауға арналған сын есімдерді көрсетіңіз.

А. жігерлі, салқын. Қанды, қарапайым

В. тым биік, табанды, еңбекқор

С. дөңгелек жүзді, орта бойлы, қыр мұрынды

Д. ақылды, көпшіл, ұзын бойлы

  1. Күрделі сын есімді анықтаңыз.

А. Ақ сақалды адамды сыйлау – парыз.

В. Ауылдағы адамға жұмыс табылады.

С. Қысқа мерзімде аяқтады.

Д. Көгілдір түс – еркіндік белгісі.

3.Баяндауыш қай шақта тұр?

Халықтың ең таңдаулы өкілдерінің бірі ретінде біз оны сыйлыққа ұсынып отырмыз.

А. өткен шақ

В. ауыспалы осы шақ

С. келер шақ

Д. нақ осы шақ

4.Сөйлемді толықтырыңыз. Менің әжем ... киінеді.

А. ұзын

В. сәнді

С. ерекше

Д. қысқа

4.2.20. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы және бір-бірімен мағыналас тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз.

Жүрек жұтқан, аузына құм құйылды, зәресі зәр түбіне жетті, еңбегі жанды, қас қаққанша, ат ізін салмады, су жүрек, аузы аузына жұқпады, еңбегі еш кетті, араны ашылды, үріп ауызға салғандай, ит арқасы қиянда, ат ізін құрғатпады, тәбеті тартпады, ай десе аузы, күн десе көзі бар, ит өлген жерде, көзді ашып-жұмғанша.

Мағыналас тұрақты тіркестер

Қарама-қарсы мәндегі

тұрақты тіркестер

үріп ауызға салғандай,

ай десе аузы, күн десе көзі бар

жүрек жұтқан – су жүрек

БОӨЖ тапсырмасы:

«Жаным – арымның садағасы» деген мақалды қалай түсінемін?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.