Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

VIII – тарау

МЫҢ ТУРАЛЫ

100

Керексіз сылдыр судан құралған мың сөзден гөрі жүрекке жетіп жататын бір сөз әлдеқайда артық.

101

Керексіз сылдыр судан құралған мың ауыз өлеңнен гөрі жүрекке жететін жалғыз жол өлең әлдеқайда артық.

102

Ешқандай мағынасыз, пайдасыз жүз ауыз өлеңді жатқа айтып тұрғаннан гөрі, естісең көңілің жай болатын жарты ауыз өлең артық.

103

Егер біреу мың жауын мың рет жеңсе, ал енді екінші біреу жалғыз өзін ғана жеңсе, соңғының жеңісі алдыңғыға қарағанда нағыз жеңімпаздың ұлы жеңісі болмақ.

104

Шынында да адамның өзін өзі жеңуі, өзіне өзі тұрақты түрде тиым сала білуі, өзін өзіне көндіре білуі басқа біреуді жеңуден әлдеқайда артық.

105

Шындығында өз ісіне берік, істің мән-жайын жетік білетін адамның жеңісін Марамен бірге Брахма да, тіпті Құдайдың өзі де жеңіліске айналдыра алмайды.

106

Кейбір адам жүз жыл бойы ай сайын мың реттен құрбандық шалсын, ал басқа біреу жалғыз сәтке болса да оған құрмет көрсетсін, бірақ өзін-өзі жетілдіре түссін. Міне, осы соңғының өзі алдыңғыдан немесе жүз жылдық құрбандық шалудан әлдеқайда артық болмақ.

107

Кейбір адам орманда жүз жыл бойы отты өшірмей сақтаса да, өзін-өзі жетілдіре түскен адам оған жалғыз сәтке құрмет көрсетсін, бәрі-бір осындай құрметтеу жүз жылдық құрбандық шалудан артық.

108

Бұл дүниеде кейбір адам жыл бойы қайырымдылық көрсетіп, шапағатын төксе де, кейде мұның өзі көк тиынға тұрмауы да мүмкін. Өмірдің әділ жолына бастаған адам бәрінен де артық.

109

Кімде-кім үлкенді сыйлай білсе, өзі жұртқа қадірлі болса төрт дхаммаға қолы жетеді. Олар: өмір, сұлулық, бақыт, қайрат.

110

Мархабатты да рахымды, өзімен өзі болып, ой тереңіне үңілген ғибратты ғұламаның бір күнгі ғұмыры бұзылған һәм бейбастақ жанның жүз жылғы ғұмырынан әлдеқайда артық.

111

Даналықтың дәриясына ден қойған һәм өзімен өзі болып, ой тереңіне үңілген ғибратты ғұламаның бір күнгі ғұмыры надан әрі нас адамның жүз жылғы ғұмырынан әлдеқайда артық.

112

Қайнаған қайраты бар қуатты адамның бір күнгі ғұмыры еріншек те босбелбеу былжырдың жүз жылғы ғұмырынан әлдеқайда артық.

113

Өмірдің басы мен соңын оймен білген өнегелі өреннің бір күнгі ғұмыры өмірдің басы мен соңын ойына да алмаған әумесердің жүз жылғы ғұмырынан көп артық.

114

Мәңгіліктің жолын көрген кемеңгердің бір күнгі ғұмыры мәңгіліктің мәнін түсіне алмаған наданның жүз жылғы ғұмырынан көп артық.

115

Жоғарғы дхамманы көзі көрген көреген жанның бір күнгі ғұмыры жоғарғы дхамманы көре алмаған көрсоқырдың ғұмырынан көп артық.

IX – тарау

ЖАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ

116

Ол біреуге жақсылық жасауға тырыссыншы. Өзінің ақыл-ойын жамандық жасаудан аулақ ұстасыншы. Біреуге жақсылық жасауға асықпаған адамның ақылы жамандықтан, яғни жамандық жасаудан ләззат алады.

117

Егер адамдарға жамандық жасаған болса, ол жамандығын басқаға да қайта-қайта жасай берсін. Бұл қылығынан ол жақсы бір үміт күтпей-ақ қойсын. Жамандық көбейген жерде қасірет тұр.

118

Егер адамдарға жақсылық жасаған болса, ол жақсылығын басқаға да қайта-қайта жасай берсін. Бұл қылығынан ол жақсы бір үміт күтсін. Жақсылық түбі – қуаныш.

119

Зұлымның өзі де, сол зұлымдығы пісіп жетілгенше, бақыт көргісі келеді. Зұлымдығы әбден пісіп жетілгенде оның көретіні – зұлымдық.

120

Тіпті ізгіліктің өзі де ізгілігі пісіп жетілгенше зұлымдықты көруі мүмкін. Ізгілігі пісіп жетілген соң оның көретіні ізгілік.

121

Зұлымдық жөнінде “Зұлымдық маған келмейді” – деп жеңіл ойлама. Қолыңдағы ыдысыңның өзі де тамған тамшыдан су болып толады ғой. Надандар өзінің зұлымдығы қалай көбейіп кеткенін аңғармай қалады.

122

Жақсылық жөнінде: “Жақсылық маған келмейді” – деп жеңіл ойлама. Қолыңдағы ыдысыңның өзі де тамған тамшыдан су болып толады ғой. Ақылды адам өзінің жақсылығы аздап жақсылық жасағанынан көбейгенін аңғармай қалады.

123

Байлығы көп, бірақ серігі жоқ бай адам сияқты, хауіпті жолда зұлымдықтан аулақ жүрсең, кей адамның өзі өмірінде уды көксеген сияқты болмасын.

124

Егерде қолында бірде-бір жара болмаса, уды қолымен ұстап жүре беруіне болады. Жарасы жоқ жерге у зиян тигізбейді. Кімде-кім зұлымдық жасамаған болса оған зұлымдық жоламайды.

125

Кімде-кім кіршіксіз, кінәсіз таза адамды ренжіткен болса, ондай наданға, желге қарсы лақтырған шаңның өзіңе зиян тигізетіні сияқты, оның арты жамандық болып, өзіне оралады.

126

Кейбіреулер өзінің анасының аясына оралады, зұлымдық жасағандар тамұққа, тозаққа түседі, әділдік жасағандар аспанды паналайды, арманына жете алмағандар Нирванға жетеді.

127

Ақырында зұлымдықтан арылса да, ондай жан өмірге шын сіңісіп, кірігіп кете алмаса, аспаннан да, мұхиттың ортасынан да, тіпті, жердің жарығынан да өзіне пана таба алмайды.

128

Өлімді де өз санасымен жеңе алмаса, өмірге шын сіңісіп, кірігіп кете алмаса, ондай жан аспаннан да, мұхиттың ортасынан да, тіпті жердің жарығынан да, жер бетінен де өзіне мекен таба алмайды.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар