Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

қажетті kи шамасы анықталуы қажет.

354. Ластанудың әртүрлі аймақтарына арналған кермелі оқшаулағыштардың конфигурациясы осы Қағидаларға 5-қосымшасының 123-кестесі бойынша анықталуы тиіс.

10. 220 кВ дейінгі кернеудегі кәбіл желістері

1.Жалпы ережелер

355.Кәбіл желістерін жобалау және салу желісті дамытуды, желістің мақсаты мен жауаптылығын, жолдың сипатын, жабынмен жабу тәсілін, кәбілдердің конструкциясын және т.б. есепке ала отырып, техника-экономикалық есептеулердің негізінде жүргізілуі тиіс.

356.Кәбіл желісінің жолын таңдау кезінде кәбілдің темір қабығына үйлеспейтін топырақты жерлерді алмау керек.

357.Электр желістерін қорғаудың қолданыстағы Қағидаларына сәйкес, жер асты кәбіл желістері кәбілдің үстіндегі аудан көлемінде қорғау:

1м-ден 1 кВ астам кәбіл желістері үшін шеткі кәбілдердің әрбір жағынан;

1м-ден 1 кВ дейінгі кәбіл желістері үшін шеткі кәбілдердің әрбір жағынан, жаяу жүргіншілер жолының астынан өтетін кәбіл желістері үшін ғимаратқа қарай 0,6 м және көшенің көлік жүретін бөлігі – 1 м аймағы қарастырылуы тиіс.

358.1 кВ және одан жоғары су асты кәбіл желістеріне аталған Қағидаларға сәйкес, шеткі кәбілдерден 100 м арақашықтықта параллель түзумен белгіленген қорғау аймағы орнатылуы тиіс.

359.Кәбіл желістерінің қорғау аймақтары электр желістерін қорғау Қағидаларының талаптарын сақтау арқылы пайдаланылады.

360.Кәбіл желісінің жолы кәбілдің аз шығынын, механикалық әсерлерге оның төзімділігін, тоттанудан сақтауды қамтамасыз ету, діріл, қатты қызу, кәбілдердің бірінде ҚТ пайда болуы жағдайында электр доғасымен қатарлас кәбілдердің бөліну мүмкіндігін есепке ала отырып анықталуы тиіс. Кәбілдерді орнату кезінде оларды өзара қиыстыруға, құбыр жолдарымен қиылыстыруға жол бермеу қажет.

361.Төмен қысымдағы кәбілдік май толтырылған желістің жолын таңдау кезінде желістерде толықтырғыш бактарды пайдалану және тиімді орналастыру үшін жергілікті жердің рельефін ескерген жөн.

362.Кәбіл желістері монтаждау және пайдалану үдерісінде оларда қауіпті механикалық бүлінулердің пайда болуын болдырмайтындай етіп жасау қажет, ол үшін:

1) кәбілдер топырақтың көшуі жағдайында және кәбілдің өзінің және олар төселген конструкцияның температуралық деформациясында пайдалану мүмкіндігімен ұзындығынан біраз қалдырылуы тиіс, кәбілдің артығын сақина (орам) түрінде орауға тыйым салынады;

2) конструкциялар, қабырғалар, аралықтар бойынша горизонтальды салынған кәбілдер бөгеткіш және жалғағыш муфталарға, шеткі бітеулерге, шеткі нүктелерге қатты бекітілуі тиіс;

3) конструкциялар, қабырғалар, аралықтар бойынша вертикальды салынған кәбілдер, сыртқы қабығы бүлінбейтіндей және кәбілдердің өздерінің салмағынан муфталардағы талсымдардың қосылысы үзілмейтіндей етіп орнатылуы тиіс;

4) қапталмаған кәбілдер салынатын конструкциялар, кәбілдердің қабықтары механикалық бүлінбейтіндей етіп жасалуы тиіс және осы кәбілдердің қабықтары қатты бекітілген жерлер, эластикалық төсемдердің көмегімен механикалық бүліну және тоттанудан қорғалуы тиіс;

5) механикалық бүлінуі мүмкін жерлерге орнатылған кәбілдер (автокөлік қозғалысы, механизмдер мен жүктердің қозғалысы) еденнен 2 м немесе жерде 0,3 м биіктікте қорғалуы тиіс; 6) кәбілдерді қолданыстағы кәбілдермен қатар салу кезінде соңғыларының бүлінуін

болдырмайтын шаралар қолданылуы тиіс; 7) кәбілдер қызу беттерден қашық салынуы тиіс, ағытпа және фланецпен қосылған жерлерде

ыстық заттардың жарылуынан кәбілдерді қорғау шаралары қолданылуы тиіс.

363.Кезбе токтардан және топырақ коррозиясынан кәбілдерді қорғау осы Қағидалардың талаптарына қанағаттандыруы тиіс.

364.Жер асты кәбіл жайларының конструкциялары кәбілдің салмағын, топырақтың салмағын, жол жабыны мен өтетін көліктің салмағын ескере отырып жасалуы тиіс.

365.Кәбілдер салынатын кәбіл жайлары мен конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалуы

тиіс.

366.Кәбіл жайларында басқа уақытша құрылғыларды жасауға, оларда материалдар мен жабдықтарды сақтауға тыйым салынады.

367.Уақытша кәбілдер пайдалануға беруші мекеменің рұқсатымен, кәбілдік төсемдерге қойылатын барлық талаптарды сақтаған жағдайда салыну тиіс.

368.Кәбіл желістерінің ашық төсемі күн сәулесінің тікелей әсерін және жылудың әртүрлі жылу сәулелерін ескере отырып жүргізілуі тиіс.

369.Кәбілдердің иілісінің ішкі қисығының радиусында ішкі еселік диаметріне қатысты стандарттарда немесе техникалық шарттарда көрсетілген сәйкес кәбіл маркаларынан кем болмауы тиіс.

370.Кәбілдердің талсымдарының иілісінің ішкі қисығының радиустары кәбілді бітеу кезінде еселік талсымдардың келтірілген диаметріне қатысты стандарттар немесе техникалық шарттарда көрсетілген кәбілдердің тиісті маркаларынан кем болмауы тиіс.

371.Кәбілдерді салу және оларды құбырларға тарту кезіндегі ауырлық күші талсымдар мен қабықтарға қажетті механикалық кернеумен анықталады.

372.Әрбір кәбіл желісінің өз нөмірі мен атауы болады. Егер кәбіл желісі бірнеше қатар кәбілдерден тұратын болса, онда олардың әрқайсысы А, Б, В және т.б. қоса отырып, сол нөмірді иеленуі қажет.

373.Ашық салынған кәбілдер, және барлық кәбілдік муфталар кәбіл биркаларында және шеткі муфталарында маркасын, кернеуі, қимасы, желістің нөмірі немесе атауы, қосылыс муфталарында – муфталардың нөмірі немесе монтаждалған күні көрсетілген биркалармен жабдықталуы тиіс.

374.Биркалар қоршаған ортаның әсеріне төзімді болуы тиіс. Кәбіл жайларында салынған кәбілдерде биркалар ұзындық бойынша әрбір 50 м-ден жиі емес орнатылуы тиіс.

375.Жерде және салынып бітпеген жерлерге салынған кәбіл желістерінің қорғаныс аймағы ақпараттық белгілермен белгіленуі тиіс.

376.Ақпараттық таңбалар 500 м сайын орнатылуы тиіс және кәбіл желісінің бағытының өзгеретін жерлеріне қойылуы тиіс.

377.Ақпараттық белгілерде кәбіл желістерінің қорғау аймағының ені және кәбіл желістерінің иелерінің телефон нөмірлері болуы тиіс.

2.Төсеу тәсілдерін таңдау

378.35 кВ дейінгі қуат кәбіл желістерін салу тәсілдерін таңдау кезінде келесілерді негізге алу қажет:

1) Бір траншеядағы жерге кәбілді төсеу кезінде кәбіл саны алтыдан аспауы тиіс. Кәбілдердің саны көп болған жағдайда оларды бөлек траншеяларға кәбіл топтарының арасындағы арақашықтық 0,5 м болатындай етіп немесе туннелдерде, эстакадаларда, галереяларда төсейді.

2) Туннелдерде, эстакадаларда, галереяларда кәбілдерді төсеуде, бір бағытта жүретін 20 асатын күштік кәбілдері қажет етіледі.

3) Блоктарға кәбіл төсеу теміржолдармен қиылысу жерлерінде, металдың төгілу мүмкіндігі, трассада тығыздықтың жоғары болуы жағдайында пайдаланылады.

4) Қала аумағы бойынша кәбілдерді төсеудің тәсілдерін таңдау кезінде пайдалану-жөндеу жұмыстарының өндірісіне байланысты шығындар мен бастапқы күрделі шығындар есепке алынуы тиіс және жайларға қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен үнемділігі ескерілуі тиіс.

379.Электр станцияларының аумағында кәбілдер туннелдерде, қораптарда, каналдарда, блоктарда, эстакада және галереяларда төселуі тиіс. Траншеяларға қуат кәбілдерін алты санынан аспайтын көлемде алшақ қосалқы объектілерге (отын қоймасы, шеберханалар) төсеуге рұқсат етіледі. Жалпы қуаты 25 МВт электр станцияларының аумағына кәбілдерді траншеяларға төсеуге рұқсат етіледі.

380.Өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағында кәбіл желістері жерге (траншеяға), туннелдерге,

блоктарға, каналдарға, эстакадалар бойынша, галереяларда және ғимараттың қабырғалары бойынша төселуі тиіс.

381.Қосалқы станцияларының маңына және тарату құрылғыларында кәбіл желістері туннелдерге, қораптарға, каналдарға, құбырларға, жерге (траншеяда), жер бетіндегі теміржол лотоктарына, эстакада бойынша, галереяларға салынуы тиіс.

382.Қалалар мен ауылдарда жеке кәбіл желістері көлік жүрмейтін бөлігі бойынша (тротуар астында) жерге (траншеяда), аула және газон түріндегі техникалық жолақтар бойынша салынады.

383.Жер асты коммуникацияларымен көп қамтылған көшелер мен аудандар бойынша 10 және одан көп көлемдегі кәбілдер желісін коллекторлар мен кәбіл туннелдерінде салу қарастырылады. Көше қиылыстары мен жетілдірілген жабындармен жабылған және көліктің қарқынды қозғалысы бар аймақтарда кәбіл желістерін блоктарда немесе құбырларда салыну тиіс.

384.Ғимарат ішінде кәбіл желістері ғимарат конструкциялары (ашық және қорап немесе құбыр) бойынша, каналдарда, блоктарда, туннелдерде, едендер мен аралықтарда салынған құбырларда, машиналардың фундаменті бойынша, шахталарға, кәбіл қабаттарында және қосарлы едендерге салынады.

385.Маймен толтырылған кәбілдер мен пластмассалы оқшауламасы (кәбілдің әртүрлі санында) бар кәбілдер туннелдерде және галереяларда және жерлерге (траншеяда) салынады, оны салу тәсілі жобамен анықталады.

3.Кәбілдерді таңдау

386.Әртүрлі топырақ бойынша трассаға салынған кәбіл желістер үшін кәбілдердің конструкциялары мен қимасын таңдау, егер қолайлы жағдайдағы учаске ұзындығы кәбілдің салыну ұзындығынан аспайтын болса, ауыр жағдайдағы учаске бойынша жүргізіледі. Әртүрлі салынған трассаның жекелеген аймақтарының біршама ұзындығында олардың әрқайсысы үшін кәбілдердің тиісті конструкциялары мен қималары таңдалынады.

387.Әртүрлі салқындату жағдайдағы трассаларға салынатын кәбіл желістері үшін, егер оның ұзындығы 10 м кем болмайтын болса, кәбіл қималары трассаның нашар салқындатылатын аймақтары бойынша анықталуы тиіс. 10 кВ дейінгі кәбіл желілеріне, су астыдан басқа, әртүрлі қималарды пайдалануға рұқсат етілген, тек үштен астам емес егер кесінді ұзындығы 20 м кем емес болатын болса.

388.Жерге немесе суға салынатын кәбіл желістері үшін, брондалған кәбілдер көбірек қолданылуы тиіс. Бұл кәбілдердің металл қабықтары химиялық әсерлерден қорғауға арналған сыртқы қабықшасы болуы тиіс. Сыртқы қорғау қабықтардың (броньдалмаған) басқа конструкциялары бар кәбілдер топырақтың әр түрінде салу кезінде, блоктар мен құбырларға тарту кезінде механикалық әсерлерге төзімді болуы тиіс және пайдалану-жөндеу жұмыстары кезінде жылу және механикалық әсерлерге төзімді болуы тиіс.

389.Жерге немесе суға салынған жоғары қысымдағы кәбілдік маймен толтырылған желістердің құбыржолдары жобаға сәйкес тоттануға қарсы қорғанысы болуы тиіс.

390.Кәбіл жайлары мен өндірістік бөлмелерде механикалық бүліну қаупі болмаған жағдайда қапталмаған кәбілдер салынады, ал пайдалануда механикалық бүліну қаупі бар болса, қапталған кәбілдер немесе механикалық бүлінуден қорғалуы тиіс.

Кәбілдік жайлардан тыс аймаққа қапталмаған кәбілдер қол жетпейтін биіктікке (2 м кем емес) салынады, төмен биіктікке салу олар механикалық бүлінулерден қорғалған жағдайында (қораптармен, бұрыштық темірмен, құбырлармен) қапталмаған кәбілдерді салуға рұқсат етіледі.

Араласқан төсеуде (жер – кәбілді құрылыс немесе өндірістік үй-жай) сыртқы қорғаныс бетінде жанғыш емес, жерге салуға арналған кәбілдер қолданылады.

391.Кәбіл жайларына кәбіл желістерін салу және өндірістік жайларда қапталған кәбілдердің қабының беті болмауы тиіс, ал қапталмаған кәбілдердің бетінде, жанғыш материалдардан қорғау қабығы, металл қабықтары болмауы тиіс.

Ашық төсемдер үшін жанғыш полиэтиленді оқшауламасы бар қуат және бақылау кәбілдерін пайдалануға болмайды.

Кәбілдер салынатын металл қабықшалары мен олар салынатын металл беттері тоттануға қарсы жабынмен қорғалуы тиіс.

Қолайсыз ортасы бар жайларға осы ортаның әсеріне төзімді кәбілдер төселуі тиіс.

392.Осы Қағидалардың 426-тармағында көрсетілген электр станциялары мен тарату құрылғылары мен қосалқы станциялардың кәбілдік желістеріне жанбайтын жабынмен қорғалатын, темір лентамен қапталған кәбілдер қолданылады. Электр станцияларында жанғыш полиэтиленді оқшауламасы бар кәбілдерді пайдалануға болмайды.

393.Кәбіл блоктары мен құбырларға салынатын кәбіл желістері үшін, қорғасын қабықшадағы қапталған кәбілдер қолданылады. Блоктар мен құбырлардың аймағында және олардан 50 м дейінгі қашықтықтағы тармақтарда кәбіл жібінің сыртқы қабығынсыз қорғасын немесе алюминий қабықшадағы қапталған кәбілдерді салуға рұқсат етіледі. Құбырларда салынатын кәбіл желістеріне пластмасса немесе резеңке қабықшадағы кәбілдерді пайдаланған жөн.

394.Кәбілдердің қаптамаларын бүлдіретін заттарды қамтитын топырақтарға (ақ сортаң,

батпақ, шлакпен және құрылыс материалдары бар төгілген топырақ және т.б.), сондай-ақ электрмен тоттануға әсерінен қауіпті аймақтарда, қорғасын қабықшалары және Бл, Бтиптеріндегі күшті

қорғау жабындары бар кәбілдер немесе алюминий қабықшасы мен Бв, Бп типтеріндегі (ылғалға төзімді пластмасса шлангісіне) күшті қорғау жабындары бар кәбілдер қолданылуы тиіс.

395.Батпақпен кәбіл желістерімен қиылысатын аймақтарда кәбілдер геологиялық жағдайды және химиялық және механикалық әсерлерді ескере отырып таңдалуы тиіс.

396.Көшуге бейім топырақтарға сым қаптамасы бар кәбілдер қолданылуы тиіс және топырақ көшкен кезде сымды сауыты бар кәбілдер немесе кәбілге әсер ететін күштерді жою бойынша шаралар (тығыны немесе бағаналы қатармен және т.б. нығайту) қолданылуы тиіс.

397.Көлшіктер, олардың жайылмасы және орлармен кәбілдік желістің қиылысатын аймақтарында жерге төселетін кәбілдер қолданылуы тиіс.

398.Темір жол көпірлері және басқа да көлік көп жүретін көпірлер бойынша салынатын кәбіл желістеріне алюминий қабығы бар қапталған кәбілдер қолданылуы тиіс.

399.Жылжымалы механизмдердің кәбілдік желістеріне көп рет июге болатын резеңке немесе сондай оқшауламасы бар икемді кәбілдер қолданылуы тиіс.

400.Жер асты кәбіл желістеріне дөңгелек сымнан жасалған қаптамасы бар кәбілдер қолданылуы тиіс. Осы мақсатта бір талсымды кәбілдерді қолдануға рұқсат етіледі.

Жағадан көлге өту жерлерде кәбілді желілерде қатты ағыс және сумен жуылатын жағасы бар өзендер учаскелерінде кәбілді салғанда, сондай-ақ үлкен тереңдікте (40-60 м дейін) екі еселенген метал сауыт қолданылады.

Поливинилхлоридті қабықтағы резеңке оқшауламасы бар кәбілдер, сонымен қатар арнайы су жібермейтін жабыны жоқ алюминий қабықтағы кәбілдерді суға салуға болмайды.

Кеме жүзбейтін, арнасы мен түбі тұрақты ені 100 м астам емес (жайылмасы толғанмен бірге) кәбілдерді төсеу кезінде таспалы броньді қолдануға жол беріледі.

401.Кәбілдік маймен толтырылған желістер және 110-220 кВ кернеудегі пластмассалы оқшауламасы бар кәбілдік желістер үшін кәбілдердің типі мен конструкциясы жоба бойынша анықталады.

402.Әртүрлі деңгейлі трассаның (жолдың) вертикалды және еңкіш аймақтарында 35 кВ дейінгі кәбіл желістерін салу үшін, ақпайтын ылғалдағыш массасы бар кәбілдер, ылғал қағаз оқшауламасы бар кәбілдер және резеңке немесе пластмассалы оқшауламасы бар кәбілдер қолданылуы тиіс. Аталған жағдайларға тұтқыр ылғалдылығы бар кәбілдерді тек осы кәбілдерге арналған деңгейлердің әртүрлі айырмашылықтарына сәйкес, трасса бойынша орналастырылған бекіткіш муфталары бар кәбілдерді пайдалану қажет.

Төмен қысымдағы маймен толтырылған кәбілдік желістердің бекіткіш муфталарының арасындағы тік белгілердің айырмашылығы шекті жылу режимдеріндегі қоректенуді есепке ала отырып және тиісті техникалық шарттармен анықталады.

403.Төрт сымды желістерде төрт талсымды кәбілдер қолданылуы тиіс. Нөлдік талсымдарды

(төртінші талсымы) фазадан бөлек салуға болмайды. 1 кВ дейінгі кернеудегі алюминий қабықшадағы үш талсымды қуат кәбілдерін олардың қабықтарын пайдаланудың қалыпты жағдайында нөлдік сымдағы ток фазалық токтың шекті жоғары тогының 75 % құрайтын жарылысқа қауіпті ортасы және қондырғысы бар құрылғыларды қоспағанда, нейтралы тұтас жерге қосылған айнымалы токтың (жарықтандыру, күштік және аралас) төрт сымды желістерде нөлдік сым ретінде қолдана отырып қолдануға болады.

Аталған мақсаттарға үш талсымды қуат кәбілдерінің қорғасын қабықтарын тек 220/127 және