Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

1216. Жалпы мақсаттағы теміржолмен байланысқан кәсіпорында теміржол болса және теміржолмен салмағы ауыр жабдықтарды жеткізгенде, қалыпты теміржол бұтағы қарастырылып, оның бір тармағы ЭМБ жағына қарай бұрылуы тиіс. Тұйықталған теміржол тармағының ұзындығы ЭМБ жүккөтергіш крандарымен ашық платформадан жабдықты түсіріп алу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

Жабдықтың жеткізілуі автокөлік арқылы жүргізілген жағдайда, автокөліктің ЭМБ, жүк көтеруші құрылғылар әрекеттерінің аймағына кіру мүмкіндігі қарастырылады.

1217. Электр машиналары, фундаменттің, машинаның өзінің немесе ғимарат бөліктерінің орнатылған мөлшерден жоғары шу мен тербелісін туындатпайтындай етіп орнатылуы тиіс.

1218. Монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау үшін ЭМБ-де ең ауыр, нақты түрде мүмкін болатын жабдық жүктемесіне есептелген арнайы алаңдар немесе бос алаңдар қарастырылуы тиіс. Монтаждау алаңы еденінің сыртқы контурлары еденнің басқа бөлігінен ерекшеленіп тұратындай бояумен немесе метлах плиткамен белгіленіп тұруы тиіс.

Жабдықтар жеткізілетін ЭМБ учаскелері жеткізілетін жабдықтардың жүктемесі үшін есептелуі қажет. Осы учаскелердің сұлбасы бояумен немесе тақта арқылы таңбаланады.

Монтаждау алаңдарының өлшемдері өздерін орналастыруға арналған ең үлкен бөліктің өлшемінен анықталады және де сыртына шығарылатын жиегі 1 м-ге тең болуы тиіс. Монтаждау алаңдарында электр машиналарының зәкірлерін орналастыру үшін бағандарды орнату орындары, осы зәкірлер мен бағандардың салмағы жүктемесіне есептелуі және ерекше боялу түсіне ие болуы тиіс. Монтаж алаңдарында ең ірі рұқсат берілетін жүктеменің мағынасы көрсетілген жазба жазылуы тиіс.

1219. Электр шамдары ЭМБ-да таратушы құрылғыларды ашық шиналары және ашық токсымдары үстінде орнатуға болмайды. Еденнен қызмет етілетін шырақтарды айналмалы машиналар үстінде орналастыруға болмайды.

3. Электр машиналары подшипниктерінің майлануы

1220. Қолданылатын майдың сорты барлық жабдық үшін де жарайтын болса және егер технологиялық тетіктері металдық шаңдармен, сумен немесе басқа да зиянды қоспалармен майларды ластау көзі болмаса, электр машиналары мен технологиялық тетіктердің циркуляциялық майлау жүйелерін біріктіру ұсынылады.

1221. Орталықтандырылған майлау жүйелерінің жабдықтарын ЭМБ-ден тыс жерлерде орнату ұсынылады.

1222. Қуаты 1 МВт-тан астам электр машиналарын майлау жүйелері май деңгейін көрсететін көрсеткіштермен және май температурасын бақылау құралдарымен, ал циркуляциялық май бар болса, онда майдың ағып кетуін бақылау құралдарымен жабдықталуы тиіс.

1223. Май және су құбырлары подшипниктерге ашық күйде немесе жанбайтын материалдардан жасалған алмалы-салмалы жабындысы бар каналдарда жүргізіледі. Қажет жағдайда жерде немесе бетонда құбыржолдарды жасырын төсеуге рұқсат беріледі.

1224. Арматурасы бар құбырлар фланецтер көмегімен жалғанады.

Диафрагмалар мен вентильдер электр машиналарының подшипниктеріне майды жағу орындарына орнатылуы тиіс.

Майды подшипниктерге жеткізіп тұратын құбырлар подшипниктерден және машиналардың басқа да бөліктерінен электрлі түрде оқшауланып тұруы тиіс. Әрбір құбыр кем дегенде екі оқшаулау аралықтарынан немесе ұзындығы 0,1 м кем емес оқшауланған ендірмеден тұруы тиіс.

1225. Қажет болған жағдайда ЭМБ май толтырылған жабдықтардан лас майларды ағызуға арналған резервуарлармен және құбырлармен жабдықталуы тиіс.

21. Генераторлар мен синхронды компенсаторлар

1. Жалпы ережелер

1226. Ашық ауа астында орнатылатын генераторлар, синхронды компенсаторлар мен олардың қосалқы жабдықтары арнайы түрде орындалуы тиіс.

1227. Генераторлар мен синхронды компенсаторлардың конструкциясы тозатын бұйымдардың, зақымдалатын бөлшектердің және түйіндердің ауыстырылу мүмкіндігі қарастырыла отырып, олардың 20-25 жыл ішінде қалыпты қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Гидрогенератор мен оны сумен қамтамасыз ету жүйесінің конструкцияларымен ішінен суды толығымен жою мүмкіндігі мен кез келген уақыт мезгілінде жөндеу барысында тұрып қалу аймақтарын жою мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

1228. Генераторлар мен синхронды компенсаторлар осы Қағидалардың 6-тарауына сәйкес бақылау-өлшеу аспаптарымен, осы Қағидалардың 630-646 және 668-686-тармақтарына сәйкес басқару, белгі беру, қорғау құрылғыларымен, осы Қағидалардың 778-819-тармақтарына сәйкес АГК құрылғыларымен, шамадан тыс кернеуден қорғау құрылғыларымен, АРҚ (АҚҚ) құрылғыларымен және агрегатты автоматты түрде іске қосу, жұмыс істеу және тоқтатудың автоматикасы құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, қуаты 100 МВт турбогенераторлар мен сутекті суыту жүйесі бар синхронды компенсаторлар подшипниктердің тербелістерін қашықтан бақылау құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Қуаты 300 МВт және одан астам турбогенераторлар мен сутекті суыту жүйесі бар синхронды компенсаторлар апаталды үдерістерін жазу осциллографтарымен жабдықталуы тиіс.

1229. Гидрогенераторды басқару, релелік қорғау, автоматика, қоздыру және тікелей сумен суыту панельдері оның тікелей жанында орналасуы тиіс.

1230. Қуатты турбо және гидрогенераторлардың электрлік және механикалық параметрлері жүктемелік қабілеті жағынан тиімді етіп қабылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін генераторлардың параметрлері жүктемелік қабілеті жағынан тиімділерден бөлек, техника-экономикалық есептеулермен дәлелденіп қабылдануы тиіс.

1231. Генераторлардың кернеуі техникалық экономикалық есептеулер негізінде дайындаушы зауыттан келіп, қабылдануы тиіс.

1232. Гидрогенераторларды синхронды компенсаторлар ретінде қолдану үшін қосымша жабдықтарды орнату техника-экономикалық есептеулермен дәлелденіп жасалады.

1233. Генераторлар, синхронды компенсаторларды және олардың қосалқы жабдықтарын монтаждау, ашу және жинау үшін стационарлық, жылжымалы немесе инвентарлық көтергіш-тасымалдаушы жабдықтар мен тетіктер қолданылады.

1234. Гидроэлектр станцияларының сыртқы жүккөтергіш крандарын пайдалану барысында ұзақ мерзім бойы бөлмелерді және монтаждау алаңдарын ашып жөндегенде қар мен жаңбыр әсерін жою үшін қарапайым шаралар қарастыруы тиіс.

1235. Электр станциялары статор орамаларының өзектерін сақтайтын үй-жайларда қарастырылуы тиіс. Бөлмелер құрғақ, жылы, температурасы +5оС-дан төмен емес және де арнайы стеллаждармен жабдықталуы тиіс.

2. Суытылуы мен майлануы

1236. Теңіз суымен немесе агрессивті әсер ететін тұзсыз сумен қоректенгенде газсуытқыштары, жылу алмасу құрылғылары және маймен суытқыштар, құбырлар мен оларға арналған арматура коррозия әсеріне төзімді материалдардан жасалуы тиіс.

1237. Суыту жүйесі ашық генераторлар мен синхронды компенсаторлар және жылыту үшін ауаны жартылай жинақтап отыратын, қуаты 1 МВт-қа тең және одан жоғары гидрогенераторлар ішіне сырттан кіретін ауаны тазартуға арналған сүзгілермен және генератор немесе синхронды компенсатор жанған жағдайда оның түсуін жылдам тоқтататын құрылғымен жабдықталуы тиіс.

1238. Ауамен суыту жүйесі жабық генераторлар мен синхронды компенсаторлар үшін мына шараларды орындауы тиіс:

1)суық және ыстық ауа камераларында тығыз жабылатын әйнектелген қарау люктері болуы тиіс;

2)суық және ыстық ауа камераларының есіктері тығыз жабылатын, сыртқа ашылатын және болаттан жасалған болуы тиіс және де камераның ішкі жағынан кілтсіз ашылатын, өздігінен жабылып қалатын құлыптары болуы тиіс;

3)суық және ыстық ауа камераларының ішінде ажыратқыштары сыртқа шығарылған жарықтану қамтамасыз етілуі тиіс;

4)ыстық су қораптары және де конденсаторлар мен бу турбиналарының су құбырлары, егер олар суыту камераларында орналасса, суық ауаны жылытпау және құбырлар бетіндегі ылғалды конденсациялау үшін жылу оқшауламасымен жабылуы тиіс;

5)cуық ауаның камераларында конденсацияланған суды аулақтату үшін ауа суытқыштарында кювет болуы қажет. Турбогенераторлар үшін кәріз арнасында суды шығарушы құбырдың бір шеті гидравликалық бекітпемен жабдықталуы тиіс, бұл ретте ағу құбырында судың пайда болуына әрекет ететін дабыл қағушы құрылғы орнатылады;

6)ауа тартылуының алдын алу үшін вентиляцияның тұйық жүйесінің тұрқы, түйістері, ауа өткізгіші және басқа да телімдері ұқыпты тығыздалып қатайтылуы қажет. Турбогенераторлардың және синхронды компенсаторлардың суық ауа камераларының есігінде бәсеңдету аумағында бекітілетін фильтр арқылы ауаны тартушы сорғыш болуы тиіс;

7)камералар мен ауа қораптарының қабырғалары тығыз болуы тиіс және ақшыл түсті отқа төзімді бояумен боялып, отқа төзімді пластикалық жабынмен немесе глазурь жалатылған тақталармен қапталуы керек. Камералардың едендері мен іргетаста шаңның болуына жол бермейтін төсеме болуы тиіс.

1239. Сутекпен салқындатылатын турбогенератор мен синхронды компенсаторлар мыналармен жабдықталуы тиіс:

1)газ баллондарын тиеу және түсіру сутегіні, генератор және синхронды компенсатор газқұбыржолдарын газбен қоректендіру және газ параметрлерімен (қысым, тазалық және т.б.) бақылау аспаптарымен орталықтандырылған қамтамасыз ету қондырғылары.

Газ құбырларынан сутегіні машина залына беру үшін бір магистраль қарастырылады (қажет болса екі магистраль жүргізілуі мүмкін). Газ құбырларының сұлбасы сақиналы секцияланған болып орындалады. Синхронды компенсатор үшін бір магистраль орындалады.

Сутекті желілерінде және ауа беретін желілер жарылыс қаупі бар газ қоспаларының пайда болуына жол бермеу үшін турбогенератор мен синхронды компенсаторлардың алдында көрінетін үзілген жерлерін құру мүмкіндігін қарастыру керек;

2)ток құбырларында және генератордың тіреуіш ернемектерінде турбинаның басты май багында өртті сөндіру және үрлеу үшін генератордан (синхронды компрессордан) немесе сутегіні ығыстырып шығару үшін газ баллонды тиеп-түсіру механикаландырылған инертті газбен (азотпен немесе көмірқышқыл газбен) қамтамасыз етілетін орталықтандырылған қондырғылары;

3)негізгі, қордағы, ал турбогенераторлар, сонымен қатар, турбина вакуумын бұза отырып генератордың апатты тоқтауына, қуаты 60 мВт және одан жоғары турбогенераторлар үшін қажет апаттық маймен жабдықтау көздерімен, белгілі уақыт ішінде маймен шетжақ нығыздағышы апаттық көздерімен жабдықталуы тиіс. Қордағы және апатты маймен жабдықтау көздері маймен жабдықтау көзі ажыратылғанда, сондай-ақ майдың қысымы төмендегенде автоматты түрде іске қосылуы тиіс;

4)турбогенератордың сутекті қалыңдатқышы майдың қосылуын автоматты реттегіш. Маймен қамтамасыз ету сұлбасында реттегіштің айналмалы вентильдері қолмен реттеуден автоматты реттеуге немесе керісінше өткенде майдың шашырауын болдырмау үшін тығынның орнына реттегіштердің болуы;

5)генератордағы немесе синхронды компенсатордағы сутегі қозғалысының сұлбасына енгізілген құрғататын құрылғы;

6)берілген мәндерден параметрлердің (қысым, сутегі жиілігі, май-сутегі қысымының айырмасы) ауытқуы мен газмай жүйесінде сутегі салқындауы бұзылған кездегі әрекет ететін ескертпелі дабыл;

7)сутекті салқындатудың газмай жүйесін басқарып, бақылау үшін бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика релесі. Бұл жағдайда газ және электр аспаптары бір қорғаныс панелінде орналастырылмайды;

8)басты май багында, ағызатын май камерасында газ жиналатын жерлерде желдеткіш қондырғыларын қою.

Турбогенератор мен синхронды компенсаторлардың іргетастарында сутегі жиналып қалмас үшін тұйықталған кеңістіктер болмауы тиіс. Сутегі жиналатын жерлерде құрылыс конструкцияларымен қоршалған көлем болса, онда осы көлем сутегі жоғарыға еркін шығаратын жол;

9)корпустан май мен суды ағызатын дренажды құрылғы. Дренаж жүйесі ыстық газдың салқын

газға ағып өтіп кетпеуін қадағалайды;

10)турбоөндіргіштің корпусында сұйықтықтың пайда болғанын көрсететін көрсеткіш;

11)ауа құрғатқышы және сүзгісі бар қысымы кемінде 0,2 МПа кем емес ауа сығу көзі. 1240. Орамаларды сумен салқындататын синхронды компенсаторлар мен өндіргіштер:

1)тот баспайтын материалдан жасалған дистилят беретін және ағызатын құбыр жүйелерімен;

2)дистиляттың негізгі және қосымша сорғыларымен;

3)дистиляттың механикалық, магниттік және иондық сүзгілерімен және дистилятты газ

қоспаларын тазалайтын құрылғымен. Дистилятта тұз бен газ қоспалары болмауы керек;

4)дистилятты сыртқы ортадан қорғайтын кеңейтілген бакпен;

5)дистилятты салқындату үшін негізгі және қосымша жылу ауыстырғыштармен.

Жылу ауыстырғыштардағы бірінші реттік салқын су ретінде: су өндіргіші мен синхронды компенсатор үшін - техникалық су, турбоөндіргіштер үшін – конденсатты сорғылардағы конденсат, қосымша ретінде - өндіргіштің газсуыту сорғыларынан техникалық су пайдаланылады;

6)сумен салқындату жүйесінің жұмыс режимі ауытқығанда ескерту дабылымен және қоғамыспен;

7)сумен салқындату жүйесін басқару және бақылау үшін бақылау – өлшеу аспаптарымен және автоматика релелерімен;

8)статор орамасындағы сумен салқындату бөлігінде сутегінің ағып кеткен жерлерін табатын құрылғымен;

9)дистилят толтырып жатқан кезде статор орамасының сумен салқындату жүйесінен ауаны сору үшін дистилятордағы ағызу және толтыру коллекторы краны бар бақылау түтікшелерімен жабдықталуы тиіс.

1241. Суды газсуалтқышқа, майсалқындатқыш пен жылу ауыстырғыш пен жылу ауыстырғышқа апаратын әр құбырларда сүзгілер орнату, сонымен бірге генераторлар мен синхронды компенсатордың жұмысын бұзбай, оларды тазалайтын ету керек.

1242. Газ салқындатқыш пен жылу шығарғыштың әр секциясында ағызатын және толтыратын коллектордан ажырататын және жеке секцияларға суды толтыру үшін жабатын есігі болуы тиіс.

Әр өндіргіштің салқындатқыш торындағы барлық секциялардан суды шығаратын жалпы құбырда салқындатқыш секцияларындағы су шығынын реттейтін жабатын есігі орнатылуы тиіс. Турбоөндіргіштер үшін турбожетегін машина залының еденіне қою қажет.

1243. Газ салқындатқыштар мен жылу ауыстырғыштардың әр секциясының жоғары жағында ауа шығаратын крандар болуы қажет.

1244. Турбогенераторлар мен синхронды компенсатордың немесе ауаны салқындату жүйесінде қайта циркуляциялық құрылғының көмегімен салқындатылатын су температурасын реттеу қарастырылуы тиіс.

1245. Салқындатылған суды беру сұлбасында жұмыс істейтін жұмыс істемегенде, сондай-ақ салқындатылған судың қысымы азайғанда резервті сорғының автоматтандырылған қосылуы қарастырылуы қажет. Синхронды компенсаторларда салқындатылған судың (техникалық судың жүйесі, бактар және т.б.) тұрақты жұмыс істейтін сенімді көзінен резервті қорек қарастырылуы қажет.

1246. Генераторларды техникалық сумен қамтамасыз ету құбырларында шығын есептегіш орнатылады.

1247. Су немесе сутегі салқындатқышы бар турбогенератормен жалғанған турбина алаңдарында ағын күші коллектордағы салқын су қысымын, турбоөндірігіштегі сутегі қысымын, өндіргішке баратын газ құбырларындағы көміртегі газ қысымын көрсететін манометрлер, толтыру коллекторларындағы су қысымының төмендігін көрсететін дабыл құрылғысы, газды басқару орны, газ-май және су шаруашылығын басқару торабы орнатылуы тиіс.

1248. Газ бен май салқындатқыштардың, жылу ауыстырғыштардың сорғыларын орнататын жерлерде толтыру коллекторы мен сорғыларда манометр орнатылуы керек.

1249. Газ бен майсалқындатқыштардың, жылу ауыстырғыштардың ағызу және толтыру құбырларында сынапты термометрлер үшін гильза бекітіледі.

1250. Ашық ауа астында орнатылған синхронды компенсаторлар үшін агрегат тоқтап қалған кезде салқындатқыштан суды ағызу мүмкіндігі көзделуі тиіс.

1251. Газ жүйесі сутекті салқындатқышты дұрыс пайдалану және салқындатқыш ортаны ауыстыру талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

1252. Газ торабы толық тартылған арматурасы бар құбырлардан орындалуы тиіс. Газ құбырлары