Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

толастамайтын құсу, асқазан тесігі, асқазан қалтқысының тарылуы, гастоэнтероколит кездерінде асқазан сөлінің көп мөлшерде организмнен сыртқа шығарылғанында.

Тұз қышқылын өндіруге қажетті хлор ас түзы ыдырауынан босайды. Босаған натрий ионы кері қанға сіңіріліп, НСОз анионымен қосылады, натрий гидрокарбонат түзіледі. Содан келіп қанда соңғысының қоры көбейіп, оның реакциясы сілтілік жаққа ығысады;

бүйрек қызметі бұзылудан сілтілердін организмде жиналып қалуы;

231

бүйрек үсті бездерінің гормондары артық

түзілгенде

 

(Кушинг синдромы, альдостеронома т.с.с.) немесе оларды

 

емдік

мақсатта сырттан енгізгенде натрийдің кері

 

сіңірілуі артады. Бикарбонаттардың қандағы деңгейі

 

көтеріледі. Осыдан қандағы Н+ иондарының деңгейі азаяды,

 

рН үлкейеді;

 

 

 

 

♣ балаларда туа біткен газдық емес алкалоз болатыны

 

белгілі. Бұл аурудың негізінде ішектердің ауруларына

 

байланысты организмнен хлор мен калий иондары артық

 

шығарылады. Қанда олардың деңгейі азаяды, гипохлоремия

 

және

гипокалиемия

дамиды.

Қан

плазмасында

 

гидрокарбонаттардын деңгейі басым болады. Ауру балаларда

 

ұдайы

іш өтулер болады, сол арқылы хлор көптеп

 

организмнен шығарылады. Балалардың дене мүшелерінің дамуы

кешеуілдейді.

Газдық емес алкалозға организмнің икемделіп-бейімделу жолдары.

Бұл алкалоздың теңгерілу жолдары гидрокарбонаттардың артығын организмнен шығаруға, көмір қышқылын организмде ұстап қалуға бағытталады.

қанда Н+ иондарының мөлшері азайғанда тыныс алу орталығы тежеледі. Осыдан өкпенің желдетілуі азаяды,

қанда СО2 жиналады және көмір қышқылының гидрокарбонатқа арақатынасы қалыпты деңгейде (1:20) сақталады;

қан нөруыздары Н+ иондарын босатып, натрий иондарын байланыстырады;

несеппен көп мөлшерде гидрокабонаттар және екі

негіздік фосфат тұздары (Na 2НРО 4) шығарылады. Көрсетілген теңгерілу жолдарының әсерлерінен қанның рН

мөлшері қалыпты денгейде сақталады (тенгерілген алкалоз). Бірақ артынан гиперкапнияның нәтижесінде тыныс алу орталығының қозымдылығы көтеріледі, Көмірқышқылы газының артығы тыныс жиілеуі нәтижесінде организмнен сыртқа

шығарылып кетеді. Осыдан теңгерілмеген алкалоз дамиды. Бұл кезде сүйектерден Н+ иондары шығады да, олардың орнына

кальций иондары түседі. Сол себепті қанда иондалған кальцийдің деңгейі азаяды, бұлшықеттердің қозымдылығы көтеріледі, тырыспа (тетания) дамиды. Осындай толастамайтын құсу кезіндегі дамитын тырыспаны асқазандық тетания дейді.

Бұл алкалозды емдеу негіздері су мен электролиттер алмасуын ретке келтіру, калий мен хлор иондарының орнын толтыру қажет. Ауыр жағдайларда тұз қышқылы қосылған глюкоза сұйығын енгізуге болады. Кейде несеп шығарылуын ұлғайтатын диакарб, гидрокарбонаттың бүйрек

232 түтікшелерінде кері сіңірілуін тежеп, жағымды әсер етеді.

Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (ҚСҮ) көрсеткіштері.

ҚСҮ-нің көрсеткіштеріне стандарттық бикарбонат (SВ), буферлік негіздер немесе барлық буферлік негіздердің жиынтығы (ВВ), буферлік негіздердің артықтығы немесе тапшылығы (ВЕ) жатады. Стандарттық бикарбонат (SВ) деп қанның оттегімен толық қанығуында, қандағы көмірқышқылы газының үлестік қысымы (рСО2) сынап бағанасы бойынша 40 мм және температурасы (t°-38°С) болғандағы бикарбонаттың деңгейін айтады (1-кесте).

Буферлік негіздердің артықтығы немесе тапшылығы (ВЕ) деп стандарттық жағдайда анықталған буферлік негіздердін

денгейінен

дәл

анықталған

кезіндегі

деңгейінің

айырмашылығын

айтады. ВЕ

(ағылш. Ьаsеs

ехсеss —

негіздердің артықтығы) -2,4 мэкв/л - + 2,3 мэкв/л аралығында болады. Бұл көрсеткіштің оң болуы деммен шығарылмайтын қышқылдардың тапшылығын немесе сілтілердің артық болуын көрсетеді. ВЕ теріс болса, онда организмде деммен шығарылмайтын қышқылдар көбейіп, сілтілердің тапшылығы бар екенін дәлелдейді. ВЕ-нің қатты өзгерістері метаболизмдік бұзылыстардың айқын белгісі болады. Метаболизмдік ацидоз кезінде негіздердің артықтығы (ВЕ) теріс жақта болып, буферлік негіздердің тапшылығын көрсетеді. Ал, газдық емес алкалоз кезінде ВЕ оң жақта болады да, буферлік негіздердің артықтығын байқатады (2- кесте).

Газдық ацидоз бен алкалоз кездерінде ВЕ шамалы ғана

өзгереді.

ҚСҮ

көрсеткіштері

гомеостаздың

маңызды

клиникалық

көрсеткіштеріне

жатады.

Клиникада

ҚСҮ

бұзылыстарын анықтау үшін қанның рН-ын, рСО2, SВ, ВЕ,

сонымен бірге

несептің

рН-ын және

онда

кетондық

денелердің

мөлшерін білу

қажет. Егер

артериалық

қанда

рСО2 өзгерістері ҚСҮ-нің газдық түрін көрсететін болса, қалған көрсеткіштердің өзгерістері оның газдық емес

(метаболизмдік) түрін көрсетеді.

 

 

 

 

1-кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚСҮ-көрсеткіштеріиің калыпты деңгейі.

 

 

 

Көрсеткіште

 

Артериялық

 

 

 

Веналық

рН

 

7,36 - 7,42

 

7,26 - 7,36

 

рС02

 

35,8 - 46,6 мм

 

46,0 - 58 мм с. б.

 

21-25 мэкв/л

 

 

 

 

 

ВВ

 

44,4 мэкв/л

 

 

 

 

 

ВЕ

(-2,4) - (+2,3)

 

 

 

 

 

233

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің

бұзылыстары

кездеріндегі оның көрсеткіштерінің өзгерістері

 

ҚСҮ бұзылу түрлері

 

Қандағы

 

 

ҚСҮ

 

 

 

 

рН

 

ВЕ

рС02

Теңгерілмеген

 

 

 

өзге

Теңгерілген

 

метаболизмдік

өзгер

 

Теңгерілмеген

газдық

өзгер

өзгерм

Тецгерілген газдық ацидоз

өзгер

 

Теңгерілмеген

газдық

емес

 

өзге

Теңгерілген

 

газдық

емес

өзгер

 

Теңгерілмеген

газдық

езгер

өзгерм

Теңгерілген газдық алкалоз

өзгер

 

 

 

 

 

м.

 

 

Ашығу

Ұзақ тамақ ішпеуден немесе тым аз ішуден, немесе әртүрлі дерттердің әсерлерінен ішкен астың қорытылмауынан ашығу дамиды. Ол бірнеше түрге бөлінеді (7-бейнелеме).

7-бейнелеме

 

 

 

 

 

 

 

Ашығу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

234

 

 

Толық

 

 

 

Асқа

 

Сапасыз

 

 

ашығу

 

 

 

жарымау

 

қоректену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сумен

Сусыз

 

 

толық

толық

 

 

ашығу

ашығу

 

Ашығудың ең ауыр түрі тамақпен бірге суды да ішпеуден байқалады. Оны сусыз толық ашығу дейді. Бұл ашығу кезінде дененің қатты құрғауынан және уыттануынан 4-7 күн ішінде адам көз жұмады. Ал, су ішіп, тек тамақ ішпеген адам 70 күннен астам уақытқа шыдайды. Бұндай ашығуды сумен толық ашығу дейді.

Асқа жарымау (жартылай ашығу) ұзақ уақыт аз тамақ қабылдаудан дамиды және бұндай адамдарда дененің ісінуі, трофиканың (нәрленудің) бұзылыстары, қан қысымының көтерілуі, бүйректің т. б. ішкі ағзалардың қызметтерінің өзгерістері байқалады.

Сонымен қатар, қуаттық мөлшері бойынша қабылданатын тамақ жеткілікті болғанына қарамай, тағамның вейбір бөлшектері аздығынан дамитын ашығуды сапасыз қоректену дейді. Бұл кезде қабылданатын тағамда нәруыздар немесе

көмірсулары, майлар, витаминдер және

микроэлементтер тым

аз болуы мүмкін.

 

ТОЛЫҚ АШЫҒУ

 

Толық ашығуға әкелетін себептік

жағдайлар сыртқы

(экзогендік) және ішкі (эндогендік) болып екіге бөлінеді. Сыртқы себептік жағдайға ішетін тамақтың болмауы немесе, бүгінгі күні кездесіп жүрген, ашығудың наразылық түрі

жатады.

БҰҰ мен

дүние жүзілік

денсаулық сақтау ұйымының

(ДДҰ)

есептеуі

бойынша ХХ

– ғасырдың соңында 400

миллионнан астам балалар және 0,5 миллиардтай ересек адамдар ашығуға душар болған және жылына 50 млн-нан астам адам аштықтан өледі. Ашығу мен асқа жарымау әсіресе балалар үшін өте қауіпті.

Ашығуға әкелетін ішкі себепкер жағдайларға балаларда кездесетін ас қорыту жолдарының даму ақаулары, аурулары, жұқпалы аурулар, тәбеттің болмауы т. с. с. факторлар

 

жатады. Сонымен бірге нейрогендік анорексия жиі эндогендік

 

ашығудың себебі болады. Бұндай тәбеттің болмауы бойжеткен

 

қыздар мен жас әйелдердің арасында кездесетін дерт. Оған

 

полигендік тұқым қуалаушылыққа бейімділік байқалады. Бұл

 

науқас әйелдердің көпшілігінің қанында май жасушаларымен

 

және

макрофагтармен

өндірілетін цитокин

кахексиннің

 

деңгейі көп болады. Жұлын-ми сұйығында тәбетті басатын

 

холецистокининнің деңгейі көбейген. Емдеуге қарамай дерт

 

өмір бойы жиі қайталанып, қатты азудан және жүрек

235

аритмиясына

әкелетін

гипокалиемиядан науқас

адам

жан

 

 

 

 

 

 

 

 

тапсыруы мүмкін.

 

 

 

 

 

Ашығудың дамуында көптеген сыртқы және ішкі

 

жағдайлардың маңызы үлкен. Қол жұмысын атқарған адамдар,

 

қоршаған ортада суық температурада болып, ауаның ылғалдығы

 

жоғары

және

желді

болғанда ашығу тез жан тапсыруға

 

әкеледі. Бұлар сыртқы ортаның жағдайларына жатады. Сонымен

 

бірге организмнің өзінің көптеген жағдайлары да ашығу

 

кезінде адам өмірінің ұзақтығына біршама ықпал етеді.

 

Оларға адам мен жануарлардын жынысы, жасы, организмнің

 

жалпы жағдайы, денедегі майдың қоры, зат алмасуларының

 

қарқыны т.с.с. ішкі жағдайлар жатады. Жана туған

 

нөрестелердің ашығудан тез шетінеуі оларда заттардың және

 

жылу

алмасуларының

реттелу

жолдарының

әлі

жақсы

жетілмеуінен болады. Қарттар мен қартайған жануарлар ашығуға біршама көнбіс болып келеді. Өйткені оларда жас ұлғаюына байланысты негізгі зат алмасудың қарқыны төмендеген. Дененін сыртқы беті мен оның массасының арақатынасы неғүрлым көп болса, солғұрлым жануарлар ашығудан тез өледі. Сондықтан кішкене жануарлар ірі жануарларға қарағанда ашығудан тез жан тапсырады. Бірақ бұл заңдылық әрдайым дұрыс бола бермейді. Ашығу кезіндегі жануарлар өмірінің ұзақтығы олардың сыртқы бетінің ерекшеліктерінен, түрлерінен: үй жануары ма, әлде жабайы дала жануары ма т. б. жағдайларға да байланысты болады.

АШЫҒУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ.

Толық ашығудың клиникалық көріністерін төрт кезеңге ажыратады:

1.селқостық кезеңі; 2. қозу кезеңі; 3. тежелу кезеңі;

4.жануарлардың салдануы мен өлімі. Бірінші кезеңінде ашығуға жануарлар ешқандай мән бермейді, елемейді. Екінші кезеңінде орталық жүйке жүйесінің қозуы болады. Жануарлар тамақ іздеп аласұрады. Артынан бұлшықеттердің дірілі пайда

болып, қимыл қозғалыстың үйлесімсіздігі байқалады. Ашығудың үшінші кезеңінде орталық жүйке жүйесінің қызметтері тежеледі, ашыққан адам мен жануарлар терең ұйқыға батады, қан қысымы төмендейді, тыныс алу сирейді.

Содан біртіндеп ашығудың төртінші салдану кезеңі дамиды. Ашыққан организм терең комадан жан тапсырады. Бұл кезде тыныс алу орталығы мен қан тамырларының қимылдық орталығының салдануы болып, жүрек соғуы мен тыныс алу тоқтайды.

Бұл көрсетілген жіктеуге қарағанда, ашығудың кезеңдерін ажырату үшін ол кездердегі заттар мен энергия алмасу ерекшеліктерінің жағдайларына қарай патофизиологиялық ажырату маңыздырақ болады. Осыған орай

236ашығудың үш кезенін ажыратады:

1.энергияны үнемсіз пайдалану кезені;

2.энергияны үнемдеп пайдалануға жақсы икемделген

кезең;

3.тіндердің ыдырауы, жануарлардың уыттануы мен өлуіне әкелетін ақтық кезең.

Жануарлардың гүрлеріне қарай әр кезеңнің ұзақтығы да әртүрлі болады. Адамда бірінші кезең 3-4 күнге, екінші кезең 40-50 күнге, үшінші кезең 3-5 күнге созылады.

Сонымен қатар ашығудың кезеңдеріне орыс ғалымдары Г.Ф.

Ланг және А.Л. Мясников ХХ-ғасырдың 40-шы жылдарында ұсынған жіктеме назар аударарлықтай деуге болады. Бұл ғалымдар ашығудың кезеңдерін клиникалық көріністеріне қарай ажыратқан. Олар ашығудың өту ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңді бөлген: 1-ші жеңіл немесе емханалық, 2. ораша дәрежелі немесе ауруханалық (аруханада жатып емделуді қажет ететін), 3. ауыр, қайтымсыз кезең

Жеңіл немесе емханалық кезең кезінде организмге қажетті энергия көмірсулары мен майлардың тотығулары есебінен түзіледі. Бұл кезде организмнің жалпы және рухани әлсіздігі, қол және ой жұмыстарына әлсіреуі, дене салмағының 20%-ға азаюы, мезгіл-мезгіл дененің ісінуі байқалады. Бірақ организмде витаминдердің жетіспеушілігі әлі байқалмайды. Адамның қарын ашу сезімі және тамақ ішуге деген талпынысы сақталады. Тамақ ішкеннен кейін ол жақсы қорытылады.

Орташа дәрежелі немесе ауруханалық кезеңі кезінде энергия түзу үшін қан мен бұлшықеттердің нәруыздары пайдаланыла бастайды. Дене салмағының кемуі 20-40%-ға жетеді. Нәруыздық-энергиялық жеткіліксіздік квашиоркор түрінде болғанда дененің ісінуі болады. Қатты әлсіздік, мезгіл-мезгіл іш өтуі, көптеген витаминдердің жетіспеуі, адамның селқостығы байқалады. Қарын ашу сезімі бәсеңдейді. Өйткені денеде майлардың азаюынан май жасушаларымен, қарын ашу сезімін туындататын, цитокин - кахексин өндірілуі кемиді. Бұл кезде ішкен тамақтың қорытылуы нашарлайды. Сондықтан ашыққан адамды қоректендірудің арнайы тәртібі

 

қажет болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыр, қайтымсыз

кезеңі

кезінде дене салмағы

40% -

 

астам жоғалады, ауыр авитаминоздар дамиды, салдарлық

 

жұқпалардың қосылуы, дененің күп болып ісінуі (анасарка),

 

іш

өтуі,

ішкі

ағзалардың

дистрофиялық

бүліністік

 

өзгерістері байқалады. Бұл кезде ішкен тамақ мүлде

 

қорытылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҒУДЫҢ НЕГІЗГІ

КӨРІНІСТЕРІ.

 

 

237

 

Ашыққан организмде мидағы тағамдық орталықтың қозуынан

қатты қарын ашу сезімі ерте пайда болады. Артынан толық

 

 

ашыққан организмде бірнеше күннен кейін бұл орталықтың

 

тежелуінен

аштық

сезімі

жоғалады.

Асқа

жарымаған

 

организмдерде аштық сезімі жоғалмай, ұдайы

сақталып

 

қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашығудан дене массасы азаяды. Оның бірінші кезеңінде

 

энергияны үнемсіз пайдаланудан дене салмағының азаюы тым

 

қатты болады. Екінші кезеңінде дене салмағының азаю

 

қарқыны біршама төмендейді және тәулігіне 0,5-1% ғана

 

болады. Сондықтан дене салмағының алғашқы мөлшері белгілі

 

болса, күнделікті оның азаю мөлшерін есептеп, ашығудың

 

ұзақтығын

шығаруға

 

болады.

Үшінші

кезеңінде

дене

 

салмағының азаюы қайтадан артады. Бұл кезде ішкі

 

ағзалардың салмағы әртүрлі мөлшерде азаяды. Май тінінің

 

салмағы 97%-ға, көкбауыр 60%-ға, бауыр - 54%-ға,

 

бұлшықеттер - 37%-ға, қан - 26%-ға, бүйрек - 25,9%-ға,

 

жүрек - 3,6%-ға азаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашығудың

6-8-інші

күндері

организм

тіндерінің

 

ыдырауынан олардың нәруыздары асқазан сөліне түседі. Олар

 

асқорыту сөлдерімен амин қышқылдарына дейін ыдыратылып,

 

қанға сіңіріледі және организмге қажетті нәруыздар түзуге

 

қайталап

пайдаланылады.

Ашығудың

алғашқы

күндері

организмде гликолиздік және липолиздік ферменттердің, артынан трансаминдеу ферменттерінің белсенділігі артады.

АШЫҒУ КЕЗІНДЕП ЗАТТАРДЫҢ АЛМАСУЫ.

Ашығудың бірінші кезеңінде көмірсуларының ыдыратылуы басым болады. Сондықтан тыныстық көрсеткіш 1-ге жақындап, жоғарылайды. Қанда глюкозаның деңгейі 3 ммоль/л-ден астам төмендейді. Осыдан үйқы безінің жасушалары глюкагонды артық өндіреді, бета жасушаларымен инсулиннің өндірілуі азаяды. Бұл кезде стресс дамып, глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуі артады, глюконеогенез күшейеді. Бауырда гликогеннің қоры азаяды.

Ашығудын бірінші кезеңінің басында негізгі алмасу біршама көтеріліп, артынан 10-20%-ға төмендейді. Ол осы төмендеген деңгейде ашығудың екінші кезеңінде сақталады,

үшінші кезеңінде одан ары біршама көтеріледі. Негізгі алмасудың төмендеуі организммен энергияны үнемдеп пайдалануды көрсетеді және ол қалқанша бездін қызметі әлсіреуіне байланысты дамиды. Бұл кезде бауырда аминқышқылдарының дезаминденуі, трансаминденуі әлсірейді, олардың түзілуі баяулайды. Организмде нәруыздардың ыдырауы басым болуынан теріс азоттық тепе-теңдік байқалады.

Ашығудың ең үзақ екінші кезеңінде тыныстық көрсеткіш 0,7-ге дейін төмендейді. Бұл майлардың басым тотығуын

238көрсетеді. Организмге қажетті энергияның 80%-нан астамы майлардың тотығуынан, 13% нәруыздардың және бар-жоғы 3% ғана көмірсуларының тотығуынан алынады.

Организмдегі гликогеннің барлық қоры 6 сағат ашығуға ғана жетеді. Артынан майлардың тотығуы артады. Бос май қышқылдары қанға т. б. ішкі ағзаларға түседі. Бауыр мен бұлшықеттерде бос май қышқылдары көбейіп, олар митохондрийларға енеді. Бауырда майлар мен май қышқылдарының көптігіне қарамай, онда нәруыздардың тапшылығынан липопротеидтер аз өндіріледі. Сондықтан бауыр жасушаларында үшглицеридтер жиналып, майлық сіңбелер (инфильтрация) пайда болуы мүмкін.

Майлар аяғына дейін толық тотықпауынан ашыққан организмде кетондық денелер жиналып қалады. Қанда олардың көбеюі, кері байланыс бойьшша, денеде майлардың ыдырауын тежеуге әсер етеді. Ашығу кезінде организмде глюкозаның қоры азаюдан мида оны пайдалану 1/4-дейін төмендеп, оның орнына май қышқылдарының өнімдері (бета-оксибутират, ацетат) пайдаланыла бастайды. Бүйректің сыртқы қыртысында глюконеогенез артып, тәулігіне 80 г. глюкоза өндіріледі. Бұның белгілі мөлшерде икемделістік маңызы бар.

Ашығудың ақтық, үшінші кезеңінде тіршілікке маңызды ағзалардың нәруыздары ыдыратыла бастайды. Олар энергия өндіру үшін пайдаланылады. Бұл кезде тыныстық көрсеткіш 0,8-ге теңеледі. Азот, калий, күкірт, фосфор көптеп несеппен шығарылады. Тіндерде хлоридтер жиналуынан осмостық қысым көтеріліп, қанда коллоидтық-осмостық қысым төмендеуінен дененің ісінуі дамиды. Бұл ісінуді аштықтан

(кахексиялық) ісіну дейді.

АШЫҒУ КЕЗІНДЕГІ ІШКІ АҒЗАЛАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДЩ ЖАҒДАЙЫ.

Ашығудың барлық кезеңдерінде организмде жылу өндірілуі әдеттегінің төменгі деңгейінде ұсталып тұрады. Тек үшінші кезеңнің соңына таман жылу өндірілу азаяды. Жылуды сыртқа шығару төмендейді. Дене қызуы қалыпты деңгейінің төменгі шегінде сақталып, тек ашығудың соңында ғана дене температурасы 30-20 ˚ С-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Ашығудың бірінші және екінші кезеңдерінде организмнің

 

маңызды қызметтері қалыпты деңгейге жақын мөлшерлерде

 

сақталады. Бірінші кезеңінде мидың, әсіресе тағамдық

 

орталықтың, қозуы болады. Артынан орталық жүйке жүйесі

 

тежелуінен рефлекстер азаяды, кейбір шартты рефлекстер

 

жоғалады. Ашығу кезінде жарақаттық сілейме (травмалық шок)

 

дамуына қолайлы жағдай пайда болады. Көпшілік жағдайларда

 

ашығу адамның ойлау қабілетіне зиянды әсер етпейді.

 

Ашығудың басында гипофизде кортикотропин мен тиреотропин

 

өндірілуі артады. Осыдан қалқанша без бен бүйрек үсті

239

бездерінің қызметтері көтеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Ашығудың екінші кезеңінде барлық эндокриндік бездердің

 

қызметтері

әлсірейді.

Гипоталамуста

либериндердің

 

өндірілуі

азаяды.

Содан

гипофизде

соматотропиннің,

фоллитропиннің т.с.с. өндірілуі төмендейді, баланың бойы өсуі, жыныстық бёздердің қызметтері бұзылады. Ашығудан:

жүректің жиырылу қабілеті төмендейді, артериялық гипотензия, ауыр жағдайларда коллапс дамуы мүмкін;

рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі, гипоксияға жауап ретінде өкпенің желдетілуі мен тыныстық ауа көлемдерінің азаюы байқалады. Өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы қалыпты мөлшерінің 1/3 –інен аспайды. Тыныстық жұқпалар жиі дамиды;

басында асқорыту сөлдерінің шығарылуы артып, өзінің нәруыздарын ыдыратады, босаған аминқышқылдары қанға сіңіріліп, олар глюкоза түзілу үшін пайдаланылады. Артынан ішек-қарын жолдарының семуі болып, асқорыту сөлдерінің шығарылуы азаяды. Гипохлоргидрия дамып, сөлдердің асқорыту қабілеті төмендейді. Ашішектердің бүрлері семуден тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылады (мальабсорбция), іш өтулері болады. Содан нәруыздардың, әсіресе алмастырылмайтын аминқышқылдарының, тапшылығы одан сайын күшейеді, ішектерде дисбактериоз дамиды;

полиурия, поллакиурия, никтурия дамып, артынан олигоурия болады;

гипохромдық анемия дамиды;

бауыр қызметінің бұзылуы байқалады;

иммундық жүйенің бүліністері болады;

бұлшықеттер мен буындарда ауыру сезімі байқалады;

организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделу мүмкіншіліктері азаяды.

ТОЛЫҚ АШЫҒУДАН КЕЙІНГІ ТАМАҚТАНДЫРУ.

Ашығудың тіпті соңғы кезеңінің басында тамақтандыру организмнің барлық қызметтерін толық қалпына келтіреді. Сонымён толық ашығу организмде қайтымсыз өзгерістерге бірден әкелмейді. Бір ай ішінде ашығудан дене салмағының 40-50%-ға азаюы тамақтанудан кейін екі аптаның ішінде

 

қалпына келеді. Бұл кезде адамның тәбеті ашылып, тотығулық

 

үрдістер жақсарады, оң азоттық баланс дамиды. Бірақ ұзақ

 

ашығудан ішек-қарынның сөл шығару қабілеті және қимылдық

 

әрекеттері әлсірейтінін есте сақтау қажет. Сондықтан

 

ашығудан кейін адамды ақырындап, аз-аздап тамақтандыру

 

керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталап толық ашығулардан энергияны үнемдеп пайдалану

 

жолдары

жақсарады,

ашығудың

бірінші

кезеңі

 

қатты

 

қысқарады. Бірақ көп рет қайталанған ашығулар организмнің

240

икемделу-бейімделу

мүмкіншіліктерін,

иммунитетті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әлсіретіп, өспе дамуына қолайлы жағдай туындатып,

 

жануарлардың өліміне әкелуі мүмкін. Бұл кезде тамақтандыру

 

нәтижелі болмауы да ықтимал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СУСЫЗ ТОЛЫҚ АШЫҒУ.

 

 

 

 

 

Сусыз толық ашығу сумен ашығуға қарағанда өте

ауыр

 

түрде өтеді және содан 3-6 күннің ішінде жануарлар жан

 

тапсырады. Организмге су сырттан түспеуіне орай, ол

 

тіндерде заттардың алмасуларынан өндіріледі. Мәселен 100 г

 

май тотығуъшан 112 г су пайда болады. Көмірсулары мен

 

нәруыздар тотығуынан ол майларға қарағанда 2 есе аз

 

өндіріледі. Бұл ашығу кезінде организмге, қажетті қоректік

 

заттардың

түспеуімен

қатар,

судың

 

түспеуінен

қан

 

айналымның қатты бұзылыстары пайда болады. Организмнің

 

қатты

құрғауынан

қан

қоюланып

кетеді,

тіндерде

 

микроциркуляция бұзылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСҚА ЖАРЫМАУ.

 

 

 

 

 

 

Асқа жарымау (жартылай ашығу) толық ашығуға қарағанда

 

жиі кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

♣ тағамдық заттардың ыдыратылуы мен ішектерде

 

сіңірілуінің

бұзылыстары

(мальабсорбция

 

және

мальдигестиялар);

жиі қайталанатын созылмалы (жұқпалы аурулар, қызбалар, өспе өсуі, аутоиммундық аурулар) дерттер;

тәбеттің төмендеуі;

маскүнемдік немесе дәрілермен улану;

әлеуметтік апаттар — соғыс, жұмыссыздықта адамның асқа жарымауына әкеледі.

Асқа жарымау адамның тіршілігіне пайдаланылған энергиясының орны тамақпен толығатын энергиямен ұдайы толықтырылмауынан дамиды. Мәселен, ол 2500—3500 ккал энергия шығындап, оның орнына асқа жарымаудан тамақпен 2000—1500 ккал-дан аз энергия қабылдайды. Бұндай ашығу,

тіршілікті тез үзбейтін болғандықтан, ұзаққа созылады, оған организмнің бейімделу мүмкіншіліктері қосылады. Организм өзінде бар қуатты өте үнемдеп пайдаланады. Дене массасы біртіндеп азаяды және ол организмде судың артық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]