Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

 

● қалжырататын қызба (febris hectica). Таңертеңгі

 

температура мен кешкі температураның айырмашылығы 3-5°С

 

болуы мүмкін. Бұндай температуралық сызық сепсиске

тән.

 

● келбетсіз қызба (febris athypica). Температураның

 

тәуліктік өзгеруі бей-берекет, ретсіз болады. Бұндай

 

температуралар да сепсис кезінде байқалады.

 

 

 

Қазіргі

күні

жұқпалы

ауруларды

антибактериалық

 

дәрілермен ерте емдеудің нәтижесінде температуралық

 

сызықтардың «классикалық» түрлері жиі кездеспейді.

251

Дегенмен,

кейде

ауруды

нақтылай

аңғару

үшін

олардың

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызба

мен

 

асқын

 

қызынудың

(гипертермияның)

 

айырмашылықтары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызба мен гипертермия кездеріндегі дене қызымының

 

көтерілу

жолдары

мен

 

себептері

әртүрлі

болады.

 

Гипертермияның

 

негізгі

себебі

болып

сыртқы

орта

 

темпертурасының жоғары көтерілуі есептеледі. Ол ыстық

 

өндірістерде істейтін жұмысшыларда, ыстық климаты бар

 

аймақтардың тұрғындарында т. б. жағдайларда байқалады. Бұл

 

кезде сыртқы ортада температура көтерілуіне организмнің

 

икемделістік тетіктері белгілі уақытқа дейін қарсы тұрады.

 

Терінің қан тамырлары кеңиді, тыныс алу және жүрек соғуы

 

жиілейді. Артынан бұл икемделістік тетіктер жеткіліксіз

 

болып, дене қызымы көтеріледі, гипертермия дамиды.

 

 

Қызба кезінде термореттеу тетіктерінің өзгерістері дене

 

қызымын көтеруге бағытталған, ал гипертермия кезінде олар

 

дене қызымы көтерілуіне қарсы тұрады. Дене қызымының

 

көтерілуі қызба кезінде пирогендердің әсерінен болады, ал

 

гипертермия кезінде олардың маңызы болмайды. Кейде

 

гипертермияны зат алмасуларын арттыратын (α-динитрофенол,

 

кофеин, фенамин, тирокси.н т. б.) дәрі-дәрмектердің

 

көмегімен алуға болады. Бұл кезде тотығу үрдістерінің

 

фосфорланудан

ажырауына

 

байланысты

организмде

жылу

 

өндірілу артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызба

 

кезіндегі

 

ағзалар

мен

жүйелердің

 

өзгерістері.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызба белгілі бір дерттер кездерінде болатындықтан

 

ағзалар

мен

 

жүйелердегі

өзгерістер

сол

аурудың

 

патогенезіне және ет ысуына байланысты болады. Сондықтан

 

таза қызбаның әсерлерін тек жануарларда ғана зерттеуге

 

болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызба кезінде ең айқын өзгерістер

қан айналым

 

жүйесінде байқалады. Дене қызымының 1˚С-ға көтерілуі,

 

тамыр соғуының минөтіне 8-10-ға жиілеуімен сипатталады.

 

Бұны жүректің синустық торабы ыстық қанмен қоздырылуымен

 

түсіндіреді. Сонымен

бірге,

ет ысуы

кезінде симпатикалық

 

жүйкелердің межеқуаты көтерілуі де тахикардия дамуына

 

белгілі үлесін қосады. Жүрек соғуы жиілеудің нәтижесінде

 

қанның минөттік көлемі үлкейеді. Ет ысуының бірінші

 

сатысында артериялық қан қысымы көтеріледі, терінің қан

 

тамырлары

жиыры-лады,

ішкі

ағзалардың

тамырлары,

 

керісінше, кеңиді. Үшініпі сатысында дене температурасы

 

күрт төмендеуінен артериялардың межеқуаты қатты

азайып,

 

қан

тамырлары

қызметінің

қауырт

дамитын жеткіліксіздігі

 

(коллапс) байқалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

252

Кейде дене

қызымы

көтерілуіне

қарамай

тахикардия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

дамымайды. Мысалы, іш сүзегі немесе соқпа сүзек кездерінде

 

брадикардия дамуы ықтимал. Ол көрсетілген микробтардың

 

уыттарымен организмнің уыттануынан дамиды. Тыныс алу

 

қызбаның бірінші сатысында біршама сирейді. Ары қарай дене

 

қызымы үлкен деңгейге жеткен соң, тыныс, кейде 2-3 есе

 

жиілейді. Бұл кезде тыныс алудың тереңдігі азаяды, бірақ

 

оның

жиілеу

есебінен

өкпенің

минөттік

желдетілуі

 

өзгермейді. Сыртқы тыныстың жиілеуі мидағы тыныс алу

 

орталығының ыстық қанмен қоздырылуынан болады.

 

 

 

Қызба кезінде ас қорыту жүйесінде айқын

өзгерістер

 

пайда болады, сілекей бөлінуі азаяды (ауыз қуысы

 

құрғақтанып, тілде таңдақтар пайда болады),

асқазан

 

сөлінін бөлінуі мен оның қышқылдығы төмендейді, ішек-

 

қарынның қимылдық әрекеттері әлсірейді.

 

 

 

Қызба эндокриндік жүйенін өзгерістерімен сипатталады.

 

Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты глюкокортикоидтық

 

гормондарды артық түзеді. Жұқпалы аурулар кездерінде ет

 

ысуы қалқанша бездің гормондарының көп түзілуіне әкеледі.

 

Осыдан негізгі алмасу көтеріледі.

 

 

 

 

 

Орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу үрдістерінің

 

ара қатынасы өзгереді, жоғары жүйке әрекеттері әлсірейді,

 

бас

ауыруы,

шаршау сезімі,

ұйқы

басу немесе

көз

ілінбеу

 

т. б. белгілер пайда болады. Жұқпалы аурулар кездерінде,

 

әсіресе жас балаларда, бұл құбылыстар өте ауыр түрде өтуі

 

мүмкін. Бұл кезде естен тану, сандырақтау, елестеу пайда

 

болады. Кейде бұл құбылыстар дене қызымының тіпті орташа

 

көтерілуінде де болуы мүмкін. Сондықтан олардың даму

 

жолдарында

организм

уыттануының

маңызы

зор

екенін

 

көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызба кезінде зат алмасу үрдістерінің барлық түрлері

 

бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бұзылады.

 

Бауырда, бұлшықеттерде гликогеннің мөлшері азайып, қанда

 

гипергликемия

дамиды.

Глюкозаның

тотығуы

күшейеді.

 

Артынан көмірсуларының организмде қоры азаюына байланысты

 

майлардың пайдаланылуы артады. Май қышқылдарының тотығуы

 

аяғына дейін

жүрмей,

аралық

өнімдері (кетондық

денелер)

 

жиналып

қалады, олар

несеппен

сыртқа шығарыла

бастайды

 

(ацетонурия). Егер еті ысыған адам жеңіл қорытылатын

 

көмірсулардан тұратын

тағамдарды

жеткілікті

мөлшерде

 

қабылдаса, онда май алмасуының

бұзыдыстары

қалпьша

 

келеді. Сондықтан дене қызуы көтерілген адамдар, әсіресе

 

балалар, тәтті сусынды көп ішулері керек.

 

 

Көптеген жұқпалы аурулар кездерінде нәруыздардың

 

алмасулары бұзылады. Бұл кезде теріс азоттық баланс

 

дамиды.

Несепте

зәрнәсілдің

(мочевинаның)

деңгейі

253

көтеріледі. Бұл тіндердің ыдырауын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызбаның организм үшін маңызы.

 

 

Қызба кезінде тіндердің бүлінуі мен қорғану-икемделу

 

үрдістері диалектикалық бірлікте болады. Бұл кезде дене

 

қызымын әртүрлі дәрі-дәрмектермен төмендету

негізгі

 

аурумен байланысты дерттік өзгерістерді жоғалтпайды,

 

керісінше, жұқпалы аурулардың өтуін ауырлатуы мүмкін.

 

Ет ысуының теріс жақтары. Жоғары температураға кейбір

 

адамдардың даралық жоғары сезімталдығы болуы мүмкін. Қызба

 

кезінде адамның естен тануы және тырыспа-селкілдек

 

ұстамалары дамуы ықтимал. Бұндай жағдайлар, әсіресе жаңа

 

туған балалар үшін, өте қауіпті. Өйткені оларда

 

термореттеу жүйесі әлі толық қалыптаспаған.

 

 

Қарттар және жүрегі ауыратын адамдар ет ысуын ауыр

 

көтереді. Себебі қызба кезінде жүректің жұмысы ауырлайды.

 

Сондықтан жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

 

Қызбаның 3-сатысында дене қызымы күрт түсуінен, қан

 

тамырларының тез кеңуінен коллапс дамуы ықтимал.

 

 

Қызба

кезінде

адамнын жұмысқа

қабілеті төмендейді,

 

көніл-күйі нашарлайды.

 

 

 

 

 

Қызбаның пайдалы жақтары. Дене қызымы көтерілуден:

микробтардың өсіп-өнуі баяулайды, антибиотиктерге және бактериялардың өсіп-өнуін тежейтін басқа дәрілерге олардың төзімділігі азаяды;

жасушаларда зат алмасу үрдістері артып, олардың

атқаратын қызметтері жақсартады;

лейкоциттердің фагоцитоздық әсерлері сергиді;

антиденелердің өндірілуі артады;

бауырдың уытсыздандыру қызметі күшейеді;

қабыну ошағында нейтрофилдер және макрофагтар: бактерицидтік заттар (катиондық нәруыздар, лизоцим т. б.), антитоксиндік және вирустардың өсіп-өнуін тежейтін (интерферон) заттар өндіреді.

Осы көрсетілгендерге байланысты дене қызуын жасанды түрде көтеру әртүрлі жұқпалы (мерез) және жұқпалы емес (өспелер) ауруларды емдеу үшін қолданылады. Ол үшін улы әсерлерінен тазартылған пирогендік заттарды организмге

 

енгізеді.

 

Бұндай

емдеу

әдісін

 

пиротерапия

дейді.

 

Пиротерапия мерезді, созды, тері ауруларын (экзема,

 

фурункулез), полиартриттерді, ауыр өтетін гипертензияларды

 

т. б. емдеу үшін пайдаланылады. Пирогендер (пирогенал,

 

пиромен)

күйіктен

кейінгі

бұжырланған (келлоидты, грек.

 

Кеlе - өспе, еіdo - ұқсас) тыртықтарды, жұлын мен шеткері

 

жүйкелердің жарақаттанудан бүліністерін емдеу кездерінде

 

жағымды әсер етеді. Олар глиалдық және коллагендік

 

тыртықтардың

құрылуын

тежейді,

 

ескі

тыртықтарды

254

жұмсартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен, дене қызуының көтерілуі жағымсыз ықпалдарға

 

организмнің

төзімділігін

көтеруі мүмкін. Сол себептен

 

егер ет

ысуы

тым қатты көтеріліп кетпесе, оны

 

төмендететін дәрілерді пайдаланудан сақ болған жөн.

 

 

Шеткері ағзалар мен тіндердегі қан айналым

 

 

 

 

патофизиологиясы

 

 

 

Организмдегі жалпы қан айналым: жүйелік (орталық) және

 

шеткері (ағзалық, тіндік) болып бөлінеді. Жүйелік

 

қанайналым деп жүрек пен ірі қан тамырларындағы

 

қанайналымын айтады. Шеткері қанайналым деп ағзалар мен

 

тіндердегі

ұсақ

тамырлардағы

қанның айналымын

және

 

олардағы микроциркуля-цияны айтады. Микроциркуляцияның

 

нәтижесінде

қан

мен

тіндердің

арасында

сумен,

 

электролиттермен, қоректік заттармен, оттегімен, көмір

 

қышқылы газымен және зат алмасу өнімдерімен алмасу болады.

 

Сонымен бірге теріде шеткері қан айналым дене қызымын

 

реттеуге қатысады. Шеткері қан айналымның реттелуі

 

жүйкелік-сұйықтық

жолдармен

болады. Қан

тамырларын

 

тарылтатын немесе кеңейтетін жүйкелер бар. Тарылтатын

 

жүйкелерді

вазоконстрикторлар,

кеңітетін

жүйкелерді

 

вазодилятаторлар деп атайды.

Қан

 

тамырларына сұйықтық

 

(гуморалдық) жолмен көптеген биологиялық белсенді заттар,

 

бейорганикалық иондар (Н+, К+ т. с. с.), зат алмасу

 

өнімдері, гормондар т. б. әсер етеді. Майда тамырларға бұл

 

заттардың әсерлері жүйкеліік ықпалдардан басымырақ болады.

 

Жергілікті қан айналым өзгерістері артериялық, веналық

 

қан кернеулері (гиперемиялар), ишемия, реперфузия, стаз,

 

тромбоз, эмболия түрлерінде байқалады.

 

 

 

 

 

 

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРЕМИЯ

 

 

 

Артериялық гиперемия

- деп ағзалар мен тіндерге

 

артерия тамырларымен қанның қөп келуінен дамитын қан

 

кернеуін айтады. Оның сыртқы көріністеріне мыналар:

 

ұсақ артериялар мен артериолалардың кеңуі;

қызмет атқаратын қылтамырлардың көбеюі;

ағза мен тіннің қызаруы;

ағза мен тіннің көлемі және серпімділігі ұлғаюы;

жергілікті жерде температураның көтерілуі - жатады. Артериялық қан кернеуіне төмендегі көптеген себепкер

ықпалдар әкеледі:

биологиялық ықпалдар (микробтар, қарапайым жәндіктер, вирустар т. т.);

физикалық ықпалдар (ыстық, суық температура, физиотерапиялық емдеу шаралары, инфрақызыл, ультракүлгін т. б. сәулелер т. с. с.);

255● механикалық ықпалдар (жарақат, ысқымақ (массаж);

химиялық ықпалдар (әртүрлі қыздырғыш заттар, экзожәне эндоуыттар, зат алмасу өнімдері, скипидар, спирт, қыша қағаз т.с.с.).

Сонымен бірге ағзаның атқаратын қызметінің көтерілуі

(қол жұмысын атқарғанда бұлшық еттерде, тамақ ішкеннен кейін асқорыту жолдарында т. с. с.) болады. Адамда жан-

дүниелік әсерлерде (ызалану, ұялу, қобалжу

сезімдері)

бетте артериялық гиперемия дамуьша әкеледі.

 

Артериялық гиперемия физиологиялық және

патологиялық

болады. Физиологиялық артериялық гиперемия ағзалардың қызметтері көтерілгенде, қыздыру, уқалау, көңіл-күйдің толқулары кездерінде байқалады. Патологиялық артериялық гиперемия әртүрлі аурулар кездерінде (қабыну, аллергия, күю, қызба, жарақат, невралгия т. б.) дамиды. Артериялық гиперемия нейрогендік және метаболизмдік (гуморалдық) жолдармен дамуы мүмкін. Бұлай бөлінуі шартты түрде ғана дұрыс. Олар өзара тығыз байланысты. Жүйкелік реттелулер гумо-ралдық медиаторлардың қатысуымен болады. Артериялардың жүйкелік жолдармен кеңуі экстеро-, интеро-, проприорецепторлардан дамитын рефлекстер арқылы дамиды. Сонымен бірге қан тамырларын кеңітетін жүйкелер мен

8- сызбанұсқа

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРЕМИЯНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ МЕН САЛДАРЛАРЫ.

Себепкер ықпалдар

Артериолалардың кеңуі

Майда артериолаларда қан қысымының көтерілуі

Қанның ағу жылдамдығының ұлғаюы

Артериалық гиперемия

Жағымды жақтары: ● оттегі мен қоректік

256 заттардың тіндерге тасымалдануы жақсаруы;

тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуы;

энергия түзілуінің көтерілуі;

ағза қызметінің көтерілуі.

Жағымсыз жақтары:

ағза мен тіндерге қан құйылу мүмкіншілігі;

өспе дамуына қолайлылық;

метастаз тарау мүмкіншілігі;

улы өнімдердің денеге тарап кету мүмкіншілігі.

орталықтар қоздырылғанда артериялар кеңиді. Оларды көңілкүйдің қобалжулары, физикалық, механикалық, химиялық ықпалдар қоздырады. Парасимпатикалық жүйке жүйесі қозғанда ацетилхолин артық өндіріліп, қан тамырлары кеңиді. Осындай қан кернеуін нейротониялық артериялық гиперемия дейді.

Симпатикалық жүйке жүйесі негізінен артериялардың жиырылуын туындатады. Бұл жүйкелердің қан тамырларына әсерлері норадреналиннің қатысуымен болады. Тәжірибелік жануарларда симпатикалық жүйкені кескенде қан тамырларының кеңуі байқалады. Бұндай қан кернеуін жүйкесалданулық (нейропаралитикалық) артериялық гиперемия деп атайды. Ол

қабыну

кезінде,

адреналиннің тежегіштерін енгізгенде

т.с.с.

жағдайларда

дамиды.

Кейбір тіндерде симпатикалық жүйкелер холинергиялық әсер етуі мүмкін. Мәселен, бұлшықеттерде, бет еттерінде, ұрттың кілегей қабықтарында, ішектерде т. б. тіндерде симпатикалық жүйкелердің аяқшаларында ацетилхолин өндірілуінен бұл жүйке қозғанда ұсақ артериялар мен артериолалардың кеңуі болады. Содан нейротониялық артериялық гиперемия байқалады. Кейде артериялардың кеңуі аксон-рефлекс бойынша дамиды. Бұл кезде жүйкелік серпін шеткері нейронның бір (аксон) бұтағында тарайды.

Артериялардың гуморалдық жолмен кеңуі әртүрлі эндогендік, химиялық өнімдердің әсерлерінен болады. Оларға

зат алмасудың қышқыл өнімдері, көмір қышқылының

(СО2)

артық мөлшері, калий иондары, аденозин, АДФ,

АМФ,

биологиялық

белсенді

заттар

(гистамин,

нитроксид,

серотонин,

простагландиндер, лейкотриендер,

калликреин-

 

кинин жүйесі т. б.) жатады. Бұл өнімдер тіндердің (қабыну,

 

күйік, үсік, жарақат, иондагыш сәулелер, ультракүлгін

 

сәулелер, гипоксия, аллергия кездеріндегі) бүліністерінде

 

өндіріледі. Олар қан тамырларының қабырғаларындағы тегіс

 

салала еттерді босаңсытып, майда артериялардың кеңуіне

 

әкеледі. Сондықтан бұндай жолмен дамыған артериялық қан

 

кернеуін миогендік гиперемия дейді.

 

 

 

Артериялық

гиперемия

кезінде

 

жергілікті

 

микроциркуляцияның өзгерістері болады. Бұл өзгерістерге:

257

● майда артериялар мен артериолалар кеңуі;

 

 

 

 

 

 

 

 

қызмет

атқаратын

қылтамырлар

мен

майда

көктамырлардың саны көбеюі;

оларда қан қысымы көтерілуі;

майда тамырларда қан ағу жылдамдығы ұлғаюы - жатады.

Қызмет атқаратын қылтамырлар көбейгенінен олардың қабырғалары арқылы тіндерге оттегінің, қоректік заттардың тасымалдануы, тіндерден зат алмасудың қалдық өнімдерінің шығарылуы жақсарады. Осыдан тіндерде заттардың алмасуы ұлғаяды, энергия түзілуі артып, ағзалардың қызметтері көтеріледі. Қылтамырларда қан қысымы көтерілуі сұйықтың тамыр сыртына сүзілуін көбейтеді. Бірақ ол ісінуге әкелмейді. Өйткені бұл кезде лимфаның ағуы жақсарады да, қылтамырлардан шыққан сұйық, тінаралық кеңістіктерге жиналып қалмай, лимфамен жалпы қанайналымға түседі. Артериялық гиперемияның осы жағымды жақтары клиникалық медицинада кеңінен пайдаланылады. Ол үшін әртүрлі

қыздырғыштар (парафин, озокерит, қыша

қағаз)

және ысқымақ

(массаж)

қолданылады.

Сонымен

бірге

артериялық

гиперемияның жағымсыз жақтары да бар. Мәселен, қабырғалары өзгерген артериялар (артериосклероз кезінде) артық керілуінен оның жыртылып кетуі, содан миға немесе басқа ағзага қан құйылуы мүмкін. Сондықтан гипертониялық ауруы бар адамдарға ыстық былау қабылдауға болмайды. Ағзаларда өспе өсуі байқалғанда артериялық гиперемия оның өсуін күшейтіп, метастазалардың қанмен таралуын ұлғайтуы ықтимал. Осы себептен организмде өспесі немесе өспе алды жағдайлары бар адамдарда жылумен емдеу шараларын қолдануға болмайды (8-сызбанұсқа).

Веналық гиперемия.

Веналық гиперемия деп көктамырлармен қанның жүрекке

қарай ағып кетуі бұзылудан ағзалар мен тіндерде оның іркілуінен дамитын қан кернеуін айтады. Оған үш түрлі себепкер ықпалдар әкеледі:

көктамырлардың қан ұйындысымен (тромбпен) бітелуі;

көктамырлар сыртынан (өспемен, тыртық тінімен, қабыну кезінде жалқықпен т. с. с.) қысылып қалуы;

● жүректің сорғыштық қабілеті әлсіреп, жүрек қызметі жеткіліксіздігі дамуы.

Сонымен бірге, кейбір адамдардың көктамырларында қақпақшалардың әлсіздігіне тұқым қуалайтын бейімділік болады. Сондықтан ұзақ түрегеп тұрып жұмыс істейтін мамандардың (стоматологтардың, акушер-гинекологтардың, шаштараздардың т. б.) аяқтарында веналық гиперемия (көктамырлардың керіліп (варикоздық) кеңеюі) дамиды.

Веналық гиперемияның сыртқы көріністеріне:

258● ағзалар мен тіндердің көлемі ұлғаюы;

көгілдір түс қабылдауы (цианоз);

жергілікті температурасының төмендеуі;

ісіну дамуы - жатады.

Бұл кезде ағзалар мен тіндерде микроциркуляцияның өзгерістеріне:

көктамырлардың кеңеюі;

қанға толған қылтамырлардың көбеюі;

қанның майда веналар мен қылтамырларда жиналуы;

майда тамырларда қан ағу жылдамдығының баяулауы;

тамыр ішінде қан қысымы көтерілуі;

тамыр сыртына сұйық сүзілуі артуы;

лимфа ағып кетуі баяулауы – жатады. (17-кесте). Сондықтан веналық гиперемия кезінде ағзалар мен

тіндердің

қанмен,

оттегімен,

қоректік

заттармен

қамтамасыз

етілуі

бұзылады,

тіндерден

 

зат

алмасу

өнімдерінің

сыртқа

шығарылуы

азаяды.

Осыдан

ағза

жасушаларының қоректенуі бұзылып, ағзаның гипоксиясы, атрофиясы дамиды және оның атқаратын қызметі төмендейді.

Қылтамырлардың ішінде қан қысымы көтерілуден және тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылаудан сұйықтың тамыр сыртына шығуы (транссудация) ұлғаяды, тіндердің ісінуі пайда болады. Ісінулік сұйық айналасындағы тін жасушаларын, ұсақ қан және лимфалық тамырларды қысып, микроциркуляцияның бұзылыстарын одан сайын ұлғайтады. Осыдан ағзада дәнекер тіндердің өсіп-өнуі болып, ол беріштенеді. Мәселен, жүрек жет-кіліксіздігінен бауырдың салдарлық циррозы дамиды. Сонымен, ағза мен тіндердің

көлемінің

ұлғаюы көктамырларда қанның

артық жиналуынан

және ісінуден пайда болады.

 

 

 

Веналық

гиперемия

кезінде

қылтамырлар

мен

көктамырларда қан ағу баяулағандықтан тіндермен оттегінің пайдаланылуы толығынан болады да, оларда тотықсызданган гемоглобин жиналып қалады. Осыдан ағзаның көгілдір түс қабылдауы (цианоз) дамиды.

Жүрек жеткіліксіздігі кезінде байқалатын веналық гиперемия кездерінде және ірі көктамырлар (қақпа немесе

қуыс веналары) бітелгенде организмде жалпы жүйелік қан айналым бұзылыстары байқалуы мүмкін. Ірі көктамырларда көп қан іркіліп қалудан жүрек шығарымы азайып, артериялық қысым төмендейді, тіршілікке маңызды ағзалардың (ми, жүрек) қоректенуі бұзылады. Жүрек жеткіліксіздігінен немесе тыныс орталығының салдануынан организмнің жан тапсыруы болады

259

Веналық гиперемияның патогенезі мен салдарлары

Себепкер ықпалдар

Көктамырлармен қан ағып шығуы баяулауы

260

Қылтамырларда қан іркілуі

Қосымша қылтамырлар ашылуы. Көктамырлар мен қылтамырларда қан қысымы көтерілуі

Қан ағуының көлемдік және сызықтық жылдамдылығы баяулауы

Веналық гиперемия

Жағымды жақтары:

улы өнімдердің жергілікті жерде ұсталып тұруы

жараның бітуіне қолайлы жағдай болуы

қабыну ошағында іркілген қанның уытты заттарды ыдырататын ферменттік және бактерияларды жоятын әсерлері болуы

Жағымсыз жақтары:

ағза мен тіндерге О2 мен қоректік заттардың тасымалдануы бұзылуы;

метаболизмдік ацидоз дамуы

қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуі

Ісіну

 

Тамыр ішінде

 

 

қан ұюы артуы

 

 

 

 

Склероз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]