Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

2)жарылыс қаупі бар аймақтар алдында кәбіл туннелдері олардан 0,75 сағат отқа төзімділігі шегімен жанбайтын жабынмен бөлінуі керек;

3)жарылыс қаупі бар аймақтарына енгізілетін кәбілдер және электр өткiзгiштер құбырлары

үшiн саңылаулар жанбайтын материалдармен жақсы тығыздалуы тиіс;

4)кәбіл туннельдерінде өртке қарсы шаралар орындалуы тиіс;

5)туннельден шығатын жерлер, сондай-ақ туннельдiң желдету шахталарының шығулары жарылысқа қауiптi аймақтардан тыс болуы керек.

1465. Икемді және қатты конструкциялардағы 1 кВ және одан жоғары ашық ток өткізгіштерін жарылыс қаупі бар аймақтары бар кәсіпорындары аумағы бойынша осыған арнайы жасалған эстакадалар немесе тіректерде төсеуге рұқсат етіледі.

Жанғыш газдар мен ЖС-ы бар құбырлары бар эстакадаларында және БӨҚжА эстакадаларында ашық токөткізгіштерін салуға тыйым салынады.

1466. Егер БӨҚжА-ның тізбектерінде ток өткізгіштерден зиянды сiлтеулерiнiң мүмкiндiгі болмаса, IP54-шi қорғаныс дәрежесi бар қабықшадағы 10 кВ дейiнгі токөткiзгiштерді арнайы эстакадаларда, жанғыш газдары және ЖС бар құбырлары бар эстакадаларда және БӨҚжА эстакадаларында жарылысқа қауiптi аймақтары бар кәсiпорынның аумағы бойынша салуға болады. Токөткiзгiштер құбырлардан кемiнде 0,5 м қашықтықта мүмкіндігінше жанбайтын заттары бар құбырлар жағынан салынады.

1467. Жарылысқа қауiптi аймақтары бар үй-жайлардан және сыртқы жарылғыш қондырғыларға дейiн ток өткiзгiштерге дейінгі ең аз рұқсат етілетін қашықтықтар осы Қағидалардың 5-қосымшаның 155-кестесiнде келтiрiлген.

1468. Кәбіл эстакадаларынан жарылыс қаупі бар аймақтарының үй-жайлары мен сыртқы жарылыс қаупі бар қондырғыларына дейінгі рұқсат етілетін арақашықтықтар:

1)транзиттік кәбілдермен – осы Қағидалардың 5-қосымшасының 155-кестесі;

2)тек осы өндіріске (ғимаратқа) арналған кәбілдермен – нормаланбайды.

Кәбілдерді жарылыс қаупі бар аймақтарының үй-жайларына және сыртқы жарылыс қаупі бар қондырғыларына жеткізуге арналған кәбіл эстакадаларының тармақтар шеттерi жарылысқа қауiптi аймақтары бар үй-жайлардың қабырғаларына және сыртқы жарылысқа қауіпті қондырғыларға тiкелей қосылады.

9.Нөлге теңестiру және жерге тұйықтау

1469. Кез келген класты жарылысқа қауiптi аймақтарына үй-жайларда және сыртқы жарылысқа қауіпті қондырғыларға осы Қағидалардың 1-тармағының 52-тармақшасында келтірілген 1 кВ дейiн жерге тұйық қосылған немесе оқшауландырылған бейтараптандыруды электр қондырғыларында қолдануға болатындығы туралы талаптары қолданылады. Оқшауландырылған бейтараптандыруда тесіп өтетін сақтандырғыштың сигналға әрекет етумен желінің оқшаулануын автоматты бақылау және жұмыс істеп тұрғандығын бақылауды қамтамасыз ету керек.

1470. В-I, В-Iа мен В-II класты жарылысқа қауiптi аймақтарында қорғану ажырату қолданылады. Кез келген кластың жарылысқа қауiптi аймақтарында осы Қағидалардың 145-тармағына сәйкес әлеуеттердің теңестiруi орындалуы керек.

1471. Кез келген класты жарылыс қауiптi аймақтарында (жерге қосуға) нөлге теңестiрулерге мыналар жатады:

1)осы Қағидалардың 1-тармағының 64-тармақшасын өзгерту үшін - барлық кернеулерде айнымалы және тұрақты токтың электр қондырғысы;

2)осы Қағидалардың 146-тармағының 1) тармақшасына сәйкес нөлге теңестiрiлген (жерге тұйықталған) металл құрылымдарға орнатылған электр жабдықтарды жарылыс қаупi жоқ аймақтарда нөлге теңестiрмеуге (жерге тұйықтамауға) рұқсат етiледi. Бұл талаптар шкафтар және пульттердiң (iшiнде нөлге теңестiрiлген (жерге тұйықталған) корпус қойылған электр жабдыққа қолданылмайды.

Нөлдiк (жерге тұйықтағыш) қорғағыш өткiзгiштер ретінде осы мақсатқа арналған өткізгіштер қолданылуы тиіс.

1472. Жерге тұйық қосылған бейтараптануы бар 1 кВ-қа дейінгі электр қондырғыларында электр жабдықты нөлге теңестiру жүзеге асырылады: