Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

1. Омоним бола алмайтын бір ғана мағынада қолданылатын қосымшаны тап.

А) –дай,-дей В) –ды,-ді С) –ма,-ме Д) –дық,-дік Е) –тау,-теу

2. Омоним бола алатын сөзді тап.

А) қағаз В) кітап С) бет Д) мұқаба Е) оқулық

3. Асты сызылған сөздердің мағыналық түрлерін көрсет.

Айналайын қарағым , Бетіңе келмес қарағым.

А) Синоним В) антоним С) омоним Д) тура мағына Е) көп мағына

4.Омонимді тап.

А) Тал түсте далаға шықты. В) Бала бал арасын тамашалады.

С) Жас шақта уақыттың қадірін біл. Д) Ол тартпаның тұтқасын тартты.

Е) Ол менің бір аптадан бері нан жемегеніме нанбады.

5. Мақалдардан антоним сөздерді тап.

А) Ер мойнында қыл арқан шірімес В) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

С) Ананың көзі балада, баланың көзі далада. Д) Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

Е) Көз—қорқақ, қол—батыр.

6. Антонимді тап.

А) Ит арқасы қиянда—таяқ тастам жер В) іші жылу—көз жұму

С) аяқ алысы—қолы жүру Д) табанын жалтырату—қарасын батыру

Е) Ат қою—айдар тағу.

7. Антонимдес сөз тіркесін тап.

А) асқар тау,телегей теңіз В) кең дала,айдын көл

С) денсаулығы жоқ,ақшасы бар

Д) тал түсте, күз мезгілде Е) ала жаздай, қыс бойы

8. Антонимді тап.

А) уақ-түйек,майда-шүйде В) құт-береке, мәз-мейрам

С) бүге-шүге,егжей-тегжей

Д) азын-аулақ, қым-қиғаш Е) Бұрын-соңды, ертелі кеш

9. Антоним сөзді тап.

А) Халық үшін қалтқысыз еңбек ет. В) Бүгінде халық құл,қожа болып бөлінбейді.

С) Әскер беті қызарып сөйлей алмай қалды. Д) Олар бүгін-ертең келіп қалар.

Е) Олар жол-жөнекей көп тоқтады.

10. Мағыналары қарама қарсы сөздерді тап.

А) Ол мейрамдарда көрші-қолаңдарды аралап кетеді.

В) Ол баладан бәрін бүге-шүгесіне дейін сұрап алды

С) Соғыстан кейін бұл жердің астан-кестеңі шықты.

Д) Кең зал ығы-жығы

Е) Ол судың ыстық суығына қарамай қотарып салды.

«Синоним», «Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері» тақырыптары бойынша.

1. Синоним емес қатарды көрсет.

А) байсалды,байыпты В) Шалғай,қашық С) сәт,мезет

Д) ағайын,туыс Е) көмескі,ескі

2. «Ауру» сөзінің синонимдік қатарын тап.

А) дауа,шипа,ем В) айна,әйнек, терезе С) мерез,сырқат,кесел

Д) соқырішек, аққан,қышыма Е) медбике,дәрігер,дәріхана

3. Төмендегі тіркестер қай қатарға жатады?

Қырық пышық,қырғи қабақ

А) синоним В) омоним С) антоним Д) тура мағына Е) ешбіріне жатпайды.

4. Қай қатар синонимдік қатар бола алмайды?

А) ауыл-аймақ,көрші-қолаң В) бірен-саран, бірлі-жарым

С) анда-санда, оқта-текте Д) аман-есен, сау-саламат

Е) құрбы-құрдас, жора-жолдас

5. Синонимді тап.

А) Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты.

В) Ол жазушылық өнерді өте жас кезінен бастады.

С) Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі. Д) Қауіп бар жерде қатер бар.

Е) Дауылдан кейін тыныштық орнаған.

6.Синоним сөйлемде қай сөйлем мүшесі болып тұр?

Исекең Бекболаттың ер жүектігін ,қайтпас қайсарлығынкөрсететін мысалдар келтіреді.

А) бастауыш В) анықтауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш

Е) баяндауыш

7. Метафораны тап.

А) Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ.

В) Бұл--әдеби тілдің әсемдігіғана емес,әсерлігі үшін орасан қажет тәсіл.

С) Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды.

Д) Гималай—көктің кіндігі,Гималай—жердің түндігі.

Е) Қазақстан—республикам менің.

8. Метонимияны тап.

А) Ей,қораз, шақырасың ерте-кеш!

В) Үйі мәз болып қой сойды,сүйіншіге шапқанға.

С) Қап-қара,мөп-мөлдір,тұп-тұнық көзіңді-ай!

Д) Қыңыр болды не керек,--болайын деп болды ма?

Е) Торғын төсін тосады таңға жайып...

9. Синекдоханы тап.

А) Әй,сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?

В) Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз.

С) Мен—тауда ойнаған қарт марал.

Е) Қайран батырым-ай! Арыстандай ерім едің-ау!

10. Асты сызылған сөздер қандай сөздің орнына жұмсалып тұр?

Оның қорасында бес-алты тұяғы бар.

А) байлық В) аяқ С) мал Д) аң-құс Е) тауық

«Сөз құрамы»тақырыбы бойынша

1. Біріккен сөзді тап.

А) Талдықорған В) Ашық ауыз С) бес дәптер Д) қоңыр ала Е) тісін қайрады

2. Дара сөзді тап.

А) тізесін бүкті В) әкімшілік С) бес жүз Д) отыз бестерге Е) жақсы көру

3. Күрделі сөзді тап.

А) қолын жуды В) миллионның жартысы С) жарақаттану Д) жығылып қала жаздады Е) Ел отырды