Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

VI – тарау

ДАНА АДАМ ТУРАЛЫ

76

Кімде-кім өзінің кемшілігін көрсетіп айтқан дана адамды көрсе, қазынаның қайнар басын көрсеткен сол дананың соңынан ерсін. Осындайлардың соңынан еру жамандыққа емес, жақсылыққа жеткізеді.

77

Ол бізге кеңес берсін, тағлым таратсын, сұмдықтан сақтап қалсын. Ол жақсыға сүйкімді, зұлымға сұсты боп көрінетін көрікті жан ғой.

78

Жалған достың жанына ешкім де жоламасын, арам жанды ешкім де жақсыға баламасын. Жақсымен сырлас бол, жомартпен сыйлас бол.

79

Дхамманы бастан кешкен жан – бақытты болып өскен жан. Ақылы кіршіксіз кемеңгер дхамманы мақтан етер, жақсылықты жақтап өтер.

80

Диқан егінге суын салады, садақшы оғын жонады, шебер адам ағашын сайлайды, ал дана болса өзін өзі қайрайды.

81

Биік құз жартас желге мұжылмайды, дана адам мақтаса да, даттасаң да бұзылмайды.

82

Дхамманы жадына түйген дана адам қайнар бастаудың мөлдір бұлағындай тап-таза қалпында қала береді, ешқашан лайланбайды.

83

Абзал адам кез келген жағдайда да алған бетінен қайтпақ емес. Парасатты жан көп сөйлеп көпірмейді. Дана кісі күйініште де, сүйініште де бір қалпынан өзгеріп, сыр бермейді.

84

Шын данышпан өзіне де, өзгеге де не мәнсап, не байлық, не ұл бала тілемейді. Заңсыз жолмен табысқа жетуді көздемейді. Сондай саңлақтар рахымды болсын, даналықтан, даралықтан аумасын.

85

Адамдардың ішінен біразы ғана арғы жағаға өте алады. Ал, қалғандары өз жағасын таптаумен ғұмыр кешер болар.

86

Дхамманың жолын қуған, оны жақсы меңгерген жан ғана ажалды аттап өтіп, арғы жағаға жетпек.

87-88

Даналар ғана түнек басқан дхаммадан түңілмей өтіп, жарық айдынды жанымен аялай алар. Үйден безген, қатын-баласыз, баспанасыз, жапанды кезген бишара бекзат іңкәр болған ләззатын өзгеден тапсын. Байлықтан бас тартып, биліктен безіп, өз нәпсісіне өзі тиым салған данышпан ақыл-парасатын сұрқия сұмдықтан, мәнсіз мінез-құлықтан да таза ұстасын.

89

Ешкімге жағымсынбай, тек оқымыстылыққа, білім-ғылымға сүйенген ақыл, еркіндікке жеткеніне қуанып, ешқандай арманды аңсамай жайнап жүрсе, сондай ақыл бұл дүниеде нирванға жетеді.

VII – тарау архаттар туралы

90

Әлемді кезген саяхатшының, ешнәрсені ойламайтын мұңсыздың, барлық жағынан еркін адамның, барлық бейнетті үстінен сыпырып тастай алатын жанның бойында ешқандай құштарлық дерті болмайды.

91

Дана адам жеке жүргенді жақсы көреді, оның үйде отыра беруге ықыласы жоқ. Көлін тастап ұшып кеткен аққу сияқты, ол өз мекенін тастап жеке жүре береді.

92

Дана адам өзі үшін дүние-мүлік жинамайды, оның тамаққа деген ықыласы да жоқ. Оның еншісі – ұсақ-түйек арман, тілек емес, еркіндік, азаттық. Аспандағы құстың жолы сияқты оның жолы қиын да түсініксіз.

93

Оның арман-тілегі жойылған, тамаққа да зауқы жоқ. Оның еншісі – азаттық, қандай бір тілегі, шарты да жоқ. Аспандағы құстың жолы сияқты оның жолы тайғақ кешу, ұғуға қиын.

94

Оның сезімі салиқалы, салмақты. Бейне-бір ауыздықталған ат сияқты ол. Тәкаппарлық дегенді ол білмейді, алдына қойған мақсаты да жоқ. Мұндай жанға құдайдың өзі де қызығады.

95

Ол жер сияқты сабырлы, асып-сасу, тасу дегенді білмейді. Ол бейнебір Индираның діңгегі тәрізді мығым, берік, рахымшыл. Ол жарқырап жатқан мөлдір көл сияқты. Мұндай жанда сансар да болмайды.

96

Оның ойы да парасатты және сөзі сыпайы және жігерлі.

97

Ондай адамның сенімі де жоқ, жаратылмағанды да білмейді, алданатын ермегі де жоқ, өмірдегінің бәрінен қол үзген, шын мәніндегі мархабатты адам.

98

Архаттарға ауыл да, орман да, жазық жер де, тау да, қай жерде жүрсе де оларға бәрі де ыңғайлы.

99

Оларға орманның іші де ыңғайлы. Жай адамдарға ыңғайлы, жайлы емес жердің бәрі де ыңғайлы, жайлы. Олар ешқандай сезімінің қанағаттануын тілемейді.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар