Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

11.Өндірістік үй-жайларда кәбіл тораптарын салу

484.Өндірістік бөлмелерде кәбіл тораптарын салу кезінде төмендегідей талаптар орындалуы

тиіс:

1) кәбілдер жөндеуге қол жетерлік жерде болуы тиіс, ал ашық жүргізілгендер - бақылау үшін қолайлы болуы тиіс.

Механизмдердің, қондырғылардың, жүк пен көліктің алмасатын орындарындағы кәбілдер (сауытталғандары да) осы Қағидалардың 361-тармағында келтірілген талаптарға сәйкес зақымданудан қорғалған болуы тиіс.

2) кәбілдер арасындағы қашықтық осы Қағидаларға 5-қосымшаның 124-кестесіне сәйкес болуы

тиіс.

3) параллель орнатылған күш беретін кәбілдер мен әртүрлі құбырлар арасындағы арақашықтық 0,5 м-ден кем болмауы тиіс, ал газ құбырлары мен жанар май құбырлары арасы – 1 метрден кем болмау керек. Арақашықтық жақын болған жағдайда және кәбілдер қиылысып өткен жағдайда барлық жақындау учаскелерінде оның әрбір жағынан 0,5 м плюс, ал өте қажет жағдайларда қызып кетуден және механикалық зақымданудан (металл құбырлардан, қаптардан, т.б.) қорғалуы тиіс.

Жолаушы жүретін жерлерде кәбілдердің қиылысуы еденнен 1,8 м биіктікте орындалу керек. Май құбырларының және жанар май құбырларының астымен және үстімен вертикалды жазықтықта

кәбілдерді параллель салуға болмайды.

485.Еденге және қабат аралық жабуларға салынатын кәбілдер каналдарда немесе құбырларда жүргізіледі; оларды кәбілмен бітеп тастауға болмайды. Ішкі қабырға және қайта жабылған жерлер арқылы кәбілді құбыр немесе тесік арқылы жүргізеді, кәбіл жүргізіп болғаннан кейін құбыр мен тесіктегі саңылауды жанбайтын материалмен жауып тастау керек.

Желдеткіш каналдармен кәбіл жүргізуге болмайды. Бұл каналдармен болат құбырға жүргізілген бір кәбілмен қиысуына болады.

Баспалдақ торы бойымен кәбілді ашық салуға болмайды.

12.Кәбіл тораптарын су астымен жүргізу

486.Кәбіл тораптары өзенді, каналды қиып өткенде кәбілдер су аса бұзбайтын түбі және жағалауы бар учаскелерде салынады. Су бұзып өтетін арнасы мен жағалауы тұрақсыз өзендер арқылы кәбіл жүргізгенде жергілікті жағдайды ескере отырып қана кәбілді түбіне тереңдету керек. Кәбіл жүргізу тереңдігі жоба арқылы анықталады. Айлық, кемежай, паромды өткелдер зоналарында кәбіл жүргізгенде, әсіресе кемелер мен баржалардың қысқы тұрақтарында жүргізуге рұқсат етілмейді.

487.Теңізге кәбіл тораптарын жүргізгенде оның тереңдігі, жылдамдығы, өткел жерлердегі судың ауысу стилі, үстемдік ететін желдер туралы, теңіз түбінің профилі мен химиялық құрамы жайлы, судың химиялық құрамы жайлы анықтамаларды ескерген жөн.

488.Теңіз түбіне кәбіл салғанда түбіндегі тегіс емес жерде жатпауы керек; тік шығыңқы жерлерді жою керек. Трассадағы құм қайраң сана жерлер, тас тізбектері және өзге де су асты кедергілерін айналып өту керек және ол жерлерге траншея немесе өткел салу қарастырылады.

489.Кәбіл тораптарымен өзендерді, каналдарды, т.б. кесіп өткенде, сонымен бірге кеме мен қайық жолдарында кәбілдерді жағалау сулары және таяз сулы учаскелерде тереңдігі 1 метрдей болатын теңіз түбіне тереңдету керек; май толтырылған кәбілді тораптармен қиып өткенде 2 метр тереңдікке орналастыру керек.

Үздіксіз түбін тереңдетумен айналысатын су қоймаларында кәбіл жүргізгенде су көлігі ұйымдарының келісімімен анықталған белгіге дейін тереңдетіп жүргізеді.

Кеме жүретін өзендер мен каналдарда 110-220 кВ-тық май толтырылған кәбілді тораптар салу кезінде оларды механикалық зақымданудан қорғау мақсатында траншеялар құм салынған қаптармен толтырылып, үстіне тастар тасталынады.

490.Өзен түбіне, канал және тағы сол сияқты ені 100 метрдей су қоймалары бар жерлерге салынған кәбілдер ара қашықтығы 0,25 м-ден кем болмайды. Қайта салынатын су асты кәбіл тораптары көп жылдық судың орташа деңгейін есептей отырып, қолданыстағы кәбіл торабынан су қоймасы

тереңдігі 1,25-тен кем болмайтындай қашықтықта салынуы тиіс.

Ағыс жылдамдығы 1 м/с-тан аспайтын, 5-15 метр тереңдіктегі суда төмен қысымды кәбілдер салу кезінде параллель тораптардың жеке фазалары арасындағы (фазаларды өзара арнайы бекітпей) ара қашықтық – 0,5 метр, ал параллель тораптардың шеткі кәбілдерінің арасындағы қашықтық кемінде 5 м болуы керек.

15 метр тереңдікте су астында кәбіл жүргізгенде және ағыс жылдамдығы 1 м/с-тан жоғары болғанда жеке фазалар мен тораптар ара қашықтығы жобаға сәйкес қабылданады.

Май толтырылған кәбіл тораптары мен 35 кВ-тық тораптарды су астында параллель салған кезде олардың арасындағы көлденең ара қашықтық судың көп жылдық орташа деңгейі есептелініп, тереңдігі 1,25-тен кем болмауы, бірақ 20 метрден кем емес болуы керек.

Өзен, канал, су қоймалары түбіне тереңдетілген кәбілдердің көлденең бойынан мұнай, газ жүргізілетін құбырларға дейінгі ара қашықтық құбыр мен кәбіл жүргізгенде орындалатын түбін тереңдететін жұмыстар түріне байланысты жобамен анықталуы тиіс және 50 метрден кем болмауы тиіс. Кәбіл тораптары мен құбырларды жүргізетін ұйымдардың келісімі бойынша бұл қашықтықты 15 метрге дейін азайтуға болады.

491.Жағасы жетілдірілмеген жағалауларда су асты кәбіл өткелдерінің орнына өзенге ұзындығы

10метрдей, теңізге 30 метр резерв қарастырылуы керек, ол сегіз формасында салынуы тиіс. Жетілдірілген жағаларда кәбілдерді құбырларда жүргізіледі. Кәбілдің шыға беріс жерлерінде кәбіл құдықтары орнатылу керек. Құбырдың жоғарғы ұшы жағалау құдығына кіріп тұрады, ал төменгісі - судың ең төмен деңгейімен салыстырғанда 1 метр тереңдікте жатуы тиіс. Жағалау учаскелеріндегі құбырлар берік жасалуы тиіс.

492.Су бұзып зақымданған арналар мен жағалауларда мұз жүргенде және су тасығанда кәбіл жалаңаштанып қалмас үшін жағалауда бекіту жұмыстарын жүргізу (тас төсеу, шой дамбалар, қадалар, плита-тақталар, шпунттар, т.б.) керек.

493.Су астында кәбілдер өзара қиылыспау керек.

494.Су астындағы кәбіл өткелдері жағалауда ішкі кеме жолдары мен теңіз бұғаздары бойынша қолданылатын Қағидаларға сәйкес дабыл таңбаларымен белгіленіп көрсетілуі тиіс.

495.Суда 35 кВ-қа дейінгі үш және одан да көп кәбілдер салғанда әрбір үш жұмысшы кәбілге бір резервті кәбіл қарастырылуы тиіс. Суда бір фазалы кәбілден тұратын май толтырылған кәбіл торабын жүргізгенде бір торапқа – бір фаза резерв, екі торапқа – екі фаза резерв, үш және одан да көп торапқа – жоба бойынша екі фазадан кем болмайтын резерв қарастырылуы керек. Резервтік фазалар кез-келген жұмысшы фазаның орнына пайдалануға қолайлы болатындай қойылуы тиіс.

13.Арнайы құрылыстар бойынша кәбіл тораптарын салу

496.Металл, тас, темірбетон көпірлермен кәбіл тораптарын салғанда канал көпірінің жаяу жүргіншіге арналған бөлігіне немесе әрбір кәбілді жеке жанбайтын құбырларда жүргізу керек; ол құбырлар бойымен жауын-шашын сулары ақпауын қадағалау керек. Металл және темірбетон көпірлерге және оларға кәбіл жақындайтын жеріне асбесттіцементті құбырлар салу керек. Көпір конструкциясындағы өткел орындарда кәбіл топырағына да асбесттіцементті құбыр жүргізеді.

Барлық жер асты кәбілдері металл және темірбетон жерлерден өткенде көпірдің металл бөлігінде электрден қорғаныс жасалуы тиіс.

497.Ағаштан жасалған құрылыстарда (көпір, айлақ, пирс, т.б.) кәбіл тораптарын салу болат құбырларда орындалуы тиіс.

498.Көпірдің температуралы тігістерінен және көпір конструкциясы тігістерінен кәбіл тораптары өтетін жерлерде кәбілдерге механикалық күш пайда болуын болдырмас үшін шара қолданылуы тиіс.

499.Тоған, дамба, пирс және айлақтармен кәбіл тораптарын тікелей жер траншеяларында 1 метр жер қалыңдығында салуға рұқсат етіледі.

500.Май толтырылған кәбілді тораптарды және пластмасса қорғанысы бар кәбіл тораптарын көпірмен жүргізуге болмайды.

11. 1 кВ-қа дейінгі кернеуліктегі электр берілісінің әуе тораптары

1.Жалпы ережелер

501.Әуе тораптарының (ӘЖ) элементтерінің механикалық есебі 12-тарауда бейнеленген әдістеме бойынша жүргізіледі.

502.ӘЖ ғимаратқа кіре берісті және аулаға шығатын жолды жауып тұрмайтындай және көлік пен жаяу жүргінші қозғалысына кедергі келтіріп жолды жауып тұрмайтындай орналасу керек. Кейбір көлік келіп қалатын жерлерде (аулаға шыға берісте, жолдан шығатын жерлерде, жол қиылыстарында)

тіректер көлік келуінен қорғап тұруы тиіс.

503.ӘЖ тіректерінде жерден 2,2-3 метр биіктікте орнатылуы тиіс: тірек орнатылған жыл және реттік номері; ӘЖ тіректерінен кәбілді байланыс тораптарына дейінгі арақашықтық көрсетілген плакаттар (байланыс кәбіліне дейін 4 метрден кем болмайтын қашықтықтағы тірекке ілінуі тиіс), ал

250метрден кейін ӘЖ магистралі бойымен – қорғау зонасының көлденеңі мен ӘЖ иесінің телефоны көрсетіледі.

504.ӘЖ орман алаптарымен және көк орай егістіктермен өтетін болса, өзі алып жүретін қапталған сымдар (ӨҚС) қолданылады, олар ағаш кесіп орман жолдарын салуды қажет етпейді. Бұл жағдайда сым мен ағаштың және бұталардың арақашықтығы 0,3 м-дей болу керек.

Оқшауланбаған сымдарды пайдаланған кезде ағаштарды кесу қажет емес. Сондай-ақ ең үлкен стрела кезінде сымдардан ағаштарға, бұталарға және басқаларға дейінгі арақашықтық 1 м-ден кем болмауы тиіс.

505.ӘЖ-ның металл конструкциялары, бандаждары және т.с.с. тіректері шіріп тоттанбау үшін қорғалуы тиіс.

506.1 кВ кернеуліктегі электр берілісінің әуе тораптарының барлық элементтері бүкіл қызмет мерзімі бойынша жұмыс қабілеттілігін жоғалтпау керек.

2.Климаттың есептік жағдайы

507.1 кВ-қа дейінгі ӘЖ есептеуге арналған климаттық жағдайлар 10 жылда 1 рет қайталанып отыруға арналған климаттың есептік жағдайға арналған, оларды қоректендіретін 10 кВ ӘЖ сияқты қабылдануы тиіс.

508.Көлденең желдің ықпалынан қорғалған жерлерде (құрылыс тұтас салынған елді мекен пункттері, орман алаптары және ғимараттар биіктігі орташа бақшалық-парк егістіктері және ағаш биіктіктері тірек биіктігінен 2/3-тен кем болмайтын ӘЖ, тау алқаптары, аңғарлар, т.б.) салынған ӘЖ үшін нормативті жел қысымының мәні 40 %-ға төмендетіліп қабылданады.

509.Сымдарға жел күшінің ықпалын есептесек, жел бағыты ӘЖ трассасының осіне 90о бұрышпен қабылданады.

Тіректерді есептеген кезде тірекке әсер ететін сыртқы күштің ең пайдалы үйлесімділігін беретін жел бағыты қабылданады.

3.Сымдар, арматуралар

510.Қайта салынып, қайта конструкцияланатын ӘЖ үшін осы Қағидалардың 500-тармағын басшылыққа ала отырып, ашық ауада орналастырылған және тіректерге арматуралар арқылы бекітілген өзі көтеретін оқшауланған сымдар қолданылады.

511.Механикалық беріктігі жағынан ӘЖ-ға оқшауланбаған сымдар қолданылады: алюминий - көк

мұз қабырғасының есептік қалыңдығы 10 мм аудандарда - 25 мм2 кем емес, көк мұз қабырғасының есептік қалыңдығы 15 мм және одан да жоғары аудандарда – 35 мм2 шамасында, алюмендіболатты және балқытылған алюминийден – барлық климаттық аудандарда 25 мм2 шамасында.

512.Бұрын пайдаланғанда сымдар тоттанып шіріген жерлерге ӘЖ салған кезде (теңіз жағалауы, тұзды көлдер, өндіріс аудандары және тұзды құм басқан аудандар, оның маңындағы атмосфераның ластануы бойынша ІІ және ІІІ типтегі аудандар, сонымен қатар осы ізденулер мәліметі бойынша мұндай ластанудың мүмкін болатындығы) тоттанбайтын сымдар, немесе ӨОС қолданылады. Пайдалану мәліметтері жоқ жазық жерлердегі жағалау алқаптарының аумағы көрсетілген талаптарға сай 5 км деп, ал химиялық кәсіпорын тастайтын алаптар - 1,5 км деп қабылданады.

513.Бір ӘЖ сымдарының екі қиылысуы ғана мүмкін болады.

ӘЖ магистралы бір қималы сымдармен орындалады.

ӘЖ магистралының фазалы сымдарының қимасы 50 мм2-ден қабылданады. 120 мм2 қима қолдануға болмайды.

514. Ғимараттарға енгізу үшін ӘЖ-тан тармақтандыру үшін механикалық берік, қоршаған орта ықпалына тұрақты, қимасы мыстан 6 мм2, алюминийден 16 мм2, оқшауланған сымдар қолданады.

515. Ғимаратқа енгізу үшін ӘЖ-тан алынатын тармақтану аралығының ұзындығы тармақтауды орындайтын тірек беріктігіне байланысты, бірақ 25 м-ден аспайтын есеп бойынша анықталады. Аралық тармақтау ұзындығы 25 м болған жағдайда қосымша аралық тірек орнату қарастырылады.

Есеп көк мұз режимінде екі жағдай үшін орындалуы тиіс:

1) Жел бағыты ӘЖ осіне 90о бұрышта, ӘЖ сымдары қалыңдығы bэ көк мұзбен жабылған,

тармақталған сымдардағы көк мұз қабырғасының қалыңдығы - bо = 0,5b;

2) Жел бағыты ӘЖ бойымен (О градус бұрыш), тармақтанған сымдардағы көк мұз қабырғасының қалыңдығы – bо = bэ.

Мұнда екі жағдайда да тіректің жоғары жағы ауытқығандағы тармақтанған сымдардың ауырлық редукциясы ескеріледі.

516.Сымдар беріктігінің механикалық есебі мүмкінді кернеу әдісі бойынша жүргізіледі. Сонда сымдағы кернеу 126-кестеде көрсетілген мүмкін шамадан аспауы тиіс, ал сымдардан қиып өтетін құрылыс жерінің бетіне дейін және тіректің жермен жалғанған элементіне дейінгі ара қашықтық осы тарау талаптарына сәйкес болуы тиіс. Есептегенде сымдардың және зауыт каталогтарындағы физикалық-механикалық параметрлер қолданылады.

517.Сымдардағы максимал кернеу мәндері анкер типті ӘЖ тіректерінің беріктігіне сәйкес

келуі тиіс.

518.Қуаттаушы және кернеулі анкерлі қыстырғыштың, бекіткіш түйіндердің және кронштейннің есептік күші қалыпты режимде бұзуға әкелетін механикалық салмақтан 40 %-дан аспауы тиіс.

519.Ілгек пен штыр сенімділік коэффициенті 1:1 болатын бұзғыш салмақ әдісі бойынша есептелуі тиіс.

520.Қапталмаған сымдарды ӘЖ тіректеріндегі изоляторға және оқшаулайтын траверске бекіту, қимаға арналған тіректерді есептемегенде, біреулік болуы тиіс. Сымдарды аралық тіректердегі штырлы изоляторларға бекіту проволкамен байлау арқылы немесе қыстырғышпен изолятор мойнына тірекке қаратып орындайды. ӘЖ-нан тармақталған сымдар бітеу бекітілуі тиіс.

521.ӘЖ аралығында сымдарды 90 %-ға механикалық беріктік беретін байланыстырушы қыстырғыштар көмегімен байланыстырады.

Әртүрлі металдан жасалған сымдарды немесе әртүрлі қималы сымдарды тек анкер тіректерінің ілмектерімен, ауыспалы қыстырғыш арқылы немесе пісіру арқылы байланыстырады. Осындай қыстырғыштар орнатылған ауыспалы қысқыштар мен сым учаскелеріне сым салмағынан механикалық күш түспеу керек.

Бір аралықта әр сымға бір ғана байланыс болу керек.

Инженерлік құрылысты ӘЖ қималарының аралықтарында ӘЖ сымдарын байланыстыруға болмайды.

4.Сымдардың тіректе орналасуы

522.Тіректерде климат жағдайының ауданына қарамастан кез-келген фазалы сым орнатуға болады. Нөлдік сым фазалық сымнан төмен орналасады. Тіректер арқылы жүргізілген сыртқа жарық беретін сымдар ӘЖ сымдарымен бірге нөлдік сымдар үстіне орнатылады.

Жерге жалғанған бейтарап желілердегі екі шынжырлы ӘЖ-да әрбір шынжырдың өз нөлдік сымы