Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

кедергінің төмендеуінен 1,2 есе асатын болса жарамсыз деп саналады.

3) Тірек, олардың тіктеуіш кермелері және арқанның жерге тұйықтау кедергісін өлшеу. Осы Қағидалардың 303-тармағына сәйкес жүргізіледі.

9. Айнымалы токтың электр қондырғыларының оқшауламасы

1.Жалпы талаптар

307.Фарфор немесе әйнектен жасалған оқшаулайтын конструкциялар немесе оқшаулағыштарды таңдау, электр қондырғыларының орнатылған жеріндегі ЛД және оның нақты кернеуіне қарай ағу жолының үлесті тиімді ұзындығы бойынша жүргізіледі. Фарфор немесе әйнектен жасалған оқшаулайтын конструкциялар немесе оқшаулағыштарды таңдау, сондай-ақ ластанған және ылғал күйіндегі разрядтық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Электр қондырғыларының орнатылған жеріндегі ЛД және оның нақты кернеуіне қарай полимер оқшаулағыштар немесе конструкцияларды таңдау ластанған және ылғал күйіндегі разрядтық көрсеткіштері бойынша жасалады.

308.ЛД анықтау ластау көздерінің көрсеткіштері мен олардан қондырғыға дейінгі арақашықтыққа байланысты жүзеге асырылады (осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-117-кестелері). Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-117-кестелерін пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда ЛД анықтау ЛДК бойынша жүргізіледі.

Өнеркәсіптік кешендерге жақын, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластайтын аймақтары, ЖЭС және электр өткізгіштігі жоғары ылғалдандыру көздері бар аймақтарда ЛД, ЛДК бойынша анықталады.

309.Фарфор немесе әйнектен жасалған оқшаулайтын конструкциялар немесе оқшаулағыштардың L ағылу жолының ұзындығы мына формула бойынша анықталады:

Мұндағы lэ – 101-кесте бойынша ағылу жолының меншікті тиімді ұзындығы, см/кВ;

U – фаза аралық ең жоғарғы жұмыс кернеуі,кВ;

k – ағылу жолының ұзындығын пайдалану пайызы (осы тараудың 6-параграфы).

2.ӘЖ оқшаулау

310.Металл және темірбетон тіректеріндегі ӘЖ істікшелі оқшауламасы мен оқшаулағыштардың гирляндыларын сақтап тұратын сейілу жолының үлесті тиімді ұзындығы ЛД және нақты кернеуге қарай (теңіз деңгейінен 1000 м дейінгі биіктікте) осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесі бойынша алынуы тиіс.

Теңіз деңгейінен 1000 м жоғары биіктіктегі ӘЖ істікшелі оқшауламасы мен оқшаулағыштардың тіркесін сүйемелдейтін сейілу жолының меншікті тиімді ұзындығы осы Қағидаларға 5-қосымшасындағы 101-кестесіндегі нормаланған көрсеткішпен салыстырғанда арттырылуы тиіс:

1000-2000 м дейін – 5 %;

2000-3000 м дейін – 10 %;

3000-4000 м дейін – 15 %.

311.Ток өткізгіштің әуедегі тіректің жерге қосылған бөлігіне дейінгі оқшаулайтын арақашықтығы 17-тараудың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

312.Металл және темірбетон тіректеріндегі ӘЖ қажетті сүйемелдеуші тіркесіндегі және

арнайы конструкциядағы (V-тәрізді, L-тәрізді, - тәрізді, - тәрізді және т.б., бір типтегі

оқшаулағыштардан құрылған) оқшаулағыштың тіркесінің кезекті тізбегіндегі кермелі тәрелке тәріздес оқшауламаның саны келесі формула бойынша анықталады:

мұндағы Lи - стандарт бойынша немесе нақты типтегі оқшауламаның техникалық шарттары

бойынша бір оқшаулағыштың ағылу жолының ұзындығы, см. Егер есептеу тұтас сан бермесе, онда келесі тұтас сан таңдалады.

313.Металл және темірбетон тіректеріндегі 6-20 кВ кернеудегі ӘЖ кермелі және сүйемелдеуші тіркестерде кермелі тәрелке тәріздес оқшаулағыштың саны осы Қағидалардың 9-тарауының 2-тармағы бойынша анықталуы тиіс және тірек материалына қарамастан екеуден кем болмауы тиіс.

Тіркестері жерге қосылып бекіткіштері бар металл, темірбетон және ағаш тіректі 35-110 кВ кернеудегі ӘЖ барлық типтегі кермелі тіркестердегі тәрелке тәріздес оқшаулағыштардың саны 1-2-ші аймақтарында ЛД осы Қағидалардың 9-тарауының 2-тармағы бойынша алынған көлеммен салыстырғанда, әрбір тіркесте бір оқшауламаға арттырылады.

Металл және темірбетон тіректеріндегі 150-750 кВ кернеудегі ӘЖ кермелі тіркестердегі тәрелке тәріздес оқшаулағыштардың саны осы Қағидалардың 9-тарауының 2-тармағы бойынша анықталуы тиіс.

314.Металл және темірбетон тіректеріндегі ӘЖ арналғанға қарағанда, ағаш тіректермен

35-220 кВ кернеуіндегі ӘЖ ЛД 1-2 аймақтарында әйнек және фарфордан жасалған тәрелкелі ілмелі оқшауламалардың саны 1-ден кем емес алынуы қажет.

Ағаш тіректермен немесе металл және темірбетон тіректеріндегі ағаш траверса 6-20 кВ кернеудегі ЛД 1-2 аймақтарында ӘЖ оқшаулағыштардың ағу жолында тиімді меншікті жолының ұзындығы 1,5 см/кВ кем емес болуы қажет.

315. Жоғары өту жолындағы тірек тіркестерінде 6-35 кВ кернеудегі ӘЖ үшін lэ=1,9 см/кВ және

110-750 кВ кернеудегі ӘЖ үшін lэ=1,4 см/кВ болғандағы бір тізбекті тіркестерге анықталған

қалыпты орындалатын оқшаулағыштардың санына қатысты, 50 м жоғары тірек биіктігінен асатын әрбір 10 м фарфор немесе әйнекті бір қосымша тәрелке тәріздес оқшаулағыштан қарастырылады. Бұл ретте гирляндадағы оқшаулағыш саны өту аймақтарының ластану шарттары бойынша талаптардан кем емес болуы қажет.

316.100 м биіктікке ілінген фарфор немесе әйнекті тәрелке тәріздес оқшаулағыштардың тіркестерінде осы Қағидалардың 9-тарауының 6-тармағына сәйкес анықталғаннан екі қосымша оқшаулағыштар қарастырылады.

317.Оқшауланған өткізгіші бар ӘЖ оқшауламаны таңдау осы тараудың 6-параграфына сәйкес жүргізілуі тиіс.

3.Электр жабдықтардың және АТҚ сыртқы әйнек

және фарфор оқшауламасы

318.6-750 кВ кернеудегі АТҚ оқшаулағыштары мен электр жабдықтарының және ЛД және номиналды кернеуге (теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте) қарай ЖТҚ кірме бөлігінің сыртқы бөлігінің сыртқы фарфорлық оқшауламасының сейілу жолының үлесті тиімді ұзындығы осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесі бойынша қабылдануы тиіс.

1000 м биіктіктен астам орнатылған 6-220 кВ кернеудегі АТҚ оқшаулағыштары мен электр жабдықтарының сыртқы оқшауламасының сейілу жолының үлесті тиімді ұзындығы: 2000 м дейінгі биіктікте – 101-кесте бойынша, 2000-3000 м дейінгі биіктікте - нормамен салыстырғанда ластанудың бір деңгейіне жоғары қабылдануы тиіс.

319.АТҚ оқшауламасын таңдау кезінде АТҚ ток өткізгіш бөлігінен жермен қосылған конструкцияларға дейінгі арақашықтық осы Қағидалардың 17-тарауының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

320.АТҚ кермелі және сүйемелдеуші тіркестеріндегі тәрелке тәріздес оқшаулағыштардың саны 110-150 кВ дейінгі кернеудегі тіркестің әрбір тізбегіне – біреу, 220-330 кВ - екі, 500 кВ - үш, 750 кВ - төрт оқшаулағыштарды қоса отырып, осы Қағидалардың 9-тарауының 3-тармағына сәйкес анықталады.

321.Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесінің талаптарына сай, 3-4-ші ЛД аймақтарға арналған электр жабдықтары болмаған жағдайда, 5-қосымшадағы 101-кестені қанағаттандыратын оқшаулағышы бар жоғары нақты кернеудегі жабдықты, оқшаулағышты және кірмелерді пайдалануға болады.

322.4-деңгейді, ЛД асатын ластану жағдайындағы аймақтарда ЖТҚ құрылысы қарастырылады.

323.500-750 кВ кернеудегі АТҚ және 110-330 кВ кернеудегі АТҚ 3-4 ЛД аймақтарында орнатылмауы тиіс.

324.110 кВ және одан жоғары кернеудегі ЖТҚ электр жабдықтарын және оқшауламалардың сыртқы оқшауламасының сейілу жолының үлесті тиімді ұзындығы 1-ші ЛД аймақтарында 1,2 см/кВ кем емес және 2-4-ші ЛД аймақтарында 1,5 см/кВ кем емес болуы тиіс.

325.1-3 ЛД аймақтарында осы Қағидаларға 5-қосымшадағы 101-кесте бойынша оқшауланатын ЖТҚС және ЖТҚС қолданылуы тиіс. 4-ші ЛД аймақтарында арнайы орындалатын оқшаулағышы бар ЖТҚС және ЖТҚС қолдануға жол беріледі.

326.Иілмелі және қатты сыртқы ашық ток сымдарының оқшаулағыштары 101-кестесі бойынша ағылу жолының меншікті тиімді ұзындығы бойынша анықталуы тиіс: 1-3 ЛД аймақтарында 10 кВ ток өткеліне қажетті 20 кВ номиналды кернеудің э=1,9 см/кВ; 4-ші ЛД аймақтарында 10 кВ ток

өткеліне қажетті 20 кВ нақты кернеуге лэ=3,0 см/кВ; 1-4-ші ЛД аймақтарындағы 13,8-24 кВ ток өткеліне қажетті номиналды кернеуге э=2,0 см/кВ.

4.Разрядтық көрсеткіштер бойынша оқшауламаны таңдау

327.6-750 кВ кернеудегі ӘЖ тіркестері, 6-750 кВ кернеудегі АТҚ оқшаулағыштар мен электр жабдықтарының сыртқы оқшауламасы осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-кестесінде келтірілген шамалардан төмен емес, ластанған және ылғал күйдегі өндірістік жиіліктегі 50 % разрядтық кернеуі болуы тиіс.

Ластану қабатының меншікті беткі өткізгіштігі:

-1-ші ЛД үшін – 5 мкСм, 2-ші ЛД үшін – 10 мкСм, 3-ші ЛД үшін – 20 мкСм, 4-ші ЛД үшін – 30 мкСм кем емес болып қабылдануы тиіс.

5.Ластану деңгейін анықтау

328Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесіндегі нормаланғанға қарағанда өнеркәсіптік ластау көздерінің (ормандар, тундра, орманды тундра, шағындық) әсер ету аймағына кірмейтін аймақтарға 1-ші ЛД арналған, ағылу жолының меншікті тиімді ұзындығы аз оқшаулама қолданылады.

329.1-ші ЛД аймақтарға өнеркәсіптік және табиғи ластау (ми батпақ, таулы аймақтар, аз тұздалған топырақ аймағы, ауыл шаруашылығы аймақтары) көздерінің әсер ететін аймағына кірмейтін аумақтар жатады.

330.Өнеркәсіптік аймақтарда негізгі көрсеткіштері болған жағдайда, аймақтарға 4-ші ЛД арналған осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесіндегі нормаланғанға қарағанда, ағылу жолының меншікті тиімді ұзындығы жоғарылатылған оқшауламасы қолданылады.

331.Өнеркәсіптік кәсіпорындарының маңының ластану деңгейі шығарылатын өнімнің түрі мен есептік көлеміне және ластау көзіне дейінгі арақашықтығына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-111-кестелері бойынша анықталады.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның шығаратын өнімінің көлемі өнімнің барлық түрін қосу арқылы анықталады. Қолданыстағы немесе салынатын кәсіпорынның қалдық шығару аймағындағы ЛД кәсіпорынның келешек даму жоспарын (алдағы 10 жылдан астам емес) есепке ала отырып, өнімнің жоғары жылдық көлемі бойынша анықталады.

332.ЖЭС жақын және өнеркәсіптік қазандықтардың аймағының ластану деңгейі отынның түрі, станцияның қуаты және түтін құбырларының биіктігіне қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаның 112-кестесі бойынша анықталуы тиіс.

333.Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-112-кестелері бойынша арақашықтықты есептеу кезінде ластау көзінің шегі болып, тиісті кәсіпорынның (ЖЭС) атмосфераға тастайтын қалдықтардың барлық жерін қамтитын қисық табылады.

334.Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-112-кестелерінде көрсетілген көлеммен салыстырғанда, ЖЭС қуаты мен шығаратын өнімінің көлемнің асатын жағдайында ЛД бір сатыға арттырылады.

335.Бір кәсіпорында бірнеше ластау көзі болған жағдайдағы шығарылатын өнімнің көлемі жекелеген цехтар өнімінің көлемін қосу арқылы анықталады. Егер жекелеген өндірістің ластайтын заттарды тастау көзі кәсіпорынның басқа ластау көлдерінен 1000 м қашықтықта тұрса, онда өнімнің жылдық көлемі осы өндірістер және кәсіпорынның қалған бөлігі үшін жеке анықталуы тиіс. Бұл жағдайда есептік ЛД осы Қағидалардың тармағына сәйкес анықталады.

336.Егер бір кәсіпорында осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-111-кестелерінде көрсетілген өнеркәсіптің бірнеше салаларының өнімдері шығарылатын болса, онда ЛД осы Қағидалардың 329-тармағына сәйкес анықталады.

337.Мұндай ЛД аймақ шегі, желдің ұйытқуы есепке ала отырып, мына формула бойынша

түзетіледі:

S=Sо.W/Wо;

мұндағы, S – ластау көзінің аймағынан желдің айналмалы ұйытқуын есепке алумен, тиісті ЛД аумағының шегіне дейінгі арақашықтық, м;

Sо – ластау көзінің аймағынан желдің айналмалы ұйытқуы кезіндегі тиісті ЛД аумағының

шегіне дейінгі нормаланған арақашықтық, м;

W – қарастырылған желдің ұйытқуының жылдық қайталанушылығы, %;

Wо – желдің айналмалы ұйытқуындағы бір румбадағы желдің қайталанушылығы, %. S/Sо шамалары 0,5< S/Sо<2 шектерімен шектелуі тиіс.

338.Тұтанған материалдар, қойма ғимараттары мен құрылыстары, кәріз-тазарту құрылыстарына жуық ластану деңгейі осы Қағидаларға 5-қосымшаның 113-кестесі бойынша анықталады.

339.Қысқы уақытта химиялық тайғаққа қарсы құралдарды көп пайдаланатын автокөлік жолдарына жуық ластану деңгейі осы Қағидаларға 5-қосымшаның 114-кестесі бойынша анықталады.

340.Теңіздің жағалау аймақтары, тұзды көлдер және су қоймаларының маңының ластану

деңгейі, судың тұздылығына және жағалауға дейінгі арақашықтығына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшасының 115-кестесі бойынша анықталады. Судың есептік тұздылығы гидрологиялық карталар бойынша акваторияның 10 км тереңдігіндегі судың беткі қабатының тұздылығының жоғарғы шамасы ретінде анықталады. 0,1 км аймақ үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаның 115-кестесінен қарағанда тұзданған су қоймаларының бетіндегі ластану деңгейі бір сатыға жоғары алынады.

341. Теңіз жағынан (10 жылда бір рет мерзімді) жылдамдығы 30 м/с болатын желге бейім аймақтардың 115-кестеде келтірілген жағалаудан арақашықтығы 3 есеге арттырады.

1000-10000 м2 су қоймаларында ЛД осы Қағидаларға 5-қосымшаның 115-кестесінің көрсеткіштерімен салыстырғанда бір сатыға төмендетуге болады.

Градирняларға және бүркитін бассейндердің маңының ластану деңгейі осы Қағидаларға 5-қосымшаның 116-кестесімен анықталуы қажет.

342.Циркуляциялық судың үлесті өткізгіштігі 1000-3000 мкСм/см болса, 117-кесте бойынша және үлесті өткізгіштігі 1000 мкСм болса.

343.Осы Қағидалардың 336-тармағы бойынша желді ескере отырып айқындалған екі тәуелсіз көздерден ластану аймағындағы есептік ЛД өнеркәсіптік немесе табиғи ластану түріне қарамастан осы Қағидаларға 5-қосымшаның 118-кестесі бойынша анықталады.

6. Оқшаулағыштар мен оқшаулайтын конструкциялардың негізгі типтерін (әйнек және фарфор) пайдалану коэффициенттері

344. Бір типтік оқшаулағыштардан жасалған оқшаулағыш конструкцияларды k пайдалану коэффициенттері:

K = kи.kк,

мұндағы kи - оқшаулағышты пайдалану пайызы;

kк - қатарлы немесе кезекті-қатарлы тармақтары бар конструкцияны пайдалану пайызы. 345. Оқшаулау бөлшегінің төменгі беті төмен кермелі тәрелке тәріздес оқшаулағыштарды kи

пайдалану коэффициенттері, оқшаулағыштың ағылу жолының ұзындығының Lи оның тәрелкесінің

диаметріне D қатынасына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаның 119-кестесі бойынша анықталады. 346. Беті жақсы жасалған kи арнайы кермелі тәрелке тәріздес оқшаулағыштарды пайдалану

коэффициенттері

осы Қағидаларға 5-қосымшаның 120-кестесі бойынша анықталады.

347.

Беті

нашар жасалған істікшелі оқшаулағыштарды (сызықтық, тіректі) kи пайдалану

коэффициенттері

- 1,0 беті жақсы жасалған 1,1 тең қабылдануы тиіс.

348.

Жеке

оқшаулайтын конструкция түрінде жасалған сыртқы электр жабдықтардың сыртқы

оқшауламасының kи пайдалану коэффициенттері, оның ішінде 110 кВ дейінгі номиналды кернеуге

сыртқы қондырғының тірек оқшаулағыштары және 110 кВ дейінгі номиналды кернеудің өзекше типтес кермелі оқшаулағыштар оқшаулағыштың сейілу жолының ұзындығының немесе оқшаулағыш конструкцияның Lи олардың оқшаулағыш бөлігінің ұзындығына Һ қатынасына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаның

121-кестесі бойынша анықталады.

349.Бір типті оқшаулағыштардан жасалған бір тізбекті тіркестер мен бірлі-жарым тірек бағаналарының kк пайдалану коэффициенттері 1,0 тең қабылданады.

350.Бір типті элементтерден жасалған (екі тізбекті және көп тізбекті ұстап тұратын және тартпалы гирляндалары, екі және көп тіреулікті бағана) параллельді тармақтары бар (қосқышсыз) конструкцияларды kк пайдалану коэффициенттері осы Қағидаларға 5-қосымшаның 122-кестесі бойынша

анықталады.

351.Бір тізбекті тармақтары бар Л–тектес және V–тектес тіркестерді пайдалану коэффициенттері Кк 1,0-ге тең деп қабылданады.

352.Бір типті ( немесе гирлянд түрлері, ұзындық бойынша параллельді тармақтарының тіреу бағаналар саны, сондай-ақ тартпалары мен қосалқы станцияның аппараттары) оқшаулағыштан жасалған кезекті-параллельді тармақтары бар конструкцияларды Кк пайдалану коэффициенттері 1,1

тең қабылданады.

353. Әртүрлі типтегі оқшаулағыштардан жасалған kи1 және kи2 пайдалану коэффициенттерімен бір тізбекті тіркестер мен бірлі-жарым тірек колонкаларын пайдалану kи коэффициенттері мына формула бойынша анықталады:

k=L1+L2/L1+L2/ kи1 kк2;

мұндағы L1, L2 - тиісті типтегі оқшаулағыштардың конструкциясының аймағының ағылу жолының ұзындығы. Осы жолмен екіден көп оқшаулағыштардың әртүріндегі аталған түрдегі конструкцияға