Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

IV – тарау

ГҮЛ ТУРАЛЫ

44

Мынау бүкіл жерді және Яма дүниесі мен Құдайдың дүниесін кім жеңеді? Дана адамның гүлді табатыны сияқты, кім дхамманың жақсы жолын табады?

45

Мынау бүкіл жерді және Яма дүниесі мен Құдайдың дүниесін шәкірт жеңеді. Дана адамның гүлді табатыны сияқты, дхамманың жақсы жолын шәкірт табады.

46

Мынау тән бейне бір көбік сияқты екенін білетін адам, оның кіршіксіз тазалығын білетін адам, гүлмен әшекейленген Мараның оғын жұлып алған адам патшаның ажалына арналған, көзге көрінбейтін жолмен жүріп өтсін.

47

Ақылы бейне-бір кеуіп, қатып қалған қайыстай, жайнап тұрған гүлді жұлып алған адамды, тасыған су ұйықтап тұрған ағашты жұлып әкеткен адам сияқты, оның өзін де ажал келіп ұрлап әкетсін.

48

Ақылы бейне-бір кеуіп, қатып қалған қайыстай, жайнап тұрған гүлді жұлып алған, көрсеқызар сезімнің қызығына тойымсыз адамды ажал өзіне бағынышты етсін.

49

Гүлдің бояуына, иісіне ешқандай зиян келтірмей, өзіне қажетті шырынды сорып алып, ұшып кететін ара сияқты, данышпан ұстаз да ауылға дәл осылай келіп кетсінші.

50

Ол істеген не істемеген басқалардың қатесіне қарамасын, бірақ әлі істемеген не істеген өзінің қатесіне қарасын.

51

Ешқашанда іске асыруға болмайтын, кейбір адамның жақсылап айтқан сылдыр сөзі, сыртқы түрі тамаша, жайнап тұрған, бірақ жемісі де, жұпар иісі де жоқ гүл сияқты.

52

Іске асыруға болатын, кейбір адамның байсалды түрде жақсы айтқан сөзі жемісті, әрі көздің жауын алатын сан түсті және жұпар иісті гүл сияқты.

53

Бір бума гүлден көптеген гүл шеңберін жасауға болатыны сияқты, қарапайым пенде дүниеге келгеннен кейін көптеген игі істер істей алады.

54

Гүлдің жұпар иісі желге қарсы жақтан білінбейтіні сияқты, сандал ағашы мен тагар, жасмин бұталарынан да желге қарсы жақтан жұпар иісі сезілмейді. Ал, рахымшылықтың жұпар иісі желге қарсы жақтан да білініп тұрады. Жақсы адамға жүз кісілік орын бар.

55

Сандал ағашы немесе тагар, лотос немесе вассика гүлдері – ең жақсы іс, ең жақсы жұпар иіс, бұларға тең келетін дүниеде еш нәрсе жоқ.

56

Қанша дегенмен, тагар мен сандал ағашының жұпар иісі бәсеңдеу. Ал Құдайлар арасындағы игі істің жұпар иісі – ең артық жұпар иіс қой.

57

Кімде-кім шарапатты болса, әрбір істе парасаттылық танытса, өзінің кемелді білімінің арқасында еркін болса, Мара оған жететін жол таба алмайды.

58-59

Үлкен жолдың шетіне лақтырып тастаған қоқымның үстіне өсіп шығатын жұпар иісті, ақыл-ойды рахатқа бөлейтін лотос гүлі сияқты, көрсоқырлардың отбасынан бөлініп шыққан шын мәніндегі шәкірт те өзінің даналығымен ерекшеленіп тұрады.

V – тарау

АҚЫМАҚТАР ТУРАЛЫ

60

Түннің ұзақ болуы демалып, тынығатындар үшін, йоджананың ұзақ болуы шаршағандар үшін, сансараның ұзақтығы шынайы дхамманы білмейтін ақымақтар үшін қажет болмақ.

61

Ұзақ жолда сапар шеккен жан өзіне тең, не өзінен артық адам кезіктіре алмаса, ол жалғыздықты жасқанбай қарсы алғаны жөн. Ал, ақымақпен достық шынайы достық бола алмайды ғой.

62

“Ұлым менің, байлығым менің” – деп бәйек болады ақымақ адам. Ол егер түсіне білсе өзі де өзінікі емес қой. Сонда қалайша ұл оныкі болады? Байлық оныкі болады?

63

Өзінің ақымақтығын білген ақымақ данышпанға тең. Ал, өзін данышпанға теңеген ақымақ шын мәніндегі ақымақ.

64

Егер ақымақ өзінің данышпанға қатысы бар екенін өмір бойында бір сәт білсе, тіл көженің дәмін білетін қасық сыпатты болмақ.

65

Егер данышпан өзінің данышпанға қатысы бар екенін білсе, тіл көженің дәмін білгені сияқты дхаммамен тез біліспек.

66

Ақылдан жұрдай, ақымақ адам іс істеп, өзіне өзі жау болғанын білмейді де сезбейді. Ал, арам адам ісінің ащы дәмін өзі татады.

67

Артынан ащы дәмін татқызып көзді жасқа толтыратын, зар еңірететін қате іс қатерінен аулақ жүрген жөн.

68

Артынан тәтті дәмін татқызып, көңілді қуанышқа толтыратын игілікті іс жемісті де жеңісті-ау.

69

Зұлымдық, пісіп жетілгенге дейін ақымақ оны балға балайды. Кейін зұлымдық пісіп жетілгенінде ақымақ зар еңіреп, өкініш көкірегін қарс айырады.

70

Ақымақ ай сайын кус шөбінің жапырағына салып тамақ ішсе де, бәрі-бір дхамманы білетін адамның он алты бөлігінің бір бөлігіне де тұрмайды ғой.

71

Сүт бірден ұйып кетпейді емес пе, арам ойлы іс те бірден өз нәтижесін бере қоймайды, күлдің астында бықсып жатқан от тәрізді ол да ақымақтың артынан ереді.

72

Егер ақымақ адам өзінің бақытсыздығын білімімен бүркемек болса, онда сәті түсіп тұрған сыбағасынан айрылып, өзінің басын жарақаттайды.

73

Ол өзінің жағдайын пайдаланып, қолынан келместі көксеп, бхикшудың ішінде біріншілікті, монастырь билігін алуға, басқа тайпалардың арасында құрметті болуға тырысып бағады.

74

“Барлық адамдар, тіпті қаңғыбас дуаналар да осының бәрі менің істеген істерім деп ойласын. Барлық іс, барлық жағдай маған байланысты деп ойласын”, - міне, ақымақтың ниеті осы, оның тоғышар тәкаббарлығы мен ниетінің топастығы күннен-күнге арта түседі.

75

Өйткені, бір жағдай байлыққа ие болуға қарай апарса, басқа бір жағдай нирванға апарады. Осыны біле отырып, бхикшу, Будданың шәкірті құрметке қуанбайды, бірақ жалғыздықты сүйеді.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар