Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

XVI – тарау жағымды іс туралы

209

Ұсақ-түйекпен босқа әбігер болып, өзін терең ойға арнай алмаған, өмірде алдына қойған үлкен мақсаты жоқ, болмашыдан ләззат алған адам ой үстінде, өзімен-өзі болып жүрген адамды жақтырмайды.

210

Жағымды іске де, жағымсыз іске де ешқашан түгелдей берілме. Жағымды істі ғана көріп, жағымсыз істі көрмеу – жамандыққа ұрындырады.

211

Сондықтан тек жағымды іс істеме, жағымды істен айрылу қиын екенін тағы да естен шығарма. Жағымды да, жағымсыз да ісі жоқтың дәнекері де жоқ болмақ.

212

Жағымдыдан мұң туады, жағымсыздан үрей туады. Жағымсыздан азат болғанның мұңы да жоқ. Сонда үрей қайдан келеді?

213

Бейімділіктен мұң туады, бейімділіктен үрей туады. Бейімділіктен босағанның мұңы жоқ, оған үрей қайдан келеді?

214

Әбден берілушіліктен мұң туады, әбден берілушіліктен үрей туады. Берілушіліктен босағанның мұңы жоқ, сонда үрей қайдан келеді?

215

Құштарлықтан мұң туады, құштарлықтан үрей туады. Құштарлықтан құтылғанның мұңы жоқ, сонда үрей қайдан келеді?

216

Тілектен мұң туады, тілектен қорқыныш туады. Тілектен босағанның мұңы жоқ, сонда үрей қайдан келеді?

217

Адамгершілігі мол, зерделі, дхаммаға берік, тек шындықты ғана айтатын, өзінің парызын орындайтын адамды халық сүйікті кісі деп санайды.

218

Ойы тек ләззат алу үшін ғана құрылмаған, тіл жетпестей тілек, арманы бар (бұлары тек ақылмен ғана орындалатын) адамды уддхамсота деп атайды.

219

Туыстары, достарымен тілектестері көп уақыт жоқ болып, алыстан аман-есен келген адамды қуанышпен, құшақ жая қарсы алады.

220

Туыстары алыс сапардан келген адамды қуанышпен қарсы алатыны сияқты, бұл дүниеден кеткен жақсы жанды өзінің жақсы істері қарсы алады.

XVII- тарау

АШУ, ЫЗА ТУРАЛЫ

221

Ол ашуынан бас тартсын, ол өзіне-өзі мәз болғанын қойсын, ол өзінің әр нәрсеге құштар болу қылығын жеңсін. Кімде-кім сыртқы түр мен атқа тым үйір болмаса, тым құштар болмаса, соған ешқандай бақытсыздық жоламайды.

222

Жолынан тайған арба сияқты, кімде-кім оянған ашуын тежей білсе, қалғаны тек делбені ұстап отырған адам сияқты ғана болмақ.

223

Әр адам кекшілді кек сақтамаумен, жамандықты жақсылықпен, сараңды жомарттықпен, жалған сөзді шындықпен жеңгені жөн.

225

Денесі көнбіс, ешкімді ренжітпейтін дана адам бір жерде тұрақтап тұрса, ондайлар азаптан ада болмақ.

226

Кімде-кім үнемі көңілді жүрсе, күндіз-түні оқыса, тек нирванға ұмтылса, ынсабы тиылады.

227

О Атула, бұл ежелден келе жатқан бір сөз ғой: “Олар үндемей отырғанға да тиіседі, көп сөйлегенге де тиіседі, мөлшерімен сөйлегенге де тиіседі. Бұл дүниеде ол теріске шығарып, тиіспейтін, соқтықпайтын еш нәрсе жоқ.

228

Тек даттауға немесе тек мақтауға лайық адам бұрын да болмаған, қазір де болмайды, болашақта да болмақ емес.

229

Ақылды адам өзі күн сайын көзімен көріп, байқап жүрген, мінезінде артық қылығы жоқ, білімді, рахымды, мархабатты адамды ғана мадақтайды.

230

Жамбу өзенінің жағасындағы алтыннан жасалған ақшадан кім мін тауып, оны сөгер екен? Мұны тіпті құдайдың өзі де мақтайды. Брахма да оны аса дәріптейді.

231

Тәніңді күнәдан сақта, әр нәрсеге ұстамды бол, ал тәнге келер болсақ, тәніңді күнәсіз, пәк ұстай біл.

232

Сөзді кінәдан сақта, әр нәрсеге ұстамды бол, сөзге келетін болсақ, сөзіңді күнәсіз сөйлей біл.

233

Ақылыңды кінәдан сақта, әр нәрсеге ұстамды бол, ал ақылға келетін болсақ, ақылыңды күнәсіз сақтай біл.

234

Дана адамдар тәніне де ұстамды, сөзіне де ұстамды, олар шын мәнінде өмірдегі барлық жағдайда да ұстамды.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар