Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

XIX – тарау

ДХАММАНЫ САҚТАУШЫЛАР ТУРАЛЫ

256

Дхамманы өз мақсатын іске асыру үшін істі асығыс қолға алғандар сақтай алмайды. Дана адам дұрысы қайсы, бұрысы қайсы деп жан-жақты ойластырып барып іске кіріседі.

257

Ол ешкімге де күш көрсетпей, дхамма жолымен басқаларды ержүректілікпен алға бастайды. Дхамманы сақтайтын дана адамды, дхамманы сақтаушы деп атайды.

258

Ол көп сөйлегендігі үшін дана емес. Сабырлы, көреалмаушылықтан ада, қорқуды білмейтін жанды дана адам деп атайды.

259

Көп сөйлегенімен, ол дхамманы білгір адам емес, кімде-кім дхаммаға менсінбей қарамаса, тіпті ол аз оқыған адам болса да, өзінің жан-тәнімен оны сезінсе, сол адам шынында да дхамманың білгірі болмақ.

260

Басындағы шашы аппақ болғанымен, ол бәрінен үлкен емес шығар. Ол жасы келіп қалған қарт адам. Бірақ, оны “ештеңе бітірмей қартайған адам” деп санайды.

261

Оның бойында шын мәнінде дхамма болса, күш көрсетпеу, кеуде көтермеу, өзін тежеп ұстау, бұйығы, ары кіршіксіз, ойшыл дана болса, соны үлкен адам деп таниды жұрт.

262

Қызғаншақ, күншіл, жалтарғыш, қу адам өзінің қызыл сөзділігімен, әдемі өңімен кісіні өзіне тартып тұратын сүйкімді жан бола алмайды.

263

Кімде-кім өзінің бойынан жоғарыда айтылғандай жағымсыз нәрселерді сылып тастай алса, кім ақылды болса, көреалмаушылық мінезден құтылса, сондай адамды “жақсы кісі” деп атайды.

264

Ешкімді тыңдамайтын, өтірікші адам басындағы шашын қырып тастағанымен дәруіш бола алмайды. Өзі сараң әрі нәпсісін тия алмайтын адамнан қандай дәруіш шықпақ?

265

Кімде-кім үлкен болсын, не кішкене болсын, зұлымдықты өзіне бағындыра білсе, ондай жанды дәруіш деп атайды, өйткені, ол зұлымдықтың арам ойын тізгіндей алады ғой.

266

Басқа біреуден мейірім сұрағаны үшін бхикшу емес. Барлық дхамманы меңгеріп алып барып қана ол бхикшу бола алады.

267

Мынау дүниеде жақсылық пен жамандықтан биік тұрып, немесе кінәсіз да кіршіксіз өмір сүрсе, өзінің білімін көтерсе, осындай адамды ғана “бхикшу” деп атайды.

268-269

Тірліктің тыныштық тәртібін сақтаса да, ессіз надан дана бола алмайды. “Ақылды адам жақсыны жақтап, жаманды даттап, таразылай білсе, сол дана болмақ. Бұл дүниеде осылардың бәрін ақылмен аңғара білсе, сол дана адам деңгейіне жетеді.

270

Кімде-кім кез келген тірі жанға күш көрсетсе, ол рахымсыз жан болмақ. Егер ол тірі жанның ешқайсысына күш көрсетпесе, сол ғана рахымды адам болып аталады.

271-272

Өзін мүлтіксіз таза сақтаумен немесе салт-дәстүрді орындаумен, немесе терең біліммен, немесе жеке отырып ойға батумен, болмаса төсекке жалғыз жатумен қарапайым адамдар жетіп жүрген архат бақытына жетуге бола ма? О Бхикшу! Өзімнің нәпсімді тию арқылы жоғарыдағы көрсетілгендерге қол жеткізсем, сіз риза болар ма едіңіз?

ХХ – ТАРАУ

ЖОЛ ЖАЙЫНДА

273

Жолдың ең дұрысы – сегіз түрлі жол, шындықтың ең жақсысы – төрт түрлі сөз, дхамманың ең жақсысы – нәпсіңді тию, екі аяқтының ең үздігі – көрегендік.

274

Ең жақсы жолдар осылар. Жанарыңды тазарту үшін бұлардан басқа жол жоқ. Осы жолдарды ұстаныңдар. Бұдан басқаның бәрі – Мараның әзәзілдік жолы.

275

Осы жолдарды ұстансаңдар азап-бейнеттен құтыласыңдар. Сәтсіздіктерден қалай құтылуды білдім де, мен осы жолды Сіздерге жария еттім.

276

Сіздер өздеріңіз ұмтылуға міндеттісіздер. Жалғыз ғана ұстаз – Патхагата. Кімде-кім осы жолдан таймай, терең ойға үңілсе Мараның құрсауынан азат болады.

277

Барлық санкхаралар өтпелі нәрсе. Осыған ойлы көзбен қараған адам зұлымдыққа жиіркенішпен қарайтын болады. Тазарудың жолы осы.

278

“Барлық санкхаралар күйінішті”. Осыған ойлы көзбен қараған адам зұлымдыққа жиіркенішпен қарайтын болады. Тазарудың жолы осы.

279

“Барлық дхамма жаннан ада болған”. Осыған ойлы көзбен қараған адам зұлымдыққа жиіркене қарайтын болады. Тазарудың жолы осы.

280

Кімде-кім уақытында ұйқысынан тұрмаса, кімде-кім жастығына және қайраттылығына қарамастан еріншек болса, кімде-кімнің ойы бұлыңғыр, өзі босбелбеу болса, мұндай жалқау да сылбыр адам ақылдылыққа жол таба алмайды.

281

Айтқан сөзге көңіл қоятын, өз ойын өзі бағындыра алатын, тәнін кінәсіз ұстайтын – осы үш жолда өзінің іс-әрекетінде дұрыс сақтайтын адам даналықтың салиқалы соқпағына түсе алады.

282

Шындығында: ойдан даналық туады, ойсыздық даналықты жояды. Өмірге апаратын һәм өмірді жоятын осы екі жолды біле отырып, даналықты дамытатын жолды ойлау жөн.

283

Әйелге құштарлығы басылмаған еркек енесін емуді күтіп тұрған байлаулы бұзау тәрізді.

284

Еркектің әйелге деген құштарлығы титтей болса да басылмай тұрғанда, оның ақыл-есі де енесін емуге ұмтылған бұзаудай әйелге телінеді де тұрады.

285

Өзіңнің нәпсіңді күздікүні лотостың гүлін жұлғандай жұлып алып таста. Сабырлылық жолында Сугата көрсеткен Нирваның соңынан ергенің жөн.

286

Мен осы жерде жаңбыр кезінде де, жазда да, қыста да тұра беремін деп ойлайды надан адам. Ол хауіп-қатерді есіне де алмайды.

287

Осындай тек өзінің қамын ғана ойлайтын, ессіз жас балаға немесе малға ұқсас тілегі орындалған адамды ұйқыдағы ауылды тасқын су басып кететіні сияқты, ажал алады да кетеді.

288

Әкең де, балаң да, туған-туысқандарың да, ешкім де сені ажалдан арашалап алып қала алмайды. Ешкімнен қорғаныс таба алмассың.

289

Осы шындықты білетін ақылды адам ұстамдылық көрсетіп, Нирванға апаратын жолды тез тазартуы қажет.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар