Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

62

Дхаммапада

ДХАММАПАДА

I – тарау

ҚОС ЖОЛДАР

1

Дхамма тек ақылмен ғана байланысты, оның негізі – ақыл, ол ақылдан жаратылған. Егер кімде-кім арам ақылмен іс істесе, не сөз айтса, арбаның дөңгелегі өзін сүйреткен көліктен қалмайтыны сияқты, оның артынан бақытсыздық та қалмайды.

2

Дхамма тек ақылмен ғана байланысты, оның негізі – ақыл, ол ақылдан жаратылған. Егер кімде-кім таза, кіршіксіз ақылмен іс істесе, не сөз айтса, оның артынан өзінің көлеңкесі сияқты бақыт та қалмайды.

3

“Ол мені масқаралады, ол мені ұрды, ол менің үстімнен билеп кетті, ол менікін түгел ұрлап кетті”. Кімде-кімнің ойынан осындай пікір кетпесе, оның бойынан әлдекімді жеккөрушілік кетпейді.

4

“Ол мені масқаралады, ол мені ұрды, ол менің үстімнен билеп кетті, ол менікін түгел ұрлап кетті”. Кімде-кімнің ойынан осындай пікір кетсе, оның бойынан әлдекімді жеккөрушілік ада болады.

5

Бұл дүниеде ешқашанда күншілдікті күншілдік тоқтата алмайды, күншілдік еш жерде болмаса ғана, күншілдік жойылар еді. Мәңгілік дхамма дегеніміз осы.

6

Біздің осы жерде өміріміз аяқталатынын кез-келген адам біле бермейді-ау. Егерде осыны білер болсақ, біздің басқа біреулермен айтысып, дауласа беруіміз мүлдем тоқталар еді ғой.

7

Кімде-кім өзінің нәпсісін неғұрлым қанағаттандыра түсудің қамын ойласа, өзінің сезімін ауыздықтай алмаса, тамаққа қомағай, жалқау, батылсыздау болса, ұйтқыған құйынның түбі бос ағашты құлатып, талқандап кететіні сияқты, оны Мара талқандап кетер еді.

8

Кімде-кім өзінің нәпсісін неғұрлым қанағаттандыра түсудің қамын ойламаса, өзінің сезімін ауыздықтай білсе, тамаққа қанағатшыл, әр кез батыл, бірбеткей болса, күшті құйынның құз, жартасты тауды құлата алмайтыны сияқты, оны Мара талқандап кете алмас еді.

9

Кімде-кім тазаламай, шындықты түсінбей, өзін әр нәрседен тежеп ұстамай, сарғайған киім киіп жүрсе, ол сары киім киіп жүруге лайықты емес.

10

Кімде-кім үсті-басын мұнтаздай таза ұстап, әр нәрсеге әр кезде рахымшылық көрсетіп жүрсе, шындықты шын мәнінде түсініп, өзін өзі тежеп ұстап жүрсе, ол сары киім киіп жүруге лайықты болмақ.

11

Істің мәнісіне жетпей жалтақтап тұратын, мәнсіз нәрседен өзінше мән шығарып жүретін адамдар ешқашан істің шын мәнісіне жете алмайды, өйткені ондайлардың үлесіне жалған ниет қана тиесілі.

12

Мәндіні мәнді деп, мәнсізді мәнсіз деп, істің мәнісін шынайы түсінетін адамға шынайы ниет тиесілі.

13

Төбесі жаман жабылған үйге жаңбыр өтіп кететіні сияқты, нашар дамыған ақылды да тиымсыз көрсеқызар құмарлық билеп алады.

14

Төбесі жақсы жабылған үйден жаңбыр өтпейтіні сияқты, жақсы дамыған ақылды көрсеқызар құмарлық билей алмайды.

15

Бұл өмірде зарлап жүрген адам ол дүниеде де зарлап қалады. Ісі арам адам екі дүниеде де зарлап қалады. Ол өзінің істеген зұлымдық ісі үшін іштей азап тартады, зарлап жүреді.

16

Бұл өмірде жайнап жүрген адам ол дүниеде де жайнап жүреді. Істегені тек жақсылық болған адам екі дүниеде де жайнап жүреді. Ол өзінің жақсылық істерін көріп қуанады да жайнап жүреді.

17

Бұл өмірде азап тартқан адам ол дүниеде де азап тартады. Зұлымдық істеген адам екі дүниеде де азап тартады. “Зұлымдықта мен істедім” – деп азап тартады. Ал, басына іс түскен күні одан әрі азап тартады.

18

Бұл өмірде шаттанып жүрген адам ол дүниеде де шаттанып жүреді. “Жақсылықты мен істедім” – деп шаттанып жүреді. Ал, бақытқа қолы жеткен күні одан әрі шаттанады.

19

Егер бір адам Кітап сөзіне қатты иланып, бірақ үнемі мұңды күйде жүрсе, оны өзі жайып жүрген малы басқанікі деп ойлайтын бақташыға баламаған жөн. Ол адам қасиетті адам қатарына жатпайды.

20

Егер бір адам Кітапқа аз қарап, бірақ дхамма жолымен жүрсе, нәпсіге бой алдырмаса күншілдік пен надандықтан аулақ болса, тек шынайы біліммен, асыл ақылмен қаруланып, бұл дүниемен де, ол дүниемен де ісі жоқ болса, міне осы адам қасиетті адам қатарына жатады.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар