Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

3. «Кім білгіш?» ойыны.Сөзжасамнан өткенді қайталау сұрақтары

1.Сөз тұлғасы деп нені атаймыз? Мысал айт.

2.Түбір мен қосымша. Мысал келтір

3.Дара,күрделі сөздер.Мысал келтір.

4.біріккен сөз деген не? Оның емлесі.Мысал.

5.Қос сөз деген не? Неше түрі бар? Мысал.

6.Қайталама қос сөз қалай жасалады? Мысалмен айт.

7.Қосарлама қос сөз қалай жасалады? Мсыалмен айт.

Жаңа сабақ.

Кесте-плакат арқылы қысқарған сөздердің жасалу жолы мен емлесін түсіндіру.

Р/с

Қысқарған сөздердің

жасалу жолы

Мысалы

Емлесі

1.

Күрделі атау құрамындағы

сөздердің бас әріптерінен

құралады

БҰҰ – Бірікен Ұлттар

Ұйымы

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

ҚХР мен Қазақстан Республикасы достық қатынаста.Биыл еліміздің көп жастары

АҚШ – қа оқуға жолдама алды.

2.

Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады.

ҚазМИ – Қазақстан медицина институты

АлМУ – Алматы мемлекеттік университеті

ҚазТАГ мәлімдеме жасады.Манар ҚазМҰУ – дың филология

Факультетінде оқиды.

3.

Күрделі атаулардың құрамындағы бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас

Қалпында бірігіп қолданылады.

Атком – атқару коми- теті педколледж – педагогикалық колледж

Совхоз,колхоздар жекешелендірілді.

Мектептің

медпунктінде

тіс дәрігері балаларды

емдейді.

4.

Техника түрлерінің (ұшақ,машина,трактор т.б.) маркаларын білдіретін шартты белгілер

ГАЗ-51, ТК-154, ИЛ-86 АН-24

Ол ГАЗ-53 көлігімен шөп тасыды.Астанадан

Ардақ ТУ154-пен ұшып келді.

5.

Әр түрлі өлшемнің атауы

См, мм, км, га, кг, ц, т,м

1кг бал жинау үшін ара он тоғыз миллион гүлге қонады.

20км-ден астам жер жүрдік.

Қысқарған сөздердің емлесі

Қосымша дефис арқылы

жазылады

Қосымша

бірге жазылады

жазыл-

майды

БҰҰ-ға

ҚазМИ-ына

ТУ-154-пен

колледжге

кг+ның

Кейбір күрделі атаулар,мемлекет,мекеме,ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралып,кейде қысқартылып та қолданыла береді.Мысалы:Қазақстан-Британ техникалық университеті деген ҚБТУ болып қысқартылып та қолданыла береді. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алынуын

Қысқарған сөздер дейді.

Сабақты бекіту.

  1. Сөздердің бас дыбыстары алынады: СЭС – санитарлық эпидемиялық станция,ЖЭС – жылу электр станциясы.

  2. Бірінші сөздің буыны мен қалған сөздердің бас дыбстары алынады: ҚарМУ,ҚазМИ.

  3. Сөздердің бас буындары алынады немесе бірінші сөздің бас буынына қалған сөз өзгертілмей қосылып алынады: Қаз пошта,партком.

  4. Техника: Ан-86,Газ-51.

  5. Өлшем бірліктері: см,км,мм,т,кг.

Жаттығу жұмыстары.

102-жаттығу.Қысқарған сөздерге қосымша жалғап,сөз тіркесі мен сөйлемдер құраңдар.

Үлгі: Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның )Ұлттық Ғылым академиясы) жылдық жалпы жиналысы болды.

103-жаттығу.Төмендегі қысқарған сөздерді қатыстыып,бірнеше сөйлем құрап айтыңдар.

Үлгі: Апам екі кг.лма сатып алды.

Кәртішкемен жұмыс.Қысқарған сөздерге түрлендіру жұмысын жүргізу (төрт жалғау бойынша): Газ-69,

медколледж,АҚШ,кг,Ил-86,Қазпошта,СЭС,см.

Қысқарған сөзі бар сөйлем жаздырып,оны сөйлем мүшесіне талдату.Мысалы: Менің ағам СЭС-те дәрігер

болып қызмет атқарады.

Кесте бойынша бір сөйлемге фонетикалық талдау жасату.

Мысалы

Дауысты дыбыс

Дауыссыз дыбыс

Қатаң

Ұяң

Үнді

Испандықтар

. . .

и-жіңішке,қысаң, езулулік

а-жуан,ашық, езулік;

ы-жуан,қысаң,

езулік.

с,п,қ.

д,н.

р.

Испандықтар Қазақстан деген ел тралы КСРО ыдырағаннан кейін ғана құлағдар болыпты.

Осы орайда ол АҚШ,Ұлыбритания,Жапония,Корея елдерінің тәжірибесін тілге тиек етті.

«Күздігүнгі егін жинау науқаны» туралы шағын мәтін құрастыру.(суретті кәртішкелерге сүйену арқылы)

Қорытынды.Қысқарған сөздердің жсалу жолы мен емлесін қысқаша айтып сабақты қорытындылаймын.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

1.101-жаттығу.Баспасөз материалдарын оқып,қысқарған сөздерді атаңдар және олардың қандай жолмен қысқарғанына назар аударыңдар.Қысқарған сөздерді көшіріп жазыңдар.

2.Қысқарған сөздер тақырыбына бес сұрақтан тұратын тест құрастырыңдар.

3.Қысқарған сөздерге бірнеше сөйлем ойлап жазып келу.

«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары

1.қазақ тіл білімінің неше саласы бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е)6