Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

6.Әдебиет: Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 5-43 беттер.

3. Қ.Р Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж

7. Бақылау :

Қазақстан Республикасының сот әділдігі және сот» тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс сұрақтары.

1. Сот билігін ұйымдастырудың жалпы қағидалары.

2. Сот билігін жүзеге асырудың ролі мен маңызы.

3. Соттардың еңбек қызметін жүзеге асырудың ерекшелігі.

4. ҚР Конституциясының 7-ші бөліміне сипаттама.

1. Тақырыбы : «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері».

2. Мақсаты:

Студенттерді осы саланың реттелу пәнімен, қайнар көзімен және жүйесімен, әкімшілік құқықбұзушылықтың түрлерімен және әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің қолданылу шарттарымен таныстыру

3. Оқыту мақсаты:

- ҚР Конституциясының негізгі ережелерімен таныстыру.

- Жағдайлық есептерді құру және шешу дағдыларына машықтандыру.

- Жағдайлық есептерді шешу студенттердің ойлау қабылеттерін дамытып, түзетуге және білім деңгейін жеке тексеруге мүмкіндік береді.

- Студенттердің білімін күнделікті жағдайға бейімдеу.

- Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылу шарттарын түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Әкімшілік құқықтың ұғымы және пәні.

2. Әкімшілік құқықтың рөлі және қайнар көзі.

3. Әкімшілік құқықтық қатынастардың ұғымы және түрлері.

4. Әкімшілік құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері.

5. Мемлекеттік қызметтің түсінігі және функциялары.

6. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары.

7. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы.

8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері.

9. Әкімшілік жауапкершілікті қолданудың ұғымы мен шарттары

10. Әкімшілік жазалардың қолданылу тәртібі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері - жағдайлық есептер.

- ҚР Конституциясының негізгі ережелерімен таныстыру.

-Жағдайлық есептерді құру және шешу дағдыларына машықтандыру

-Жағдайлық есептерді шешу студенттердің ойлау қабылеттерін дамытып, түзетуге және білім деңгейін жеке тексеруге мүмкіндік береді

-Студенттердің білімін күнделікті жағдайға бейімдеу.

-Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылу шарттарын түсіндіру.

№1 есеп.

Б. Есімді азаматша жұмыс орнына бірнеше рет кешігіп келеді және оған әкімшілік тарапынан әкімшілік айыппұл салынады, алайда Б. есімді азаматша құзырлы ұйымдарға шағымданады.

Сұрақ: Әкімшілік айыппұл салыну заңды ма?

№2 есеп.

Мас күйінде автакөлікке отырғаны үшін азамат Баймағамбетовты жол полиция қызметкері 6 айға жүргізуші құқығынан айырды. Оған наразы болған Баймағамбетов құзырлы органдарға шағымданатынын жеткізді.

Сұрақ: Жол полиция кызметкері азамат Баймағамбетовтың жүргізуші құқығын айырғандығы заңды ма?

№3 есеп.

Саяжайда демалған Орынбасаровтар әулеті өздерімен бірге туысы Олжасты да алып барады оның жасы 16 жаста болатын, өздерінің керек жарақтары үшін дүкенге автокөлікпен Олжасты жұмсайды оның жүргізуші куәлігі болмайтын, жолда Олжас автакөлікпен бағанаға соғады.

Сұрақ: Кім және әкімшілік заң бұзылушылықтарға тартылуы мүмкін?

№4 есеп.

Марат пен Жандос жексенбі күні орманда болып, өздері кеткеннен кейін отты өшірмей кетеді бұны байқаған орман басшылығы «өртке қарсы ережені бұзғандары» үшін олардың әр-қайсысына айыппұл салады, сонымен қатар Марат пен Жандостың жұмыс орнына шағымданды. Мекеме басшылығы тарапынан Маарат пен Жандосқа сөгіс жарияланды.

Сұрақ: Бұл жазалар заңды ма?

№5 есеп.

«Триумф» кәсіпорыны өндірістік қалдықтарын қаланың сыртына тастап жүргенін байқаған саяжай тұрғыны Ануар қалалық әкімшілікке шағымданады.

Сұрақ: Қалалық әкімшілік «Триумф» кәсіпорынын әкімшілік жауапкершілікке тарта алады ма?

№6 есеп.

5-ші курс студенті Айбек сабаққа алкоголдік ішімдік ішіп келеді. Топ басшысы жасаған ескертулерге балағатпен жауап береді. Аудиториядағы мүлікке зиян келтіріп, сонымен қатар мұғәлімге дәріс оқуға кедергі жасайды.

Сұрақ: Қандай заң бұзылушылықтары үшін азамат Айбекті әкімшілік жауапқа тартуға болады?

№7 есеп.

Жұмысшы Санжар өзінің жұмыстасы Болат мекеме автакөлігін ашық күйде тастап кеткенін көріп, ол автаколікке отырады. Санжардың жүргізуші куәлігі болмаған және ол мас күйінде болатын.

Сұрақ: Санжар мен Болатты әкімшілік жауапқа тартуға болады ма?

№8 есеп.

Қалалық автопарк «Транс» кәсіпорынына қалааралық жолаушы тасымалы үшін лицензия береді бірақ, бұл кәсіпорын өзіне берілген міндеттерді орындамағаны үшін ол кәсіпорынның лицензиясын алып қояды.

Сұрақ: Бұл жерде қандай заң бұзушылық болды және әкімшілік жауапқа тартуға болады ма?

№9 есеп.

Қала сыртындағы аудандардың бірінде Жамбыловтар отбасы заңсыз тұрғын үй салады, біраз уақыттан соң бұл отбасының заңсыз тұрғын үй салғандығы және ол үйді бұзуын немесе мәжбүрлеу шараларын қолданатындығын мәлімдейтін хат қала әкімшілігінен келеді.

Сұрақ:Мәжбүрлеу шараларына және әкімшілік жауапқа тартуға болады ма?

№10 есеп.

Сауда-сату құқығына рұқсаты жоқ және сауда-саттыққа көрсетілмеген жерде гүл сатқаны үшін С. есімді азаматты құқық қорғау ұйымдары әкімшілік жауапқа тартатындығын мәлімдеді, ал С. есімді азамат бұл кәсіппен жұмыссыз болғандықтан айналысқанын айтты.

Сұрақ: С. есімді азаматтың осындай кәсіппен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады ма?

№11 есеп.

А есімді азаматша Астана қаласындағы орталық көшелерден асығыс тыйым салынған қиылыстан өтеді, оны байқаған жол полициясы қызметкері оған айыппұл төлеу үшін азаматша А-ның төл құжатын талап етеді, бірақ азаматша А төлқұжатын беруден бас тартады.

Сұрақ: Жол полиция қызметкерінің іс - әрекеті құқықты ма? Әкімшілік құқыққа тартуға кімнің құқығы бар?

№12 есеп.

Сәуле күнде отырған автобусына 100 тенге береді,оған қайтаруға ақшасы жоқ деген сылтаумен кондуктор қалған ақшасын қайтармайды және бұл бірнеше рет қайталанады.

Сұрақ: Кім жағынан құқық бұзушылығы болады?

Сәуле қалай шағымдана алады?

№13 есеп.

Он төрт жастағы Сергей мектепке асығыс кезінде тыйым салынған қиылыстан өтті.

Сұрақ: Бұл Сергейдің іс-әрекеті заң бұзушылыққа жатады ма?

Оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады ма?