Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

II – тарау

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

21

Салмақтылық – мәңгі жасаушылыққа апарар жол. Жеңіл ойлылық - өлімге апарар жол. Салмақты адам өлмейді. Жеңіл ойлылар өлілерге ұқсас.

22

Осыны ұққан ақылдылар – салмақтылар. Салмақтылықтан олар өз қуанышын табады. Мейірімділік мәресінде масайрайды олар.

23

Ойлылар, табандылар қашанда бекем, кемеңгер. Олар ешкімге тәуелсіз, еркін, теңдессіз, сондықтан ондайлар Нирванаға жетеді.

24

Кімде-кімнің қайнаған қуаты болса, теңіздей телегей ойлы, сұңғыла, өзін-өзі әр нәрседен тия білетін, іс-әрекеті кіршіксіз таза, дхамма жолымен өмір кешкен жан болса – сол зор даңққа бөленбек.

25

Шіркін, данышпан жан күш-қайратымен, парасаттылығымен, ұстамдылығымен һәм өзін-өзі шектей білуімен ешқандай зор ағын талқандап кете алмайтын азал бөлек бір арал жасқа алсашы.

26.

Надандар мен әумесерлер жеңілтектікке жақын тұрады. Ал, данышпандар салмақтылық пен парасаттылықты ең қымбат қазынасындай сақтай біледі.

27

Жеңілтектіктен аулақ болыңдар, нәпсі мен құштарлықтан сақтаныңдар, өйткені, тек салмақты және ойлы жан ғана ұлы бақытқа жете алады.

28

Мұңсыз данышпан жеңілтектікті жанына жолатпаса, даналықтың шыңына шығады да, тау басынан жазыққа жанар қадап, мұңды адамзатқа данышпанның наданға көз тастағанындай тебірене қарайды.

29

Жеңілтектердің арасындағы салмақты жан қалғып отырғандардың жанында ояу адам тұрғанындай, жүзден жалғыз қара озып келе жатқан шын жүйріктей жеке дара тұрады.

30

Махгаван құдайлардың ішінде біріншілікке салмақтылықтың арқасында ие болған. Салмақты жан мақталмақ, жеңілтек жан датталмақ.

31

Салмақтылықтан өзіне қанағат тапқан немесе жеңілтектікке жаны шоши қараған Бхикшу небір үлкен-кіші бұғауларды бұзып жанатын от тәрізді, өзіне даңғыл жол салады.

32

Салмақтылықтан өзіне қанағат тапқан немесе жеңілтектікке жаны шоши қараған Бхикшу құлауға бейім емес, өйткені, ол Нирванға жақын тұр.

III – тарау

ОЙ ТУРАЛЫ

33

Бейне бір садақшы мерген тәрізді данышпан адам да өз ойын тебіренген, қапаланған, жеңіл жәбірленген, өзін-өзі зорға ұстап тұрған азапты ойға қарай арнайды.

34

Бейне бір аудан шығарылып, жағаға лақтырылған балықтай жанталасқан жалынды ой тек Мараның қанды шеңгелінен сытылып шығып кетуге тырысар.

35

Көп сүрініп, мың сан жаққа бұрылып, буырқанған бұла ойды асқан сабырлылықпен ауыздықтау – игі іс. Ауыздықталған асау ой бақытқа жеткізеді.

36

Бірден түсінуге қиын, жүз сырланып, мың қырланған, жең түрініп, көп сүрінген күрделі ойын данышпан тұңғиық тереңде сақтасын. Тереңдегі тебіреністі ой бақытқа жеткізеді.

37

Алыста асқарлардан асып, жалғыз жортып жүрген жүректе ұялаған ойын асылындай аялаған асыл жан Марадан ада болмақ.

38

Кімде-кімнің ойы тұрақсыз болса, шынайы дхамманы біле алмаса кімнің сенімі құбылмалы болса, ондай жан даналыққа жетпек емес.

39

Кем-кетігі жоқ, абыржуды білмейтін, жақсылықтан да, жамандықтан да бас тартатын ой ешнәрседен жасқанбайды.

40

Осынау тәннің жүдеу жүзін аңғарып, осынау ойды берік бекініс етіп, ол даналықпен қаруланып Мараға шабуыл жасап көрсін. Ол сонда жеңіске жетіп, мақсатына қол артар болар.

41

Амал қанша! Осынау сезімсіз, пайдасыз, қураған дөңбектей дөңкиген тұл дененің жер бетінде қамшының сабындай-ақ қысқа ғұмыры қалды-ау.

42

Жауына жауы не істесе де, күншіл күншілге не істесе де, оларға ара түсетін арам ой бұлардың жайын одан арман нашарлата түспек.

43

Шешесі не істесе де, әкесі немесе басқа бір туысқаны не істесе де, әйтеуір шын пейілді адал ой жас жанның жағдайын жақсарта түсері хақ.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар