Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

XIV – тарау

АҒАРТУШЫ ТУРАЛЫ

179

Бұл дүниеде жеңілген құштарлық енді бас көтермейтін, жеңісі енді жеңіліске айналмайтын, шексіз билікке, өкілдікке ие болған осынау соқпақсыз, ағартушы жанды сіз қай жолмен қайда алып бара жатырсыз?

180

Өзінің ойлаған арманынан, алған бетінен қайтпайтын, анау-мынау ұсақ-түйекке үйірлігі, құштарлығы жоқ, әбден жетілген, ағартушылық жолына мүлдем беріле түскен, жан-жақты, шексіз, осынау соқпасыз, салиқалы жанды сіз қай жолмен алып бара жатырсыз?

181

Өзі асқан дана, терең ойға түгелдей, тұтас берілген, тек өзінің азаттығынан ғана ләззат алатын осынау ағартушы жанға тіпті құдайдың өзі де қызыға қарайды.

182

Шынайы адам болу аса қиын, пенде болу да қиын, нағыз дхамманы есту де қиын, ағартушы болып туу да қиын.

183

Жамандыққа жоламау, жақсылыққа жету, өзіңнің ақыл-ойыңды таза ұстау – ағартушының ілімі міне, осылар.

184

Ұстамдылық, терең төзімділік – ең жоғарғы аскетизм, ең жоғарғы Нирвана, - дейді ағартушы адам, өйткені, басқаға қиянат жасау – тақуалық емес, біреуді өкпелету – аскет емес.

185

Біреуді масқараламау, қиянат жасамау және Практимокшаның келісімімен ұстамдылық көрсету, тамаққа қанағатшыл, жеке жүру, асқақ ойға беріле бас ию – міне, ағартушы адамның ілімі осы.

186

Тіпті аспаннан сел боп құйған алтын да нәпсіні қанағаттандыра алмайды. Нәпсіні ауру деп санайтын, одан қуаныш та көрмейтін адам ғана данышпан адам.

187

Ол аспандағы асқақ ләззаттан да қанағат ала алмайды. Толық ағартушылық жолына ұмтылған шәкірт нәпсісіне тиым салғанына қуанады.

188

Қорқыныштан үрейленген адам тау-тастан, орман ішінен, ағаш арасынан, бейіттен, барлық жерден өзіне баспана іздейді.

189

Мұндай баспана да мүлдем хауіпсіз бола алмайды, мұндай мекеннің де ешқандай артықшылығы жоқ. Мұндай мекен, баспана тапса да, ол адам барлық қасіреттен құтыла алмайды.

190

Тек Буддадан, Дхаммадан және Сангхадан пана тапса, шынайы білімді болса, сол ғана төрт шынайы шындықты көре алады.

191

Жамандық, жамандықтың арғы тегі, жамандықты жою және ізгілікті сегіз жол, осылар ғана жамандықты жоюдың жолы болмақ.

192

Міне, осындай баспаналар хауіпсіз, мұндай баспана – ең жақсысы. Осындай баспанаға қолы жеткендер барлық қайғы-қасіреттен ада болады.

193

Жақсы адамдарды іздеп табу оңай шаруа емес, ондай адам әр жерден табыла бермейді, әр жерде тумайды. Дана адам туған жердің туған-туысқандары да бақытты болмақ, гүлдене бермек.

194

Ақ ниетті адамның тууы да игілікті іс, шынайы дхамманың ғылымы да игілікті бақыт, сангхимен келісім табу да игілікті шаруа, аскетизммен келісім тауып өмір сүру де игілікті іс.

195-196

Кедергілерді жеңіп, қайғы мен мұңнан ада болып, осындай азаттыққа қол жеткізіп, қорқыныш-үрей дегенді білмейтіндер (мейлі, ол ағартушы, не шәкірт болсын), міне осындай адамдардың құрметке лайықты істерін айтып жеткізу мүмкін емес

XV – тарау бақыт туралы

197

О! Біз жауласпаушылар өте бақытты тұрамыз, жауласушылардың арасында тұрамыз, біз жауласпаушылар жауласушы адамдардың арасында тұрамыз.

198

О! Біз дені саулар сырқаттардың арасында өте бақытты тұрамыз, біз дені саулар сырқат адамдардың арасында тұрамыз.

199

О! Біз зарықпағандар зарыққандардың арасында өте бақытты тұрамыз; біз зарыққандар зарыққан кісілердің арасында тұрамыз.

200

О! Біз өзімізде еш нәрсе жоқ болса да, өте бақытты тұрамыз. Біз нұр сүйген құдайлар сияқты қуанышты қорек етеміз.

201

Жеңіс күншілдік туғызады. Жеңілгендерді мұң басады. Жеңістен де, жеңілістен де бастартқан сабырлы жан бақытты тұрады.

202

Құштарлықтан ыстық от болмас, күншілдіктен асқан сор болмас, тәннен артық бақытсыздық жоқ, тыныштықтан да артық бақытсыздық жоқ.

203

Аштық – асқан ауру, санкхара – ұлы зұлымдық, осының барлығын жете білетін нирвана – ұлы игілік.

204

Денсаулық – ұлы жеңіс, қанағат – ұлы байлық, сенім – ең жақсы туыс, нирвана – ұлы игілік.

205

Дхамманың тәтті ләззатын татқан адам оңашалықтың оңды екенін, сабырлылықтың сәнді екенін бастан кешіп, қорқыныш пен күнәдан ада болмақ.

206

Парасатты адамдардың жүзіне қараудың өзі бір ләззатты сәт қой, олармен бірге болу – рахат. Надандарды көрмеудің өзі бақыт.

207

Өйткені, надандармен үйір адам азаптың астында қалады, мұның өзі адамды бақытсыз етеді. Ал, ақылдылардың арасында болу – бақыт, бірге туғаныңмен кездескендей рахатты сәт кешесің.

208

Сондықтан, айдың жұлдызды аспанда сайрандайтыны сияқты ғибратты да ғұлама, көпті көрген, көпті білген салауатты да салиқалы даналармен үйір бол, солардың соңынан ер.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар