Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

XVIII – тарау зұлымдық туралы

235

Сен енді бейне бір қураған жапырақ сияқтысың ғой, саған Яма жақтан адамдар келіп тұр. Сен қазір ажалдың босағасында тұрсың. Сенің қолыңда жолға алып шыққан азығың да жоқ.

236

Өзіңе өзің арал жасап ал, талмай күрес, ақылды бол. Зұлымдықтан тазарған, мінсіз сен енді қайырымдылықтың аспандағы патшалығына жетесің.

237

Сенің өмірің ақырына жетіп қалды. Сен Ямаға жақындап тұрсың. Мұнымен қоса сенің басыңда үйің жоқ, жолға алып шыққан азығың да жоқ.

238

Өзіңе арал жасап ал, қайраттан да күреске шық, ақылды бол! Зұлымдықтан өзіңді таза сақта, ешкімге қиянат жасама, кінәдан сақ бол, жастық та, қарттық та саған қайта айналып келмейді.

239

Ақылды адам күн сайын, біртіндеп өзінің үстіндегі былғанышын сілкіп, кірінен арылуы керек. Іші де, сырты да күмістей жарқырап, көз тартып тұрсын.

240

Темірді басқан тот, темірдің өзінен шықса да, оны жейді ғой. Сол сияқты өзіңнің ісің өзіңді бақытсыздыққа ұрындырады. Мұның өзі дхонға аяқ басқаның сияқты болар.

241

Егер қайталап оқып тұрмасаң жазуды кір басады, тазалап тұрмасаң үйдің іші былғанады, сұлулық еріншектіктен былғанады, өңі кетеді, сақ адам жеңілтектікке берілсе, ол да былғанады.

242

Әйелдің ерсі қылығы арам, зұлымның бергені де былғаныш.

243

Ластың ішіндегі ең лас надандықтың ласы. О Бхикшу, осы ластықтан құтыл да, лас біткеннен ада болшы.

244

Кімде-кім бейпілмінезді болса, қарғадай қағып кетуді аңдып тұрса, ақылсыз, бұзылған, жылмағай, жылпос, жағымпаз болса, сол жеңіл өмір сүреді.

245

Кімде-кім қарапайым, биязы мінезді болса, әрқашан таза жүріп, салмақты, көргенді, кінәсіз болса, оның өмір жолы ауыр болады.

246-247

Кімде-кім өз өмірін бүлдіріп, жалған сөз айтса, өзіне берілмеген, бойына дарымаған нәрсеге жабысса, басқа біреудің әйеліне барып, күнәға батса, араққа беріліп, мас болып жүрсе, бұл дүниедегі өзінің тамырына балта шабады.

248

О адам, мынаны біл! Зұлым дхамманың шегі болмайды. Сараңдық пен дхамманың жоқ болуы ұзақ уақыт сол зұлымдыққа құл болуға мәжбүр етпесін.

249

Адамдар өзінің сенімі қанша керек етсе, соншаға келісімін береді ғой. Біреудің басқадан алған ішіп-жемін көре алмаған адам күндіз-түні өзіне өзі келе алмай, бостан-босқа дал болады.

250

Ал, кімде кім өзінің көреалмаушылық мінезін жоя білсе, оны түп-тамырымен жұлып тастай алса, сол адам күндіз-түні өзіне өзі келіп көңілі жай табады.

251

Нәпсіден артық от жоқ, ашудан артық кесел жоқ, алдаудан артық тор жоқ, арманнан артық өзен жоқ.

252

Басқаның кінәсін көру оп-оңай, ал өзіңнің кінәңді көру қиын. Өйткені, басқаның кінәсін бір нәрсенің қауызы сияқты аршып алып тастауға болады. Ал өзіңнің кінәң сүйекке біткен дерт тәрізді, оны жұлып тастай алмайсың.

253

Біреудің кінәсін ғана көре алған адам өзін өзі мазалайды, оның арман-тілегі де өсе түседі, ондай адам арман-тілегінің өсе түсуін тізгіндей алмайды.

254

Аспанда жол жоқ. Біздің сыртымызда дуана жоқ. Адамдар қуанышты қиялдан табады, татхагата қиялдан аулақ тұрады.

255

Аспанда жол жоқ. Біздің сыртымызда дуана жоқ. Мәңгілік санкхара жоқ. Оқымыстыда тұрақты еместік жоқ.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар