Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

4) Электролитті химиялық талдау. Қышқылды аккумуляторлық батареяларға құюға арналған электролит А сортты күкіртті аккумулятор қышқылы мен дистилденген судан жасалады.

Араластырылған электролиттегі қоспаның құрамы мен ұшып кетпейтін қалдық құрамы төменде келтірілген шамалардан аспауы тиіс.

Мөлдірлігі

Мөлдір

Калориметриялық анықтамаға сәйкес түсі, мл

0,6

Тығыздығы т/м3, 20оС

1,18

Құрамы, %

 

Моногидрат

24,8

Темір

0,006

Күшәла

0,00005

Марганец

0,00005

Хлор

0,0005

Азот қышқылдары

0,00005

Ұшпайтын қалдықтар

0,3

Күкіртті сутекпен тұндырылған металға реакциясы шыдамды сыналуы Марганецті қышқыл калийді қалпына келтіретін заттар сынауды шыдайды

5) Элементтердегі кернеуді өлшеу. Разрядтың аяғында қалып қоятын элементтердің кернеуінің айырмашылығы, қалған элементтердің орташа кернеуінен 1-1,5 % аспауы тиіс, ал қалып қоятын элементтердің саны батареядағы олардың жалпы көлемінен 5 % кем болмауы тиіс.

28.Жерге тұйықтағыш құрылғылар

304.Жерге тұйықтағыш құрылғылар осы параграфпен қарастырылған көлемде сыналады.

1)Жерге тұйықтау құрылғылардың элементтерін тексеру. Тексеруге мүмкін деңгейде жерге тұйықтау құралдарының элементтерін тексеру арқылы жүргізіледі. Жерге тұйықтау құрылғылардың өткізгіштігі мен қимасы осы Қағидалардың талаптарына және жобаның мәліметтеріне сәйкес болуы тиіс.

2)Жерге тұйықтағыш пен жерге тұйықтау элементтерінің арасындағы тізбекті тексеру. Жерге тұйықтау және нөлдеу сымдарының қимасы, олардың қосылыстары мен жалғанымдарының бүтіндігі және беріктігі тексеріледі. Аппаратты жерге тұйықтау контурымен қосатын жерге тұйықтау сымдарда үзілу және көзге көрінетін ақаулар болмауы тиіс. Дәнекерлеу жұмысының сенімділігі балғамен соғып тексеріледі.

3)1 кВ дейінгі электр қондырғыларындағы теспелі сақтандырғыштардың жағдайын тексеру. Теспелі сақтандырғыштар ақаусыз және электр қондырғысының нақты кернеуіне сәйкес болуы тиіс.

4)Нейтралы тұтас жерге тұйықталған 1 кВ дейінгі электр қондырғыларындағы нөл-фазаның тізбегін тексеру. Тексеру мына тәсілдердің бірімен жүргізіледі: корпусқа немесе сымға бір фазалы тұйықталудың тогын арнайы құралдар көмегімен тікелей өлшеу арқылы; бір фазалы тұйықталу тогын кезекті есептей отырып, нөл-фазасының ілмегінің толық кедергісін өлшеу арқылы.

Корпусқа немесе нөлдік сымға бір фазалы тұйықталу тогы осы Қағидалардың тиісті тарауларындағы берілген коэффициенттерді есепке ала отырып, қорғаныстың сенімді іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.

5)Жерге тұйықтау құрылғыларының кедергісін өлшеу. Кедергі шамалары осы Қағидалардың тиісті тарауларында берілген шамаларды қанағаттандыруы тиіс.

6)Жанасу (жанасу кернеуіне норма бойынша орындалған электр қондырғыларында) кернеуін

өлшеу. Жерге тұйықтау құрылғылардың монтажынан, қайта құрастырудан және күрделі жөндеуден кейін жүргізіледі. Өлшеу жалғанған табиғи жерге тұйықтағыштар мен ӘЖ арқанда жүргізіледі.

Жанасу кернеуі жобалау кезіндегі есептеумен шамалар анықталған, бақылау нүктелерінде өлшенеді. Әсер етудің ұзақтығы деп, релелік қорғаудың әсер ету уақыты және ажыратқышты ажыратудың жеке уақытының жиынтық уақытын атайды. 110-500 кВ АТҚ қосалқы станцияның жанасу кернеуінің шекті шамалары төменде келтірілген:

Кернеудің әсер ету ұзақтығы

0,1

0,2

0,5

0,7

0,9

1,0 және одан жоғары

Жанасу кернеуі, В

500

400

200

130

100

65

7) Электр станциялары мен қосалқы станциялардың ТҚ тұйықталу тогының жерге ағуы кезінде жерге тұйықтау құрылғысында кернеуді тексеру. Монтаждаудан, қайта құрастырудан кейін жүргізіледі және нейтралы тиімді жерге тұйықталған желістегі 1 кВ жоғары кернеудегі электр жабдықтары үшін 12 жылда 1 рет жүргізіледі.

Жерге тұйықтау құрылғысындағы кернеу:

ғимараттан тыс және электр қондырғының сыртқы қоршауынан әлеуеті алып тасталған электр қондырғылары үшін шектелмейді;

10 кВ астам емес, егер шығатын байланыс және телемеханика кәбілдерінің оқшауламасын қорғау және потенциалдарды шығаруды алдын алу шаралары қарастырылған жағдайда;

қалған басқа да жағдайда 5 кВ астам болмауы тиіс.

29.Қуат кәбіл желілері

305.1 кВ дейінгі кернеудегі қуат кәбіл желілері 1), 2), 7), 13) тармақтары бойынша, 1 кВ жоғары және 35 кВ дейінгі кернеудегі 1)-3), 6), 7), 11) 13) тармақтары бойынша, 110 кВ және жоғары кернеудегі осы Қағидалардың 29-тармағында қарастырылған толық көлемде сыналады.

1) Кәбіл талсымдарының бүтіндігі мен фазалауды тексеру. Кәбілдің жалғанған талсымдары фазаларының белгілерінің тұтастығы мен сәйкестігі тексеріледі.

2) Оқшаулама кедергісін тексеру. 2,5 кВ кернеуге мегаомметрмен жүргізіледі. 1 кВ дейінгі күштік кәбілдері үшін оқшаулама кедергісі 0,5 МОм кем болмауы тиіс. 1 кВ жоғары күштік кәбілдері үшін оқшаулама кедергісі нормаланбайды. Өлшеу кәбілді жоғарылатылған кернеумен сынағанға дейін және одан соң жүргізіледі.

3) Тураланған токты жоғарылатылған кернеумен сынау. 1 кВ жоғары күштік кәбілдері тураланған токтың жоғарылатылған кернеуімен сыналады.

Сынау кернеуінің шамалары мен нормаланған сынау кернеуін қосымша ұзақтығы осы Қағидаларға 5-қосымшаның 97-кестесінде келтірілген.

1кВ дейінгі кернеуге резеңке оқшауламасы бар кәбілдер жоғарылатылған кернеумен сыналмайды.

Тураланған токты жоғарылатылған кернеумен сынау үдерісінде шығу тогының өзгеру сипаттамасына назар аударылады.

Өлшеу кезіндегі ағылудың шекті тогы сынақ кернеуіне қарай және ассиметрия пайызының шекті шамасы осы Қағидаларға 5-қосымшаның 98-кестесінде көрсетілген.

Егер жылыстаған разрядтар, тесік және шығатын токтың соққылары болмаса немесе оның белгілі шамаға жеткеннен кейін қайта арту жағдайы болмаған кезде кәбіл сынаудан өтті деп саналады.

4) Өнеркәсіптік жиіліктегі жоғарылатылған кернеумен сынау. Тураланған токтың орнына 110-220 кВ желістерге жүргізуге болады; сынау кернеуінің шамасы: 110-220 кВ желістеріне (жерге қатысты 130 кВ); 220-500 кВ желістеріне (жерге қатысты 288 кВ). Нормаланған сынау кернеуінің қосымша ұзақтығы 5 мин.

5) Талсымдардың активті кедергісін анықтау. 20 кВ және одан жоғары желістерге жүргізіледі.

1 мм2 қимаға, 1 м ұзындыққа және 200С келтірілген тұрақты токқа кәбіл желістерінің талсымдарының активті кедергісі, мыс талсымдарға 0,01793 Ом астам емес және алюминий талсымдары үшін 0,0294 Ом

астам емес болуы тиіс.

Өлшенген кедергі көрсетілген шамалардан 5 % астам емес айырмашылығы болуы мүмкін.

6)Талсымдардың электрлі жұмыс сыйымдылығын анықтау. 20 кВ және одан жоғары желістерге жүргізіледі. Меншікті шамаларға келтірілген, өлшенген сыйымдылық зауыттық сынау нәтижелерінен 5

%астам емес болуы қажет.

7)Бір талсымды кәбілдер бойынша токтың таралуын өлшеу. Кәбілдерде токтың таралуының әркелкілігі 10 % аcтам болмауы қажет.

8)Кезбе токтардан қорғанысты тексеру. Орнатылған катодтық қорғаудың әрекеті тексеріледі.

9)Ерімеген ауаның бар болуына сынау (сіңдірілген сынау). 110-220 кВ маймен толтырылған кәбіл желістері үшін жүргізіледі. Майдағы ерімеген ауаның құрамы 0,1 % астам болмауы қажет.

10)Қоректендіру агрегаттарын және шеткі муфтаның автоматты қызуын сынау. 110-220 кВ маймен толтырылған кәбіл желістері үшін жүргізіледі.

11)Тоттануға қарсы жабынның жағдайын тексеру. 110-220 кВ маймен толтырылған кәбіл желістерінің болат құбыр жолдары үшін жүргізіледі.

12)Майдың және оқшаулау сұйықтың сипаттамасын анықтау 110-500 кВ маймен толтырылған кәбіл желістерінің барлық элементтеріне және 110 кВ кернеудегі пластмассалы оқшауламасы бар кәбілдердің шеткі муфтасы (трансформаторға және ЖТҚЭ енгізу) үшін жүргізіледі.

С-220, 5-РА, МН-3 және МН-4 маркасындағы майлардың үлгісі және ПМС маркасындағы оқшаулау сұйықтың үлгісі осы Қағидаларға 5-қосымшасының 99 және 100-кестелерінің норма талаптарын қанағаттандыруы қажет.

Егер МН-4 майының дегазациясының деңгейі мен электр беріктігінің шамалары нормаға сәйкес болса, tgd шамасы 100-кестеде көрсетілген нормадан асатын болса, онда майдың үлгісін үздіксіз

tgd өлшей отырып, 2 сағ. ішінде 100 0С температурада қосымша ұстап отырады. Tgd шамасын азаю кезінде майдың үлгісі негізгі шама ретінде қабылданған шаманы алғанға дейін 100 0С температурада ұстайды.

Төмен қысымдағы МНКЛ май үлгісін коллектордан, ал қанағаттанарлықсыз нәтиже болған жағдайда қысым бактарынан алуға болады.

13) Жерге тұйықтау кедергісін өлшеу. Шеткі бітеулердің барлық кернеуінің желістерінде, 110-220 кВ желістерінде, сондай-ақ кәбілдік құдықтардың металл конструкциялары мен қоректендіру орындарында жүргізіледі.

30.1 кВ жоғары кернеудегі электр таратудың әуе желілері

306.Электр таратудың әуе желілері осы параграфпен қарастырылған көлемде сыналады. 1) Оқшаулағыштарды тексеру. Осы Қағидалардың 299-тармағына сәйкес жасалады.

2) Сымдардың жалғануын тексеру. Сырттан тексеру және кернеудің немесе кедергінің төмендеуін өлшеу арқылы жүргізіледі.

Престелген өткізгіш мына жағдайларда жарамсыз деп танылады: престелген жалғағыштың темір өзекшесі симметриялы емес орнатылса;

геометриялық өлшемдері (ұзындығы және престелген бөліктің диаметрі) осы типтегі жалғағыш қыспақтардың монтажы бойынша нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болмаса;

жалғағыштың немесе қыспақтың бетінде сызат, тоттың және механикалық бүлінудің ізі болса; жалғанған аймақтағы кернеудің немесе кедергінің төмендеуі, сол ұзындықтағы өткізгіштің

(сынау таңдаулы 5-10 % жүргізіледі) аймағындағы кернеу немесе кедергінің төмендеуінен 1,2 есеге артатын болса;

престелген жалғағыштың қисықтығы оның ұзындығынан 3 % асатын болса. Дәнекерленген жалғаулар, егер:

сыртқы өткізгіштердің күюі немесе жалғанған өткізгіштерді иген кездегі пісірудің бұзылғаны анықталған жағдайда;

пісірген жердегі шұңқыр өткізгіштің 1/3 диаметрінен асатын тереңдікте, ал 150-600 мм2 қимасы бар болат-алюминий өткізгіштер үшін – 6 мм астам емес;

кернеу немесе кедергінің төмендеуі, сол қашықтықтағы өткізгіш аймағындағы кернеу немесе