Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

Ашық токсымының реактор арқылы генераторлық кернеудегі таратушы құрылғысына жалғанған жағдайда реактор алдына IV тобының вентильді ажыратқыштар кешені орнатылуы тиіс.

Генераторларды токсымы бойынша келетін найзағайлы аса кернеуліктер және де индукцияланған аса кернеуліктер толқындарынан қорғау үшін I тобының вентильді ажыратқыштар кешені мен қорғаныстық конденсаторлар орнатылуы тиіс. Олардың сыйымдылығы генераторлардың номиналды кернеуі жағдайында мына шамадан кем болуы тиіс: 6 кВ жағдайында – 0,8 мкФ, 10 кВ жағдайында – 0,5 мкФ және 13,8-20 кВ жағдайында – 0,4 мкФ болуы тиіс.

Егер генераторлық кернеу шиналарындағы генераторлардың және кәбілдік тораптарының қосылған сыйымдылығы қажетті мәнге ие болса, онда қорғаныстық конденсаторларын орнатпайды. Бұл жағдайда кәбілдік жүйенің сыйымдылығын анықтағанда 750 м дейін ұзындықта кәбілдердің бөліктері ескерілуі тиіс.

1048. Сенімді қорға алынуы қарастырылған, қуаты 3 МВт-қа дейін электр қозғалтқыштарына әуе желілерін жалғау, желінің өту жолдарының найзағай соққыларынан қорғанысы жоқ жағдайында рұқсат етіледі. Және де әуе желілерінің өту жолдарының басында қосалқы станциялары шиналарынан 150 және 250 м қашықтықта екі құбырлы ажыратқыштар кешені орнатылуы тиіс (19, 1-сурет). Ажыратқыштардың жерге тұйықтау кедергісі 5 Ом-нан аспауы тиіс.

Егер 250 м-ден кем емес қашықтықта әуе желілерінің өту жолдарын жерге қосу кедергісі 10 Ом-нан аспайтын болса, онда металдан және темірбетоннан жасалған бағандары бар, әуе желілерінің өту жолдарына құбырлы ажыратқыштар кешенін орнатудың қажеті жоқ.

Кез келген ұзындықты кәбілдік енгізілімі бар жағдайда тікелей кәбілдің алдына V тобының вентильді ажыратқышы орнатылуы тиіс. Ажыратқыштың жерге тұйықтаушы қысқышы қысқа жолмен кәбілдің металдық қабықшасына және жерге тұйықтау құрылғысына жалғануы тиіс (19, 2-сурет). Электр қозғалтқышы алдына бір фазаға шаққанда 0,5 мкФ кем емес сыйымдылықтар орнатылуы мүмкін.

8. Ішкі аса кернеуліктерден қорғау

1049. Бір фазалы жерге тұйықтау токтарының сыйымдылықтары компенсациялауды қажет ететін, кернеуі 6-35 кВ электр тораптарында торап сыйымдылықтарын жоғары жиілікті байланыс конденсаторлары мен желі фазаларын желілердің түрлі фазаларына тастау жолымен жерге байланысты теңестірілуі орындалуы тиіс. Жерге байланысты фазалар бойынша сыйымдылықтардың симметриясыздық дәрежесі 0,75 %-дан аспауы тиіс.

Доға сөндіргіш жерге тұйықтаушы реакторлар орнатылатын орындар торап конфигурациясы, тораптың бөліктерге мүмкін болатын бөлінулері, мүмкін орын алатын апаттық жағдайлар, темір жолдарының автоблоктау тізбегіне және байланыс желілеріне әсерлері ескеріліп таңдалуы мүмкін.

Доға сөндіруші жерге тұйықтаушы реакторларын мына трансформаторларға жалғауға болмайды:

1)Сақтандырғыштар арқылы шиналарға жалғанған трансформаторларға;

2)Сыйымдылықтық тогы тек бір желімен компенсацияланатын тораппен байланысы бар трансформаторларға.

Доға сөндіргіш жерге тұйықтаушы реакторлардың қуаты тораптың жерге тұйықталуы толық сыйымдылық тогының мәні бойынша таңдалуы және де дамуы келешек 10 жылға ескеріліп есептелініп алынуы тиіс.

1050. Жерге тұйықтаушы бейтараппен жұмыс істейтін, оқшауламасы бар және күштік трансформаторлардың (автотрансформаторларының) 110 және 220 кВ орамаларының оқшаулама деңгейі жоғарылатылған, кернеуі 110-220 кВ тең тораптарда ішкі аса кернеуліктерден қорғау үшін арнайы шараларды қолданудың қажеті жоқ.

Күштік трансформаторларының (автотрансформаторларының) оқшаулама деңгейі 110 В және 220 кВ орамалары және трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) 500 кВ орамалары ішкі аса кернеуліктерден осы Қағидалардың 1028-тармағының талаптарына сай орнатылатын аса кернеуліктердің шектегіштерімен қорғалуы тиіс.

1051. Бір фазалы жерге тұйықтау токтарының сыйымдылықтары компенсациялауды қажет етпейтін, кернеуі 35 кВ дейін және генераторлары мен статор орамаларын су арқылы суыту жүйесі қарастырылған синхронды компенсаторлары жоқ электр тораптарында және доға сөндіргіш жерге қосушы реакторлардан және автоматты ажыратулар мен жедел ауыстырулар кезінде аталған генераторлар мен

синхронды компенсаторлардан бөлінуі мүмкін, кернеуі 35 кВ дейін электр сұлбаларына бейтараптың өз еркінше ауысуларын болдырмау үшін 4 А токтың ұзақ уақыт өтуін қамтамасыз ететін, 25 Ом-ға тең кедергісі бар резистор қосылуы тиіс.

Жерге тұйықтау токтарының сыйымдылықтары компенсациялауды қажет ететін, электр тораптарынан және генераторлар мен статор орамаларын су арқылы суыту жүйесі қарастырылған синхронды компенсаторлардан, оқшаулама бақылауы үшін қолданылатын кернеу трансформаторының екінші реттік орамасының ашық үшбұрышына жалғанған тізбекке бөліне алатын, кернеуі 35 кВ дейін электр сұлбаларында оның ажыратылуын қамтамасыз ететін 25 Ом-ға тең кедергісі бар резистор қосылуы тиіс.

Сонымен қатар, генератор-трансформатор және синхронды компенсатор – трансформатор блоктарының сұлбаларында осындай екінші резистор қарастырылуы тиіс, ол феррорезонанстық үдеріс туындағанда тұрақты қосылып тұрған резисторды автоматты түрде шунттап тастайды.

Жерге байланысты (оқшаулама бақылауы) және нөлдік тізбекті кернеуге байланысты фазалық кернеулерді өлшеу талап етілмейтін, кернеуі 35 кВ дейін электр тораптары мен сұлбаларында бірінші реттік орамалары жермен байланысы жоқ кернеу трансформаторларын пайдалану ұсынылады.

Статор орамаларын су арқылы суыту жүйесі қарастырылған генераторлары (синхронды компенсаторлары) немесе доға сөндіргіш реакторлары бар, кернеуі 35 кВ дейін электр тораптары мен сұлбаларында бейтараптың өз еркінше ауысуларын болдырмау үшін арнайы қорғаныстың қажеті жоқ.

1052. Желі ұзындығына және санына, торап сұлбаларына, ажыратқыштар типіне, трансформаторлар қуатына және т.б. параметрлерге байланысты кернеуі 500 кВ тораптарында кернеулердің ұзақ уақыт көтерілуін және коммутациялық аса кернеуліктерін шектеу қажеттілігі, қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар және оларды дұрыс таңдауды бағалау қажеттілігі аса кернеуліктерді есептеу негізінде жүргізіледі. 500 кВ жабдығы үшін рұқсат етілген кернеулердің көтерулері олардың әсер ету ұзақтығына байланысты орнатылуы тиіс.

1053. Кернеуі 500 кВ тең коммутациялық аса кернеуліктер есептік еселікке дейін азайтылып, сәйкесінше 2,7-ге және 2,5-ге тең болуы тиіс.

Жабдық үшін қауіпті коммутациялық аса кернеуліктерді шектеу мақсатында әуе желілерінде аралас вентильдік ажыратқыштарын, кернеудің электрмагниттік трансформаторларын және т.б. құралдарды және де ұзақ мерзімді аса кернеуліктерді шектеу шараларын қатар қолдану қажет. Кернеуі 500 кВ тең жабдықтарды аса кернеуліктерден қорғау құралдарын электр берілісіндегі ішкі аса кернеуліктерді ескере отырып есептеулерден таңдайды.

1054. Сыйымдылық кернеу бөлгіштері бар ажыратқышты, кернеуі 500 кВ тең таратушы құрылғылар үшін кернеу трансформаторлары мен ажыратқыштардың кернеулерін сыйымдылық бөлгіштерін тізбектеп қосудан пайда болған феррорезонанстық аса кернеуліктерді жою шаралары қарастырылуы тиіс.

9. Пневматикалық шаруашылық

1055. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр аппараттарын (ажыратқыштарын, майлы ажыратқыштарға және айырғыштарға берілетін пневматикалық жетектерді) ауамен жабдықтау үшін стационарлық компрессорлық жабдықтан және ауа таратушы тораптан тұратын қысылған ауа жабдығы қарастырылуы тиіс. Қысылған ауа жабдығының кез-келген элементінің істен шығуы немесе жөнделуі жабдықтың қалыпты жұмысын бұзбауы тиіс.

1056. Аппараттарға келіп түсетін ауа механикалық қоспалардан тазартылып, құрғатылуы тиіс. Құрғатылған ауаның салыстырмалы ылғалдылығы аппараттар конструкциясының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

1057. Компрессорлық жабдықта құрғатылған ауаны алу үшін екі қысым сатысы қарастырылады:

1)компрессорлық (жоғарылатылған) – компрессорлар мен ауа жинақтағыштары - құрғатылған ауаның аккумуляторлары үшін, оны таратушы құрылғының электр аппаратурасына қажетті салыстырмалы ылғалдылықты қамтамасыз ету шартынан таңдалады;

2)жұмыстық (номиналды) - таратушы құрылғының электр аппаратурасының номиналды ауа қысымына байланысты ауа таратушы торап үшін.

Компрессорлық және жұмыстық қысымдар жүйелері өзара бірін-біріне жіберетін клапандармен байланысуы тиіс.

1058. Жұмыстық компрессорлардың өнімділігі мына шарттарды қамтамасыз ететіндей таңдалуы

тиіс:

1. Қысымы 5 МПа-ға дейін компрессорлары бар жабдықтар үшін:

1)0,5 сағат үздіксіз жұмысы мен арасында екі сағаттық үзілісімен;

2)компрессорлық қысым ауа жинақтағыштарында ажыратқыштарын желдету және барлық жүйенің ағыны есебінен төмендетілген қысымды қалпына келтіру – 2 сағат ішінде, компрессорлар жұмыс істемей тұрғанда – 0,5 сағат ішінде;

2. Қысымы 23 МПа-ға дейін компрессорлары бар жабдықтар үшін:

1)1,5 сағат үздіксіз жұмысы мен арасында екі сағаттық үзілісімен;

2)қысым ауа жинақтағыштарында ажыратқыштарын желдету және барлық жүйенің ағыны есебінен төмендетілген қысымды қалпына келтіру – 1,5 сағат ішінде, жұмыс істемей тұрғанда – 0,5 сағат ішінде;

Жұмыстық компрессорлардың саны түрліше болғанда бір компрессор қорда тұруы тиіс. Қосалқы станциялар мен өндірістік кәсіпорындарын ауамен қоректендіру үшін осы тарау

талаптары қамтамасыз етілу жағдайында зауыттың пневматикалық жабдығын пайдалануға рұқсат етіледі.

Пневможетегі бар, бір майлы ажыратқышты қосалқы станцияларында бір компрессор орнатылуы тиіс (қорсыз).

1059. Жұмыстық және апаттық жұмыс жағдайларында резервуарларды ауамен толықтыру компрессорлық қысым ауа жинақтағыштарында ауа қоры есебінен орындалуы тиіс.

Ауа жинақтағыштарының сыйымдылығы ауаның қосылғандағы шығынын өтеуі тиіс (компрессор жұмыс істемей тұрғанда):

1)жұмыс режимінде - ажыратқыштарын желдету және барлық жүйенің ағыны есебінен төмендетілген қысымды қалпына келтіру - 2 сағат ішінде, компрессорлар жұмыс істемей тұрғанда. Және де ауа жинақтағыштарында қалған қысым электр аппараттарындағы ауаның қажетті құрғатуын қамтамасыз етуі тиіс.

2)апаттық режимде – ажыратқыштары ревервуарларындағы төмендетілген қысымды қалпына келтіру. Және де ауа жинақтағыштарындағы қысылған ауаның ең аз қысымы аппараттардағы қысылған ауаның ең үлкен номиналды қысымынан жоғары болуы тиіс:

25-30 % - қысымы 5 МПа-ға дейін компрессорлары бар жабдықтар үшін; 80 % - қысымы 23 МПа-ға дейін компрессорлары бар жабдықтар үшін.

1060. Есептеулерде ажыратқыштардың жаппай бірдей ажыратылуы компрессорлық жабдықтың іске қосылуымен тұспа-тұс келуі (яғни ауа жинақтағыштарындағы қысым компрессордың іске қосушы қысымына дейін төмендегенде) ескеріліп отыруы тиіс.

1061. Қысымы 5 МПа-ға дейін ауа жинақтағыштары мыналармен жабдықталуы тиіс: құралдармен серпімелі типті сақтандырушы клапанмен; манометр және үшжүрісті кранмен; іске қосушы вентилімен; гидравликалық зерттеулер кезінде ауа жіберудің тығынды саңылауымен; люгі бар (қарап шығу мен тазарту үшін) желілерін фланецтермен жалғау штуцерлерімен.

Ауа жинақтағыштарының мұз еру уақытында конденсат іске қосылар алдында қолмен қосылатын іске қосушы вентилінің электрлік жылытылуы қарастырылуы тиіс.

Қысылған ауаның жоғары дәрежедегі құрғатылуын қамтамасыз ету үшін үшеуден кем емес ауа жинақтағыштары қарастырылуы тиіс.

1062. Қысымы 23 МПа тең ауа қабылдағыштары үш баллонды топқа үшкірісті кранды манометр, сақтандырғыш клапан мен автоматты үрлемелі конденсатты жинақтағышы болуы тиіс. Ауа жинақтағышының төменгі бөлігі автоматты электр жылытылуы бар арнайы жылу оқшаулатқыш камерада орналасады.

1063. Компрессорлық жабдықтағы су майлы айырғыш және ауа жинақтағыш арасында кері клапандар орнатылуы тиіс.

1064. Қайта іске қосушы клапандар әуе желілік таратушы торапта және әуе ажыратқыштары резервуарларында номиналды ажыратушылық қабілеті бар және АПВ-ның сәтсіз режимінде ажыратқыштардың сенімді жұмысын қамтамасыз ететін зауыттарда берілген шамаларда қысымды ұстап тұруы тиіс.

Таратушы тораптың қайта іске қосушы клапандарының және таратушы тораптардың ауа құбырларының өткізу қабілеті АПВ-ның сәтсіз кезеңінде бірдей өшірілуі мүмкін ажыратқыштардың

резервуарларында 3 минут ішінде ауа қысымын қалпына келтіруі тиіс.

Қайта іске қосушы клапан қалыпты жұмыс режимінде ауаның кішкене мөлшерінің үздіксіз қайта іске қосылуын және клапаннан кейін жүйедегі желдету және барлық жүйенің ағыны есебінен төмендетілген қысымды жабу үшін үздіксіз қайта іске қосуды қамтамасыз етуі тиіс.

1065. Таратушы құрылғының электр аппараттарының номиналды қысымының әрбір мәні үшін компрессорлық жабдықтың екі қайта іске қосушы клапандармен қоректенетін өзінің ауа таратушы торабы орындалуы тиіс.

1066. Қайта іске қосушы клапандар электр магниттік басқарумен орындалуы тиіс. Қайта іске қосушы клапандардың қосылуын және ажыратылуын автоматикамен басқару компрессорлардың жұмыс режиміне тәуелсіз орындалуы қажет. Қайта іске қосушы клапандардың

электромагниттік жетектерін басқару компрессорлық жабдыққа ауа бағыты бойынша жақын орналасқан ажыратқыш маңындағы сыртта орнатылатын манометрлер шкафында орналасатын түйіспелі манометрлермен орындалуы тиіс.

1067. Компрессорлық жабдық персоналдың әрдайым кезегінсіз жұмыс істеп, толығымен автоматтандырылуы тиіс.

Компрессорлық жабдық ауа жинақтағыштарындағы және ажыратқыштар резервуарларында қысымды тұрақты бір мөлшерде сақтап тұратын автоматтандырылған басқарумен жабдықталуы тиіс.

Компрессорлық жабдықтың автоматты басқару сұлбасы жұмыстық және ревервуарлық компрессорлардың автоматты түрде қосылуы мен ажыратылуын, су мен май ажыратқыш құрылғысының автоматты үрленуін (ылғал мен майдың ағылып кетуін), қайта іске қосушы клапандардың автоматты басқарылуын және зақымдану мен ақаулар жағдайында компрессорлық агрегаттардың қорғалуын қарастырып отыруы тиіс.

Сығылған ауа жабдығының қалыпты жұмысы бұзылғанда іске қосылатын белгі беруші жабдықпен жабдықталуы тиіс.

1068. Ауа жинақтағыштары компрессорлық бөлменің қабырғасынан 0,7-1 м арақашықтығында орналасатын ашық ауа астында, реті келсе көлеңкеде орнатылуы тиіс. Оның үстіне арнайы жабын (күн көзінен қорғау үшін) қажет емес. Кез келген ауа жинақтағышты, қалғандарының қалыпты пайдалануына кедергі келтірмейтін, монтаждау және қайта монтаждау мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Ауа жинақтағыштарын әуе ажыратқыштары бар ЖТҚ орналасатын жеке бөлмеде орналастыруға рұқсат етіледі.

1069. Компрессорлық бөлменің ауаны тартуы (сорып алуы) компрессорда орналасатын сүзгілермен орындалады.

1070. Компрессордың су және май бөлгіштерінің төмен түсіруші клапандары осы үшін арнайы қарастырылған жерде сыртқа шығарылатын дренаж жүйесіне қосылады. Барлық түсіруші клапандарының бір уақытта жұмыс істегендегі дренаж құбыры оның ластану мүмкіндігін жою және компрессордың су және май бөлгіштерінің қысымын арттыру үшін қажетті еңіс және диаметр болуы қажет.

1071. Компрессорлық жабдық бөлмесінде монтаждық және жөндеу жұмыстарын өткізуге арналған жөндеу алаңы мен жүк көтергіш құрылғысы қарастырылуы тиіс.

1072. Компрессорлық жабдық бөлмесінде қысқы мезгілде +100С-дан төмен емес, жазғы мезгілде

- +350С-дан жоғары емес температура тұрақты сақталуы тиіс. Компрессорлық жабдық бөлмесі электрмен жылытылуы және сорып алынатын механикалық вентиляциямен жабдықталуы тиіс. Компрессорлардың суытылуы әрбір сығу сатысынан кейін суытылып отыруы тиіс.

1073. Компрессорлық агрегат ғимарат қабырғаларымен байланыспаған фундаменттерде орнатылуы

тиіс.

1074. Компрессорлық жабдық бөлмесіндегі еден метлах плиткасымен немесе оған теңбағалы материалмен жабылуы тиіс; қабырғалары сыланып, еденнен есептегенде 1,5 м биіктікке дейін майлы бояумен боялған панельдері болуы тиіс.

1075. Компрессорлық жабдық бөлмесінің есіктері сыртқа ашылуы тиіс; есіктердің құлыптары өздігінен жабылатын, ал есіктері кілтсіз, тұтқа көмегімен ішінен ашылуы тиіс; терезелері сыртқа ашылып, фрагмугалармен жабдықталуы тиіс.

1076. Әуе желілік таратушы торабы сақина тәріздес болып, құлыптаушы вентильдер көмегімен бөліктерге бөлініп тұруы тиіс.

Әуе желілік таратушы торабы компрессорлық жабдықтан тартылған екі магистраль арқылы қоректенеді.

1077. Тарату желілерін қорғау үшін желіде қысым номиналының 1,1 дейін жоғарылағанда іске