Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

IV. Дамыту кезеңі.

233-жаттығу ауызша, 234-жаттығу жазбаша (сабақты, салт етістіктерді теріп жазу).

Етістік заттың қимылының, іс-әрекеттің аты болса, адамға тән қимылды атау.

келді

еңбектенді

құшақтады

қуанды

жазды

еркеледі

секірді

оқыды

ізденді

шаттанды

Ойтолғау.

"Жақсы жаннан шарапат".

Ойтолғау жазуға мүмкіншілігі жоқ оқушыларға үлестірмелі карточка беріледі.

Сабақты және салт етістікті топтап жаз.

  1. Мен — балаң жарык күнде сәуле қуған,

Алуға күнде барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған айдай балқып туған.

2. Жібектен ызып бау таққан

Үйге кірер ме екенсің?

Керсеніне бал құйып,

Өмір де сүрер ме екенсің?

3. Мен ауруханаға он алты рет жатып шықтым. Арқамды он алты рет жаралаттым. Жараны тілдіріп алам да, теріні жаматамын.

V. Бекіту.

Семантикалық карта

Етістіктің түрлері

Сөз тіркесі

сабақты

салт

болымды

болымсыз

Ағаш кесілмеген

Шөпті баспа

Егін салдық

Білімін толықтырды

Тіл қатпады

Жерге төкті

Ауылдан көшпе

Сөзді ұғу

Үйге жүгірме

Сабағын оқыды

VI. Үйге тапсырма.

  1. Салт, сабақты етістік (ережелерді оқу).

  2. 236-жаттығу.

VII. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: білімділік – еліктеу сздер туралы түсінік беру,оның басқа сөз таптарынан

ерекшеліктерін таныту,өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып,еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;

дамытушылық – оқушылардың сауаттылығын,танымдылығын,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөйлеу тілін,ой жүйелеу шеберлігін дамыту; тәрбиелік – тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге,туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ойландыру,оқушы әрекетін ұйымдастыру,ізденушілік қабілетін ояту.

Көрнекілік: үнтаспа,үлестірмелі қағаздар,кесте,түрлі құралдар.

Сабақтың жүрісі.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпқа байланысты ортақ сұрақ

а) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

б) Сөз таптары қазақ тілінің қай бөліміне жатады?

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.Балалар,өмір – күрделі құбылыс.Оның күрделілігі сол – таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін. Қаншама іс-әрекеттің куәсі боламыз,өзіміз сол іс-әрекеттерді орындаушымыз.

2.Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін үнтаспадан тыңдату,құстардың дыбысын,қимылын елестету арқылы жеткізу.Біз көзбен көру,құлақпен есту арқылы осындай күрделі құбылыстарды анықтаймыз.

3.Дыбыстық еліктеуішті ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсету.

1) Сіріңке жағып,стакандағы суға батырамын.

Сұрақ. – От қайтіп сөнді?

- От быж етіп сөнді.

- Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?

- Құлағымызбен естідік.

2) Сағат аламын да,стол үстіне қоямын.

- Сағат қалай жүріп тұр?

- Сағат тық-тық етіп жүріп тұр.

3) Барабан соғу.

- Барабан қайтті?

- Барабан дүңк-дүңк етті.

4) Ысқырықпен ысқыру.

- Ысқырық қайтті?

- Ысқырық шыр ете қалды.

5) Шар үріп,атып қалу.

- Шар қалай атылды?

- Шар тарс етті.

Сұрақ. а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріңе байланысты,жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?

ә) Дыбыстарды қай сезім мүшелері арқылы қабылдадық?

( Дыбыстық еліктеуіш ережесін шығару,оқулықпен салыстыру)

Дыбыстық еліктеуішті бекіту үшін тақтаға 2 сөйлем жазу,талдату.

Алыстағы ауылдан ит үрді.

Малшының үлкен төбеті арс етті.

6) Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.

1.Оқушының атын атап қарату.

- Қайсар қалай қарады?

- Қайсар жалт қарады.

2.Фонар жағып сөндіру.

- Шам қайтті?

- Шам жарқ ете қалды.

3. Мұғалімжүріа келе жатып кенет тоқтау.

- Мұғалім қалай тоқтады?

- Мұғалім кілт тоқтады.

7) Сұрақ. – Сендер біраз нәрсе көрдіңдер,біраз сөйлем жаздыңдар.

Осыдан не ұқтыңдар?

Осыдан қимылды естідік пе,көрдік пе?

( Ереже шығарып,оқулықпен салыстыру.)

Тақтаға сөйлем жазу,талдау.

Марат мені ұстай алды. Марат мені шап берді.

8) Сонымен,оқушылар,табиғаттағы,күнделікті өмірдегі дыбыстарды,қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз.Тіліміздегі кейбір дыбыстарды,дауыстарды көзбен көріп бейнелеп,екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз.Сонымен еліктеу сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді екен?..

9) Оқулықпен жұмыс. (297-жаттығу).

10) Тақтамен жұмыс. (304-жаттығу).

11) Екі қатарға эстафеталық кеспе беру. (Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді орналастыру).

12) Бекіту сұрақтары. 1.Желдің қатты соғуынан қандай дыбыстар шығады?

2. Электр тогынан не көресіңдер?

3.Құрғақ отын және су отын қалай жанады?

4.Судың ағысынан қандай дыбыстар байқайсыңдар?

5.Трактор,машиналардан қандай дыбыстар шығады?

13)Үйге тапсырма:

Көркем әдебиеттен еліктеу сөздерге 5 сөйлем жазу.

14) Бағалау.

Сабақтың тақырыбы : Сөзжасамнан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1) Абай шығармашылығы,күрделі сөздер қолданысы,оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдану; 2) практикалық білім дәрежелерін одан әрі кеңейту,оқушылардың ой-өрісін,сауаттылығын,тілін дамыту; 3) оқушыларды өзара сыйласымдыққа үйрету,табиғатты сүюге,елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар,суреттер,Венн диаграммасы,сызба-кестелер,Абай портреті.

Сабақтың тегі: білім-білік дағдыларын бекіту.

Сабақтың түрі:пысықтау

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,түгендеу,даярлықтарын тексеру,үш топқа бөлу ( «Ақын», «Данышпан», «Ғұлама»).

Үй тапсырмасын сұрау.

Әр топтан оқушылар шығып,өтілген тақырыпты пысықтайды.

Топтастыру стратегиясы

«Данышпан» тобы

«Ақын» тобы

«Ғұлама» тобы

Сөз тұлғасына қарай: түбір туынды, біріккен сөз,қос сөз,қысқарған сөз,түбір тіркесті

Біріккен сөздер

Біріккен Кіріккен

Ілгерінді Кейінді

Сөз

Дара Күрделі

Түбір + Қосымша

Жалғау Жұрнақ

Алгоритмдік деңгей

Сабағымыз – сөзжасамнан өткенді қайталау.Соған байланысты «Абай – ақын,данышпан,лирик» тқырыбын ашамыз.

Мәтіндермен жұмыс: (Оқушыға Абай өмірі мен шығармаларынан үзінді беріледі).