Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

119.Кәсіпорындарда стационарлық (пайдаланым жағдайында) немесе өнімнің немесе жартылай фабрикаттың бірлігіне электр энергиясының шығынын анықтау үшін, цехтардың, технологиялық желілердің, жекелеген энергия сыйымды агрегаттардың электр энергиясы шығынының лимиттерін сақтауды бақылау үшін инвентарлық көшпелі санауыштарын қолдану қарастырылады.

Кәсіпорынның кірмесінде техникалық (бақылау) есепке алу санауыштарын, егер де осы кәсіпорынмен коммерциялық есепке алу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қосалқы станцияларында немесе электр станцияларында орнатылған санауыштар бойынша жүргізілсе, орнатуға жол беріледі.

Кәсіпорындарда техникалық есепке алу санауыштарын орнатуға және орнынан алуға энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың рұқсаты талап етілмейді.

120.Кәсіпорындарда техникалық есепке алу құралдары (санауыштар және өлшеуіштік трансформаторлар) тұтынушылардың өз қарауларында болуы тиіс және осы Қағидалардың 91-тармағының (энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың пломбасының болуы туралы талаптарды қоспағанда), 92 және 93-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

121.Активті электр энергиясы санауыштарының және техникалық есепке алу құралдарының дәлдік сыныбы 0,5 кем болмауы тиіс. Қуаты кемінде 1 МВ.А электр қондырғысы үшін дәлдік сыныбы 1,0 техникалық есепке алу құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Реактивті электр энергиясы санауыштарының және техникалық есепке алу құралдарының дәлдік сыныбын активті электр энергиясын коммерциялық есепке алу санауыштарының дәлдігінің тиісті сыныбынан бір сатыға төмен таңдауға жол беріледі.

6.Электрлік шамаларды өлшеу

1.Жалпы талаптар

122.Барлық өлшеу құралдары заңмен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілген болуы тиіс. Электрлік шамалардың өлшеу құралдары мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1) өлшеуіш аспаптардың дәлдік тобы 2,5 аспауы тиіс; 2) өлшеуіш шунттардың, қосымша резисторлардың, трансформаторлардың және түрлендіргіштердің

дәлдік класы осы Қағидалардың 5-қосымшасындағы 40-кестеде келтірілгендерден аспауы тиіс; 3) құралдарды өлшеу шегі номиналды шамадан өлшем шамасына неғұрлым ұзақ ауытқушылық болуы

мүмкіндігін есепке ала отырып таңдалуы тиіс.

123.Өлшеуіш құралдарды орнату басқару жүзеге асырылатын орыннан жүзеге асырылуы тиіс. Қосалқы станцияларда және гидро электр станцияларында жедел қызметкерлердің тұрақты

кезекшілігінсіз стационарлы көрсететін құралдарды орнатпауға жол беріледі, мұның өзінде арнайы оқытылған персоналдың көшпелі құралды жалғауы үшін орын көзделуі тиіс.

124.110 кВ және одан жоғары электр берілісі желілеріндегі, сондай-ақ генераторлар мен трансформаторларда өлшеулер үздіксіз жүргізіліп отырылуы тиіс.

Өлшеулерді көрсететін құралдар кешенінің бірнеше жалғанымына (бірінші абзацта көрсетілгендер бұған кірмейді) ортақ «шақыру бойынша», сондай-ақ орталықтандырылған бақылаудың басқа құралдарын қолдануға жол беріледі.

125.Басқару орнының жедел контурында тіркелген құралдарды орнату кезінде сол шамадағы үздіксіз өлшеуге арналған көрсететін құралдарды орнатпауға жол беріледі.

126.Токты өлшеу, технологиялық үрдіс немесе құрал-жабдықтарды жүйелі бақылау үшін қажет болғанда, барлық кернеу тізбегінде жүргізілуі тиіс.

127.Тұрақты токты өлшеу мына тізбектерде жүргізілуі тиіс:

1)тұрақты ток генераторларында және күштік түрлендіргіштерде;

2)аккумуляторлы батареялар, зарядты, зарядасты және разрядты қондырғыларда;

3)синхронды генераторларды, компенсаторларды, сондай-ақ реттелетін қоздырылатын электр жылжытқыштарды қоздыру.

Тұрақты токтың амперметрлері егер ток бағытын өзгерту мүмкін болса екі жақты шкаласы болуы

тиіс.

128. Ауыспалы үш фазалы токтың тізбегінде бір фазалы ток өлшенеді.

Әр фазаның тогын өлшеу жүргізілуі тиіс:

1)қуаты 12 МВт және одан көп синхронды турбогенератор үшін;

2)фазалық басқарумен электр берілісі желісі үшін, негізделген жағдайларда, 220 кВ және одан жоғары үш фазалық басқарудағы электр берілісі желілерінің әрбір фазасындағы токты өлшеу көзделеді;

3)доғалық электр пештері үшін.

129. Кернеуді өлшеу жүргізілуі тиіс:

1)жеке жұмыс істей алатын тұрақты және ауыспалы токтың жинақтық шиналарының секцияларында.

Өлшеудің бірнеше нүктесіне ауыстырып қосумен бір құралды орнатуға болады.

Қосалқы станцияларда, егер жоғары кернеу жағындағы кернеу трансформаторларын орнату басқа мақсаттарды қажет етпесе, төмен кернеу жағында ғана кернеуді өлшеуге жол беріледі;

2)тұрақты және ауыспалы токтың генераторларының, синхрондық компенсаторларының тізбегінде, сондай-ақ жекелеген жағдайларда арнайы мақсаттағы агрегаттар тізбектерінде.

Генераторларды немесе басқа да агрегаттарды автоматты түрде іске қосу кезінде оларда кернеуді үздіксіз өлшеу үшін құралдарды орнату міндетті емес;

3)қуаты 100 кВт және одан жоғары синхрондық машиналарды қоздыру тізбектерінде. Гидрогенераторларды қоздыру тізбектерінде өлшеулер міндетті емес;

4)күштік түрлендіргіштердің, аккумулятор батареяларының, зарядтау қондырғыларының тізбектерінде;

5)доға сөндіру реакторларларының тізбектерінде.

130.Үш фазалы желілерде бір фазааралық кернеуді өлшеу жүргізіледі. Тиімді жерлендірілген бейтарапта 1 кВ жоғары кернеу желілерінде бір құралды кернеуімен (ауыстырып қосумен) тізбектердің ақаусыздығын бақылау үшін үш фазааралық кернеулерді өлшеуге жол беріледі.

131.Кернеу бойынша оларда энергия жүйенің тәртібі жүргізілетін 110 кВ және одан жоғары электр станциялары мен қосалқы станцияларының (немесе берілген шамадан кернеудің ауытқуы) жинама шиналарының бір фазааралық кернеуінің шамаларын тіркеу жүргізілуі тиіс.

132.Доға сөндіргіш реактор бейтарабы арқылы оқшауланған немесе жерге тұйықталған 1 кВ жоғары ауыспалы ток желілерінде, оқшауланған бейтараппен 1 кВ дейінгі ауыспалы ток желілерінде және оқшауланған полюстерімен немесе оқшауланған орташа нүктелі тұрақты ток желілерінде көрсететін құрал көмегімен (ауыстырып қосумен) асимметрия кернеуін кейіннен бақылауға алумен, берілген шамадан төмен фазалардың (немесе полюс) оқшаулау кедергісі төмендеген кезде дабылға әсер ететіндей оқшаулағыштың автоматты бақылау орындалуы тиіс.

Кернеу асимметриясын көзбен шолып бақылау мақсатында кернеулерді кезеңдік өлшеу жолымен оқшаулауды бақылауды жүзеге асыруға жол беріледі.

133.Қуатты өлшеу осы Қағидалардың 122-тармағына сәйкес мына тізбектерде жүргізілуі қажет: 1) активті және реактивті қуат генераторларында; Қуаты 50 МВт және одан жоғары генераторларда құралдарды көрсететін қалқандарды орнату

кезінде дәлдік класы кемінде 1,0 болуы тиіс.

Егер параметрді жедел басқарудың жоғары тұрған деңгейіне автоматты түрде беру қажет болса, электр станцияларында жиынтық активті қуат өлшенуі тиіс;

2)қуаты 25 МВА және одан жоғары конденсаторлық батареяларда және синхрондық компенсаторларда – реактивті қуат;

3)кернеуі 6 кВ және одан жоғары өз қажетіне ӨҚ қоректендіретін трансформаторларда және желілерде, жылу электр станцияларында - активті қуат;

4)электр станциялардың екі орамалы жоғарылатқыш трансформаторларда – активті және реактивті қуат. Жоғарылатқыш үш орамалы трансформаторлар (немесе төмен кернеу орамасын пайдаланумен авто трансформаторларды) тізбектерінде активті және реактивті қуатты өлшеу орташа және төмен кернеулер жағынан жүргізілуі тиіс;

Блокта генератормен жұмыс істейтін трансформаторлар үшін төменгі кернеу жағынан қуатты өлшеу генератор тізбегінде жүргізіледі;

5)110 кВ және одан жоғары төмендетілген трансформаторларда - активті және реактивті қуат. Екі орамалы төмендеткіш трансформаторлар тізбектерінде қуатты өлшеу жоғары және төменгі

кернеу жағынан жүргізілуі тиіс, үш орамалы төмендетілген трансформаторлар тізбектерінде – орташа