Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

8.Үйге тапсырма

3 топ бір-біріне тапсырмалар береді.Тапсырма мақсаты : кітапханамен байланыс орнату.

І топ келесі сабаққа тест сұрақтарын дайындайды. «Мектеп тарихы сыр шертеді» тақырыбындамәтін құрап,есімдерге талдау жасау тапсырылады.

ІІ топ есімдік тақырыьына «Нені міндетті түрде білу керек?» сызба-кесте дайындайды. «Қайырымды бала деген кім?» ой-толғау,зат есім,сын есім,сан есімдерді тауып,талдау жасау керек.

ІІІ топ көркем сөз сазгері Ғабит Мүсіреповтың шығармалары бойынша «Менің сүйікті жазушым» ой-толғауы,зат есім,сын есім,сан есімдерге талдау жасау тапсырылады.Есімдердің мағыналық түрлеріне мысалдар дайындайды.

Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың мақсаты : Білімділік.Сын есімнің мағыналық ерекшеліктерін таныту,жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.Тәрбиелік. Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу.Білім алуға,оқуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.Дамытушылық. Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігімен жұмыс рекеттерін дамыту.Тапқырлық,ізденімпаздық,алған білімдерін пайдалана білу қасиеттерні арттыру.

Сабақтың түрі: біліи,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.

Әдісі:түсіну,тану,қолдану,ой қозғау,ізденіспен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: сабақ эпиграфына алынған сөз,тірек-сызба плакат,үлестірмелі қағаздар,тірек-сызба кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,әдеп,бүгінгі өмір.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабақты әдеттегідей бір оқушы өлең жолдарымен бастайды.

Қазақ тілі ата-анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған,

Дұшпаның да бас иетін,

Тілің ұлттық қасиетің.

Кіріспе сөз.

Досымыз түгіл,дұшпанымыз да бас иетін,ұлттық қасиетімізден саналатын тіліміз туралы сыр шертер тағы бір қазақ тілі сабағын бастаймыз.

2.Үй тапсырмасын сұрау.Өтілген тақырыпты еске түсіру.

Сын есімнің жасалу жолдары туралы сұралады.Үйге берілген жаттығу,қосымша талдау жұмыстары тексеріледі.

3.Жаңа сабақ. Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.

Сабақтың эпиграфына алынған сөзбен жұмыс.

«Көкірегі сезімді,көңілі ойлыға,бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда». (Абай)

- Сөздерден сын есімді тап.

- Адамның қандай қасиеттері көрсетілген? Оқушы жауабы тыңдалады.

Сезімді,білімді,талапты адамның түсінетіні де,көретіні де мол болатындығын сөз етеді.

Сын есім

Жақсы сөз Сөзшең адам

Сапалық Көкшіл мата Қатыстық Алғыр бала

Жүйрік ат Тоғайлы өңір

Сызба бойынша сапалық сын есім негізгі түбірден және туынды сын есімнің шырайларынан жасалатындығын,ал қатыстық сын есімнің басқасөз таптарынан жасалатындығын оқушылар өздері қорытып айтады.

4.Сын есімнің маңызды белгілерін,мағыналық ерекшеліктерін,түрлерін дәлелдеу.

Оқулық бойынша берілген жаттығуды орындау.

146-жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырату

148-жаттығу бойынша топтық тапсырма.

І топ. Сын есімдерді мағыналықтүрлеріне ажырату.

ІІ топ.Мәтінге ат қою.Ертегіні ары қарай жалғастыру.

ІІІ топ Сын есімдерге кешенді талдау жасау.

Ескі – сын есім.

  • негізгі сын есім

  • сапалық сын есім

  • синтаксистік қызметі (анықтауыш).

Пайдалану.Бүгінгі өмірмен байланыс.

Жақсылық

Күнгей

Тіршілік Әділдік

Көлеңке  Зұлымдық

Тіршілікте жақсылық пен жамандық атаулы қатар жүретіндігі,олар арқылы адамның қасиеттері көрінетіндігін әңгімелеуге ықпал етіледі.Ондай қасиеттердің бәріне «Қандай?» деген сұрақ қойылады.

«Менің досым кім?» Оның қандай қасиеттері бар?

(Оқушылар әдепті,салмақты,биязы,дөрекі,қатал т.б. сынды сөздерді қатыстыра шағын шығарма жазады)

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма: сурет,үлестірме қағазбен жұмыс.

Шығармашылық жұмыс

Жақсы сөз – Жарық сәуле

Сыпайы адамнан тек жақсы сөз,жақсы іс қана шығып тұрады.

Инабатты

Қандай адам

Сыпайы

Әдепті,ақылды,инабатты сөзін қатыстыра сөйлем құрау.

Жинақтау.

Сын есімнің біздің өміріміздегі рөлі.

1.Тіліміздің дәрежесін көтеру үшін.

2.Сөз байлығын,сөздегі қорымызды көбейтеді.

3.Жақсы мен жаманды,дәмді мен дәмсізді ажырата білуге,талғамымыздың,жақсы қасиетіміздің қалыптасуына әсер етеді.

Сөзімізді сын есімнің мағыналық түріне қарай талдау жасаймыз.

Дәмді – қатыстық сын есім

Жақсы – сапалық сын есім.

Қорытындылау: Мен бүгінгі сабақтан не алдым? (Оқушы пікірі тыңдалады)

  • Мен сын есімнің мағыналық түрлерін білдім.

  • Сапалық және қатыстық сын есімдерінің жасалу жолын,айырмашылығын білдім.

Оқушыларға ой салатын,қозғау салатын тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

«Абайдың аңсағаны қандай азамат?»

Көкірек берік болу

Үлгі алу, көңілденіп, тұщынып,

ынтамен ұғу

қайтарып,

ойланып,

көңілге,

бекіту

Кеселді

нәрселерден

қашық болу

Айтылған сөзді ұмытпаудың төрт түрлі себебі

1

2

3

4

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма.Сын есімдерді қатыстыра сөйлем құрау,талдау. 155-жаттығу.

Сабақтың тақырыбы : Өзгелік етіс

Сабақтың мақсаты: білмділік – оқушыларға етістіктен өткенді қайталай отырыпетістіктің категориясын меңгерту; дамытушылық – етіс түрлеріне тоқталу,жасалу жолдарын көрсете отырып айырмашылықтарын айқындау; тәрбиелік – жаңа технологияны қолданып білімдерін көтеру.

Әдісі : деңгейіне қарай дамыта оқыту.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі : таблица,карточка,семантикалық карта.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге «Етістер», «Өздік етіс» деген тақырыптарды оқып,240-жаттығу орындауға берілген.(Өлеңді оқып,өздік етістерінің қалай жасалғанына көңіл аударыңыздар.Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.)

Үй тапсырмасын тексеріп,оқушыларға оқытқызамын.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Етістіктің түрлері

Тұлғасына қарай

негізгі: кел,бар

туынды: шегеле

Құрамына қарай

Дара: айтты

Күрделі: айтып барған

Мағынасына

қарай

Тұйық : көру, бергізу, нақтылау

болымды:кел,бар

болымсыз: келме

барма

Салт: жүр,ер,байла,

Сабақты: ата,көр, тап,ек

өздік етіс: көрінді

өзгелік етіс: айтқызды

ортақ етіс: сөйлесті

ырықсыз етіс:айтылды

Етіс

Қимыл мен орындаушының арасындағы байланыс

Өздік Тара-н-ды

Қимыл иесі істі

өзі атқарады.

Не істеді?

Не қылды?

Асан жуынды.

Өзгелік

Оқы-т-ты

Қимыл иесі істі

біреуге орындатады.

Не істетті?

Не қылғызды?

Сурет салғызды.

Ырықсыз

Жина-л-ды

Қимыл иесі айтылмайды,

бірақ іс орында-

лады.

Не істелінеді?

Не қылынды?

Сурет ілінді

Ортақ

Тер-іс-ті

Қимыл иесі

бірнеше адам

болады.

Не қылысты?

Олар тасысты

ІІІ.Жаңа сабақтың материалын баяндау.

Өзгелік етіс қимылдың,іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі,яғни субъектінің тікелей өзі емес,екінші бір басқа субъект,қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп,белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.Ол жұрнақтар мыналыр: 1) –ғыз,-гіз,-қыз,-кіз: отырғыз,жүргіз; 2) –дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір: салдыр; 3) –т: жасат,сөйлет.

Өзгелік етісті сөйлемде қимылды,іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады:бірі-сол қимылды орындатушы.Мысалы: Мектеп айналасына ағаш отырғызылды.Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды.Айнұр Омарға кітап оқытты,мазмұнын айтқызды.

IV.Оқулықпен жұмыс.241-жаттығу.Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жаса.

Үлгі: көбей-т-тір,ойлан-дыр,оқы-т-тыр.