Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

немесе өндіруші зауыт қойған кернеуге дейiн жүргізіледі. Көршi коллектор пластиналарының арасындағы полюстар саны төрттен астам машиналардың орамды оқшаулаулары сынау кезінде орташа кернеу 24 В-тан аспауы тиіс. Орамды оқшаулағышты сынау ұзақтығы 5 мин.

Алынған сипаттама мәндерінің зауыттық сипаттама мәндерінен ауытқуы өлшеу дәлдігі шегінде болуы тиіс.

6)Жүктеме сипаттамасын алу. Генераторды қоздыру номиналды тогынан төмен емес мәнiне дейiн жүктеме қоздырушылары үшiн жүргізіледі. Зауыт сипаттамасынан ауытқу нормаланбайды.

7)Полюстар арасындағы әуе саңылауларын өлшеу. Қарама-қарсы нүктелердегi саңылау өлшемдерi бірі-бірінен саңылаудың орташа мөлшерінен 10 %-дан көп емес аспауы тиіс. 300 МВт турбогенераторлар қоздырушылары үшiн бұл айырмашылық 5 %-дан және одан жоғары көп болмауы тиіс.

8)Бос жүрiсте және жүктемеде сынау. Зауыт және жобалау деректеріне сәйкес келуi тиіс айналу жиiлiгiн немесе кернеуді реттеу шегі айқындалады.

Жүктемемен жұмыс iстегенде осы Қағидаларға 5-қосымшаның 59-кестесінде келтiрiлген шәкiл бойынша бағаланатын ұшқындау дәрежесі тексеріледi.

Егер ұшқындау дәрежесін өндіруші зауыт арнайы ескертпесе, онда ол номиналды режимде 1,5-тен артық болмауы тиіс.

4.Айнымалы ток электр қозғалтқыштары

280. 1 кВ-ге дейiн айнымалы токтың электр қозғалтқыштары осы Қағидалардың 279-тармағының, 2), 4-2), 10), 11) тармақшалары бойынша сыналады.

1 кВ-ден жоғары айнымалы тогының электр қозғағыштары осы Қағидалардың 279-тармағының 1) 4), 7), 9)-11) тармақшалары бойынша сыналады.

Осы тармақтың 5), 6), 8) тармақшалары бойынша бөлшектенген кезде монтаждауға түсетін электр қозғалтқыштары сыналады.

1)1 кВ-ден жоғары кернеудегі электр қозғалтқыштарын құрғатусыз қосу мүмкiндiгiн айқындау;

2)Оқшаулау кедергiсiн өлшеу. 1 кВ-ден жоғары кернеудегі электр қозғалтқыштарды оқшаулау кедергiсiнiң мүмкiн мәндерi осы Қағидалардың 279-тармағында көрcетiлген нұсқаулық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Оқшаулаудың кедергiсi қалған жағдайларда осы Қағидаларға 5-қосымшаның 60-кестесінде келтiрiлген нормаларға сәйкес келуi тиіс;

3)Өнеркәсiптiк жиiлiктiң үлкен кернеуiмен сынау. Толық жиюлы электр қозғалтқышта жүргізіледі.

Статор орамын сынау корпусқа қажетті әрбiр фаза үшiн жеке корпуспен жалғанған екi басқа жүргізіледі. Әрбір фазаның шығыстары жоқ қозғалтқыштар үшін корпусқа қатысты барлық орамды сынауды жүргізуге жол беріледі.

Сынау кернеулерiнің мәндері осы Қағидаларға 5-қосымшаның 60-кестесiнде келтiрiлген. Нормаланған сынау кернеуiн қолдану ұзақтығы 1 мин;

4)Тұрақты токқа кедергiнiң өлшемi:

статор және ротор орамдары. Электр қозғалтқыштарының қуаты 300 кВ және одан жоғары болған кезде жүргізіледі.

Әр түрлi фазалар орамдарының өлшенген кедергiлерiнің айырмашылығы зауыт деректерінен 2 %-дан көп емес болуы тиіс.

реостаттар және іске қосу реттеу резисторлары. Жалпы кедергi өлшенедi және дәнекер түсiрулердiң тұтастығы тексеріледi. Кедергi мәнiнің айырмасы төлқұжат деректерінен 10 %-дан көп болмауы тиіс;

5)Ротор және статор болатының арасындағы саңылауды өлшеу. Ротор осіне қатысты 900-қа жылжытылған қарама-қарсы нүктелердегi әуе саңылауларының өлшемдердің айырмашылығы ротордың осiне 10 %-дан көп емес болуы тиіс;

6)Сырғанау мойынтiректерiндегi саңылауларын өлшеу. Саңылауларды өлшеу осы Қағидаларға

5-қосымшаның 62-кестесiнде келтiрiлген;

7) Электр қозғалтқышы мойынтіректерінің дiрiлiн өлшеу. Әрбiр мойынтіректе өлшенген дiрiл мәндері төменде келтiрiлген мәндерден аспауы тиіс:

Электр қозғалтқышының синхронды айналу жиiлiгi,

50

25

16,7

12,5 және одан төмен

Гц

 

 

 

 

Жол берілетін дiрiл, мкм

50

100

130

160

8)Осьтік бағыттағы ротор екпiнiн өлшеу. Сырғанау мойынтiректері бар электр қозғалтқыштары үшiн жүргізіледі. Осьтік екпiн 2-4 мм-ден аспауы тиіс;

9)Ауа суытқышты гидравликалық қысыммен сынау. 0,2-0,25 МПа артық гидравликалық қысыммен

(2-2,5 кгс/см2) жүргізіледі. Сынаудың ұзақтығы 10 мин. Бұл ретте, қысымның түсуi немесе сынау қолданылатын сұйыққа ағып кету байқалуы керек;

10)Электр қозғалтқышының жұмысын бос жүрiспен немесе жүктелмеген тетiкпен тексеру. Тексеру ұзақтығы кемiнде 1 сағат;

11)Электр қозғалтқышының жұмысын жүктемемен тексеру. Пайдалануға өткiзу сәтіне қарай технологиялық жабдықпен қамтамасыз етiлетiн жүктемемен жүргізіледі. Бұл ретте, реттелетiн айналу жиiлiктерiмен электр қозғалтқышы үшiн реттеудiң шектерiмен анықталады.

5.Күштік трансформаторлар, автотрансформаторлар, май

реакторлары және жерге тұйықтайтын доға өшiретiн реакторлар (доға өшiретiн катушкалар)

281. 1,6 МВ.А дейiн қуаттың майға толған трансформаторлары осы Қағидалардың 280-тармағының 1), 2), 4), 8), 9), 11) – 14)-тармақшалары бойынша сыналады.

1,6 МВ.А қуаттың майға толған трансформаторлары электр станциясының өз мұқтаждығынан қоректенеді.

Барлық қуаттарды трансформаторлар құрғақ және төлмен толтырылған осы Қағидалардың 208-тармағының 1)-8), 12), 14) тармақшалар бойынша сыналады.

1)Трансформаторларды қосу шарттарын анықтау. «Күштік транформаторлар. Тасымалдау, түсіру, сақтау, монтаждау және пайдалануға енгізу» нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі;

2)Оқшаулағыш сипаттамасын өлшеу. R60 оқшаулау кедергiсiнiң мүмкiн мәндерi, R60/R15 сору

коэффициенті, диэлектриялық жоғалтулар мен С250 және қатынасы бұрышының тангенсi осы

Қағидалардың 279-тармағы бойынша нұсқаулармен реттеледi. 3) Өнеркәсiптiк жиiлiктiң үлкен кернеуiмен сынау:

енгiзулермен бiрге орамдарының оқшаулауы. Сынау кернеулерi осы Қағидалардың 5-қосымшаның 63-кестесiнде келтiрiлген. Нормаланған сынау кернеуiн қолдану ұзақтығы 1 мин.

Маймен толтырылған трансформаторлардың орамдары оқшаулаудың өнеркәсiптiк жиiлiгiнiң үлкен кернеуiмен сынау пайдалануға қосуда мiндеттi емес.

Құрғақ трансформаторлардың орамдары оқшаулауын өнеркәсiптiк жиiлiгiнiң үлкен кернеуiмен сынау мiндеттi және жеңiлдiктi оқшаулауы бар аппараттар үшiн осы Қағидаларға 5-қосымшаның 63-кестесiнде келтiрiлген нормалар бойынша жүргізіледі.

Егер олар осы трансформатор зауытта сынап көрген кернеуден аспаса, импорттық трансформаторларды осы Қағидаларға 5-қосымшаның 63-кестесiнде келтiрiлген кернеулермен сынауға рұқсат етiледi.

35 кВ-ге дейiн кернеуге жерге тұйықтаушы реакторларды сынау тиiстi сыныптағы трансформаторлар үшiн келтiрiлген кернеуге ұқсас болып келеді.

110 кВ және одан жоғары кернеулі (85 және 100 кВ сынау кернеуi) бейтараптың толық емес оқшаулауы болатын кластарындағы трансформатор орамының сызықты шығысының оқшаулауы тек индукцияланған кернеумен, бейтараптың оқшаулауы - қосымша тiркелген кернеумен сыналады;

қолжетімді тұтастырғыш түйрегіштердің, сығымдағыш сақиналардың және мойынағаш арқалықтардың оқшауланулары. Сынау белсенді бөлігін қарау кезінде жүргізіледі. Сынау кернеуі 1-2 кВ. Нормаланған сынау кернеуін қолдану ұзақтығы 1 мин.

4) Тұрақты токқа орамдардың кедергiсiн өлшеу. Егер ол үшiн өзектiң қуысы талап етілмесе,

барлық тармақтарда жүргізіледі. Басқа фазалардың осындай тармағынан алынған кедергiден немесе өндіруші зауыттың деректерінен 2 %-ға аспайтын айырмашылығы болуы керек.

5)Трансформациялау коэффициентiн тексеру. Ауыстырып қосудың барлық сатыларында жүргізіледі. Трансформациялау коэффициентiнің Басқа фазалардың осындай тармағынан алынған кедергiден немесе өндіруші зауыттың деректерінен 2 %-ға аспайтын айырмашылығы болуы керек. РПН бар трансформаторлар үшін трансформациялау арасындағы айырмашылықтар реттеу сатысының мәнінен аспауы тиіс.

6)Үш фазалық трансформаторлардың қосу тобын және бiр фазалық трансформаторлардың шығыстары полярлығын тексеру. Егер төлқұжат деректері болмаса немесе осы деректердің ақиқаттығына күдiгi бар болса, монтаждау кезінде жүргізіледі. Қосу тобы төлқұжат деректеріне және қалқаншадағы белгілерге сәйкес болуы керек.

7)Ток пен бос жүріс шығындарын өлшеу. Төменде көрсетілген өлшемдердің бірі жүргізіледі: номиналды кернеу кезінде. Бос жүріс тогы өлшенеді. Токтың мәні нормаланбайды; шағын кернеу кезінде. Өлшеу шығындарды номиналды кернеуге жеткізумен немесе жеткізбей

(салыстыру әдісі) жүргізіледі.

8)Ауыстырылып қосылатын қондырғының жұмысын тексеру және айналмалы диаграммасын алып тастау. Барлық жағдайда ауыстырылып қосылатын айналмалы диаграммасы жасалады. Айналмалы диаграмманың дайындаушы зауытта жасалғаннан айырмашылығы болмауы тиіс. Ауыстырылып қосылатын қондырғының іске қосылу мен түйіспелер қысымын тексеру зауыт нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді.

9)Радиаторлары бар бактi гидравликалық қысыммен сынау. Герметизацияланған және кеңейткіші жоқ трансформаторлардан басқа барлық трансформаторларға жасалады.

Сынау жүргізіледі:

кернеуі 35 кВ-ге дейiн трансформаторларды қоса алғанда - толтырылған кеңейткiш деңгейiнiң үстiнде биiктiгi 0,6 м құрайтын май бағанасының гидравликалық қысымымен толтырылған бактары бар трансформаторлар және май бағанасының биiктiгi үшiн 0,3-ке тең қабылданатын пластинкалы радиаторларды қоспағанда;

майының қабыршақты қорғауы бар трансформаторларда – иілгіш қабықшаның ішінде 10 КПа ауаның артық қысымын жасау арқылы;

өзге трансформаторларда - кеңейткiш май үсті кеңiстiгiнде құрғақ 10 КПа азотты артық қысым немесе май үсті құрғақ ауаны жасау арқылы.

Барлық жағдайлардағы сынау ұзақтығы - кемiнде 3 сағ.

Кернеуі 150 кВ-ге трансформаторларды сынау кезінде бактағы май температурасы – 10оС төмен емес, басқалары – 20-дан төмен емес.

Егер тексеруден кейін май ағуы байқалмаса, трансформатор майтығызды болып есептеледі.

10)Салқындату жүйесiн тексеру. Жiберу және мұздатқыш құрылымдар жұмысының тәртiбi өндіруші зауыт нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

11)Силикагелдiң күйiн тексеру. Индикатор силикагелi бiр қалыпты көгiлдiр түске боялуы тиіс. Түстiң өзгеруі силикагелдiң сулануын куәландырады.

12)Трансформаторлардың фазировкасы. Фазалар бойынша сәйкестік болуы кажет.

13)Трансформаторлық майды сынау. Жаңа майсыз келетiн жаңадан іске қосылатын трансформаторлардың құю алдында осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесiнің 1), 2), 4)–12) тармақшаларындағы көрсеткiштер бойынша сыналуы тиіс.

Майсыз тасымалданатын трансформаторлардан монтаждың басталуына дейiн май қалдықтарының (түбінен) сынамалар алуы жүргізіледі.

110-220 кВ кернеуі бар трансформаторлардағы май қалдықтарының электр берiктiгi 35 кВ төмен емес және 330-500 кВ-ге кернеуі бар трансформаторлардағы 45 кВ төмен емес болуы керек.

Маймен тасымалданатын 110 кВ және одан жоғары кернеуі бар трансформаторлардың майы монтаждау басталғанға дейін осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесі 1)-5) және 10) тармақшаларының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Май массасы 1 т-дан астам маймен келетін трансформаторлардағы майды сынау зауыттық хаттамасы болмаған кезде майды сынау жұмысқа қосар алдында осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесінің 1)–9) тармақшалары бойынша жүргізіледі, ал 110 кВ және одан жоғары кернеулі трансформаторлардың майы бұдан басқа осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесінің 10) тармақшасы бойынша жүргізіледі.

Трансформаторға құйылған майды оны монтаждаудан кейін кернеуге қосудың алдында сынау осы Қағидаларға 5-қосымшасының 93-кестесінің 1)–5) тармақшалар бойынша жүргізіледі.

110 кВ және одан жоғары кернеулі трансформаторлардың майын осы Қағидаларға 5-қосымшасының 93-кестесіндегі 1)–5) тармақшалар бойынша сынаған кезде майдың диэлектрлік шығындары бұрышының тангенсін өлшеу жүргізіледі. Майдың диэлектрлік шығындары бұрышының тангенсін өлшеу сондай-ақ оқшаулаудың диэлектрлік шығындары бұрышы тангенсінің жоғарылатылған мәні бар трансформаторларда да жүргізіледі.

Монтаждауға маймен толтырылып келетін І және ІІ габаритті трансформаторлардың майын оны жұмысқа қосудың алдындағы 6 ай бұрын өткізілген нормаларды қанағаттандыратын зауыттық сынау көрсеткіштері болғанда, осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесінің 1) және 2) тармақшалары бойынша ғана сынауға рұқсат етіледі.

14)Номиналды кернеуге түрткi арқылы қосумен сынау. Трансформаторды номиналды кернеуге 3-5 еселенген қосу процесiнде трансформатордың қанағаттанарлықсыз жұмысын көрсететін құбылыстар орын алмауы тиіс.

Генераторы бар блоктың схемасы бойынша құрастырылған трансформаторлар кернеудi нөлден көтерумен желiлерге қосылады.

15)Енгiзулердi сынау. Осы Қағидалардың 298-тармағына сәйкес жүргізіледі.

16)Токтың кiрiстiрiлген трансформаторларын сынау. Осы Қағидалардың 281-тармағына сәйкес жүргізіледі.

6.Өлшеу трансформаторлары

282. Өлшеу трансформаторлары осы параграфта көзделген көлемде сыналады.

1) Оқшаулау кедергiсiн өлшеу:

Ток трансформаторының негiзгi оқшаулау кедергісін, өлшеу конденсаторының және конденсаторлық типтегі қағаз-май оқшаулаудың соңғы мұқабасының кедергiсiн өлшеу 2500 В мегаомметрмен жүргізіледі.

Ток трансформаторларының екiншi орамдары мен аралық каскадты орамдарының цокольге қатысты кедергiсiн өлшеу 1000 В мегаомметрмен жүргізіледі. Оқшаулау кедергісінің өлшенген мәні осы Қағидаларға 5-қосымшаның 64-кестесiнде келтiрiлген мәндерден төмен болмауы тиіс.

Токтың каскадты ток трансформаторларындағы оқшаулау кедергiсі жалпы ток трансформаторлары үшiн өлшенедi. Мұндай оқшаулау кедергiсiн өлшеу нәтижелерi қанағаттанғысыз болған жағдайда сатылар бойынша қосымша өлшенедi.

2) Оқшаулаудың диэлектрлік жоғалтуларының бұрыштық тангенсiн өлшеу. 110 кВ және одан жоғары кернеудегі ток трансформаторлары үшiн жүргiзіледi.

+200С температура кезінде ток трансформаторлары оқшаулаудың диэлектрлік жоғалтуларының бұрышты тангенсi осы Қағидаларға 5-қосымшаның 65-кестесінде келтiрiлген мәндерден аспауы тиіс.

3) Өнеркәсiптiк жиiлiктiң жоғары кернеуiмен сынау:

бастапқы орамдардың оқшаулағышы. Сынау (шығарулардың бiрiнiң баяу оқшаулағышы бар кернеулі трансформаторларынан басқа) кернеуі 35 кВ-ге дейiнгі трансформаторлар және ток трансформаторлары үшiн арналған.

Өлшеу трансформаторлары үшiн сынау кернеуiнің мәндері осы Қағидаларға 5-қосымшаның 66-кестесiнде көрсетiлген.

Нормаланған сынау қосымшасының ұзақтығы: кернеулі трансформаторлар үшiн 1 мин; керамика, сұйық немесе қағаз-май оқшаулағышы бар ток трансформаторлары үшiн 1 мин; қатты органикалық материалдар немесе кәбілдiк массалардан оқшаулағышы бар ток трансформаторлары үшiн 5 мин;

екiншi орамдардың оқшаулағыштары. Шынжырлармен қосылған екінші орамды оқшаулағыштары үшін кернеудің мәні 1 кВ-ні құрайды. Нормаланған сынау кернеуінің қосымша ұзақтығы – 1 мин.

4)Бос токты өлшеу. Екiншi орамда кернеуі 110 кВ және одан жоғары каскадты трансформаторлары үшiн номиналды кернеуде жүргізіледі. Бос токтың мәнi нормаланбайды.

5)Ток трансформаторларының магнит өткiзгiшінің магниттелуiнiң сипаттамаларын алу. Егер ол үшiн 380 В-ден жоғары кернеу қажет болмаса, токтың нөлден номиналдыға өзгерiсiнде жүргізіледі. Ауытқуларды, теңгерімсіз токты және токтың номиналдыдан жоғары өту шарттарына қатысты рұқсат