Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

7.1.9. Мәтінді оқып, ауызша талдаңыз.

Денсаулық, ғалымдардың зерттеуі бойынша, АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады: 1) физикалық денсаулық; 2) психикалық және интеллектуалды денсаулық; 3) жеке; 4) рухани денсаулық; 5) эмоционалды денсаулық; 6) әлеуметтік денсаулық.

ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ: біздің денеміздің аурулары жоқ, ол - жаттыққан немесе шыныққан дене.

ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ: бұл адамның психикалық ауруының және оның ақылында кемшіліктің болмауы.

ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адамның өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Егер адамның өзін-өзі танытуы қоғамға қарсы келмесе, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.

РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы.

ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу.

ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ – бұл, ең алдымен, өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).

7.1.10. Тірек сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Физикалық денсаулық дегеніміз не? (жаттығу, шынығу);

    2. Психикалық денсаулық дегеніміз не? (психикалық ауру, кемшілік);

    3. Жеке денсаулық дегеніміз не? (талпыныс, құндылық);

    4. Рухани денсаулық дегеніміз не? (мейірімділік, әсемдік);

    5. Эмоционалды денсаулық дегеніміз не? (сезхім, бақылау);

    6. Әлеуметтік денсаулық дегеніміз не? (қоғам, жұмыс);

7.1.11. Сөйлемдердегі сөздерді, тиісті септік жалғауларын қойып, толықтырыңыз.

1. Гүлденген экономика... дені сау, саналы азаматтар жасайды.

2. Жас үрпақтың бойына тазалық пен сергектік... орнықтыру - біздің міндетіміз.

3. Денсаулықтың қадір..., әдетте, адам ауырған... ғана білетіні өкінішті-ақ.

4. Тек ойлап қарасаңыз, денсаулық - адам баласы... табиғат сыйлаған ең басты байлық.

5. Қоғамдағы әлеуметтік жағдай... төмендеуі кәмелетке толмағандар арасын... қылмыс... көбеюі... әкеліп соғады

6. Балалар... дисплазия ауруы ағза... иод..., кальций... аздығынан болады.

7.1.12. Берілген сөздермен барыс септігінде сөйлем құраңыз.

Мен дүйсенбіде дәрігер...

Сен сейсенбіде қайда барамын

Ол сәрсенбіде уқалау... барасың

Әжем бейсенбіде аурухана... барады

Атам жұмада мешіт...

Ағам сенбіде емхана...

Анам жексенбіде шипажай...

7.1.13. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығының

40 %- ы экологияға,

40 %-ы өзінің өмір сүру дағдысына,

18-20 %-ы дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен.

Адамдардың өз денсаулығын дүрыс күтпеуінен және коршаған ортаның ластануынан науқастар саны жылдан-жылға өсіп отыр.

Бұған ресми деректерге жүгініп көз жеткізе аламыз. - Ауруханаларда өлген адам саны 1984 -1991 жылдар аралығында әрбір 10000 аурудан 50-ден болса, 1991-1994 жылдары олардың саны 410-ға өскен; - Қатерлі ісіктермен ауыратын адамдардың саны 1970 жылғы деңгейден 1993 жылы 22 пайызға көтерілген. - Өкпе құрт (туберкулез) ауруы соңғы жылдары үдеген. Әсіресе жас босанған әйелдер арасында 3-5 есеге өскен. - Әйелдердің жалпы денсаулық көрсеткіші орта есеппен 30 пайыз, әрбір екіншісі қанның аздығымен (анемиямен), әрбір алтыншысы бүйрек ауруымен ауырады.

- Жыл сайын 200 келіншек босану үстінде жан тапсырған. - Бала түсіруден жылына 40 келіншек өлген. - Балалар ауруының жалпы саны 5 миллионнан асьш кеткен. Ал 1993 жылы туған әр 1000 баланың 28-і шетінеген. ("Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1995". Программа ООН Алматы, 1995, 31-35 с, 42-44 с.)