Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

және төменгі жағынан, қажет болған жағдайда жоғары кернеу жағынан.

110 кВ және одан жоғары қосалқы станцияларда, жоғары кернеу тарапынан ажыратқыштарсыз, ток және кернеу трансформаторларын орнату мүмкін болмаған кезде, қуатты өлшеу төменгі тарап бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ бақылаушы көрсететін немесе тіркейтін құралдарды жалғау үшін орындар қарастырылуы керек;

6)кернеуі 110 кВ және одан жоғары желілер, сондай-ақ орағытпа ажыратқыштарда активті және реактивті қуат. Кернеуі 35 кВ және одан төмен желілерде – онда желілер тәртібін бақылау үшін активті және реактивті қуат ағындарын өлшеу қажет;

7)қосалқы станцияның басқа элементерінде, онда желілер тәртібін мезгілдік бақылау үшін активті және реактивті қуат ағындарын өлшеу қажет, бақылау көшпелі құралдарын жалғау мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

134. Тізбектерде қалқандық көрсеткіш құралдарын орнату кезінде, онда қуат бағыты өзгеруі мүмкін, осы құралдардың екі жақты шкалаға ие болуы қажет.

135. Тіркеу жүргізілуі керек:

1)турбогенераторлардың активті қуатын;

2)электр станциясының жиынтық қуатын. 136. Жиілікті өлшеу жүргізілуі тиіс:

1)генератор кернеуі шинасының әрбір секциясында;

2)блоктық жылу немесе атом электр станциясының әрбір генераторында;

3)электр станциясының жоғары кернеу шиналарының әрбір жүйесінде (секция);

4)энергия жүйесін синхронды емес жұмыс бөлігінде бөлу мүмкін торапта.

137. Жиілікті тіркеу немесе берілген шамадан оның ауытқуы жүргізілуі мүмкін:

1)қуаты 200 МВт және одан жоғары электр станцияларында;

2)қуаты 6 МВт және одан жоғары оқшаулана жұмыс істейтін электр станцияларында. 138. Қуатты реттеуге қатысатын электр станцияларында тіркелетін жиілік өлшеуіштердің

абсолюттік қателігі +0,1 Гц кем болмауы керек.

139. Дәл синхрондау кезінде (қолмен немесе жартылай автоматты) өлшеулер үшін мынадай көзделуі қарастырылады: екі вольтметр (немесе екілік вольтметр); екі жиілік өлшеуіш (немесе екілік жиілікөлшеуіш); синхроноскоп.

140. Энергия жүйесінің электрлік бөлігінде авариялық үрдістерді автоматты тіркеу үшін авариялық оқиғалардың (автоматты цифрлық осциллографтар) тіркеуіштері немесе аталған қызметті орындайтын басқа да микроқұрылғылар қарастырылуы керек.

Нысандарда апатты оқиғалар тіркеуіштерін жайғастыру, сондай-ақ олармен тіркелінетін электрлік параметрлерді таңдау осы Қағидалардың 5-қосымшасының 41-кестесінде келтірілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

141. Энергожүйемен байланысы бар тұтынушыларға тиесілі электр станцияларында (блок-станцияларда) авариялық оқиғалардың тіркеуіші көзделуі тиіс. Бұл құралдар блок-станцияны жүйемен байланыстыратын шиналар, электр берілісі желілерінің токтар (фазалық және нөлдік реттілік) жүйесіне тиісті кернеуді (фазалық және нөлдік реттілік) тіркеуі қажет.

142. 110 кВ және одан жоғары желілердің бүлінген орнын анықтау үшін белгілеу құралдары немесе бүлінген орынды анықтау қызметі қоса орнатылған АРҚ-дың микропроцессорлы құрылғысы көзделуі тиіс.

7.Жерге тұйықтау және электр қауіпсіздігін қорғау шаралары

1.Жалпы ережелер

143.Электр қауіпсіздігі шараларына қатысты электр қондырғылар былайша бөлінеді:

1)тікелей жерге тұйықталған немесе жерге тиімді тұйықталған бейтарабымен желілерде 1 кВ жоғары кернеулі электр қондырғылар;

2)доғасөндіргіш реактор немесе бейтарап резисторы арқылы оқшауланған немесе жерге тұйықталған 1 кВ жоғары кернеулі электр қондырғылары;

3)тікелей жерге тұйықталған бейтарабымен 1 кВ дейінгі кернеудегі электр қондырғылар.

144.Электр қондырғыларының ток өткізгіш бөліктері кездейсоқ жанасу үшін қолжетімді болмауы, ал жанасуға қолжетімді ашық және бөгде өткізгіш бөліктер электр қондырғыларының қалыпты жұмысы кезінде, сондай-ақ оқшауламаның бүлінген кезінде электр тогымен зақымдану қаупін келтіретін кернеу астында болмауы тиіс.

145.Қалыпты режимде электр тогымен зақымданудан қорғау үшін тікелей жанасудан қорғаудың мынадай шарттары жекелей немесе үйлесімді қолданылуы тиіс:

1) ток өткізгіш бөліктердің негізгі оқшауламасы;

2) қоршаулар мен қабықшалар;

3) бөгесіндерді орнату;

4) аймақтан тыс орналастыру.

146.Оқшаулама бүлінген жағдайда электр тоғынан зақымданудан қорғау үшін жанама жанасу кезінде қорғаудың келесі шарттары жекелей немесе үйлестіріле қолданылуы тиіс:

1) қорғаныстық жерге тұйықтау;

2) қоректендіруді автоматты ажырату;

3) әлеуетті теңдестіру;

4) әлеуетті деңгейлестіру;

5) екі қабатты немесе күшейтілген оқшаулама;

6) аз кернеу;

7) тізбекті қорғаныстық электрлік бөліктеу; 8) өткізбейтін (оқшауланған) үй-жай, аймақтар, алаңдар.

147.Электр тогынан зақымданудан қорғау шаралары электр қондырғыда немесе оның бөлігінде қарастырылуы, болмаса жекелеген электр қабылдағыштарға қолданылуы және электр құрал-жабдықтарын дайындау кезінде, болмаса электр құрал-жабдықтарын монтаждау үрдісінде, болмаса осы жағдайлардың екеуінде жүзеге асырылуы тиіс.

Электр қондырғыларда екі немесе одан көп қорғаныс шараларын қолдану әрқайсысының тиімділігін төмендететін өзара ықпал етпеуі тиіс.

148.Жанама жанасу кезінде қорғаныс егер электр қондырғыларда кернеу 42 В ауыспалы және 110 В тұрақты токтан аспаса барлық жағдайда орындалуы тиіс.

Қауіптілігі жоғары, аса қауіпті панажайларда және сыртқы электр қондырғыларында жанама жанасу кезінде қорғанысты жасау Қағидалардың тиісті тарауларының талаптары болса және неғұрлым төмен кернеулерде талап етіледі.

Егер электр құрал-жабдықтары потенциалды теңдестіру аймағында орналасса, ал ең жоғары жұмыс кернеуі қауіптілігі жоғары емес панажайларда 25 В ауыспалы және 60 В тұрақты токтан аспаса және барлық жағдайда 6 В ауыспалы және 15 В тұрақты токтан аспаса тікелей жанасудан қорғау талап етілмейді.

149.Электр қондырғыларды жерге тұйықтау үшін жасанды және табиғи жерге тұйықтағыштар қолданылуы мүмкін. Егер табиғи жерге тұйықтағыштарды пайдаланған кезде жерге тұйықтағыш құрылғының кедергісі немесе жанасу кернеуі ұйғарынды шамаға ие болса, сондай-ақ жерге тұйықтағыш құрылғыда қалыпты шамасы және табиғи жерге тұйықтағыштарда ұйғарынды ток тығыздығы қамтамасыз етілсе, онда 1 кВ дейінгі электр қондырғыларда жасанды жерге тұйықтауды орындау міндетті емес. Жерге тұйықтағыш құрылғы ретінде табиғи жерге тұйықтағыштарды пайдалану қысқа тұйықталу токтарының олармен өту кезінде олардың бүлінуіне және олармен байланысты құрылғылар жұмысының бұзылуына әкеліп соқпауы тиіс.

150.Түрлі кернеудегі және түрлі мәндегі, аумағы жақын электр қондырғыларда жерге тұйықтау үшін бір ортақ жерге тұйықтаушы құрылғы орнатылады.

Осындай электр қондырғыларды жерге тұйықтау үшін пайдаланылатын жерге тұйықтау құрылғысы оқшаулау бүлінген кезде электр тогынан адамдардың зақымдануынан қорғау, желілердің жұмыс тәртібінің шарттарына, асқын кернеуден электр құрал-жабдықтарын қорғау және т.с.с. осылардың әрқайсысының жерге тұйықталуын пайдаланудың барлық кезеңінде қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Ғимараттар мен үймереттердің электр қондырғыларының жерге тұйықтау және осы ғимараттар мен үймереттердің 2 және 3-ші санаттағы найзағайдан қорғау құрылғылары ортақ болуы мүмкін.

Ақпараттық және бөгеттің ықпалына сезімтал басқа да құрал-жабдықтардың жұмыс жағдайы бойынша жұмыстық жерге тұйықтаудың жекелеген (тәуелсіз) жерге тұйықтағышын орындаған кезде

оқшаулама бүлінгенде потенциалдың қауіпті түрлілігіне түсіп кету қаупі бар бөліктерге бірмезгілде жанасуды болдырмайтын электр тогының зақымдануынан қорғаудың арнайы шаралары қолданылуы тиіс.

Түрлі электр қондырғыларының жерге тұйықтағыш құрылғыларын біріктіру үшін табиғи және жасанды жерге тұйықтаушы өткізгіштер пайдалануы мүмкін. Олардың саны екеуден кем болмауы тиіс.

151.Жерге тұйықталу токтарының және жылыстау тогының олардан ағылуы кезінде жерге тұйықтағыштарды құрылғылардың жанасуы мен кедергісінің талап етілетін кернеу шамасы ауа-райының неғұрлым қолайсыз жағдайларында қамтамасыз етілуі тиіс.

Жерге тұйықтағыш құрылғылардың кедергісін анықтау табиғи және жасанды жерге тұйықтағыштарды есепке ала отырып, орындалуы тиіс.

Жердің есептегіш ретінде үлес қарсылығын айқындаған кезде неғұрлым қолайсыз жағдайларға тиісті оның маусымдық мәні қабылданады.

Жерге тұйықтағыш құрылғылар жерге кететін токтың тұйықталуына механикалық, термикалық төзімді және динамикалық берік болуы тиіс.

152.Тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың 1 кВ дейінгі ауыспалы ток кернеулі электр қондырғылар, сондай-ақ 1 кВ дейінгі сыртқы электр қондырғылары тікелей тұйықталған бейтарапты көзден қоректенуі тиіс; бұл ретте электр қондырғыларының ашық өткізгіш бөліктері бейтарапқа қосылуы тиіс.

Жанама жанасу кезінде осындай электр қондырғыларында электр тогының зақымдауынан қорғау үшін осы Қағидалардың 173-174 тармақтарына сәйкес қоректендіруді автоматты ағыту орындалуы тиіс.

153.Ауыспалы токтың 1 кВ дейінгі кернеуіндегі электр қондырғыларды оқшауланған

бейтарапты, электр қабылдағыштардың жерлендірілген ашық өткізгіш бөліктерінің көзінен қоректендіру жерге және әлеуеттерді теңдестіру жүйесімен байланысты ашық өткізгіш бөліктерге бірінші тұйықталу кезінде қоректің үзілісіне жол берілмеген кезде орындалады. Осындай электр қондырғыларында жанама жанасу кезінде қорғау үшін жерге бірінші тұйықталу кезінде желінің оқшауламасын бақылау құрылғысымен үйлескен қорғаныстық жерге тұйықтау орындалуы немесе 30 мА аспайтын дифференциалды токты номиналды ажырататын қорғаныстық ажырату құрылғысы (ҚАҚ) қолданылуы тиіс.

Жерге екі рет бірге тұйықталудан электр қондырғыны қорғау үшін осы Қағидалардың 176-тармағына сәйкес қоректендіруді автоматты ағыту орындалуы тиіс.

154. Тікелей тұйықталған бейтарапты және бейтарапқа жалғанбаған жерге тұйықтағыштың көмегімен ашық өткізгіш бөліктері жерге тұйықталған көзден 1 кВ дейінгі кернеулі электр қондырғыларын қоректендіру тек қана тікелей бейтарапқа жерге тұйықтағышты жалғағанда электр қауіпсіздігі талаптары қамтамасыз етілмеген жағдайларда ғана жол беріледі. Жанама жанасудан қорғау үшін осындай электр қондырғыларында ҚАҚ-ты міндетті түрде қолдана отырып қоректі автоматты ағытуды орындау қажет. Мұның өзінде мынадай шарт сақталуы тиіс:

RaIa < 50 В,

мұнда Ia – қорғаныс құрылғысының іске қосылу тогы; Ra – жерге тұйықтағыш пен жерге

тұйықтаушы өткізгіштің жиынтық кедергісі. Бірнеше электр қабылдағыштарды қорғау үшін ҚАҚ-ты қолдану кезінде - бұл неғұрлым алыстатылған электр қабылдағыштың жерге тұйықтағышының және жерге тұйықтауыш өткізгішінің кедергісі.

155.Қоректі автоматты ағытуды пайдаланған кезде осы Қағидалардың 177-тармағына сәйкес әлеуетті теңдестірудің негізгі жүйесі, ал қажет болғанда сондай-ақ әлеуетті теңдестірудің қосымша жүйесі осы Қағидалардың 178-тармағына сәйкес орындалуы тиіс.

156.Тікелей тұйықталған бейтарапты қорғаныс өткізгіштері жалғанған электр қондырғыларда ғимаратқа кірмеде, сондай-ақ басқа да қолжетімді орындарда осы өткізгіштерді қайта жерге тұйықтау орындалады.

Қайта жерге тұйықтау үшін бірінші кезекте табиғи жерге тұйықтағыштар қолданылады. Қайта жерге тұйықтауда жерге тұйықтағыштың кедергісі нормаланбайды.

Үлкен және көпқабатты ғимараттардың ішінде ұқсас қызметті басты жерге тұйықтағыш шинаға

нөлдік қорғаныс өткізгішін жалғау жолымен әлеуетті теңдестіру арқылы орындалады.

Әуе желілері бойынша қорек алатын 1 кВ дейінгі кернеулі электр қондырғыларды қайта жерге тұйықтау осы Қағидалардың 198 - 199-тармақтарына сәйкес орындалуы тиіс.

157.Егер қоректі автоматты ажырату осы Қағидалардың 173, 174, 176-тармақтарының талаптарын қанағаттандырмаса, онда электр қондырғының жекелеген бөліктері немесе жекелеген электр қабылдағыштар үшін жанама жанасу кезінде қорғаныс оқшауланатын үй-жай, аймақтар, алаңдардың электрлік бөлініс тізбегінің (ІІІ сыныпты электр құрал-жабдықтары) аз кернеуі (ІІ сыныпты электр құрал-жабдықтары) екі бірдей немесе күшейтілген оқшаулау орындалады.

Адамды электр тогының зақымдануынан қорғау тәсілі бойынша құрал-жабдықтардың жіктелуі және оны қолдану шарттары осы Қағидаларға 5-қосымшаның 42-кестесінде келтірілген.

158.1 кВ жоғары кернеу желісіндегі трансформатор арқылы байланысқан оқшауламалы бейтараптағы 1 кВ дейінгі электр желісі трансформатордың жоғары және төмен кернеу орамасының арасындағы оқшаулама бұзылған жағдайда тесілме сақтандырғышпен қорғалуы тиіс.

159.Электр тогының зақымдауынан қорғау үшін оқшауланған немесе тиімді жерге тұйықтау бейтарабымен 1 кВ жоғары кернеудегі электр қондырғыларында ашық өткізгіштік бөліктерінің қорғаныстық жерге тұйықталуы орындалуы тиіс.

160.Оқшаулама бейтарабымен 1 кВ жоғары кернеудегі электр қондырғыларында жерге тұйықталуды жылдам табу мүмкіндігі қаралуы тиіс. Жерге тұйықталудан қорғау қауіпсіздік шарттары бойынша (желілер, көшпелі қосалқы станциялар және механизмдер және т.с. үшін) қажет болған жағдайларда барлық электрлі байланысқан желілердегі ажыратуға әрекет ете отырып орнатылуы тиіс.

161.ӘЖ тіректерінде орнатылған, кернеуі 1 кВ дейінгі электр жабдығының (күштік және өлшеу трансформаторлары, айырғыштар, сақтандырғыштар, конденсаторлар және өзге аппараттар) қорғану жерлендірілуі (нөлденуі) Қағидалардың тиісті тараулары, сондай-ақ осы тарауда келтірілген талаптардың сақталуымен орындалуы тиіс.

Жабдық орнатылған ӘЖ тірегінің жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі 11 және 12-тараулардың талаптарына сәйкес келуі керек.

2.Тікелей жанасудан қорғану шаралары

162.Ток өткізгіш бөліктерінің негізгі оқшаулануы ток өткізгіш бөліктерін жауып, пайдалану кезінде өз қасиеттерін сақтауы тиіс. Оқшаулауды жою, тек оны бұзу арқылы мүмкін болуы тиіс. Нақты бұйымдарға техникалық шарттармен арнайы ескертілген жағдайлардан басқа, лакты бояу жабындары электр тогынан қорғайтын оқшаулама болып табылмайды. Жинақтау кезінде оқшалау орындаған кезде, осы Қағидалардың 8-тарауының талаптарына сәйкес сыналуы тиіс.

Негізгі оқшаулау әуе аралығымен қамтамасыз етілсе, ток өткізгіш бөліктеріне тікелей жанасу немесе оларға қауіпті арақашықтыққа жақындаудан қорғану қабықша, қоршау, тосқауылдар немесе қол жету аймағынан тыс жерде орналасу арқылы орындалуы тиіс.

163.Электр жабдығының дұрыс жұмыс жасауы үшін үлкен саңылаулар қажетті болған жағдайлардан басқа, кернеуі 1 кВ дейінгі электр қондырғыларындағы қоршаулар мен қабықшалардың IР2Х кем емес қорғану дәрежесі болуы тиіс.

Қоршаулар мен қабықшалар сенімді бекітіліп, тиісті механикалық беріктігі болуы тиіс. Қоршаудан өту немесе қабықшаны ашу тек арнайы кілт немесе сайман арқылы немесе ток

өткізгіш бөліктерден кернеу алынғаннан соң мүмкін болуы тиіс. Бұл шарттар сақталуы мүмкін болмаса, IР2Х қорғану дәрежесі бар аралық қоршаулар орнатылуы тиіс, олардың жойылуы да тек арнайы кілт немесе сайман арқылы мүмкін.

164.Тосқауылдар кернеуі 1 кВ дейін электр қондырғыларына кездейсоқ жанасу немесе кернеуі

1кВ жоғары электр қондырғыларының ток өткізгіш бөліктеріне қауіпті арақашықтыққа жақындаудан қорғануға арналады. Кедергілер әдейі алуға мүмкін болмайтындай бекітілуі тиіс. Тосқауылдар оқшаулағыш материалдарынан жасалуы тиіс.

165.Қол жету аймағынан тыс жерде орналастыру осы Қағидалардың 161 – 163 тармақтарында көрсетілген шаралар орындалуы мүмкін болмаған жағдайда немесе олар жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады. Бұл ретте кернеуі 1 кВ дейін электр қондырғыларының ток өткізгіш бөліктеріне бір уақытта мүмкін болатын жанасу арақашықтығы 2,5 м-ден кем болмауы тиіс. Қол жету аймағы ішінде