Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

XII – тарау

ӘР АДАМДАҒЫ “МЕН” ТУРАЛЫ

157

Әркімнің өзінің “мені”, әрине, жақсы нәрсе. Әркім оны қырағылықпен сақтағаны дұрыс. Данышпан адам өзінің үш қорғанының бірі ретінде оған риза болуы керек.

158

Ол ең алдымен өзін тиісті жағдайға келтірсін. Содан соң басқаны үйренуіне болады. Дана адам алған жолынан аумайды.

159

Басқаны қалай үйретсе, өзі де солай үйренсін. Өзін бәріне толық көндірген адам басқаны да соған көндіре алады. Шын мәнінде өзін-өзі бәріне де көндіру қиын іс.

160

Әркімнің өзіндегі “мен” өзінің қожасы. Оған өзінен басқа кім қожа болуы мүмкін? Ең қиын нәрсе - өзіндегі “менді” толық тауып көндірсе, ол өзінің қожайынын тапқаны болмақ.

161

Өзінен-өзі туған, өзінен-өзі пайда болған жамандық та болады. Ал жақсылық болса, өткір алмас тасты тілетіні сияқты, надандықты да жеңеді.

162

Кімнің мінезі шәлкес болса, онда ол өзінің жауы қалағанындай іс істейді. Ондай адам сал ағашын орап, шырмап алатын манува ағашын еске түсіреді.

163

Адамға зиянды әрі жаман іс – істің жеңіліне әуес болу. Ал жақсы да пайдалы іс – қашанда ең қиын нәрсе ғой.

164

Теріс көзқарасы бар надан адам архат іліміне күдікпен қарайды. Дхаммаға байланысты өмір сүретін рахымшыл, игі ниетті адам каттхака бұтасына ұқсас, пісіп жетілген соң жемісін береді де, өзі жойылады.

165

Кей адам жамандық іс істейді де, өзін өзі қор етеді. Жамандық істемеген адамның өзі де таза болады. Тазалық пен ластық бір-бірімен байланысты. Бірін-бірі тазалай алмайды.

166

Өзінің ізгілікті ісі бола тұрып, басқаның да ізгілікті ісін жоққа шығармауы жөн. Өзінің ізгі ісін тани отырып, жоғары деңгейдегі ұлы істерге ұмтыла бергені дұрыс болмақ.

XIII – тарау дүние туралы

167

Дімкәс дхамманың соңынан ілеспе! Жеңілтектікпен ғұмыр кешпе! Жалған пікірге берілме! Көп жасауға құштар болма!

168

Орныңнан тұр! Жеңілтек болма! Парасатты Дхамманың соңынан ілес! Дхамманы мүлтіксіз сақтаған жан бұл дүниеде, тіпті ол дүниеде де бақытты болмақ!

169

Парасатты дхамманың соңынан ер, бұзылғанмен бірге жүрме! Дхамманы мүлтіксіз сақтаған бұл дүниеде, тіпті ол дүниеде де бақытты болмақ!

170

Мынау дүниеге бос қуыс, бұлдыр елес деп қараған жанды ажал патшасы да көрмейді.

171

Барыңдар, анау дүйім дүниеге бейне-бір патшаның күміспен күптеген күймесіне қарағандай қараңдар! Надандар сандырақтаған жерде данышпандарға ештеңе де жоқ.

172

Алдымен жеңіл ойлы болып, артынан салиқалы салмақтылыққа ауысқан жан бейне-бір бұлт арасынан шыққан Ай секілді дүниені нұрландырып жібереді.

173

Өзінің бастан кешкен кінәсін жақсы ісімен өтеген өрен өр бейне-бір бұлт арасынан шыққан Ай секілді дүниені нұрландырып жібереді.

174

Мынау дүние көрсоқыр: бұл дүниеде кейбіреулер ғана анық көре алады. Тордан шыққан құстай аздаған адамдар ғана көкке құлаш сермеп шыға алады.

175

Аққулар күннің соқпағымен сапар шегеді, олар аспанда иддхидің көмегімен сапарға шығады. Дана адамдар Мараның жауынгерлерімен күресте жеңіп шығып, бұл дүниеден кетеді.

176

Адамдар жалған айтатындарды, ол дүниеден бас тартатындарды, бірыңғай дхамманы жек көретіндерді жеңе алмайтын болса, бұдан асқан жамандық жоқ.

177

Сараңдар шынында да құдайдың қасына жақындай алмайды, құрбандық шалдым деп мақтана алмайды.

Даналар біреуге жақсылық жасап, қамқор болғанына қатты қуанады, осы қылығы үшін ол басқа дүниеде бақытты болмақ.

178

Жер бетіндегі жалғыз билеушіден, немесе аспанға ұшып барудан, бүкіл ғаламды, бүкіл дүниені жалғыз өзі билеушіден сотапатти ағымының жемісі артық.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар