Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

берілген жүктемесін есептеу қажет болған кезде релелiк қорғау, автоматты авариялық осциллографтар, белгілеу аспаптары және т.б. құрылғыларды қуаттандыруға арналған ток трансформаторларының сипаттамасын алу токты өлшеу нөлден бастап ток магнит өткізгіштер қанықтырыла бастаған мәнге дейін өзгерген кезде жүргізіледі.

Орамдар тармақталған болса, сипаттамасы жұмыс тармақтарында алынады.

Алынған сипаттамалар үлгiлік магниттеу сипаттамасымен немесе токтың басқа бiр типті жөнделген трансформаторлары магниттелуiнiң сипаттамаларымен біріздендіріледі.

6)Шықпалардың (бiр фазалық) полярлығы немесе өлшеу трансформаторларын (үш фазалық) қосу тобын тексеру. Егер паспорттық мәлiметтер болмаса немесе бұл мәлiметтердiң дұрыстығына күдiгi бар болса монтаждау кернеуде жүргізіледі. Қосу полярлығы және тобы паспорт деректеріне сәйкес келуi тиіс.

7)Барлық тармақтардағы өзгеру коэффициентiн өлшеу. Кіріктірілген ток трансформаторлары және ауыстырып қосатын (ауыстырып қосқыштың барлық жағдайларында) құрылғысы бар трансформаторлар үшiн жүргізіледі. Коэффициенттiң анықталған мәнiнiң паспорттағыдан ауытқуы өлшеу дәлдiгi шегінде болуы тиіс.

8)Орамдардың тұрақты токқа кедергiсiн өлшеу. 10 кВ және одан жоғары кернеудiң ауыстырып қосатын құрылымы болатын токтардың алғашқы трансформатор орамдарында және кернеудiң каскадты трансформаторларын байланыстыратын орамдарда жүргізіледі. Орам кедергiсiнiң өлшенген мәнiнiң ауытқуы паспорт немесе басқа фазалар орамдарының кедергiсiнен 2 %-дан аспауы тиіс.

9)Трансформаторлық майды сынау. Осы Қағидалардың 300-тармағына сәйкес 35 кВ және одан жоғары өлшеу трансформаторларында жүргізіледі.

Оқшаулаудың диэлектрлік жоғалтуларының бұрыштық тангенсiнiң үлкен мәні болатын өлшеу трансформаторлары үшiн майды сынау осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесiнiң 10-тармақшасы бойынша жүргізіледі.

Майға толған каскадты өлшеу трансформаторларында жеке сатыдағы майдың жай-күйiн бағалау сатының (каскад) номиналды жұмыс кернеуiне сәйкес нормалар бойынша жүргізіледі.

10)НДГ түрiндегі кернеулi көлемді трансформаторларды сынау. Өндіруші зауыт нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

11)НДГ түрiндегі кернеулi трансформаторларының вентильдiк разрядниктерін сынау. Осы Қағидалардың 295-тармағына сәйкес жүргізіледі.

7.Май ажыратқыштары

283.Кернеудiң барлық кластарының май ажыратқыштары осы параграфта көзделген көлемде

сыналады.

1) Оқшаулау кедергiсiн өлшеу:

органикалық материалдан жасалған бағдарлаушы және жылжымалы бөліктер. Кернеуі 2,5 кВ мегаомметрмен жүргізіледі.

Оқшаулау кедергiсi төменде келтiрiлген мәндерден кем болмауы тиіс:

Ажыратқыштардың номиналды кернеуi, кВ

3-10 15-150 220-500

Оқшаулау кедергiсi, МОм

1000 3000 5000

екiншi шынжырларды, қосу және ажырату электромагниттерін және т.с.с. өлшеу осы Қағидалардың 301-тармағына сәйкес жүргізіледі.

2)Енгiзулердi сынау. Осы Қағидалардың 298-тармағына сәйкес жүргізіледі.

3)Бак iшiндегi оқшаулаудың жай-күйiн және доға өшiргiш құрылғылардың оқшаулауын бағалау. Оқшаулау жоғалтуларының диэлектрлік бұрыштары тангенсiн өлшеу жолымен қойылған енгiзулерi бар 35 кВ ажыратқыштар үшiн жүргізіледі. Егер тангенстiң өлшенген мәнi енгiзулердiң жоғалтуларын диэлектрлік бұрышының доға өшiргiш құрылымдарының бак iшiндегi оқшаулау ықпалының толық шығару өлшенген тангенсiнен 2 есе артық болса, яғни ажыратқышқа енгiзулердi орнатуға дейiн бак iшiндегi

оқшаулау құрғатуға жатады.

4) Оқшаулауды өнеркәсiптiк жиiлiктiң үлкен кернеуiмен сынау:

корпус немесе тiрек оқшаулауға қарағандағы ажыратқыштардың оқшаулаулары. Кернеуі 35 кВ дейін ажыратқыштар үшiн жүргізіледі.

Ажыратқыштар үшін сынау кернеуі осы Қағидаларға 5-қосымшаның 67-кестесiне сәйкес қабылданады. Мөлшерленген сынау кернеуiн қою ұзақтығы 1 мин;

екiншi шынжырлар және қосынды және ажыратудың электр магниттерi орамдарының оқшаулары. Сынау кернеуінің мәні 1 кВ. Мөлшерленген сынау кернеуiн қою ұзақтығы 1 мин.

5) Тұрақты токқа кедергiнi өлшеу:

май ажыратқыштардың қосылуларын. Ажыратқыш полюсінің ток өткiзетiн жүйесiнiң кедергiсi және жеке оның элементтерi өлшенедi. Тұрақты токқа қосылулардың мәнi өндіруші зауыт деректеріне сәйкес келуі тиіс;

доға өшiргiш құрылғылардың шунтталатын резисторлары. Кедергiнiң өлшенген мәнi зауыттық мәлiметтерiнен кемінде 3 %-ға айырмашылығы болуы тиіс;

қосу және ажырату электромагниттерінің орамдары. Орамдар кедергiлерiнің мәнi өндіруші зауыт деректеріне сәйкес келуi тиіс.

6)Ажыратқыштардың жедел және уақытша сипаттамаларын өлшеу. Уақытша сипаттамаларды өлшеу кернеудiң барлық кластарының ажыратқыштары үшiн жүргізіледі. Қосу және ажырату жылдамдығын өлшеу 35 кВ және одан жоғары ажыратқыштар үшiн жүргізіледі, сондай-ақ бұл өндіруші зауыт нұсқаулығында талап етілген жағдайларда кернеудiң класына тәуелсiз болады. Өлшенген сипаттамалар өндіруші зауыт мәліметтеріне сәйкес келуi тиіс.

7)Ажыратқыштың, қосу кезіндегі контактілердің жылжымалы бөлістерінің (траверс) тығыздаулауды контактілерді, бiр уақытта тұйықталуын және ажыратылуын өлшеу. Алынған мәндер өндіруші зауыт деректеріне сәйкес келуі тиіс.

8)Ажыратқыштардың және жетектердің, механизмдердің реттеу және орнату сипаттамаларын тексеру ажыратқыштардың және жетектердің әрбiр түрі жетек паспорттары және өндіруші-зауыт нұсқаулықтарының нормалары мен көлемі бойынша жүргізіледі.

9)Еркiн ажырату тетiгінiң әрекетiн тексеру. Жылжымалы контактілердің учаскесінде сөндiру кезінде жүргізіледі – жағдайдың ажыратқыштың алғашқы шынжырының тұйықталу сәтінен бастап толық қосылуына (олар қосылған кезде пайда болатын контактілерінің арасындағы аралықты есепке ала отырып) дейін жүргізіледі. Сонымен бiрге қосу электр магнитінің өзегі толық көтерілген немесе серіппелері іске қосылмаған (жүк) кезде жетектің құрылымына байланысты және еркін тіркеуін ағыту тетігінің қолданысын тексеру қажеттілігін айқындайтын ерекше талаптар есепке алынуы тиіс.

10)Ажыратқыштар жетектерінің жұмыс кернеуiн (қысым) тексеру. Жетектердің электр

магниттерiнiң қысқыштары немесе ажыратқыштары жанында жұмысқа қабiлеттiлiктерін сақтайтын пневможетектердегі ауа қысымында кернеудiң нақты мәндерiнiң анықтау мақсатымен (ажыратқыштардың алғашқы шынжырында токсыз) жүргізіледі, яғни қосу және ажырату операцияларын басынан аяғына дейін орындайды. Сонымен қатар уақытша және жедел сипаттамалар нормаланатын мәндерге сәйкес келмеуi мүмкiн.

Жетек электр магниттерiнiң қысқыштарындағы жұмыс кернеуiнің төменгi шегi 15-20 % аз пневможетектердiң iстеуiн қысым - қалыпты қысымды төменгi шек 20-30 %-дан аз болуы тиіс. Серiппелi жетегі бар ажыратқыштардың жұмысқа қабiлеттiлiгi қосатын серiппелердiң керiлiсi кiшiрейген күйiнде өндіруші-зауыт нұсқауларына сәйкес тексеру тиіс.

Май сөндiргiштер жетек электр магниттерiнiң қысқыштарында сенiмдi жұмысты кернеудiң келесi мәндерiнде қамтамасыз етуi тиіс: ажыратуда 65-120 % номиналды; ажыратқыштардың қосуларында (қосулар номиналды токпен 50 кВ-ге дейiн) 80-110 % номиналды және (қосулар номиналды тогымен 50 кВ-ден астам) 85-110 % номиналды. Қалыпты қысымды өзгерiс диапазоны пневможетектерi бар ажыратқыштар үшiн кемiнде 90–110 % номиналды болуы тиіс. Жетектердің жұмыс кернеуiнiң (қысым) төменгi шегі мәндерiнiң көрcетiлген мәндері сөндіргіштер өндіруші зауыт нормалайтын уақыттық және жылдамдық сипаттамаларын қамтамасыз етуi керек.

11) Бiрнеше рет қосу және ажырату арқылы ажыратқыштарды сынау. Май ажыратқыштарды бiрнеше рет байқау электр магниттердiң қысқыштарында кернеуде жүргізіледі: iске қосылудың 110, 100, 80 (85) % номиналды және ең төменгi кернеудегi қосулары; iске қосудың 120, 100, 65 % номиналды және ең төменгi кернеудегi ажыратулары.

Төмен және жоғары кернеу кезіндегі операциялардың саны 3-5, номиналды кернеуде – 10 болуы

керек.

Сонымен қатар, ажыратқыштар (уақытты ұстамай) В-О циклде 3-5 еселенген байқауға, ал АҚҚ-ның режімінде жұмыс iстейтін ажыратқыштарда О-В және В-О-О циклдердегi 2-3-еселi байқауға ұшырайды. Күрделi циклдердегi ажыратқыштардың жұмысы жанында жетек электр магниттерiнiң қысқыштарындағы 80 % (85 %) номиналды кернеу кезінде тексерілуi тиіс.

12)Ажыратқыштардың трансформаторлық майын сынау. Майды 110 кВ және одан жоғары кернеудегі және аз көлемдi ажыратқыштардың барлық кластарының бак ажыратқыштарында сынау майды ажыратқыштарға құйғанға және одан кейін жүргізіледі.

35 кВ дейін май аз көлемдi ажыратқыштарда доға өшiргiш камераларында құюға дейiн сыналады. Майды сынау осы Қағидалардың 300-тармағына сәйкес жүргізіледі.

13)Кiрiстiрiлген ток трансформаторларын сынау. Осы Қағидалардың 281-тармағына сәйкес жүргізіледі.

8.Әуе ажыратқыштар

284. Кернеудiң барлық класындағы әуе сөндiргiштерi осы параграфта көзделген көлемде сыналады.

1) Оқшаулау кедергісін өлшеу:

тiрек оқшаулағышын, өшiру камераларының және бөлгiштердің оқшаулағыштарын, кернеулердiң барлық кластарының ажыратқыштардың оқшаулау тартпаларының оқшаулау кедергісін өлшеу 2,5 кВ кернеуде немесе түзеткіш токтың кернеу көзінен мегаомметрмен жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда тiрек оқшаулағыштарының, өшiру камераларының және бөлгiштер оқшаулағыштарының оқшаулау кедергiсiн өлшеу сыртқы бетіне қорғау сақиналарын орнатумен жүргізіледі.

Оқшаулау кедергісі осы Қағидалардың 5-қосымшасының 68-кестесінде келтiрiлген мәннен аз болмауы керек.

екiншi тізбектердің, қосу және сөндіру электр магниттерi орамаларының оқшаулау кедергісін өлшеу осы Қағидалардың 301-тармағына сәйкес жүргізіледі.

2) Өнеркәсiптiк жиiлiктiң үлкен кернеуiмен сынау:

ажыратқыштардың оқшаулағыштары. 35 кВ дейiнгі ажыратқыштар үшiн мiндеттi. Ажыратқыштардың тұтас фарфор оқшаулау тірегі осы Қағидалардың 5-қосымшаның 67-кестесiне сәйкес өнеркәсiптiк жиiлiктiң жоғары кернеуiмен сыналады. Мөлшерленген сынау кернеуiн орнату ұзақтығы - 1 мин.

Көп элементтi оқшаулағыштардан тұратын сөндiргiштердi оқшаулау осы Қағидалардың 299-тармағына сәйкес сыналады;

екiншi тізбектер мен басқару электр магниттерiнiң орамасын оқшаулау осы Қағидалардың 301-тармағына сәйкес жүргізіледі.

3) Ток өткiзгіш (бас шынжыр) контурдың тұрақты токқа кедергiсiн өлшеу:

ток өткiзгіш контурдың кедергiсi жеке-жеке, яғни әрбір доға өшiргiш құрылғы (модуль) үшін, өшіру камерасы мен және бөлгiш (ажырату) элементі үшін, полюсішілік шиналау және т.б. үшін жеке өлшенуi керек. Әуе ажыратқыштардың байланысу кедергiлерінiң ең үлкен шекті мәндерi осы Қағидалардың 5-қосымшасының 69-кестесiнде келтiрiлген;

ажыратқыштардың қосу және сөндіру электр магниттерінiң орамасы. Ажыратқыштардың әрбiр түрi үшiн осы Қағидаларға 5-қосымшаның 70-кестесiне немесе жасап шығарушы зауыттың деректеріне сәйкес белгіленеді;

кернеудi бөлгiштер және сөндiргiштiң шунтталатын резисторлары. Олар үшін нормалар жасап шығарушы зауыттың деректері бойынша белгіленеді.

4)Ажыратқыштардың сипаттамасын тексеру. Ажыратқыштардың қарапайым операциялар және күрделi циклдер кезіндегі номиналды, ең төменгi және ең жоғары жұмыс қысымдары кезінде алынған сипаттамасы жасап шығарушы зауыттың деректеріне сәйкес келуі тиiс.

5)Кернеу төмен болған кезде ажыратқыш жетегінің iске қосылуын тексеру. Бактарда ауа

қысымы (21,0 кгс/см2) 2,06 МПа өте жоғары болған кезде басқару электр магниттерiнiң iске қосылу кернеуі номиналдыдан 65 % көп болмауы керек.

6)Ажыратқыштарды бiрнеше рет қосып және ажыратып сынау. Әрбiр сөндiргiш орындайтын операциялар мен күрделi циклдердiң саны осы Қағидаларға 5-қосымшаның 71-кестесiне сәйкес белгіленеді.

7)Әуе ажыратқыштардың кернеудi бөлгiштерiнiң конденсаторларын сынау. Осы Қағидалардың 294-тармағына сәйкес жүргізіледі.

8)Басқару электр магниті зәкiрінің жүрiсін тексеру. Үдемелі электромагнит зәкірінің жүрісі 8 (-1) мм тең болуы тиіс.

9.Жүктеме ажыратқыштары

285. Жүктеменiң толық жиылған және реттелген сөндiргiшi осы параграфта көзделген көлемде сыналады:

1)Екiншi тораптар мен басқару электр магниттерi орамдарының оқшаулау кедергiсiн өлшеу. Осы Қағидалардың 301-тармағына сәйкес жүргізіледі.

2)Өнеркәсiптiк жиiлiктiң үлкен кернеуiмен сынау:

жүктеме ажыратқыштардың оқшаулағыштары. Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 67-кестесiне сәйкес жүргізіледі;

екiншi тізбектер мен басқару электр магниттерi орамдарының оқшаулағыштары. Осы Қағидалардың 301-тармағымен сәйкес жүргізіледі.

3) Тұрақты токқа кедергiнi өлшеу:

ажыратқыштардың контактілері. Полюстің ток өткiзгіш жүйесiнiң кедергiсiн және жұмыс контактілерінің әрбiр жұбын өлшеу жүргізіледі. Кедергiнiң мәнi жасап шығарушы зауыттың деректеріне сәйкес келуi керек;

басқару электр магниттерінiң орамдары. Кедергiнiң мәнi дайындаушы зауыттың деректеріне сәйкес келуi керек.

4)Еркiн ажырату тетiктерінің әрекетін тексеру. Еркiн ажырату тетігі жұмыс барысында осы Қағидалардың 283-тармағының 9) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

5)Төмендетілген кернеулі кезінде жетек әрекетін тексеру осы Қағидалардың 283-тармағының

10)тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

6)Жүктеме ажыратқыштарды көп мәрте байқау арқылы сынау осы Қағидалардың 283-тармағының

11)тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

7)Сақтандырғыштарды сынау осы Қағидалардың 298-тармағына сәйкес жүргізіледі.

10.Элегаз сөндiргiштері

286.Толық жиылған және реттелген элегаз сөндiргiші осы параграфта көзделген көлемде

сыналады.

1) Екiншi тізбектер мен басқару электр магниттерi орамалары оқшаулағыштарының кедергiсiн өлшеу. Осы Қағидалардың 302-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

2) Оқшаулауды сынау: Осы Қағидалардың 302-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізіледі: өнеркәсiптiк жиiлiгінің 50 Гц жоғары кернеуiмен. Оқшаулаудың электр берiктiгiн сынау 35 кВ

және одан төмен кернеумен толық жиюлы аппаратта жүргізіледі.

Сынау кернеуiнің мәні осы Қағидаларға 5-қосымшаның 67-кестесiне сәйкес қабылданады; екiншi тізбектер мен басқару электр магниттерінiң орамдарымен сынау. Осы Қағидалардың

302-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

3) Мыналардың тұрақты токқа кедергісін өлшеу:

бас тізбектің. Полюстің бүкіл ток өткізгіш контурына да, доға өшiргiш әрбір құрылымға жеке-жеке де жүргізіледі (егер аппараттың құрылымы оған мүмкiндiк берсе);

басқару және олардың тізбегіндегі қосымша резисторлардың электр магниттерінiң орамдары. Кедергiнiң мәнi зауыттық нормаларға сәйкес келуi керек.

4) ажыратқыштардың іске қосылуының ең төменгi кернеуiн тексеру. Сөндiргiштер 0,7 Uном

аспайтын кернеуде жетегі тұрақты токтың көзiнен қоректенген кезде iске қосылуы керек; жетегі