Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Қайталау сұрақтарын қою арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

  1. Сөз түрлерін атаңыз.

  2. Атауыш, көмекші, одағай сөз дегеніміз не?

  3. Төмендегі сызбаны толтырыңыз.

  1. Жекелеген оқушыларға кеспе қағазы беріледі.

  2. 116-жаттығу тексеріледі.

III. Қызығушылығын ояту кезеңі.

  1. "Ой шақыру" мақсатында топта отырған әр оқушы зат атауларын жазады.

  2. Жұптасып жазған мысалдарын бір-біріне оқып, толықтырады.

  3. Топта әр жұптан бір оқушы топтың ортақ келісілген мысалдарын сыныпқа оқиды.

Мұғалім тізбектеп оқушылардың мысалдарын тақтаға жазады.

Зат атаулары

Әнші

Ата-ана

Қазақстан

Шолпан

Астана

Бөлме

Ағаш

Қағаз

Парасат

Мал

Ұшақ

«Айгөлек» журналы

Мектеп

Ілгек

Журнал

Жетіқарақшы

Мемлекет

Қалам

Теңіз

Кісі

Қала

Тайбурыл

Күй

Асқар

ІV. Мағынаны ашу кезеңі .

  1. Тізбектегі мысалдарды топтастырамыз. Жалқы, жалпы зат есімнің ережесін

оқушылармен бірлесе отырып шығарамыз.

Қала Асқар

Кісі Астана

Ұшақ Шолпан

әнші Жетіқарақшы

ағаш Тайбурыл

ата-ана Астана

бөлме «Айгөлек» журналы

қалам

  1. Таблица толтырылады.

Жеке заттарға атау

Жалқы есім

Ұқсас, жалпы заттарға берілген атау

Жалпы есім

дара

күрделі

дара

күрделі

Астана

Мұхтар

Зерде

Қазақстан

Республикасы

"Абай жолы"

романы

Абылай хан

даңғылы

Қала

Жазушы

Көше

Кемпірқосақ

мәдениет үйі

ата-ана

Жалқы есімдер барлық уақытта бас әріппен жазылады. 3. 118-жаттығуды орындайды.

4. Теледидардан Көкше табиғаты туралы бейне материалды көрсете отырып, 120-жаттығу орындалады.

5. Кадоскоп арқылы келесі тапсырма орындалады.

Танымдылық ойын

1. Артық сөзді көрсетіңіз.

а) Қойшы, айлық, білім (құс)

ә) Белбеу, азық-түлік, Сарысу, (парасат)

б) Әсем, Қайрат, Сәнгүл, (доп)

2. Толықтырыңыз:

а) Күз: республика күні:. қыс : ;

ә) Композитор: нота:.. суретші....................................;

б) Рим: Италия:: Варшава: ;

в) Тіс: шайнау:: өкпе: ;

V. Ой-толғаныс кезеңі

Эссе жазады

"Мен — зат есіммін"

"Кім, не" деген сұрағым бар. Біртектес заттарды "Жалпы" деп, жекелеп заттарды "Жалқы" деп бөліп мені айтады. Біз тоғыз ағайындымыз. Мен біріншімін, сондықтан барша затқа иелік етемін

Сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма. Темендегі сүрақтарға жауап жазып келу тапсырылады.

  1. Сенің жолдастарың кімдер?

  2. Қандай газет, журнал, кітап оқисың?

  3. Қандай елді мекендерді білесің?

  4. Қандай озен, кел, теңіз аттарын білесің?

  5. Қандай ірі қалаларды білесің?

  6. Қазақстан қандай мемлекеттермен көрші?

  7. Сіздің үйде кімдер тұрады? Олардың аты-жөнін толық жазып көрсет.

САБАҚТЫ ЖӘНЕ САЛТ ЕТІСТІК

Сабақтың мақсаты: сабақты және салт етістік туралы ұғым беру.

Міндеттері: білімдік - сабақты және салт етістіктің жасалу жолдарын меңгерту.

Дамытушылығы - сабақты және салт етістіктердің жасалу жолдарының өздік етіс арқылы өзгеруін меңгерту;

Тәрбиелік - адамгершілікке баулу.

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Түрі: дамыта оқыту технологиясы.

Оқытудың әдісі: 1-түсіндірмелі; 2-практикалық.

Көрнекіліктер: 1) семантикалық карта, 2) кесінділер (адам бейнесін жасауда), 3) кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы.

І. Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау.

  1. Оқушылардың сабаққа катысымын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 230-жаттығуды ауызша тексеру.

  1. Актуалдау.

Етістік

негізгі

болымды

болымсыз

туынды

сабақты

салт

күрделі

дара

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Нанды кесті.

Үйде ойнады.

Сабақтан шықты.

Біреумен ұрыспа.

Бас киімді баспа.

Анасын көрген жоқ.

Табыс септігінде тұрған сөзді теріп жазу. Басқа септікте тұрған сөзді бөлек жазу.

Сабақты етістік

Салт етістік

Нанды кесті.

Бас киімді баспа.

Анасын көрген жоқ.

Үйде ойнады.

Сабақтан шықты.

Біреумен ұрысты.

Сабақты, салт етістіктерінің етіс жұрнағының көмегімен теретінін түсіндіру.

Сабақты етістік + ырықсыз етіс=салт етістік.

Сабақты

Салт

Нанды кесті.

Бас киімді баспа.

Біреуді ұрыстыртма.

Нан кесілді.

Бас киім басылды. Біреумен ұрыспа.