Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

VI.Қорытынды.Бағалау,мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік құрамы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.Қазақ тілінің сөзік құрамы туралы түсінік беру.Дағдыларын,машықтарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық.Өткен сабақтардан алған білімдерін қайталауға арналған әр түрлі жаттығулар арқылы балаларды тез ойланып,жауаптарын тиянақты,жүйелі айта білуге дағдыландыру.Мәнерлеп оқуға баулу.Ізендіре отырып,шығармашылыққа баулу.

3.Тәрбиелік.Қазақ халқының өмірінен елес беру.Ой қиялын өз өрнегімен бере білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе,қазақ тілінің сөздік құрамы жазылған кесте,сурет,бейнетаспа,т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,талдау-жинақтау,сұрақ-жауап..

Пәнаралық байланыс: әдебиет,сурет өнері,халықтық педагогикамен байланыс.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру.Сыныптағы оқушыларды түгендеп,сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,бекіту.

1.Тест жұмысы арқылы оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру,бағалау.

2.Сұраулар қоя отырып,өткен тақырыптағы ережелерді қайталау,мысалдар келтіру.

* Лексика дегеніміз не?

* Омоним,антоним,синоним

* Тұрақты сөз тіркесі

* Мақал мен мәтелдің бір-бірінен айырмашылығы

* Айтылған мақал-мәтелдеріңді аяқтап айт.

1.Батырға да ...

2.Айдағаның бес ешкі ...

3.Еңбек етсең ерінбей ...

4.Оқу инемен ...

* Сөздік қор

ІІІ.Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі. «Дананың сөзі – ақылдың көзі» демекші Жүсіп Баласағұнның сөзін еске түсірелікші:

«Ақылдың көркі – тіл,тілдің көркі – сөз».Ғ.Мұстафин аталарың «Жалғанда не терең? Сөз терең.Не сұлу? Сөз сұлу.Не өткір? Сөз өткір» демеп пе еді.Ендеше даналарымыз айтқан сұлу,терең,өткір сөздің,яғни қазақ тілінің сөздік құрамы қандай екен соған назар аударалық.

Мына үлкен жайқалып өскен емен ағашына назар салайықшы.Жерден нәр алған тамыры мен діңгегі сөз болса,ал бұтақтары сол сөздің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады екен.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді.Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де,кірме сөздер де,кейін пайда болған жаңа сөздер де,дталектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.

IV.Алған білімдерін тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс.Ережені оқушылардың оқуы.

2.Жаттығу жұмысы.

145-жаттығу.Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап,сонан соң сөйлем құраңдар.

Мен жазда өзенге көп шомылдым.Сендерге хайуанаттар бағын ұнататындар бар ма?Біздің ауыл маңында ағаштар қалың өседі.Айжан жолдасына кітап берді.Таңертең күн шайдай ашық болып еді,кешке қатты өзгерді.

А тобына. 145-жаттығудан бірінші сөйлемді басшылыққа ала отырып шағын мәтін құрастырып жаз.Мәтіннің түрін ата,тақырып қой.

Ә тобына.Сөйлем ішінен тек заттың атын білдіретін сөздерді көшіріп жаз,сұрақ қой.

146-жаттығу.Мәтінді оқып,мазмұнын түсіндіру.Мәтінге ат қою.

V.Шығармашылық жұмыс.

Үйге тапсырма беру: а) ереже жаттау; ә) 144-жаттығу.

Тоқсандық,жылдық білімдерін бақылау мақсатындағы тест тапсырмалары.

Күні:

Аты-жөні: