Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

XXI – тарау

ӘРТҮРЛІ ЖАЙЛАР ЖАЙЫНДА

290

Егер кішкене ғана бақыт үлкен бақытқа жетуге жағдай жасаса, онда ақылды адам кішкене бақытты ойлаудан бас тартып, үлкен бақыт туралы ойлайтын болсын.

291

Кімде-кім біреуге қиянат жасау арқылы өзіне бақыт іздесе, ол көреалмаушылықтың құрсауынан босай алмайды.

292

Қазір істеуге болатын істі аяқтамай қоя тұрып, басқа бір істі бастап кететін адамдар болады. Мұндай бейпіл және дандайсып кеткен жандардың нәпсісі ырық бермей өсе түседі.

293

Бір мақсатқа жұмылдырылған ақыл, басқа істі қоя тұрып, сол бастаған ісін аяқтауға қарай бет бұрса, онда сол істі тиянақты тындырып шығуға әбден болады. Мұндай ақылды адамдардың әрнені көксеген нәпсісі тиылады.

294

Кшатри кастасындағы екі патшаны әке-шешесімен қоса өлтіріп, патшалықтарын да, ондағы адамдарды да түгел қырып, брахман тайсалмай, алған бетінен қайтпай, ештеңе болмағандай жүре береді.

295

Брахмандар кастасындағы екі патшаны және әкесі мен шешесін, бесінші етіп жолбарыс-адамды өлтіріп, брахман алған бетінен қайтпай жүре береді.

296

Бойына ұлы қырағылық дарыған Гаутаманың шәкірттері әрқашан сергек жүреді. Күндіз де, түнде де, барлық уақытта олардың ойлары Буддаға қарай ұмтылған.

297

Бойына ұлы қырағылық дарыған Гаутаманың шәкірттері әрқашан сергек жүреді. Күндіз де, түнде де, барлық уақытта олардың ойлары дхаммаға қарай ұмтылады.

298

Бойына ұлы қырағылық дарыған Гаутаманың шәкірттері әрқашан сергек жүреді. Күндіз де, түнде де, барлық уақытта олардың ойлары сангхаға ұмтылған.

299

Бойына ұлы қырағылық дарыған Гаутаманың шәкірттері әрқашан сергек жүреді. Күндіз де, түнде де, барлық уақытта олардың ойлары өзінің денесіне қарай бағытталған.

300

Бойына ұлы қырағылық дарыған Гаутаманың шәкірттері үнемі сергек жүреді. Олардың ақылы біреуге күш жұмсамайтындығы үшін қуанышқа бөленеді.

301

Бойына ұлы қырағылық дарыған Гаутаманың шәкірттері әрқашан сергек жүреді. Олардың ақыл-естері ойлануға мүмкіндік болғанына қуанады.

302

Үйренген тіршілікті тастау қиын, қуану да қиын. Үй ішіндегі өмір де қиын әрі бақытсыздық. Сенен басқамен тұру да қиын. Жиһанкез болсаң бақытсыздық артыңнан ере жүреді. Сондықтан, жиһанкез болма, бақытсыздық сенің артыңнан ермесін.

303

Өз сеніміңе берік, әрі рахымды болсаң, байлыққа, даңққа кенелесің, қай жерде жүрсең де сені құрмет тұтады.

304

Рахымды адам Гималай тауы сияқты алыстан көз тартып, нұрланып тұрады. Ал, зұлым жақыннан да көрінбейді, ол бейне бір түнде атылған оқ сияқты көзге түспейді.

305

Кімде-кім жалғыз отырса, жалғыз ұйықтаса, жалғыз қыдырса, кімде-кім іске байыпты да шебер болса, әрі өзін өзі дұрыс ұстай білсе, сол адам бейне-бір қалың орманның ішінде жүргендей қуанып жүрсін.

XXII – тарау

ТОЗАҚ ТУРАЛЫ

306

Кімде-кім өтірік айтса, және кімде-кім бір істі бүлдіріп алып, “жоқ, мұны мен бүлдірген жоқпын”, - деп жалтарса, сол тозаққа түседі. Өлген адамдардың барлығы, мейлі ол патша болсын, мейлі ол жай адам болсын, бірдей тең саналады.

307

Мойынын сары затпен орап жүретіндердің көпшілігі дхамма тәртібін нашар сақтайды һәм қанағатсыз келеді. Нашарлар өздерінің істерімен нашар. Олар тіпті тозақтың өзінде туғандай.

308

Елдің рахымдылық мархабатына бөленген арам пиғылды және қанағатсыз кейбіреулер бейне-бір от-жалынды жұмыр темірді жұтқан адамдарға ұқсап көрінеді.

309

Әдепсіз, басқа біреудің әйелін көксеп тұратын адам төрт нәрсеге тап болады: ұятсыз-арсыздыққа жетеді, жан тыныштығы бұзылады, жұрт оны жек көреді, тозаққа түседі.

310

Арсыздық, қатал тағдырға тап болады жоғарыдағыдай жандар, оның басында шошынған махаббат пайда болады, патша да оны қатал жазалайды. Сондықтан адамдардың басқа біреудің әйелінен аулақ жүргендері жөн.

311

Байқап ұстамасаң кейбір шөптің қолыңды кесіп кететіні сияқты, дәруіштердің өмірі де осындай болады. Өзіңді өзің дұрыс ұстамасаң тозақ сені төңіректеп жүреді.

312

Ұқыпсыз орындалған жұмыс, уақытында берілмеген қарыз, күдікті рахымшылдық – мұның барлығы адамға абырой әкелмейді.

313

Істеуге тиісті іс болса, оны көп созбай, дер кезінде орындап тастау керек. Босбелбеу жолаушы жолдың шаңын көтергеннен басқа не бітіреді.

314

Жұмыстың жаман орындалғанынан гөрі орындалмағаны артық. Өйткені, жаман орындалған жұмыс кейін ауыр азап болады. Қолға алған ісіңді сапалы орындасаң, артынан өкініші де болмайды.

315

Сыртынан да, ішінен де күзетіліп тұратын шекарадағы қала сияқты, өзіңді де берік сақта. Уақытыңды босқа өткізіп алма. Босқа өткен уақыттың арты өкініш, мұның өзі тозаққа да таяу тұрады.

316

Жалған көзқарасты ұстанатын, ұят нәрсеге тап болатын, сөйтіп, ұятқа қалатын адам теріс жолға түскен жан.

317

Жалған көзқарасты ұстанатын, қорқуға болмайтын нәрседен хауіп көретін, қорықпаса да болатын нәрседен хауіп көрмейтін адам теріс жолға түскен жан.

318

Теріс көзқарасты ұстанатын, жамандық бар жерді жамандық жоқ деп санайтын, жамандық бар жерді көрмейтін адам теріс жолға түскен адам.

319

Дұрыс көзқарасты ұстанатын, жаманды – жаман, жақсыны – жақсы деп айыра білетін адам жақсы жолға түсіп, алға қарай жүре бермек.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар