Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Міндеттеме түсінігі және мазмұны.

2. Міндеттемелердің негізгі түрлері және олардың пайда болу негіздері.

3. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің жалпы сипаттамасы (айып төлеу, кепіл, мүлікті ұстап қалу,аманат, банктік кепілдік, кепілпұл).

4. Азаматтық-құқықтық жауаптылық түрі ретінде шарт бойынша және шарттан тыс жауаптылық.

5. Азаматтық құқық бойынша үлестік және ынтымақтастық жауаптылық.

6. Азаматтық-құқықтық қатынастардағы негізгі және қосымша (субсидарлы) жауаптылық.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: іскерлік ойын.

Тақырып бойынша тапсырма:

-іскерлік ойынның сценариін жазу.

-сценариге және хронометражға сәйкес ойынды жүргізу.

- іскерлік ойынға студенттердің барлығы қатысуы тиіс.

-іскерлік ойын жүргізу барысында қосымша пайда болған сұрақтарды талдау.

-қорытынды шығару.

Іскерлік ойынның мысалы:

Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі « Үстел ортасындағы қаламсап» Қажетті нәрселер:

  1. Бөлек қағаздарға басылған сұрақтар.

  2. таза парақтар, қаламсаптар.

  3. Жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

  1. Топтағы барлық топтар 3 топтамаға бөлінеді.

  2. Әрбір топ бөлек столға отырады да таза парақ пен қаламсап дайындайды.

3. Қағазға қатысушы студенттердің аты жөні, факультеті, топтың нөмірі, іскерлік ойынның атауы және өткізілген күні жазылады.

4. Тапсырмалар: нақты бір сұраққа барлық топ жауап береді.

5. Әр студент параққа өзінің тегін және жауаптың бір нұсқасын жазып көршісіне береді де қаламсабын столдың ортасына жылжытып жібереді.

6. Оқытушы топтардың жұмысын және барлығының қатысуын қадағалайды. Дұрыс жауаптың жалпы бір нұсқасы дәптерге жазылады.

7. Оқытушы студенттердің жауаптарын бағалап, тиісті бал қояды.

8. Жауап жазылған парақтарға оқытушы тиісті ұпай және қолын қояды.

9. Студенттерге ұпай сабақ барысында есептеліп қойылады.

10. Журналдың төменгі бос орнына іскерлік ойынның өткізілгендігі жазылып, топ жетешісі (староста) қолын қояды.

11. Студенттердің жасаған жұмыс жазбаларын оқытушы сақтап қояды.

Іскерлік ойын барысында келесі сұрақтарды ашу:

1. Міндеттемелер түсінігі.

2. Міндеттемелер негізінде пайда болатын қатынастардың құқықтық негіздері.

3. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың түсінігі.

4. Мәмілелер мен шарттар жасасқандағы міндеттемелер.

5.Несие беруші мен борышқордың құқықтарымен міндеттері.

6. Азаматтық – құқықтық қатынастардағы материалдық зиянды өтеу.

7. Азаматтық – құқықтық қатынастардағы моральдық зиянды өтеу.

6.Әдебиет: Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 93-140 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж