Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

226.Арнайы қарастырылған қиыстырылған нөлдік өткізгіштер осы Қағидалардың 217-тармағында қорғайтын өткізгіштердің қимасына, сондай-ақ нөлдік жұмыс өткізгішіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Қиыстырылған нөлдік өткізгіштердің оқшаулануы фазалы өткізгіштердің оқшаулануына тең болуы тиіс. 1 кВ дейін кернеу құрылғыларының құрастырмалы шиналарының нөлдік шинасын оқшаулау талап етілмейді.

227.Нөлдік қорғайтын және нөлдік жұмыс өткізгіштері электр қондырғыларының қандай да бір нүктесінен бастап бөлінетін кезде, электр энергиясын үйлестіру кезінде оларды осы нүктеге біріктіру рұқсат етілмейді. Өткізгіштер бөлінген жерде жеке қысқыштар немесе бөлінетін өткізгіштер үшін шиналар қарастырылуы қажет. Қоректендірілетін желінің қиыстырылған нөлдік өткізгіші нөлдік қорғайтын өткізгіштің қысқышына (шинасына) қосылған болуы тиіс.

14.Әлеуеттерді теңдестiру жүйесiнiң өткiзгiштерi

228.Әлеуеттерді теңдестiру жүйесінің өткiзгiші ретiнде ашық және осы Қағидалардың

213-тармағында көрсетілген сыртқы өткiзушi бөлiктер немесе арнайы салынған өткiзгiштер, не болмаса олардың үйлесімі қолдана алады.

229.Егер әлеуеттерді теңдестiру өткiзгiшiнiң қимасы мыс бойынша 25 мм2 аспаса немесе басқа материалдардан оған тең болса әлеуеттерді теңдестiрудi негiзгi жүйесiнiң қимасы электр қондырғыны қорғайтын өткiзгiштiң ең үлкен қимасының кемінде жартысы болуы керек. Әлеуеттерді теңдестiрудi негiзгi жүйесiнiң өткiзгiшінің қимасы кез келген жағдайда мынадай болуы керек: мыс

-6 мм2, алюминий - 16 мм2 - 50 мм2 құрыштан жасалған.

230.Әлеуеттерді теңдестiрудiң қосымша жүйесi өткізгіштерінің қимасы мыналардан кем болмауы керек:

1) екi ашық өткiзушi бірге қосылғанда – осы бөліктерге қосылған қорғау өткізгіштері кiшiсiнің қимасы;

2) ашық өткiзушi бөлiк және сыртқы өткiзушi бөлiк қосылғанда – ашық өткізуші бөлікке қосылған қорғау өткізгіші қимасының жартысы.

Әлеуеттерді қосымша теңдестіру өткізгіштерінің кәбіл құрамына кірмейтін қималары осы Қағидалардың 218-тармағының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

15.Жерге тұйықталатын және қорғаныс өткізгіштерінің қосылыстары

231.Жерге тұйықталатын, қорғаныс өткізгіштерін және әлеуеттерді теңдестіру және теңестіру жүйесінің өткізгіштерін қосу немесе біріктіру сенімді және электр тізбегінің үзіліссіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Болат өткізгіштердің қосылулары дәнекерлеу арқылы орындалады.

Қосылыстар коррозия және механикалық зақымданулардан қорғалған болуы тиіс.

Болттық қосылыстар үшін өлшем түйіспесінің бәсеңдеуіне қарсы шаралар қарастырылуы тиіс.

232.Қосылыстар қарау және сынақтан өткізу үшін қолжетімді болуы тиіс. Конструкциялық тұрғыдан жабық жасалған қосылыстар (герметизацияланған, компаунд толтырылған және т.с.с.), сондай-ақ едендерде, қабырғаларда, аражабындарда және жерде жылыту жүйелеріндегі қосылыстар бұған жатпайды.

233.Жерге тұйықтау тізбегінің үзіліссіздігін бақылау қондырғыларын қолданғанда, қорғаныс өткізгіштерін айыруға жол берілмейді.

234.Жерге тұйықталатын және қорғайтын өткізгіштердің ашық өткізуші бөліктерге қосылуы болттық қосулар немесе дәнекерлеудің көмегімен орындалуы тиіс. Осындай өткізгіштерді жиі бөлшектеуге ұшырайтын немесе жылжымалы не болмаса сілкіністер пен дірілдерге ұшырайтын негіздерде орнатылған жабдық бөліктеріне қосу иілгіш өткізгіштердің көмегімен орындалуы тиіс.

Электр сымдары мен ӘЖ-ның қорғайтын өткізгіштерінің қосылыстары фазалы өткізгіштердің қосылыстары секілді әдістермен орындалады.

235.Жерге тұйықтау өткізгіштерін ұзына созылған табиғи жерге тұйықтағыштарға қосудың орындары және әдiстерi жөндеу жұмыстары үшін жерге тұйықтағыштарды ажыратқан кезде, жанасу

кернеуінің күтілетін шамалары мен жерге тұйықтау құрылғысы кернеуінің есептік мәндері қауіпсіз мәндерден аспайтын болып таңдалуы тиіс.

Су өлшеуiштер, ысырмалар және т.б. шунттау құбырдың: әлеуеттерді теңестіру жүйесінің қорғайтын өткізгіші, нөлдік қорғайтын өткізгіш немесе қорғайтын жерге тұйықтау өткізгіші ретінде қолданылуына байланысты орындалады.

236.Электр қондырғысының әрбір ашық өткізуші бөлігінің нөлдік қорғайтын немесе қорғайтын жерге тұйықтау өткiзгiшіне қосылуы жеке тармақ арқылы орындалуы тиіс. Қорғайтын өткiзгiшке ашық өткiзушi бөліктерді кезектілікпен қосуға рұқсат етiлмейді.

Өткізуші бөліктерді әлеуеттерді теңдестiрудің негізгі жүйесiне қосу жеке тармақтар көмегiмен орындалуы тиіс.

Өткізуші бөліктерді әлеуеттерді теңдестірудің қосымша жүйесіне қосу жеке тармақтар көмегімен де, бір айырылмайтын өткізгішке қосылу арқылы да орындалады.

237.Электр қабылдағыштарды штепсельдік қосқыштар арқылы қоректендіру жағдайларын қоспағанда, коммутациялық аппараттарды қорғайтын өткізгіштер тізбектеріне қосуға жол берілмейді.

Бiр уақытта барлық өткізгіштерді сөндіру ӘЖ-нің бір фазалық тармақтарынан қоректенетін жеке тұрғын, саяжайлық үйлер және оларға ұқсас объектілердің электр қондырғыларға кіреберісте рұқсат етіледі. Бұл ретте, нөлдік өткізгішті қорғайтын және жұмыс өткізгішіне бөлу коммутациялық енгізу аппаратына дейін орындалуы тиіс.

238.Фазалық және қорғайтын өткізгіштерді бір уақытта айыратын штепсельдік қосқышты пайдаланғанда, штепсельдік қосқыштың розеткасы мен шанышқысында оларға қорғайтын өткiзгiштерді қосу үшiн арнайы қорғайтын түйіспелері болуы тиіс.

Егер штепсель розеткасының корпусы металдан орындалса, ол розетканы қорғайтын түйіспесіне қосылуы тиіс.

16.Тасымалды электр қабылдағыштары

239.Тасымалды электр қабылдағыштарына оларды пайдалану процесіндегі адамның қолында бола алатын электр қабылдағыштар (қол электр сайманы, тасымалды тұрмыстық электр аспаптары, тасымалды радиоэлектронды аппаратурасы және т.с.с.) жатады.

240.Тасымалды электр қабылдағыштардың қоректенуі кернеуі 380/220 В аспайтын желіден

орындалады.

Адамдарға электр тогымен зақым келтіру қауіптілігінің деңгейі бойынша үй-жайлардың санатына байланысты тасымалды электр қабылдағыштарды қоректендіретін тораптарда жанама жанасу кезіндегі қорғаныс үшін қоректенуді автоматты сөндіру, тізбектерді электрлік қорғанысты айыру, төмен кернеу, қосарлы оқшаулау қолданылуы мүмкін.

241.Қоректенуді автоматикалық сөндіруді қолдану кезінде, қосарланған оқшауламалары бар электр қабылдағыштарды қоспағанда, тасымалданатын электрқабылдағыштардың металл корпустары жерге тұйықталуы немесе нөлге теңестірілуі қажет, ол үшін штепсельдік қосқыш шанышқысының қорғау контактісіне және электрқабылдағыштардың корпусына қосылатын өткізгіштермен (кәбілдің және өткізгіштің үшінші талсымы тұрақты және бірфазалық электрқабылдағыштар үшін, төртінші немесе бесінші талсым – үш фазалық электрқабылдағыштар үшін) бір қабықта орналасқан арнайы қорғау өткізгіші ескерілуі қажет. Қорғайтын өткізгіш иілгіш болып, мыстан орындалуы тиіс, оның қимасы фазалық өткізгіштердің қимасына тең болуы керек. Бұл мақсат үшін нөлдік жұмыс өткізгішін, соның ішінде фазалық өткізгіштермен ортақ қабықшада орналасқан өткізгішті қолдануға рұқсат етілмейді.

242.Сынау зертханалары және олардың жұмыс кезінде орнын ауыстыру көзделмейтін эксперименталды қондырғылардың тасымалды электр қабылдағыштары үшiн тұрақты және жеке тасымалды қорғайтын өткiзгiштердi рұқсат етiледi. Бұл ретте, тұрақты өткiзгiштер осы Қағидалардың 213 - 221-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы керек, ал тасымалды өткiзгiштерi иілгіш болып, мыстан орындалуы тиіс және олардың қимасы фазалық өткізгіштер қимасынан кем болмауы керек.

243.Тікелей жанасудан және қосымша қорғау үшін және жанама жанасуда сыртқы қондырғының номиналдық тогы 20 А жоғары емес штепсельдік розеткалар, сондай-ақ ғимараттардан тыс немесе қауіптілігі жоғары және аса қауіпті үй-жайларда қолданылатын тасымалды электр қабылдағыштары қосылуы мүмкін ішкі қондырғы розеткалары номиналдық сөндіретін дифференциалдық тогы 30 мА

аспайтын қорғанысты сөндіру құрылғыларымен қорғалады. ҚСҚ ашаларымен жабдықталған қолдық электр құрал саймандарын қолдануға рұқсат етіледі.

Аса қауіпті үй-жайларда тораптарды қорғанысты электрлік айыруды қолдану кезінде әрбір розетка жеке таратушы трансформатордан немесе оның дара орамасынан қоректенуі тиіс.

Төмен кернеуді қолданған кезде тасымалды электр қабылдағыштардың қоректенуі қауіпсіз таратушы трансформатордан іске асырылуы тиіс.

244.Тасымалды электр қабылдағыштарды қоректенетін желіге қосу үшін осы Қағидалардың 237-тармағының талаптарына сәйкес келетін штепсельдік қосқыштар қолданылады. Бұл ретте, қорек көзінің жағында өткізгіш розеткаға, ал электр қабылдағыш жағында - ашаға жалғануы тиіс.

245.Розеткалы тораптардың ҚСҚ таратушы (топтық, пәтерлі) қалқандарда орналастырады. ҚСҚ розеткаларын қолдануға рұқсат беріледі.

246.Тасымалды өткізгіштердің қорғанысты өткізгіштері мен кәбілдері сары-жасыл жолақтармен белгіленуі тиіс.

17.Жылжымалы электр қондырғылары

247.Жылжымалы электр қондырғыларына қойылатын талаптар:

1)кеме электр қондырғыларына;

2)станоктардың, машиналар мен механизмдердің қозғалатын бөліктерінде орналастырылған электр жабдықтарына;

3)электрлендiрiлген көлiкке;

4)тұрғын автофургондарға қолданылмайды.

248.Жылжымалы электр қондырғылар тұрақты немесе автономды жылжымалы электр энергиясы көздерінен қоректене алады. Автономды көздер ретiнде тұтынушыларды тұрақты электр энергиясы көздерінен тәуелсіз қоректендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көздер түсініледі.

Жылжымалы электр қондырғылардың тұрақты электр желiден қоректенуі нөлдік жұмыс және қорғайтын өткізгіштері бөлінген жерге тұйық қосылған бейтарабы бар көзден орындалады. Осы өткізгіштердің бөлінуі қондырғыны қоректендіру көзіне қосу нүктесінде орындалуы тиіс. Аталған өткізгіштерді жылжымалы электр қондырғының ішінде біріктіруге рұқсат етiлмейдi.

Жылжымалы электр қондырғысы автономдық көзден қоректендірілгенде, оның бейтарабы оқшаулануы тиіс.

249.Автономдық жылжымалы қорек көздерінен стационарлық электр қабылдағыштарының қоректенуі кезінде қорек көзі режимінің бейтарабы мен қорғаныс шаралары стационарлық электр қабылдағыштар үшін қабылданған бейтарап режимі мен қорғаныс шараларына сәйкес болуы тиіс.

250.Тұрақты қоректену көзінен қоректендірілетін жылжымалы электр қондырғыларында жанама жанасудан қорғау үшін асқын токтардан қорғау құрылғыларын қолданумен осы Қағидалардың 176-тармағына сәйкес қоректендіруді автоматты ажырату орындалуы тиіс. Бұл ретте, осы Қағидалардың 5-қосымшасының 43-кестесінде келтірілген ажырату уақыты екі есе азайтылуы тиіс немесе асқын токтардан қорғау құрылғысына қосымша сараланатын токка ден қоятын қорғаныстық ажыратылу құрылғысы қолданылуы керек.

Жерге қатысты корпус әлеуетіне ден қоятын арнайы электр қондырғыларында ҚСҚ қолдануға жол беріледі. Мұндай жағдайда сөндіретін кернеудің мәні бойынша ұстаным ажыратылу уақыты 5 сек. аспағанда, 25 В тең болуы тиіс.

251.Жылжымалы электр қондырғының қоректену көзiне қосылған нүктесінде асқын токтардан қорғау құрылғысы және сараланған токты елейтін ҚСҚ орнатылуы керек. Осы ҚСҚ-ның номиналды ажыратушы сараланған тогы жылжымалы электр қондырғыға енгізуде орнатылған ҚСҚ тиісті тогынан 1 – 2 саты артық болуы тиіс.

Қажет болған жағдайда жылжымалы электр қондырғыға енгiзуде осы Қағидалардың 181-тармағына сәйкес тізбектерді қорғайтын электр бөлiнісі қолданылады. Бұл ретте, таратқыш трансформатор, сондай-ақ енгiзу қорғайтын құрылғысы оқшаулайтын қабыққа орналастыруы керек.

Жылжымалы электр қондырғыға қоректенудiң енгiзуiн қосу құрылғысында қосарланған оқшауламасы болуы керек.

252.Жылжымалы электр қондырғыларда жанама жанасу кезінде қорғаныс үшін оқшауланған

бейтарабы бар желіде қоректің автоматты сөнуін қолдану кезінде:

1)дабылға әсер ететін оқшаулауды үздіксіз бақылаумен үйлесімдегі қорғанысты жерге

тұйықтау;

2)ашық өткізуші бөліктерге екі фазалық тұйықтау кезінде осы Қағидалардың 5-қосымшасының 51-кестесіне сәйкес сөндіру уақытын қамтамасыз ететін қоректенуді автоматты сөндіру орындалуы тиіс.

Қоректенуді автоматты сөндіруді қамтамасыз ету үшін сараланған токқа әсер ететін ҚСҚ-мен немесе ажыратуға әсер ететін оқшаулауды үзіліссіз бақылау құрылғысымен бірге не болмаса осы Қағидалардың 249-тармағына сәйкес жерге қатысты корпус әлеуетіне әсер ететін ҚСҚ-мен бірге асқын токтардан қорғау құрылғысы қолданылуы тиіс.

253. Жылжымалы электр қондырғыға енгiзуде бас жерге тұйықтау шинасына осы Қағидалардың 211-тармағының талаптарына сәйкес келетін әлеуеттерді теңдестiрудің бас шинасы көзделуі тиіс, оған мыналар қосылуы керек:

1)қоректендіретін желінің қорғайтын өткiзгiшi;

2)оған ашық өткiзушi бөліктердің қорғайтын өткiзгiштерiмен қосылған жылжымалы электр қондырғының қорғайтын өткiзгiші;

3)жылжымалы электр қондырғысы корпусының және басқа да сыртқы өткізуші бөліктерінің әлеуеттерін теңестіру өткізгіштері;

4)жылжымалы электр қондырғының жергiлiктi жерге тұйықтауышына қосылған (бар болғанда) жерге тұйықтау өткiзгiші.

Қажет болған жағдайда ашық және сыртқы өткiзушi бөлiктер әлеуеттерді қосымша теңестiру өткізгіштері арқылы өзара қосылуы тиіс.

254. Оқшауландырылған бейтарабы бар жылжымалы электр қондырғының қорғаныстық жерге тұйықтауы ашық өткізуші бөліктерге бір фазалы тұйықталуда оның кедергісі не жанасу кернеуіне қойылатын талаптарды сақтаумен орындалуы тиіс.

Жерге тұйықтау құрылғысын оның кедергісіне қойылатын талаптарды сақтаумен орындаған кезде кедергінің мәні 25 Ом аспауы керек. Көрсетілген кедергіні осы Қағидалардың 203-тармағына сәйкес көтеруге жол беріледі.

Жерге тұйықтау құрылғысын оның жанасу кернеуіне қойылатын талаптарды сақтаумен орындаған кезде жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі нормаланбайды. Бұл жағдайда мынадай шарт орындалуы тиіс:

Rз < 25/Iз,

Мұндағы Rз - жылжымалы электр қондырғының жерге тұйықтау құрылғысының кедергiсі, Ом; Iз

жылжымалы электр қондырғысының ашық өткiзушi бөлiктерiне бiр фаза тұйықталудың толық тогы, А.

255.Оқшауланған бейтарабы бар жылжымалы автономды қоректену көзінен қоректенетін жылжымалы электр қондырғыларды қорғаныс тұйықталуы үшін жергілікті жерге тұйықтауды мынадай жағдайда орындамауға рұқсат етіледі:

1) автономды қоректену көзi және электр қабылдағыштар жылжымалы электр қондырғыда тікелей орналастырылып, олардың корпустары өзара қорғайтын өткізгішпен қосылуы тиіс, сол көзден басқа электр қондырғылары қоректенбейдi;

2) автономды жылжымалы қоректену көзiнде қорғаныш жерге тұйықтау үшiн өзінің жерге тұйықтау құрылғысы болады, жылжымалы электр қондырғының барлық ашық өткiзушi бөлiктерi, оның корпусы және басқа сыртқы өткiзушi бөлiктер автономды жылжымалы көздiң корпусымен қорғайтын өткiзгiш көмегiмен сенімді қосылған, жылжымалы электр қондырғының электр жабдығының корпусына екi фазалы тұйықталу болғанда қоректендіруді автоматты ажырату уақыты осы Қағидаларға 5-қосымшаның 52-кестесіне сәйкес қамтамасыз етіледі.

256.Оқшауланған бейтарабы бар автономды жылжымалы қоректену көзінде жарық және дыбыс сигналдары бар корпусқа (жерге) қатысты оқшаулау кедергісін үздіксіз бақылау құрылғысы болуы тиіс. Оқшаулағышты бақылау құрылғысының жұмыс істеуін және ажыратылуын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Осындай автономды жылжымалы көзден қоректендірілетін жылжымалы электр қондырғысында сигналға әсер ететін оқшаулау кедергісін үзіліссіз бақылау құрылғысын осы Қағидалардың 254-тармағының шарты орындалған жағдайда орнатпауға болады.

257.Жылжымалы электр қондырғыларында тура жанасудан қорғау ток өткізуші бөліктерді, қоршаулар мен қабықшаларды негізгі оқшаулауды қолдану арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Тосқауылдарды қолдануға және қолы жетпейтін жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

Электр қабылдағыштарды жылжымалы электр қондырғылардың үй-жайынан тыс қосуға арналған штепсельдік розеткаларды қоректендіретін тізбектерде осы Қағидалардың 242-тармағына сәйкес қосымша қорғау орындалуы тиіс.

258.Жылжымалы электр қондырғының қорғайтын өткiзгiштерi иілгіш болуы тиіс, мыстан орындалып, фаза өткiзгiштерiмен ортақ қабықшада орналасуы керек. Өткiзгiштер қимасы мынадай талаптарға:

1) нөлдiк – осы Қағидалардың 217 - 218 тармақтарына; 2) жерге тұйықтаушы – осы Қағидалардың 208-тармағына;

3) әлеуеттерді теңдестiру – осы Қағидалардың 227 - 229 тармақтарына сәйкес болуы керек.

259.Жылжымалы электр қондырғы қоректендіретін желінің барлық өткізгіштерін, қорғайтын өткізгішті қоса алғанда, бір коммутациялық аппарат (тiркеуiш) көмегiмен бiр уақытта ажыратуға рұқсат етiледi.

260.Егер жылжымалы электр қондырғы штепсельдік қосқыштарды қолдануымен қоректендірілсе, қосқыштың шанышқысы жылжымалы электр қондырғысы жағынан қосылып, оқшаулағыш материалдан қабығы болуы керек.

18.Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлардың электр

қондырғылары

261.Мал шаруашылық үй-жайлардың электр қондырғыларын қоректендіру бейтарап жерге тұйықтауы бар айнымалы токтың 380/220 В кернеудегі желiден орындалады.

262.Жанама жанасу кезінде адамдар мен жануарларды қорғау үшін қоректендіруді автоматты ажыратылу орындалу керек. Қоректендіретін желіде нөлдік жұмыс және нөлдік қорғайтын өткізгіштер бөлінуі тиіс. Өткізгіштерді бөлу енгізу қалқаншасында орындалады. Осындай электр қондырғылары кіріктірілген және жапсырма салынған қосалқы станциялардан қоректендірілгенде, өткізгіштерді бөлу трансформатор бейтарабында орындалады, бұл ретте нөлдік жұмыс өткізгішінде оның барлық ұзындығында фазалық өткізгіштер оқшауламасына тең оқшауламасы болуы тиіс.

Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларда, сондай-ақ олармен сыртқы өткізуші бөліктермен байланысқан үй-жайларда қоректенуді автоматты ажырату қорғау уақыты осы Қағидаларға 5-қосымшасының 52-кестесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер ажыратудың көрcетiлген уақытына кепілдік берілмесе, қосымша қорғау шараларын орындау

қажет.

263.Үй-жайға енгiзудегi қиыстырылған нөлдiк өткiзгiш қайтадан жерге тұйықталуы керек. Қайтадан жерге тұйықтау кедергiсінiң мәнi осы Қағидалардың 199-тармағына сәйкес келуi керек.

264.Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларда бір уақытта жанасуға қолжетімді барлық ашық және сыртқы өткiзушi бөлiктерді (су құбырлары, вакуум құбыры, қотанның метал қоршаулары, металл көгендері және т.б.) қосатын әлеуеттерді теңдестiрудiң қосымша жүйесі орындалуы керек.

265.Жануарларды орналастыру аймағында еденде металды тор немесе басқа құрылғының көмегімен әлеуеттердi теңестiру орындалуы тиіс, ол әлеуеттерді теңестірудің қосымша жүйесімен қосылуы керек.

266.Әлеуеттерді теңестiру және теңдестiру құрылғылары электр жабдықтардың қалыпты жұмыс режимінде 0,2 В аспайтын, апаттық режимде осы Қағидаларға 5-қосымшаның 52-кестесінде көрcетiлген ажырату уақытында қауіптілігі жоғары, аса қауіпті үй-жайларда және сыртқы қондырғыларда - 12 В-тан аспайтын жанасу кернеуін қамтамасыз етуі тиіс.

267.Штепсельдік розеткаларды қоректендіретін барлық топтық тізбектер үшін 30 мА аспайтын номиналдық ажырататын сараланған токпен ҚСҚ көмегімен тура жанасудан қосымша қорғау орындалуы тиіс.