Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

1. Біріккен сөзді белгіле:

1) ашық 2) кәсіпорын 3) отыз 4) балдырған

2.Қос сөзді белгіле.

1) қаптесер 2) балықшы 3) домбыра 4) жан-жануар

3.Тіркесті сөзді белгіле.

1) ата-ана 2) ауа райы 3) балапан 4) шаруашылық

4. Одағай сөзді белгіле.

1) бәрекелді 2) жазбаймын 3) селк етті 4) сайын

5.Дерексіз зат есімді белгіле.

1) қарындаш 2) парасат 3) жиырма 4) ақкөңіл

6. Туынды сын есімді белгіле.

1) жақсы 2) денелі 3) таза 4) терең

7.Болжалдық сан есімді белгіле.

1) екеу 2) екіден 3) алтыншы 4) жүздей

8.Сілтеу есімдігін белгіле.

1) мынау 2) барлық 3) біз 4) әркім

9.Туынды етістікті белгіле.

1) тазала 2) сөйле 3) көрді 4) отыр

10. Өзгелік етісті белгіле

1) киінді 2) терісті 3) салдырды 4) жасалды

11. Ортақ етісті көрсет.

1) оқыт 2) таранды 3) сөйлесті 4) төселді

12. Есімшені белгіле.

1) айтса 2) келіпті 3) оқыған 4) барма

13.Көсемшені белгіле

1) айтқан 2) жүріп 3) болар 4) оқыту

14.Үстеуді белгіле

1) аңшы 2) жоғары 3) жақын 4) отыз

15.Еліктеу сөзді белгіле

1) ақырын 2) сарт-сұрт 3) алақай 4) сайын

16. Септеулік шылауды белгіле

1) әттең 2) кейін 3) төмен 4) әсіресе

17.Туынды зат есімді белгіле

1) қақпа 2) қалың 3) төмен 4) достық

18.Жинақтық сан есімді тап

1) екінші 2) оннан 3) төртеу 4) жүздеген

19.Бейнелеуіш сөзді белгіле.

1) сарт-сұрт 2) жалп етті 3) үлкен-кіші 4) ала жаздай

20.Сапалақ сын есімді тап.

1) тасты 2) сулы 3) бірнеше 4) таза

Сабақтың тақырыбы : Ауызша тілдің нормасы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика Тұлпар шаба жетіледі

элементтерін қолдану : Сұңқар ұша жетіледі.

Пәнаралық байланыс : әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Әдеби тілдің нормалары дегеніміз не?

2.Мәтін дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді.Оның бірі – ауызша тіл,екіншісі – жазбаша тіл.Ауызша тіл үй іші,отбасында ғана емес,теле-радио хабарларында,жиын-жиналыстарда сөйлеу,адамдардың бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуі,диалог арқылы,мұғалімнің сабақ түсіндіруі,оқушының жауабы және т.б. арқылы көрінеді.Әр түрлі кітаптар,көркем шығармалар,оқулықтар,газет-журналдар,ғылыми еңбектер және т.б. жазбаша тіл арқылы беріледі.Ауызша,яғни сөйлеу тілінің өз нормалары болады.Ауызша тілдің нормалары орфоэпиялық нормалар деп аталады.Онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуындағы бірізділік,үндестік сақталып отырады.Мысалы, Ақ үйден шыға келді әнші жігіт деген сөйлем орфоэпиялық норма бойынша: Ағ үйдөн шыға гелді әнші жігіт болып ыйтылады.Екінші сөздегі бірінші ү дауысты дыбысының әсерінен алдыңғы ақ сөзінің соңғы қатаң қ дыбысы ұяңданып,ғ болып,үйден деген сөздің бірінші буынындағы ү деген еріндік дауысты дыбыстың әсерінен шығыс септіктің жалғауындағы (-ден) езулік дауысты е еріндік ө дыбысына айналып, үйдөн болса,келді деген сөздің бірінші к дыбысы алдыңғы сөздің соңғы дауысты а дыбысының әсерінен ұяңданып, г болып (гелді) айтылады.Ал жазуда ол ескерілмейді,орфографиялық норма негізінде жазылады.Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпиялық сөздіктерде беріледі де,дұрыс жазылуы орфографиялық сөздіктерде көрсетіледі.

Жаттығумен жұмыс: 3-жаттығу. Тіл туралы жазылған бір мәтінге орфографиялық, орфоэпиялық нормалар бойынша талдау жасаңдар.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Баланың тілі,ең алдымен,ана тілінде шығады дейміз.Осының себебі туралы ойланып,пікірлеріңді айтыңдар.

2.Ана тілі деген ұғымды сен қалай түсінесің: ол сені дүниеге әкелген ананың тілі ме,әлде өзің өкілі болып саналатын халқыңның тілі ме?

3.Ана тілі арқылы нені үйреніп,білесіңдер?

4.Мәдени және рухани байланыс дегенді қалай түсінесіңдер?

5.Ана тілінде білім,тәрбие алу дегенді қалай түсінесіңдер?

6.Ана тілін білмеген адам туған халқын,Отанын,елін сүйе ала ма?

7.Ана тілінде бізге көнеден жеткен даналық,шешендік,ерлік,елдік өнер,білім туралы қандай сөздерді (шығармаларды) білесіңдер?

8.Ана тілінің қадір-қасиеті туралы өз ойларыңды жазыңдар.

9.Қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенді қалай түсінесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма.

Сабақтың тақырыбы : Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Әдеби тілдің өмір сүріп,дамуы,қоғамдық қызметі негізінен жазба әдебиетпен байланысты.Әдеби тілдің әр түрлі қасиеттерін,мысалы,нормалық,жүйелік сипаттарын,дамуын,қоғамдық қызметтерінің алуан түрлі екенін танып-білу үшін жазба әдебиеттің әр түрінен мысалдар келтіріп отырамыз.Ол мысалдар жеке сөйлемдерғана емес,үлкен-үлкен үзінділер болып та келеді.Әдетте ондай үзінділерді мәтін деп атайды.Яғни, мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасыының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,

Олардағы ойлар жинақталып келіп,автордың (жазушының,ғалымның,зерттеушінің және т.б.) белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.Ол көркем шығарма да,публицистикалық шығарма да,

Ғылыми әдебиет те болуы мүмкін.Ғылыми әдебиет әр түрлі ғылым саласына,мысалы,биология,астрономия,экономика,медицина,химия,математика,тіл білімі,тарих,әдебиет,физика,техника және т.б. қатысты болып келеді.

Мәтіннен әдеби тілдің сөздік құрамын,сөз байлығын,сөз қолданылуыныңмағыналық ерекшеліктері,арнайы сөздердің,терминдердің,жаңа сөздердің,жергілікті сөздердің,басқа тілден сөз алу,тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қолданылу сипатын көріп,айқындаймыз.

Жаттығумен жұмыс : 4-жаттығу. Берілген сөздердің қандай ұғымды білдіретінін,яғни мағынасын анықтаңдар.

Кітаппен жұмыс: 7-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып,ондағы орыс тілінен енген сөздерді атаңдар.Мәтіндегі ой бөліктерін анықтаңдар.Мәтінде қай жылдардағы оқиға көрініс тапқан?

Орыс сөздерінің ену себебін айтыңдар

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Мәтін дегеніміз не?

2.Сөз дегеніміз не? т.б.

Білімді бағалау: Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 6-жаттығу.Байырғы түбір сөдерді,жұрнақ арқылы жасалан сөздерді,сөздердің бірігуі,қосарлануы,тіркесуі арқылы жасалған сөздерді баған-баған бойынша бір-бірінен ажыратып жазыңдар.

Зат есім

Сабақтың мақсаты: а) білімдік — зат есім туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету; ә) дамытушылық — түрлі : әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу; б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық ізденіс сабағы.

Сабақтың типі: жаңа сабакты меңгерту.

Сабақтың әдістері: сын түрғысынан ойлау стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: схема, теледидар, кадоскоп

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушыларды бірден төртке дейін санай отырып 4 топқа бөліп отырғызамын,

топтар: "Кел", "Өзен", "Тау", "Теңіз").