Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

тіндерде жиналып қалуынан ♣ тұзды тамақты тым артық қабылдаудан – байқалады.

Пайда болу себептеріне және даму жолдарына қарай:

жүректік, бүйректік, бауырлық, ашығулық, қабынулық, уыттық, нейрогендік, аллергиялық, лимфогендік т. б.

ісінулер ажыратылады.

Жүректік ісіну. Жүректік ісіну жүрек қызметінің

жеткіліксіздігі кезінде

көк

тамырларда

қан іркіліп

қалудан

және жүректен шығатын қанның көлемі азаюынан

болады.

Көктамырларда

қан

іркілуінен

қылтамырларда

191 гидростатикалық қан қысымы көтеріліп, қанның сұйық бөлшегінің тамыр сыртына сүзілуі артады. Сонымен қатар ірі көктамырларда қан іркілуі лимфалық тамырлардың жиырылуына, лимфаның ағуы төмендеуіне, бауыр қызметінің бұзылуына, әлбуминнің аз түзілуіне және қанда онкотикалық қысымның азаюына әкеледі.

Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:

ағзалар мен тіндерде майда қанайналым бұзылыстарынан гипоксия, метаболизмдік ацидоз дамуына, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіпггігі жоғарылауына;

бүйрек ишемиясына, ренин-ангиотензин жүйесі арқылы әлдостеронның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбеюіне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңірілуі артуына - әкеледі.

Осы көрсетілгендер организмде судың тұтылып қалуына, содан олигоцитемиялық гиперволемия, гипергидратация және ісіну дамуын туындатады. (5-сызбанұсқаны қараңыз).

5-сызбанұсқа

 

 

 

 

 

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі

 

Көктамырларда қан іркілуі

Жүректен шығатын қан

 

 

 

көлемінің азаюы

Қылтамыр

Лимфалық

Бауыр

гипоксия

Бүйрек

ларда қан

тамырлар

қызметі

 

ишемия

қысымы

жиырылуы

бұзылуы

 

сы

көтерілуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ренин

 

Лимфа

 

әлбумин

 

 

ацидоз

 

 

түзілуі

 

ағуы

 

аз түзілуі

 

 

 

 

 

артуы

 

 

 

 

 

баяулауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамыр

 

Ангиоте

192

 

 

 

қабырғалары

 

-нзин II

 

 

 

 

өткізгіштігі

 

түзілуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жоғарлауы

 

артуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әлдостерон

 

 

 

 

түзілуі

Қылтамырлар

 

 

 

 

 

 

артуы

ішінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

онкотикалық

 

 

 

 

 

 

 

 

гиперна

 

қысым

 

 

 

 

 

 

 

триемия

 

төмендеуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вазопрессин

 

 

 

 

 

 

 

 

түзілуі артуы

 

 

 

 

 

 

 

 

Организмде су тұтылуы,

ісіну дамуы

Судың несептен кері сіңірілуі артуы

Бүйректік ісіну. Бүйректік ісінулердің жолдары оның шумақтары мен өзекшелерінің бүліністері (нефроздық синдром мен нефриттер) кездерінде болады. Нефроздар кезінде:

бүйрек шумақтарында тіректік (базалдық) мембрананың өткізгіштігі жоғарылауы;

нәруыздардың несепке көп сүзілуі, әлбуминурия;

гипопротеинемия;

қылтамырларда онкотикалық қысым төмендеуі тізбектеле келіп ісінуте әкеледі.

Нефриттер кездерінде:

бүйректе қан айналымы бұзылуы нәтижесінде ренинангиотензин жүйесі арқылы әлдостеронның түзілуі артуы;

натрий иондарының кері сіңірілуінен гипернатриемия;

гипоталамуста вазопресиннің түзілуі артуы;

судың несептен кері сіңірілуінің күшеюі жинақталып ісіну дамуына әкеледі (6-сызбанұсқаны қараңыз).

6-сызбанұсқа

Бүйректік ісінудің даму жолдары

Нефроздық синдром

193

нефрон шумақтарының тіректік мембранасының өткізгіштігі көтерілуі

әлбуминурия

гипопротеинемия

қанда

онкотикалық қысым төмендеуі

судың тамыр сыртына сүзілуі

Нефриттер

бүйректе қан айналымы бұзылуы

ренин түзілуі артуы

әлдостерон түзілуі артуы

гипернатриеми

я

вазопрессин артық өндірілуі

несептен судың кері сіңірілуі артуы

Ісіну

Бауырлық ісіну. Бауыр аурулары кездеріндегі ісіну оның қызметі бұзылудан (қан нәруыздарының түзілуі азаюынан) гипопротеинемиямен, қылтамырлар ішінде онкотикалық қысым төмендеуімен байланысты болады. Бауыр циррозы кезінде қан ішек-қарын және қақпа көктамырларында іркіліп қалудан, қылтамырлар ішінде қан қысымы көтеріліп, сұйық іш қуысына сүзілуден іш шемендігі дамуына әкеледі. Сонымен бірге бауыр аурулары кездерінде әлдостеронның ыдыратылуы бұзылуынан, ол әсерлі түрде организмде жиналып қалады. Содан салдарлық әлдостеронизм дамып, ол бауырлық ісінуге

194 өзінің үлесін қосады.

Ашығулық ісіну гипопротеинемиядан қанда онкотикалық қысым төмендеуімен, қылтамырлардың нәрленісі бұзылуынан олардың қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылаумен байланысты.

Қабынулық және уыттық ісінулер бүліну ошағында микроциркуляцияның бұзылуынан және қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауымен байланысты болады. Ол қабынулық дәнекерлердің (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер т. б.) әсерлерінен дамиды.

Жүйкелік ісіну су алмасуының жүйкелік реттелуі және тамырлар мен тіндердің нәрленуі бұзылыстарынан болады.

Аллергиялық ісінулердің жолдары қабынулық және жүйкелік ісінулердің жолдарымен сәйкес болады. Бұл

ісінулер

кездерінде

микроциркуляцияның

бұзылыстарында

және

қылтамырлар

қабырғаларының

өткізгіштігі

жоғарылауында аллергияның дәнекерлері (медиаторлары) маңызды орын алады.

Ісінудің организм үшін маңызы. Ісіну біртектес дерттік үрдіс болғандықтан оның бір жағынан бүліндіруші қасиеті болса, екінші жағынан белгілі қорғаныстық маңызы бар.

Ісінулік сүйық айналасындағы тіндерді қысып, онда қан айналымын бұзады, қан мен жасушалар арасында қоректік заттармен және оттегімен алмасуын қиындатады. Осыдан ісінген тіндердің қоректенуі бұзылудың нәтижесінде олардың микробтарға төзімділігі төмендейді, жиі жұқпалы қабынулар дамуы мүмкін. Ісінген тіндерде артынан жиі дәнекер тіндері өсіп кетеді. Сұйық ми қарыншаларында, жүрек қалтасында, өкпеқап қуысында жиналып қалудан тіршілікке манызды ағзалардың қызметтері бұзылыстарына әкеледі.

Ісінудің қорғаныстық маңызы:

● қанда еріген улы заттардың сұйықпен бірге тамырдың сыртына шығуына және жергілікті тіндерде ұсталып тұруына

әкеледі;

организмнің сұйық орталарында осмостық қысымның тұрақтылығын ұстап тұрадды;

ісінулік сұйық әртүрлі өспе туындататын химиялық және улы заттарды сұйылтып, олардың ауру туындататын әсерін азайтады;

бүліну ошағынан қан мен лимфаның ағып кетуін шектеп, әртүрлі улы заттардың (бактериялардын, уыттардың т.с.с.) организмге тарап кетуінен сақтандырады;

ісінулік сұйықпен бірге әртүрлі бактерияларды жоятын

195 және уытты заттарды уытсыздандыратын арнайы антиденелер мен ферменттер шығарылады. Бұл көрсетілгендер әсіресе қабынулық ісінулер кездерінде өте маңызды орын алады.

Электролиттер алмасуының бұзылыстары

Көптеген бүліністердің, соның ішінде өмірге қауіпті жағдайлардың, себебі болып электролиттер алмасуының бұзылыстары есептеледі. Өйткені олар тағамның қажетті бөлшектері болып табылады және организмнің қалыпты тіршілігін, оның дамуын қамтамасыз етеді. Электролиттер осмостық қысымды, қышқылдық-сілтілік үйлесімділік жағдайды, судың жасуша ішінде және оның сыртындағы кеңістіктер арасында бөлінісін қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысады. Сонымен қатар олар жүйкелік-еттік қозу үрдістерінде аса маңызды орын алады және ет талшықтарының жиырылғыштығына ықпалын тигізеді. Электролиттердің алмасуы басқа заттардың (нәруыздардың, көмірсуларының, энергияның, медиаторлардың) алмасуларымен өзара тығыз байланысты. Міне сондықтанда, организмнің әртүрлі гомеостаздық көрсеткіштерінің қалыпты деңгейде сақталуы электролиттер алмасуының жағдайына тікелей байланысты.

Тіршіліктің бұзылыстары:

 

● электролиттердің организмге

жеткіліксіз немесе

артық түсуінен,

 

олардың қан плазмасы мен тінаралық сұйықпен

жасушалар арасында бөлінісінің бұзылыстарынан, ● организмнен сыртқа несеп, тер, ас қорыту сөлдері

арқылы тым көп немесе тым аз шығарылуынан - пайда болуы мүмкін.

Организмде минералдық заттар ерітілген жағдайда электролит немесе нәруыздармен байланысқан түрде болады. Электролит деп электр дәрмені бар қарапайым химиялық элементті айтады. Қаңқа және тістердің минералдық тұз құрамына кальций, магний, натрий, фосфор және фтордың едәуір мөлшері кіреді. Сүйекке айналған тіндер тіректік

қызмет атқаруымен қатар, минералдық заттардың маңызды қоры болып табылады.

НАТРИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.

Жасуша сыртындағы барлық катиондардың 90%-ы натрийдің үлесіне тиесілі. Ол хлорид, фосфат, бикарбонат түрлерінде

қан

плазмасының,

лимфаның,

ликвордың,

ас

қорыту

сөлдерінің құрамында

болады.

Жасуша сыртындағы

сұйықта

оның мөлшері 140 ммоль/л жуық, ал жасуша ішіндегі сұйықтықта — 20 ммоль/л болады. Барлық натрийдің 30%-ға

жуығы (1500—2000

ммоль/л

немесе

34—46

г)

қаңқа

196 сүйектерінде болады.

 

 

 

 

 

 

Натрий алмасуының

бұзылуы

қанда

оның

көбеюімен

(гипернатриемия)

немесе

азаюымен

(гипонатриемия)

көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Гипернатриемия

-

қандағы

натрий

мөлшерінің

145

ммоль/л-ден астам көбеюі. Ол мына жағдайларда байқалуы мүмкін:

тұзды заттарды артық қабылдағанда (тәуліктік мұқтаждық 10-12 г), мәселен, тағаммен, сілтілі минералды суды көп ішкенде, ас тұзының гипертониялық ерітіндісін емдеу мақсатымен артық енгізгенде;

натрийдің организмнен шығарылуының бұзылуы кезінде, мәселен, бүйрек қызметі төмендегенде (гломерулонефрит, нефросклероз) және глюкокортикоидтарды ұзақ уақыт бойы қабылдағанда;

әлдостерон артық өндіріліп шығарылғанда, өйткені ол нефрон өзекшелерінде, ас қорыту жолдарында, сілекей және тер бездерінде натрийдің қанға кері қайта сіңірілуін (реабсорбциясын) күшейтеді.

Осы жағдайларда нағыз немесе шынайы гипернатриемия

дамиды. Сонымен бірге оның салыстырмалы немесе салдарлық түрлері де кездеседі. Бұл кездерде организмде натрийдің жалпы мөлшері көбеймейді. Бірақ денедегі судың мөлшері азаюдан натрийдің қандағы деңгейі біршама көтеріледі.

Осындай жағдайды салыстырмалы гипернатриемия дейді. Ол организмнің сусыздануы барысында, мысалы организмге су аз түскенде немесе қатты терлегенде және іш өткенде, полиурия т.т. кездерде қанның қоюлануы нәтижесінде байқалады.

Қанда натрийдің көбеюіне организм өзінің теңгерілу жолдарын жұмылдырып біршама қарсы тұра алады. Ол үшін гипоталамустағы шөлдеу орталығының нейрондарындағы осморецепторлар қоздырылуынан антидиурездік гормон артық өндіріледі. Содан бастапқы несептен судың кері қанға сіңірілуі күшейіп су организмде тұтылады. Сонымен қатар

сол жақ жүрекшеде атриопептин және бүйректе простагландиндер түзіліп, натрийдің несеппен шығарылуын көбейтеді.

Гипернатриемияның көріністері. Гипернатриемияның нәтижесінде қанның және басқа биологиялық сұйықтардың осмостық қысымы көтеріледі.Бұл кезде жүйкенің және бұлшықеттердің қозғыштығы жоғарылайды, сол себептен, гиперкинезиялық бұзылыстардан бастап, тырыспа-селкілдек сияқты жағдайлар пайда болады. Өйткені жасушалардың ішінде натрий иондарының көбеюінен қозымды тіндердің қозу

197шегі төмендейді. Сонымен қатар, жоғары дәрежелі жүйке қызметі бұзылады: адамда қорқыныш, үрей сезімі күшейеді, көңіл-күйдің жабырқауы пайда болады. Кейбір жағдайларда, судың жасуша ішінен сыртқы кеңістікке және қанға өтуі салдарынан жасушаның сусыздануы болады. Содан жасушалардың бүрісіп қалуы т.с.с. бүліністері байқалады.

Гипернатриемияның ерекше көрінісі болып артериялық қысымның көтерілуі есептеледі. Ол тамыр қабырғаларының жиырылтқыш әсерлерге сезімталдығын көтереді және судың тамыр ішінде жиналуына әкеліп, айналымдағы қанның көлемін көбейтеді. Гипернатриемия алкалоз дамуымен қабаттаса жүруі мүмкін. Оған мысал ретінде натрий гидрокарбонатын артық қабылдаған кездегі алкалозды немесе минералокортикоидтар артық өндіріліп шығарылған кездегі бүйректік алкалозды келтіруге болады. Кейде гипернатриемия кезінде дене қызымы көтеріледі. Ол натрийдің әсерінен термореттеу орталығы нейрондарының белсенділігі көтерілуіне байланысты дамиды.

Гипернатриемияны емдеу. Осы мақсатпен көктамырға физиологиялық ерітінді немесе 5% глюкоза ертіндісін жібереді. Бұл кезде глюкоза алмасуға тез ұшырайды, ал су қанды сұйылтады. Ауыр жағдайларда гемодиализ немесе бүйректен тыс қанды тазарту тәсілі қолданылады.

Гипонатриемия — қандағы натрий мөлшерінің 135 ммоль/л-

ден төмен болуы. Ол нағыз немесе шынайы және салыстырмалы немесе салдарлық болып екі түрге бөлінеді. Нағыз гипонатриемия мына жағдайларда байқалады:

тағаммен ас тұзы аз түскенде, мысалы, ашығу, тұзсыз

емдәм қабылдау кездерінде;

натрийді

несеппен, термен немесе ішек сөлімен

көптеп сыртқа шығарғанда;

әльдостерон аз өндіріліп шығарылғанда (мәселен, Аддисон ауруы кезінде) нефрон өзекшелерінде натрийдің бастапқы несептен қанға кері қайта сіңірілуі азаяды;

сульфаниламидтер және олардың туындылары —

салуретиктерді (диакарб, дихлотиазид) ұзақ мерзім бойы қабылдағанда кездеседі. Өйткені олар натрийдің несеппен шығарылуын күшейтеді.

Салыстырмалы немесе салдарлық гипонатриемия: қанның сұйылуы кезінде болады. Ол мына жағдайларда байқалады:

суды артық қабылдағанда;

изотониялық сұйықты емдік мақсатта көп мөлшерде енгізгенде;

бүйректің несеп шығару қызметі төмендегенде;

дене ісінуін емдеу кезінде су тінаралық кеңістіктен

198 тамыр ішіне көптеп өткенде.

Гипонатриемия кезінде организм оған жауап ретінде әлдостеронның өндірілуін арттырады және атриопептин мен бүйректе простагландиндердің түзілуін кемітеді. Содан натрийдің несеппен шығарылуы азайып, ол организмде ұсталынады.

Гипонатриемияның көріністері. Гипонатриемияның нәтижесінде қанда және басқа биологиялық сұйықтарда осмостық қысым төмендейді. Осыдан су жасушалардың ішіне ауысып олардың ісінуі байқалады. Тері мен шырышты қабықтардың құрғауы болып, олардың серпімділігі мен тығыздығы азаяды.

Натрийді көп жоғалтқанда калийдің жасуша ішінен сыртына шығуы байқалады. Сол себептен жүйке және бұлшықет тіндерінің қозымдылығы азаяды. Өйткені жасуша сыртында натрий иондарының мөлшері төмендеген. Осыдан қозымды тіндердің қозымдылық шегі жоғарылайды. Бұл жүрек етінің, бұлшық және тегіс салалы ет талшықтарының тонусын әлсіретеді, бұлшық еттерде ауыру сезімінің пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары пайда болады. Бұл бұзылыстар жан-дүниелік әлсіздікпен, кейде тіпті ессіз күй дамуымен көрінеді. Өйткені гипонатриемияның нәтижесінде ми нейрондарында иондық дисбаланс және олардың ісінуі дамиды. Сонымен бірге мидың гипоксиясы байқалады.

Жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылыстары тахикардия, артериялық қысымның төмендеуімен, кейде коллапс дамуымен байқалады. Өйткені қан тамырларының тонусы төмендеген, жүректің жиырылу күші әлсіреуінен оның шығарымы азайған.

Гипорнатриемия кезінде тәбетттің жоғалуы, судан жеру, жүрек айну, құсу т.т. пайда болады, қанттың ішектерде сіңірілуі азаяды.

Гипонатриемияны емдеу. Гипонатриемия гипоталамус және бүйректе орналасқан хеморецепторларды қоздыру арқылы әлдостеронның өндірілуі мен бөлінуін күшейтеді, сөйтіп

организмде натрий иондары жинала бастайды. Гипонатриемия нәтижесінде пайда болатын бұзылыстарды жою үшін көктамыр ішіне 1-2% ас тұзының ерітіндісін, қан плазмасын, нәруыздар препараттарын жібереді.

КАЛИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.

Калий - жасуша ішіндегі, негізгі электролит. Ересек адамда калийдің организмдегі жалпы мөлшері 4000 ммоль-дей болады, ал мүның 2/3 бөлігі бұлшық еттерде, 5% сүйек құрамында болады. Организм тәулігіне 2-4 г калий қажет

етеді. Калийдің жалпы мөлшерінің

90%-ы, яғни 11О-150

199 ммоль/л-дейіні жасуша ішінде, ал

10%-ы ғана, яғни 7

ммоль/л-дейіні, жасуша сыртындағы

сұйықта орналасқан.

Оның қан плазмасындағы мөлшері

- организмдегі жалпы

мөлшерінің 0,4%-ы ғана, яғни 3,8—5,4 ммоль/л. Бұл калийдің плазмадағы салыстырмалы тұрақты шамасы болып есептеледі. Плазма мен жасуша аралық сұйықта калий иондалған түрде, ал жасуша ішіндегі оның көп мөлшері нәруыздармен, көмірсуларымен, креатининмен, фосформен байланысқан түрлерде болады. Калийдің жасуша ішінен шығуы көп жағынан аз жағына қарай (концентрациялық айырмашылық бойынша) жүзеге асса, оның жасушаға енуі — энергияны пайдалана отырып, Na+- К+- АТФ-аза ферментінің қатысуымен атқарылатын белсенді үрдіс. Ұлпалы ағзалардың жасушасына калий глюкоза-калий дифосфат қосындысы түрінде енеді. Бұл үрдіске АҮФ (аденозин үш фосфор қышқылы) дем береді және гормондар арқылы реттеледі. Калийдің жасуша іші мен сыртындағы кеңістік арасында орын ауыстыруында қышқылдықсілтілік үйлесімділіктің өзгеруінің маңызы зор. Мысалы, қанда сілтілер көбейгенде, калийдің жасуша сыртынан ішіне өтуіне байланысты оның қандағы мөлшері азаяды, ал егер қанда қышқылдар көбейсе, онда керісінше болады. Калийдің организмнің тіршілігіне қажетті бірталай міндеттері бар:

ол жасушалардың мембраналық потенциалын қалыптастыратын негізгі иондардың бірі болып табылады;

жасушаларда осмостық қысымды қамтамасыз етеді;

көмірсуларының, нәруыздардың, липидтердің алмасуына қатысады.

Гликогенез үрдісі калийдің жұмсалуын күшейтеді, ал гликогенолиз, керісінше, калийдің босауына және оның жасуша сыртына шығуына әкеледі. Калий бүлінген тіндерді қалпына келтіруге қатысады. Мәселен, нәруыздардың түзілуі кезінде калий жасуша ішінде жиналады, ал олардың ыдырауы

кезінде

ол жасуша ішінен сыртына

шығып, қанға

және

артынан

несепке өтеді. Нәруыздар,

көмірсулары,

майлар

ыдырауының қарқынды болуы калийдің теріс тепе-теңдігіне

әкеледі. Калий алмасуы су алмасуымен тығыз байланысты. Калий натриймен қарама-қарсылық әрекетте болады, себебі калий организмнен оңай шығатын болса, натрий керісінше оңай жиналып қалады. Сонымен қатар, егер натрий өзімен бірге организмде суды ұстап қалатын болса, калий, керісінше, бүйрек өзекшелерінің антидиурездік гормонға сезімталдығын төмендете отырып, несеппен судың сыртқа шығарылуын күшейтеді. Калийді организмге көп мөлшерде енгізсе, онда ол натрий мен судың сыртқа шығарылуын арттырады. Сол себептен, дене ісінуін калийі көп емдәммен

200 емдеу, осыған негізделген.

Калий алмасуының бұзылуы гипокалиемиямен және гиперкалиемиямен көрінеді.

Гипокалиемия — қандағы калий мөлшерінің 3,8 ммоль/л- дея төмен болуы, ал ол калийдің теріс тепе-теңдігі кезінде байқалады.

Гипокалиемия мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

организмге калий тамақпен, мәселен ашығу кезінде, жеткіліксіз түскенде;

несеппен, үлкен дәретпен, құсықпен калий көп мөлшерде жоғалтылғанда. Калийдің несеппен көптеп шығарылуы төменде келтірілген жағдайларда байқалады:

глюкокортикоидтермен ұзақ уақыт бойы емделгенде;

сынапты зәрайдатқылар қолдану кезінде;

ацетилсалицил қышқылымен уланғанда;

кейбір бүйрек аурулары кездерінде;

әлдостерон өндіріліп шығарылуы көбейгенде;

калий қаннан жасушаларға көптеп ауысқанда. Ол өз алдына мына жағдайларда кездеседі:

гиперинсулинемия (инсулинома) кезінде;

гиперкатехоламинемия кезінде, мәселен феохромоцитома дертінде;

фолий қышқылы мен В12- витаминін тым артық қабылдағанда жасушалардың өсіп-өнуі кезінде калий иондары олармен артық пайдаланылады.

Гипокалиемияның көріністері. Олар калийдің жалпы

мөлшері 10-30%-ға төмендегенде байқалады. Бұл кезде жүйкелік-еттік қозымдылық төмендейді, содан бұлшықеттер әлсірейді, тіпті кейде бұлшықеттердің салдануы, асқазан, ішек, қуықтың әлсіздігінен олардың қимылдық әрекеттерінің азаюы, артериялық қысымның төмендеуі байқалады.

Орталық жүйке жүйесі қозымдылығы төмендеуден адамды ұйқы басу, көңіл-күйдің бейжайлығы, селқостық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі байқалады. Өйткені нейрондардың гиперполяризациясынан олардың қозымдылық шегі көтеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]