Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

Түсініктеме

Дхаммапада – будда дінінің әйгілі нақыл сөздер жинағы. Дхаммападаның түпнұсқасы пали тілінде жазылған. Бұл будда діні канондарының ең негізгі бас кітаптарының бірінен саналады. Дхаммапада екі сөзден құралған. Мұның мағынасын қазақ тіліне аударсақ, дхамма – ғылым, білім, ілім деген сөзге жақын келеді, ал пада – жол, бағыт, із деген сөздерге жақынырақ келсе керек. Сонда “ғылым жолы” деп аударсақ түпнұсқадағы мағынасына жақындайды деуге болады.

Енді төменде біз мәтінде кездесетін кейбір сөздерге түсінік беруге тырысамыз.

Мара – ажал тәңірі, зұлымдық рухы.

Нирвана – мәңгілік, ажалсыз.

Махнаван – жомарт.

Бхикшу – будданың жолын қуушы рухани адам, кедей, жоқшылықта күн кешуші.

Тагара – хош иісті бұта, өсімдік.

Вассика – ірі гүлді жасминге ұқсас өсімдік.

Лотос – үнді әдебиетінде жиі кездесетін, әйгілі гүлі бар өсімдік.

Йоджана – ұзындық, қашықтық өлшемі (1 йоджана 11 километр мөлшерінде).

Сансара – адамның туған күндері мен өлген күндері.

Архат – бір нәрсеге үйір болушылықтан, берілушіліктен азат болу, жоғарғы бостандыққа жету.

Брахма – үнді дәстүріндегі ең жоғарғы құдай, әлемді жаратушы.

Гандхарва – жарты құдайлардың ерекше құрамындағы аспандағы музыканттар.

Брахман – Үндістанда бұл сөз адамның ең жоғарғы моральдық сапасымен байланыстырылады. Ең жоғарғы сападағы жан-жақты білімдар жан.

Дәруіш – қаңғып күн кешуші, дүние қызығынан безген, діндар, ішкі тыныштықты іздеп әділ жолға түсуші адам.

Малува – шырмауық өсімдік, кейде бұл өсімдік кейбір өсімдіктерді шырмап, өсірмей тастайды, зиянды, теріс пиғылды жандар ретінде аллегориялық шығармаларда қолданылатын сөз.

Сал – ағаштың бір түрі.

Каттхака – жеміс берген соң семіп, өлетін өсімдік.

Иддхи – жоғарғы сезімді психикалық күш.

Соталатти – Нирванға апаратын ағынға кіру.

Пратимокша – этикалық жазбалар ережесінің жинағы.

Будда, дхамма, сангха – будда дінін ұстаушының үш панасы, қорғаны.

Төрт игілікті шындық – будданың негізі.

1. Дүниеде жамандық та бар, бұл кездейсоқ нәрсе емес. 2. Барлық істің себебі бар, өзінің шыққан тегі бар, ол туылған соң пайда болады. 3.Себебін таба білсе жамандық жойылады. 4. Жамандық жойылса сегіз жақсылыққа жол ашылады; олар – дұрыс көзқарас, дұрыс ниет, дұрыс сөз, дұрыс әрекет, дұрыс өмір, дұрыс ұмтылушылық, дұрыс ес, дұрыс тиянақтылық.

Санкхара – буддизм философиясындағы ең күрделі ұғым. Оны түсіну үшін буддизм философиясын тереңдеп, үңіле оқу жөн.

Уддхамсота – сөзбе-сөз алғанда ағынға қарсы жүзуші деген мағынада.

Атула – Будданың шәкіртінің есімі.

Яма – аруақтар патшалығының билеушісі.

Мамхагата – кемелдікке жеткен жан.

Сугата – Будданың көп есімінің бірі.

Бирана – хош иісті шөп.

Усира – ежелгі Индияда жоғары бағаланатын хош иісті бирана шөбінің тамыры.

Лата – шырмауық өсімдік.

Бабба – үйге киетін аяқкиім жасайтын қатты шөптің түрі.

Бхо деп айтушы – бхо брахмандардың сәлемдескенде айтатын одағай сөзі.

Ескерту: Құрметті оқырман, “Дхаммапада” жоғарыда айтқанымыздай, будда дінінің ең негізгі канондарының бірі, мұндағы нақыл сөздер философиялық терең ойларға, адамгершілік ұғымға толы, әрі түсінікті болып келеді. Бірақ, үнді халқының салт-дәстүріне, өміріне байланысты кейбір ерекшеліктер, терминдер жиі кездеседі. Ал мұны дәл де терең түсінем деушілер қосымша үнді халқының философиясын, көркем шығармаларын іздене, үңіле оқулары тиіс. Мұндай адамдар “Дхаммападаны” нақтылы терең түсінетіні сөзсіз.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар